Материалдар / Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған тәрбие сағат: "Ғасыр ғұмырлы-ғажап ақын"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған тәрбие сағат: "Ғасыр ғұмырлы-ғажап ақын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Шілде 2021
6595
8 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:  «Ғасыр ғұмырлы-ғажап ақын»


Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.

Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету.

Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.

Көрнекілігі: ақын портреті, ақын туралы буклет, кітап көрмесі, Жамбыл әлемі слайд.

«Жиырма бес» әні орындалып, балалар залға кіреді.

Клара:

Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,

Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.

Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,

Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.

Халық үшін төрге төсеп төсек етер,

Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.

Көтерген көкке төбе тірелгенше,

Иеді көпшілікке басын Жамбыл.

Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

Армысыздар, ардақты ұстаздар, қонақтар мен балалар!

Заманына «ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр алыбы - Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған тәрбие кешіне қош келдіңіздер! Бүгінгі біздің тақырыптық іс-шара қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл ата өзіңнің үміт күткен ұрпақтарың сіз туралы ой толғап сыр шертеді.

      Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 175 жасқа толып отыр.

Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе- мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе де, жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының  сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды. Ол «Көрұғлы», «Мұңлық- Зарлық», «Шаһнама», «Қыз Жібек» сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.

Слайд. «Жамбыл әлемі» Фотосуреттер.

оқушы: Малика

Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің  бар шындығын жырлады.

Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған. Жастайынан өлеңді қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйсінген атақты Сүйінбай ақын  оған ақ батасын берген.

   Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХғасырдың Гомері», «Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға. 1938 жылы «Ленин» орденімен, 1939 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.




1941 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Алғашқы өлеңдері Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет, Шашубаймен айтысқан, әсіресе 1881 жылы Құлмамбетті жеңіп, Жетісудың атақты ақыны аталды. Жамбылдың бізге қалдырған өлеңдері, дастандары бар.

Жүргізуші: Қыздардың орындауында биі.

Жүргізуші:

«Халық – менің шын атым,

Жамбыл деген – жай атым,

Жамбыл мен Айкүмістің айтысы:

Жамбыл/Алихан:

Алыстан ат шаршатып келдім тойға,

Айкүміс әуелден ақ болдың ойда.

Әуірі басылмаған албырт едім,

Асығыс айтқаныма кінә қойма.

Айкүміс/Зерде:

Аптығып «Ә» дегеннен амандаспай,

Әдепті үйренбепсің Жамбыл жастай.

Асылға арсыдағы-ай қол жетпей ме?

Ақылмен қимылдасаң аспай-саспай.

Жамбыл/Алихан:

Айкүміс асықпауға шамам бар ма,

Жасшылық ұрып тынар талай жанға.

Өзің деп жатсам-тұрсам арманым көп,

Қор болып кетер ме деп жамандарға.

Айкүміс/Зерде:

Білер ме пенде шіркін өз кемісін,

Ел кезіп есер мінез сен де жүрсің.

Жаралған қыз жат жұртыққа,

Жарқыным өкінбеші Сен мен үшін.

Жүргізушы: Жамыл Жабаев өлеңдерінен үзінді

Оқушы: «Бұрымға» Дилроз

Сен лашын болғанда, мен- сұңқар,

Бір көріп дидарыңа болдым іңкәр.

Көркің бар көрген адам таң қалғандай,

Шыққандай жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

Оқушы: «Отан»

Одағым десем ойымша,

Шалқыған шалқар көк түсер.

Көк жиегі бал-құрақ,

Көк орай шалғын жер түсер.

Оқушы: «Жаныс ақынға» Алишер

Менің пірім  Сүйінбай,

Сөз сөйлемен Сыйынбай!

Сырлы, сұлу сөздері,

Маған тартқан сыйындай!





Оқушы: «Камшат қызға» Зулфира

Кермиық кәмшат қыздың көрдің көркін,

Қондырған шекесіне құндыз бөркін.

Секілді алтайы түлкі сылақ қағып,

Шеніне келтірмейді-ау емін-еркін.

Оқушы: «Жаратылыс сыры» Дилнура

Асқар тау ғаріп емес пе,

Айдынды көлі болмаса.

Ер жігіт ғаріп емес пе,

Белгілі ел болмаса.

Ел де ғаріп емес пе,

Белгілі жерге қонбаса.

Оқушы: «Жаратылыс сыры» Сарвиноз

Шебер ғаріп емес пе?

Ағашты дұрыс жонбаса.

Заманның сыры мес пе?

Заманға қайғы жемес пе?

Домбырасын қолға алып,

Жамбыл ата жырласа.

Оқушы: «Алғыс» Лобар

Дос-жараным, өренім,

Сүйенішпен келіпті.

Бәрін билеп денемнің,

Бір қуаныш ерітті.

Оқушы: «Сүйінбайға» Саиджалол

Сүйеке, сүйенішім, өренім,

Әйгілі ақылгөй желді сөзің.

Әкежан, сен де тіле, бата берсін

Балаңа өлең қонып, атақ берсін.

Оқушы: «Бата» Иззат

«Әумин»- деп қолыңды жай,

Қабат тусын күн менен ай,

Алғаның болсын сайма-сай,

Қапалық болмай кезінде,

Ылғи болсын мамыражай. Әумин!                              

Жүргізуші:

Сиынып аруағына бабамыздың,

Киесін ұққандаймын даламыздың.

Жырлары-шежіресі еліміздің,

Сырлары-сағынышы санамыздың.

Жүргізуші: Бисен Әуелханның орындауында «Жамбыл ата» әні.

Осымен Жыр алыбы- Жамбылдың 175 жылдығына арналған тақырыптық іс-шарамыз аяқталды. Ынта қойып, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

 








111 М.Маметова атындағы жалпы орта білім беретін мектеп





Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған тәрбие сағат:

"Ғасыр ғұмырлы-ғажап ақын"







Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Дилфуза Ахмедова





Шымкент 2021ж

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!