«Жалынды жастар»: оқу жылы белесінде атқарылған істер шежіресі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жалынды жастар»: оқу жылы белесінде атқарылған істер шежіресі

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр кітап — жаңа әлем, Әр кездесу — жаңа серпін, Әр пікір — жаңа ой.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

«Жалынды жастар»: оқу жылы белесінде атқарылған істер шежіресі

Қазағымның от жалынды жастары,

Өнер менен білім біткен бастары.

Сендер барда көк туымыз желбіреп,

Ашық болсын қазағымның аспаны.


Ұлы елдің арқалаған сенімін,

Үміт артар қуанышы елінің.

Сендерсіңдер, от жалынды жастарым,

Тыныштығын сақтар қазақ жерінің.


Баянды етіп елдің бақыт,бірлігін,

Бабалардың жалғап ізгі тірлігін.

Оқуға əркез құмар болған жастарым,

Болашағың басталады дəл бүгін.



Шағалалы ауылы, жоғары агротехникалық колледжінде, «Жалынды жастар» оқырман клубының 2024-2025 оқу жылында атқарған жұмыстарын қорытындылап, өткен кезеңге көз жүгірту, жетістіктерімізбен бөлісу мақсатында іс-шара ұйымдастырылды. Кітап — білімнің қайнар көзі, ал оны оқып, санасына сіңіре білген жас — ел болашағы. «Жалынды жастар» оқырман клубы осы оқу жылында түрлі бағыттар бойынша жұмыс жүргізді. Мақсатымыз — жастарды кітап оқуға баулу, көркем әдебиетті насихаттау және оқырман мәдениетін қалыптастыру. Есепті кезеңде біз келесі іс-шараларды өткіздік: тимбилдинг, әдеби кештер, тақырыптық кештер, колледжіміздің ардагер ұстазының жаңа кітабының тұсаукесері, ашық алаң, квест, студенттер мен оқытушылар арасында әдеби байқаулар, поэзия кештері, 21 ғасыр көшбасшысы сынды талай іс-шаралар өтті. Бұл — жай ғана есеп емес, бір жыл бойы атқарылған еңбектің, оқылған кітаптардың, бөлісілген ойлардың, ортақ рухани өсу жолының көрінісі болды.

Әр кітап — жаңа әлем,
Әр кездесу — жаңа серпін,
Әр пікір — жаңа ой.

Оқуға құштар ұрпақ – ел болашағының кепілі. Клуб мүшелерінің белсенділігі мен ынтасы алдағы уақытта да толастамай, білімге бастар жолда нық қадаммен алға баса берсін! «Жалынды жастар» клубының бастамалары әлі де жалғасын тауып, жастарды білім мен руханиятқа жетелей берсін! Жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігі артып, саналы оқырман, салиқалы азамат болып қалыптасуына үлес қоса берейік! Алда әлі талай оқырмандық кездесулер мен шабытты сәттер күтіп тұр.Кітапқа деген сүйіспеншілігіміз сөнбесін, рухани даму жолымыз үзілмесін!





Кітапхана меңгерушісі: Гүлхан Лұқпанқызы




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.10.2025
58
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі