Жамбыл туралы жырлаған ақындар:
Шона Смаханұлы және Әулиеата өңірінің әдеби мұрасы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
№7 Бетқайнар колледжі әдіскері
Абдулмаксут Айнур
Аннотация. Мақалада Жамбыл облысының әдебиеттегі маңызы мен осы өлкеден шыққан танымал ақындардың шығармашылықтары талданады. Атап айтқанда, Шона Смаханұлының «Жамбылым қандай тамаша!» атты шығармасы арқылы Әулиеата өңірінің ерекшелігі мен рухани құндылықтары көрсетіледі. Сонымен қатар, Жамбыл облысының тарихы мен мәдениеті, ақындардың шығармалары мен ұлттық мүдделері бойынша зерттеулер жүргізіледі.
Кіріспе. Жамбыл облысы – өзінің табиғи байлығымен, шипалы ауасымен және терең тарихымен ерекшеленетін киелі мекен. Бұл жердің көркем табиғаты, әлеуметтік-мәдени мұрасы мен әдебиеті қазақ халқының рухани тарихында айрықша орын алады. Талантты ақындардың жырларында Жамбыл мен Әулиеата аймағының ерекшелігі айқын көрінеді. Мысалы, Шона Смаханұлының «Қанатын жайып жас орман, Үйлерің өскен жараса, Жыл өткен сайын жасарған. Жамбылым қандай тамаша!» деген жырлары, бұл аймақтың сұлулығын атап өтумен қатар, Жамбыл жастарының вальсіне негіз болды.
Негізгі бөлім. Әулиеата – қазақ әдебиетіне, мәдениетіне және тарихына көптеген дарынды ақындар мен жазушыларды дарытқан қасиетті жер. Ұлы Кенен Әзірбаевтің кенен кеңістігі, Ұлбике Жанкелдіқызының рухты жырлары, Бауыржан Момышұлының даналығы, Шерхан Мұртазаның шыншыл шығармалары, Әкім Таразидің қазақ әдебиетіне қосқан үлестері – бәрі де Әулиеата топырағынан тамыр алады. Бұл шығармалар ұлттық мәдениеттің өркендеуіне, халықтың рухани дамуында маңызды рөл атқарады.
Жамбыл облысы – қазақ әдебиетінің танымал тұлғаларының Отаны. Несіпбек Дәутайұлы, Арғынбай Бекбосын, Әлдихан Қалдыбаев, Жақсылық Сәтібеков, Қарауылбек Қазиев, Қуандық Шолақ, Асқаржан Сәрсек, Тынышбай Рақым, Мақұлбек Рысдәулет, Болат Бекжанов сияқты таланттар, өз шығармаларымен елдің мәдениетін байытты. Сонымен қатар, Артығали Ыбыраев, Серік Томанов, Бауыржан Үсенов, Мұрат Сыздық, Салтанат Абашова, Өрнек Құлекеев, Ғабит Көкеев сияқты есімдер қазақ әдебиетінің алтын қорына енді.
Аймақтың арғы-бергі тарихында талай талант дүниеге келіп, әдебиетке өз үлестерін қосқан. Кәрім Баялиев, Күлән Шілдебаева шығармашылығы да елдің есінде шынайылығымен қалды. Әдебиет облыстық немесе аудандық деңгейге бөлінбейді. Қазақ әдебиеті – біртұтас әлем, ал әрбір қаламгер – сол ұлы әдебиеттің бір-бір өкілі. Жамбыл облысында туып-өсіп, әдебиетке үлес қосқан қаламгерлердің шығармашылықтары осы ұлы әдебиетті байыта түседі. Олар қазақ халқының мәдениетін, тарихын, және болмысын айқындайтын күрделі тақырыптарды қозғайды.
Тарихи шығармаларда Тараз қаласының сәулеті, сұлулығы мен мәдениеті жиі көрініс табады. Тарих бойында Тараздың сұлуларына тамсанған шайырлар көп болған. Олардың қатарында Фирдауси, Рудаки, Асади, Туси, Фаррухи, Фистани, Омар Һайям, Горгани, Санаи, Әнвари және басқалары бар. Бұл шайырлардың шығармалары Тараздың сұлулығын, халықтың мәдениетін, және рухани байлығын жеткізуде маңызды рөл атқарады.
Тарихи шығармалардың ішінде Фирдаусидің туындылары ерекше орын алады. Ол Таразды жырлай отырып, қаланың сұлулығы мен тартымдылығын аса көркем сөздермен суреттеген. Фирдаусидің «Екі қасы Тараздың садағындай иілген, Кірпігіне жас шыбықтай сүйінгем… Мамық төсекте бір көркем әйел отыр, Әдепке толы, үстінде Тараздың әсем киімі…» деген жолдары Тараздың сұлулығын және нәзіктігін шеберлікпен жеткізеді. Ақынның сөзі арқылы Тараздың сәні мен мәдениеті, сондай-ақ, оның рухани әлемі анық көрінеді [1, 1 б. ].
Жамбылдың тарихы тұлғасы – тарихтың мәңгілік тұлғасының біртуар тұлғасының бірі - Шона Смаханұлы. Ол 1924 жылы 5 қазанда Жамбыл облысы, Талас ауданына қарасты “Ойық” ауылында дүниеге келген. Ата-анасынан жастай жетім қалып, балалар үйінде тәрбиелеген ол Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін бірнеше жыл ауылдық мектепте ұстаз болып қызмет атқарған. Бала тәрбиесімен айналыса жүріп, шығармашылықпен де шұғылданған. 1957 жылдан бастап “Қазақстан мұғалімі”, “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газеттерінде, сатиралық “Ара” журналында қызмет істеп, 1973–1983 жылдары “Жазушы” баспасында редактор, кейінірек редакция меңгерушісі болған [2, 1 б.]
Смаханұлының шығармашылығында ана тілін құрмет тұту, ұлттық құндылықтарды қастерлеу тақырыптары көрініс тапты. Ол қазақ тілінде білім беретін мектептер ашу жолында аянбай еңбек етті. Оның туған жер, өскен орта, балалық шақ туралы жазылған өлеңдері мен мысал-сықақтары бүгінге дейін құндылығын жоғалтпай келеді.
Мысал-сықақтары: Шона Смаханұлы адам бойындағы кемшіліктер мен қоғамдағы олқылықтарды сын жебесіне алған “Тотияин”, “Шимайбек пен Шыңетпе”, “Қу түлкінің сыбағасы”, “Ұры тіс”, “Алтын жұмыртқа”, “Сандықтан шыққан сайтан”, «Ұр, тоқпағым, ұр», «Айға ұшамын», «Жүз шымшыма, қырық қышыма» сияқты шығармаларымен қазақ әдебиетіне құнды үлес қосты.
Ән мәтіндері: Смаханұлы “Жамбылым қандай тамаша”, “Егіншілер жыры”, “Анамның тілі”, “Сүйікті ұстазым - мектебім” сынды ән мәтіндерінің авторы. Оның орыс тілінде бірнеше кітаптары жарық көрді, бұл да оның көпқырлы талантын дәлелдейді.
Қазақ сатирасының дамуына үлесі. Шона Смаханұлы қазақ сатирасының дамуына, жанрлық түрленуіне үлкен үлес қосқан. Ол 60-қа жуық кітаптың авторы болып, артында мол әдеби мұра қалдырды. Алматы қаласында қазақ мектептері мен балалар бақшаларының санын көбейту жолында ерен еңбек сіңірді.
Халқына адал қызмет еткен, ұлтымыздың болашағы, ана тіліміздің мәртебесін биіктету жолында қажымай тер төккен Шона Смаханұлы 1988 жылы дүниеден озды. Бүкіл ғұмыры өнегелі істерге толы болған ақынның туғанына биыл 100 жыл толады.
Шона Смаханұлының тұлғасы мен шығармашылығы – ұлттық амбициясы жоғары, қазақ халқының рухани мұрасына елеулі үлес қосқан маңызды қырларымен ерекшеленеді. Оның шығармалары мен өмірі – ұлттық тілді, мәдениетті және құндылықтарды сақтау мен дамыту жолында арпалысқан күрескерлікке толы.
Шона Смаханұлы ұлттық амбициясын ерте жастан қалыптастырған тұлға болды. Ол жеке басының жетістіктеріне немесе кедергілеріне тоқтап қалмай, кең ауқымды, маңызды мәселелермен айналысты. Қазақ тілі мен мәдениетінің сақталуы үшін күрес оның өмірлік миссиясына айналды. Оның ана тілін жоғалтпау үшін бар күшін сарқа жұмсағаны, соның ішінде Алматыдағы қазақ мектептері мен балабақшаларын ашудағы табандылығы, оның шынайы ұлтжандылығын көрсетеді.
Көптеген адамдар амбицияны «шектен тыс» деп бағалайды, бірақ Шона Смаханұлының амбициясы шектен асқан жоқ, ол тек ұлттық мүдделерді қорғау жолындағы қажетті жігер мен табандылықты танытты. Оның әдеби шығармалары, әсіресе сатира жанрындағы еңбектері, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосты. "Қу түлкінің сыбағасы", "Ұры тіс", "Ұр, тоқпағым, ұр" секілді сатиралық шығармалары қазақтың ұлттық қалжыңын, сөз өнерін, сыншыл ой-өрісін жаңа деңгейге көтерді.
Шона Смаханұлының амбициясы мен ерік-жігері оның ішкі жан дүниесінің беріктігі мен ұлттық арманына сенімінің айқын көрінісі болды. Ол ұлтының болашағы үшін күресіп, тіл мен мәдениет мәселелерінде ешкімге жалтақтамайтын күрескер болып қала берді.
Бүгінгі күні оның шығармашылығы мен өмір жолы бізге қазақ мәдениетінің қандай қиындықтарды бастан өткергенін және оны сақтап қалуға бағытталған әрекеттердің қаншалықты маңызды болғанын еске салады.
«Мен Шонамын, шағып алатын сонамын», деген сөзі ол бала жасынан бастап- ақ айта алған. Тіл мен салт-дәстүр, ұлттық мәдениет жайында сөйлем түгілі, сөз тіркесін айтуға болмайтын заманда- ақ оның тегі (фамилиясы) Смаханұлы болған. Тегіне –ов, -ев-ті жалғатпай, ешкімнен жалтармай, ұлы- деген қосымшаны қостыруға қазірдің өзінде онша жүрегі дауаламайтындар бар. Ал қаламгерді оқырманы осы Шона Смаханұлы деген ныспымен таныған.
«Жетоқсан оқиғасы» кезінде де ол ұлттық мүдделердің ескерілмей, тілдің жағдайының мүшкіл екендігін алаңға барып айтудан жалтармаған. Оқиғадан кейінгі тергеулер де оның өміріне әсер етеді.
Егемендік ала салған жылдары мектеп оқушылары :
«Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі - өмірді думан»,
- деген қайырмасы бар «Анамның тілі» деп аталатын Әбиірбек Тінәлиев әнін жазған Шона Смаханұлының өлеңі жиі айтылатын еді. Бәлкім инновациялық бағытта білім алып жатқан оқушыларда бұл әнді айтып отыруға уақыт та жоқ шығар. Дегенмен, Алматыдағы қазақ мектептері мен балабақшаларының ашылуына барынша тер төккен тұлғаның ол сөздері Ана тілінің әнұраны болып қала береді. [3, 97 б. ].
Жұрт аузынан түспейтін «Жамбылым қандай тамаша!» танымал әннің мәтіні қалай жазылды? 1958 жылдың жазында Талас ауданының көркемөнерпаздары Алматыға барып олжалы оралды. Біріккен хор ұжымы ақын, әуесқой композитор Шона Смаханұлының туған өңірі жайлы жазылған туындысын опера және балет театрының сахнасында орындап жүлделі екінші орынды иемденді. Ұжымның ұйытқысы да, дирижері де автордың өзі. Сол жолы аузы дуалы өнер жұлдыздары мен атақты ақын-жазушылармен тілдесіп, көптеген мақтау сөздер естіген Шона елге қанаттанып қайтты.
Осыдан екі-үш жыл бұрын «Мақтан етем Таласымды, Көк лентадай өзені жарасымды» – деп өзінің әнге қосқан Аса осы. Жақында белгілі композитор Садық Кәрімбаевпен дастархандас болып, әңгімелескен. Екеуінің сөзі бірден жарасты. Шонаның Талас жастарына арнаған өлең жазып, оған ән шығарғанын естіген Садық ерекше қызығушылық танытты. Әуенін тыңдағаннан кейін тіптен ашыла түсті. – Біздерде мақташы, тракторшы, шопан қыз туралы жауыр болған тақырыптардағы әндер көп. Жеке адамның еңбегін марапаттап, қызықтауға әуеспіз. Ал туған жер жайлы тебіреністен туған әуен сирек. Әр қазақ өскен өлкесін сүйеді, мақтан тұтады. Сенің аудан жастары жайлы шығарған әнің композиторларға үлгі боларлық дүние екен. Екеуміз қосылып жаңа бір ән жазсақ қайтеді? Менімше Жамбыл өңірі төңірегіндегі тақырып оң жамбасыңнан келеді. Бағанадан бері байқап отырмын, туған жерің туралы көсіле сөз етіп, мақтанышпен айтып отырсың. Сол ойларыңды жинақтап, шамырқансаң жақсы бір дүние өмірге келгелі тұр. Мәтінін сен жаз, музыкасын маған жібер! – деген тосын тілек білдірді. Шона алғаш абдырап қалды. Кәрімбаев сияқты есімі Қазақстанға мәлім сазгермен қосылып ән авторы аталу үш ұйықтаса түсіне кірмеген жәйт. «Талас жастарының әні» әуесқойлықтан туған дүние. Оның тыңдарманы мен айтушысы бір аудан тұрғындары. Ал бүкіл Қазақстан халқы ұйып тыңдайтын әуеннің сөзі де салмақты болуы керек. Осындай жауапкершілікті сезінген Шөкең атбасын ала қашқанымен, Садық: «Жақсы текст жаза алатыныңа сенемін.» – деп отырып алды. Ақыры келісімін берді.
Қала қандай көрікті,қандай әсем десеңші! Қанатын жайып жас орман, Үйлерің өскен жараса. Жыл өткен сайын жасарған Жамбылым қандай тамаша! – деген жыр жолдары тілге оралады... Атақты «Жамбыл жастары вальсінің» мәтіні қаладағы жұмыс үстелінде емес осылайша кең даланың төсіндегі Ақиық – Жалғамыс – Домалақкөл – Ақкөл аралығында ат үстінде туған еді. Ақын Алматыға барысымен ән мәтінін композитордың қолына тапсырды. Артынша әуен де дүниеге келді. Қос автордың шығармашылығынан туындаған жаңа ән радио толқыны арқылы ұшы-қиырсыз қазақ кеңістігіне таралып кетті. Қазіргі таңда қазақтың облыс, өңірлері, аудан, қалалары, тіптен жекелеген ауылдарына арналған әндер өте көп. Ал ақын Шона Смаханұлы мен композитор Садық Кәрімбаевтың «Жамбыл жастарының вальсі» сол туған өлке жайлы жазылған әндердің алғашқы қарлығашы еді. Көп ұзамай бұл вальс жамбылдықтардың сүйікті әуеніне айналды. Сыртта жүрген әр жерлесіміз туған жерге деген сағынышы мен мақтанышын «Жамбылым қандай тамаша» деген ән жолдары арқылы жеткізетін. Басқа өңірдің тумалары әуен айтылғанда жамбылдықтарға қызыға қарайтын. Әсіресе, Алматыда оқитын жерлес студенттер бас қосқанда ерекше екпінмен айтылып жүрді. [4, 1 б. ].
Шона Смаханұлы бұл туындысын жазу барысында туған жері Жамбыл өңірінің табиғаты мен өзгерістерін бейнелеген. Әннің мәтіні ат үстінде, туған даланың төсінде, көктемгі табиғаттың көрінісін көрген кезде туған. Ал Садық Кәрімбаев бұл мәтінге әуен жазып, олар бірлесіп, әнді бүкіл Қазақстанға танытқан.
Ән «Жамбыл жастарының вальсі» деп аталып, жамбылдықтардың сүйікті әніне айналды. Әсіресе, басқа өңірлерден келген адамдар Жамбылдың сұлулығы мен дамуын мақтан тұтқан жамбылдықтарға қызғанышпен қараған. Ән қазақ халқының жүрегіне жол тауып, кеңінен танымал болды. Әннің мәтіні мен сарыны туған жерге деген терең сүйіспеншілікті, Жамбыл қаласының көркем келбетін, оның өсіп-өркендеуі мен халықтың тұрмыс жағдайының жақсарғанын бейнелейді. Әннің арқасында жамбылдықтар өз жеріне деген мақтаныш сезімін әдемі жеткізе алса, өзге өңірлердің тұрғындары да бұл ән арқылы Жамбылдың сұлулығын таныған.
Ақынның осы әнінен қатты әсер алып мен де шама-шарқым жеткенше киелі мекен – туған өлкем Жамбылға осы өлең шумақтарымды арнадым:
Мен жырлаймын Жамбылды
Кіндік қаным тамған жері – Жамбылым.
Сыйға берген сөз патшасы алыбын.
Тау мен тасын жырлап өтем мәңгілік,
Туған жердің көз қуантқан сай қырын.
Таза ауасы, топырағы, бөктері.
Таң қалдырар тарихы мен өткені,
Фирдоуси мен Шона ақын жырлаған,
Жақсы көрем ата мекен өлкені.
Талас, Аса өзендері бойында,
Қатпар-қатпар қарт Қаратау қойнында.
Алатаудың бір сілемі тірелген,
Жамбылымның ұлан ғайыр жонында.
Айша бибі, Тектұрмаспен, Қарахан,
Сыр шертеді өткен ғасыр тарихтан.
Жібек жолмен саудагерлер қатынап,
Керуендер түйелермен жүк тартқан.
Жырлай берем, жырлай берем мен тағы,
Туған өлке, таусылмайтын жыр — бағы!
Құтты болсын мерейтойың, шаһарым,
Құт мекенім өзек болған жыр-дағы.
Шона Смаханұлының туындылары мен ол жөнінде жазылған естеліктерді іздеп жүріп оқитын оқырмандардың бірі ретінде, оның қазақ әдебиетіне жасаған үлесін жоғары бағалаймын. Бүкіл ғұмыры өнегелі істерге толы болған ақын 1988 жылы дүниеден озды. Туғанына 100 жыл толатын Шона Смаханұлының шығармашылығы бүгінгі күнге дейін ұрпақтарға үлгі. Мен кейде осындай қыруар шаруаны шығармашылықпен қатар алып жүрген тұлғаның мотивациялық қуатты қайдан алғанын түсінбей дал боламын. Шамасы тұлғалық психологизмнің мықты тіні гендік ақпарат арқылы берілетініне қайран қаласың. Абай хакім «Адам өлген күні өлмейді, ұмытылған күні өледі» депті. Рас-ау, ұлы тұлғалар ұмытылмайды. Алаштың абызына айналған Әбіш Кекілбай ағамыздың парасат-пайымына арқа сүйесек «Алтын азбайды, асыл тозбайды: жайсаңның да жадтан шығып, ұмытылмағы тіпті де мүмкін емес».
Әдебиеттер тізімі:
-
http://old.baq.kz/kk/news/aimaktik_bak_muragat/regmedia-61089
-
https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1994
-
Әмірбек К.«Сөйле десең, сөйлейін»: Естелiк, эссе, сыр-сұхбат/ К.Әмірбек. – Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015.– 468б97
-
https://aqjolgazet.kz/13425/zhambylym-anday-tamasha
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жамбыл туралы жырлаған ақындар: Шона Смаханұлы және Әулиеата өңірінің әдеби мұрасы

шағым қалдыра аласыз