400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

“Жалынды жастар – жаңа құрам”: рух пен шабыт тоғысқан кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалынды жастар — бұл жай ғана атау емес, бұл жүректе лапылдаған сенім, білімге деген құштарлық пен рухтың көрінісі. Осындай жалынды жастардың басын біріктірген орын — оқырман клубы. Бұл ортада тек кітап оқылып қана қоймайды, мұнда ойлар тоғысады, пікірлер қалыптасады, тұлғалар шыңдалады.Жалынды жастардың жалыны дәл осындай ортада күшейеді. Себебі,білім бар жерде — сенім бар, ал сенім бар жерде — үлкен жетістік бар. Сондықтан оқырман клубы — тек бүгіннің емес, ертеңнің де іргетасын қалайтын киелі алаң.
Материалдың қысқаша нұсқасы

“Жалынды жастар – жаңа құрам”: рух пен шабыт тоғысқан кеш

«Жоғары аграрлық - технологиялық колледжінде» жастардың жалынды жігері мен шығармашылық әлеуетін айқындайтын “Жалынды жастар – жаңа құрам” атты салтанатты іс-шара өтті. Аталмыш іс –шараның тізгінін Голбаев Асадбек пен Қорғанбай Елдос жүргізді. Кештің әр сәті көрерменге ерекше әсер сыйлап, өнер мен руханияттың үйлесімін айқын көрсетті. Іс-шара барысында сахна төрінде поэзия мен көркем сөздің құдіреті сезілді. Қалмахан Жанерке “Жетім қыздың” монологын тебіреніспен оқып, көрерменнің жүрегіне жол тапты. Оның орындауындағы әрбір сөз терең мағынаға толы болып, зал ішін үнсіздікке бөлеп, ерекше әсерге бөледі. Ал Бекболатұлы Ғалымжан мен Қалмахан Жанерке ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың “Ғашықпын” өлеңін нақышына келтіре орындап, махаббаттың нәзік сырын көрермен қауымына көркем жеткізе білді. Кештің көркін аша түскен әндер де, көрермен көңілінен шықты. Қаржаубаев Ақыл, Таңшабай Нұрболат, Қалмахан Жанерке, Отарбай Рауан орындаған әсем әндер көрермендерге ерекше жылылық сыйлап, тыңдарманды бір сәтке болса да, әсем әлемге жетеледі. Іс-шараның маңызды, әрі әсерлі тұсы – оқырман клубындағы төрағалық қызметтің ауысуы болды. Смағұл Тынышбек өзіне жүктелген жауапты міндетті абыроймен атқарып, төрағалық тізгінін Голбаев Асадбекке табыстап, жаңа құрамға сәттілік тіледі. Бұл сәт жаңа құрамға артылған үлкен сенім мен үміттің белгісі болды. «Жалынды жастар» оқырман клубының жетекшісі Гүлхан Лұқпанқызы кеш барысында клубтың бұрынғы төрағасы Смағұл Тынышбекке шынайы алғысын білдіріп, ақ тілегін арнап, кішігірім сыйлығын табыстады. Ол өз сөзінде Смағұл Тынышбектің клуб жұмысына қосқан елеулі еңбегін ерекше атап өтіп, оның жауапкершілігі мен белсенділігі көпшілікке үлгі болғанын жеткізді. Жетекші оның атқарған қызметі тек бір кезеңмен шектелмей, клуб тарихында өзіндік із қалдырғанын айта келе, алдағы өмір жолына сәттілік пен толағай табыс тіледі. Бұл сәт кешке ерекше жылылық сыйлап, ризашылық пен құрметтің айқын көрінісіне айналды. Жалынды жастар оқырман клубының жұмысына әрдайым белсенді қатысып, өз үлестерін қосып жүрген мүшелердің қатарында - Аманқұл Айбек, Әкімбай Нұртілеу, Қорғанбай Азамат, Утебаев Ақтаң, Қалау Исмаил да ерекше орын алады. Олар клубтың іс-шараларына үнемі атсалысып, түрлі әдеби кездесулер мен пікірталастарда өз ойларын ортаға салып, оқырмандар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етіп келеді. Осындай белсенді жастардың арқасында клуб жұмысы жанданып, жаңа идеялармен толығып отырады. Жаңа құрамға келесі студенттер қабылданды: Бекболатұлы Ғалымжан, Отарбай Рауан, Ерсұлтан Ақтаң, Утельген Орынғали. Жалпы, “Жалынды жастар – жаңа құрам” атты кеш көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды. Жастардың өнерге деген сүйіспеншілігі мен белсенділігі олардың алдағы уақытта да, биік белестерді бағындыратынына сенім ұялатады. Жалынды жастар — бұл жай ғана атау емес, бұл жүректе лапылдаған сенім, білімге деген құштарлық пен рухтың көрінісі. Осындай жалынды жастардың басын біріктірген орын — оқырман клубы. Бұл ортада тек кітап оқылып қана қоймайды, мұнда ойлар тоғысады, пікірлер қалыптасады, тұлғалар шыңдалады. Жалынды жастардың жалыны дәл осындай ортада күшейеді. Себебі,білім бар жерде — сенім бар, ал сенім бар жерде — үлкен жетістік бар. Сондықтан оқырман клубы — тек бүгіннің емес, ертеңнің де іргетасын қалайтын киелі алаң.



«Жоғары аграрлық – технологиялық колледжінің»

кітапхана меңгерушісі – Гүлхан Лұқпанқызы





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 сәуір
12
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі