Жан жылуы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жан жылуы

Материал туралы қысқаша түсінік
ектепішілік қамқорлық қайырымдылық акциясының қортынды кеші. Кеш барысында мектепке қолдау көрсеткен кәсіпкерлер марапатталып, ТІО акцияның өту барысы туралы есебін оқыды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жан жылуы

Мақсаты: Қамқорлық қайырымдылық акциясын қортындылау

Көріністер мен мағыналы әндер арқылы қамқорлықты, қайырымдылықты, мейірімділікті, ата-ананы құрметтеуді ұғындыру

1 жүргізуші: армысыздар қамқор ұстаздар, мейірімді оқушылар және қайырымды жандар 2016 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында өтіп жатқан балаларды толық оқумен қамту айлығы мен «Қамқорлық қайырылымдылық » акциясының қортынды кешіне қош келдіңіздер.

2жүргізуші:

Қайда жүрсең жан жылуын төгіп жүр

Мәңгілік емес айналып тұрар өмір бұл

Мейіріммен шуағыңды шашып жүр

Жақсылыққа үлесіңді қосып жүр

Жан жағыңа қамқорлыкпен қараумен

Айналаңа сыйлы болып өмір сүр

деп бүгінгі «Жан жылуы» атты қайырымдылық консертіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Зейнуллин Қанат Серікұлына береміз.


І-ж: Қамқор әке өмірдегі тірегің

Отбасы үшін суырып берер жүрегін

Қайырымды бол қамқор керек жандарға

Міне олардың сенен тілер тілегі, деп отбасымызға үнемі қамқор боп жүретін әкелерімізге деген құрметпен «Әкетайым- әке асқарым» атты әкелерімізге арналған әнімізді қабыл алыңыздар орталарыңызда бесінші сынып оқушысы Жетпісбайқызы Гүлсім


ІІ-жүргізуші: ізгіліктің нұрын шашқан ғаламат

Аналардың сүті неткен адал, ақ!!!

Сол аналар ұрпақтардың панасы

Қадірлейік аналарды аялап

Өмір бойы өкінетін іс жасап

Алмайықшы ана жүрегін жаралап «Ана жүрегі » әнімен ортаға Бейісова Мөлдірді шақырамыз. Көрініспен көркемдейтін жетінші сынып оқушылары


1 жүргізуші: Қарттар үйі қайдан шыққан пәле еді

Ата анадан қандай қорлық көреді

Немереңмен ойнап отыр келгенше

Деп үйінен орын берсе қайтеді

дей келе Ақ жаулықты әжелерімізді, асқар таудай аталарымыздың қадірін білейік деген ниетпен «Қарттар үйі» атты көрінісімізді ұсынамыз


ІІ ж: Ата-ананың қадірін біз білейік

Оларды мәңгі аялаумен жүрейік

Оны толмас өкендірер іс-жасап,

Әттеңай деп өкініп мәңгі жүрмейік дей келе «Әттең-ай ау әттең» атты әнмімен ортаға Сыйлыбек Нұрайнаны шақырамыз.


І-жүргізуші: Егер біреуге қайырымдылық жасағың келсе оны бірінші өз басыңа жаса , содан кейін ата-анаңа жаса, сосын барып айыналаңдағы ортаңа жаса деген екен Мұхаммед Пайғамбарымыз

Оян қазақ көзіңді аш

Айналаңа қарайла Жетім көрсең желеп жүр

Мүмкіндігі шектеулі Жанға көмек бере жүр

Тастандыға там болып , Бейшараға бере жүр

Қайыр сұрап отырса , Қайырыңды аяма

Көмек сұрап отырса , Көмегіңді аяма

Шығасы шықпай кірмейді , Оны көбі білмейді

Қайырымдылық жасасаң , Алла сені жебейді дей келе «Жетімнің монологі» атты көрінісімзді ұсынамыз

Музыка ойнап тұрады

ІІ ж:

Сәбиіңді жылатпа

Сәбиіңді жылатсаң, Кешірмейді алла сендейді

Алла берген сәбиді сыйы деп біл тағдырдың

Сәбидің бәрі бақытты, болуы үшін жаралған

Ән: «Сәби бақыты» орындайтын бесінші сынып оқушысы Болатова Инабат

І- жүргізуші: Адам бар ма ана сүтін татпаған Біздер үшін қиындықты аттаған

Қамқорлық пен қайрымдылық жасаған. Жүрегінің мейірімімен мақтанам дей келе «Ана-әке» әнімен ортаға Сыйлыбек Нұрайна мен Сгидуллина Альбинаны шақырамыз

ІІ-ж: Қортынды сөз кезегі: Мектебіміздің Тәрбие ісі орынбасары Г.Ілиясқызына беріледі.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.08.2018
600
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі