Жамбыл облысының тарихи жерлері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жамбыл облысының тарихи жерлері

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жоспар:

 

  1. Кіріспе. Жамбыл облысындағы тарихи- мәдени ескерткіштер.

 

  1. Негізгі бөлім. Айша бибі, Бабаджа Хатун кесенелері, Қарахан мазары, Тектұрмас кесенесі,Шоқай Датқа, Ақ Кесене,  Ақыртас сарай,Меркі қалашығы, Сыпатай батыр мазары.

 

    3.Қорытынды..Облыстың ескерткіштерін қорғау.

 

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:Тақырыптың өзектілігі ғылыми және тәжірибелік факторлармен анықталады. «Мәдени мұра» бағдарламасына кірген тарихи- мәдени  ескерткіштерді зерттеудегі алатын орнын, тарихи маңыздылығын, көлемділігін, баға жетпес қажеттілігінайқындап көрсету.  Қазіргі таңда Жамбыл облысында 2009 жылғы көрсеткіш бойынша тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына  келтіруде ерекше  орын алатын  бірнеше  тарихи – мәдени ескерткіштерді алдық.

 

Мақсаты:

«Мәдени мұра» бағдарламасына кірген тарихи- мәдени  ескерткіштерді зерттей отырып, қазіргі таңда Жамбыл облысында 2009 жылғы көрсеткіш бойынша тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру туралы  жан-жақты мәлімет беру. Тарихи-мәдени ескерткіштерді  қорғай отырып, болашақ ұрпақты осы мұраларды қорғауға,құрметтеуге баулу.

 

Міндеттері:

  1. «Мәдени мұра» бағдарламасына кірген тарихи- мәдени ескерткіштермен таныстыру.

  2. Ең белгілі мазарларға слайд арқылы жан-жақтытүсінік беру.

  3. Жамбыл облысы бойынша ескерткіштердің тарихта алатын орнын анықтау.

  4. .Жамбыл облысы бойынша ескерткіштерді құрметтеу және қорғау.

Жұмыс жаңашылдығы:Жамбыл облысы бойынша тарихи – мәдени ескерткіштердің тарихта маңыздылығына, баға жетпес жарқын бейнелерін ашып көрсетуге талпыныс жасалған.

 

Жұмыстың зерттеу нышаны:Жамбыл облысы бойынша тарихи – мәдени ескерткіштер.

 

Зерттеу кезеңдері:

  1. Мәліметтерді жинау және деректерді қорыту.

  2. Жамбыл облысындағы тарихи – мәдени ескерткіштерді зерттеу,.

  3. Жобаның жазылуы, слайд – таныстырудың жасалуы.

 

Әдістемелік негіз:Тарихи принциптерді қолдану, объективтілік тұрғыда жасау, танып-білу әдісі.

Нәтижелер тәжірибелік негіз береді. Қазақстан тарихы , өлкетану сабақтарында  көрнекілік ретінде қолдануға болатын: мәліметтер, фотосуреттер, құжаттар және т.б.

 

 

Жоспар:

 

  1. Кіріспе. Жамбыл облысындағы тарихи- мәдени ескерткіштер.

 

2.Негізгі бөлім. Айша бибі, Бабаджа Хатун кесенелері, Қарахан мазары, Тектұрмас кесенесі,Шоқай Датқа, Ақ Кесене,  Ақыртас сарай,Меркі қалашығы, Сыпатай батыр мазары.

 

3.Қорытынды..Облыстың ескерткіштерін қорғау.

 

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

 

Негізгі бөлім

Жетісу жері тарихқа бай, оны біздің жыл санауымызға дейін және бұл күндері ұлы тұлғалар жасап, жыршы-әншілер кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған. Оның баға жетпес ескерткіштері — қазақ халқының көне тарихының куәсі жартастардағы күн қақты болған суреттер, тілсіз тас мүсіндер, ескі қорғандар мен көптеген көне қалалардың қиранды орындары, обалар осы жерді мекендеген халықтың талай-талай ұрпағының өмірі мен тұрмысынан сыр шертеді.

Жамбыл өңірінде бабалар тарихына байланысты қасиетті де қастерлі орындар көп кездеседі. Қарахан баба, Айша бибі, Бабаджа хатун мазарлары, әулиелікпенаты шыққан Тектұрмас биігі, атақты Атшабар алаңы.Осындай киелі орындарға жұртшылық ағылып, зиярат етіп жатады. Тараз ежелгі ислам мәдениетінің орталығы болғанын, 893 жылы мұнда жұма мешіті салынғанын ғалымдар мен зерттеушілер тарихи деректемелерден (археологиялық қазбалардан, балбал тастардан, тастарға салынған суреттер мен бедерлерден) анықтап отыр.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында 2009 жылғы көрсеткіш бойынша тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы Жамбыл облысы көлемінде тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне жалпы саны 1175 ескерткішті тіркеуге алды, олардың ішінде 1038-і археологиялық, 137-і қала құрылыс және сәулет ескерткіштері қатарына жатады;  республикалық дәрежедегі тарих және мәдениет ескерткіштерінің саны — 28; жергілікті дәрежедегі тарих және мәдениет ескерткіштерінің саны — 1147 болып отыр.

Олардың ішінде ең белгілі мазарлары; Айша бибі, Бабаджа хатун, Әулие ата, Дәуітбек, сонымен қатар; Ақыртас, Төменгі Барысхан, Ақтөбе, ортағасырлық қала орындары, Жайсан, Меркі, Қожабала, Ботамойнақ қорғандары және де тағы басқа көптеген ескерткіштер бар.

Ортағасырлық Айша бибі мазарының қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, Меркі қалашығының оңтүстік-шығыс бөлігіне археологиялық зерттеу жұмастары аяқталды. Қазба жұмысының барысында жақсы сақталған тұрғын жай орны табылып, Меркі қалашығының цитаделінің қорғау аумағы белгіленді, Талас ауданындағы Абдолла-Ишан мешіті қалпына келтірілді, қазба жұмысы жалғасуына байланысты Ақыртас – тарихи ескерткішінде ежелгі өркениеттің (2000 жыл бұрын) болғандығы дәлелденді.

 

АЙША БИБІ КЕСЕНЕСІ XI — XII ғғ.Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында, Тараздан батысқа қарай  20 шақырым жерде, ертеден гүлденген сауда жолының бойында, жазба деректерден Х ғасырдан белгілі ортағасырлық Джувикат қаласының маңында орналасқан.Ортағасырлық сәулет өнері.  Кесене құрылысын 1897 жылы В.А.Каллаур, 1938-39 жылдары А.Н.Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық экспедициясы, 1953 жылы қазақстан ҒА-ның экспедициясы зерттеген. Күмбезді Қарахан(Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы  нақты дерек жоқ. Кесененің салыну тарихына және Айша Бибінің жеке басына байланысты тарихи жазба мәліметтер әзірше табылған жоқ, бірақ та осы тақырыпқа байланысты аңыздар өте көп. Қабірге археологиялық  қазба жүргізілген жоқ.

20 ғ. ортасына дейін кесене жартылай бүлінген жағдайда келіп жеткен. Оның тек солтүстік, оңтүстік және бұрыштық мұнаралары бар батыс фасадтарының бөліктері сақталған. Үстін жапқан күмбезі 19 ғ. ортасында жүргізілген алғашқы ғылыми зерттеулерге дейін жоқ болған.

1979-85 жж. ескерткішке консервация-реставрациялау жұмыстары жүргізіліп, құрылысты атмосфералық әсер етулерден сақтау үшін әйнектелген құрылыммен жапқан.

АЙША БИБІ КЕСЕНЕСІреспубликағамаңызы бар тарих жәнемәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған.

2000-2001 жылдары арасында бар тарихи кұжаттарға сүйене отырып «Казреставрация» мекемесі кесенені толық күрделі жөндеуден өткізіп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.05.2021
758
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі