Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жанартау ғой жанды да кетті өртеніп... !
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жанартау ғой жанды да кетті өртеніп... !
Жүргізуші:
Армысыздар, тарихы терең, әдебиеті әлемнің көкжиегінен орын алатын, сөз қадірін, елдің адалдығын, жердің қасиетін, ананың әлдиін бағалаған қадірлі көрермен!
Бүгін білім ордамызда уақыттың бағалы тұсын дәріптейтін, еліміздің тәуелсіздікке ұмтылу жылдарында өзіндік өшпес із қалдырған , өмір жолының өзі бітпес , ғұмырының қысқа болғаны жанымызға батса да, Сағат Әшімбаевтың төл туындылары, ақиқатты ары мен парызы деп білетін әдебиеттен орын алды. «Әдебиет — ардың ісі», «әдебиетке де тазалық керек» деп азаматтық позициясын айқындап кеткен белгілі публицист, сыншы, тележурналист, жазушы әрі қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың тың туындыларынан сыр шертетін әдеби кешімізге қош келдіңіздер!
Бүгінгі «Жалындап өткен жас ғұмыр!» атты әдеби кешіміздің қадірлі қонағы белгілі қаламгер, Халықаралық «Алаш » әдеби сыйлығының лауреаты, нәзік иірімдерге толы сыншыл әңгімелердің авторы Бейсенова Шәрбану апайымыз ортамызда қарсы алыңыздар!
(сахна төріне шығады. Қазақ киімін киген қыздар гүл ұсынып, )
Жүргізуші: Шәрбану апай, шаңырағымызға қош келдіңіз. Уақыттың тығыздығына қарамастан, жас шәкірттердің көңілдерімен, сіздерге деген жүректеріндегі ілтипат ниеті үшін бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы болып отырғаныңызға рахметімізді айтамыз.
Жүргізуші: Уақыт десе, сіздің жанарыңызда асыл жарыңыз, жастығыңызға қамқор, қаламыңызға серік болған Сағат Әшімбаев еске түсер.
Ақерке: Сағат Әшімбаев ,Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. 18 жасында Алматыға келіп, филология факультетінде оқып шығады. Кейін бірден «Лениншіл жас» қатарына қосылып, төрт жылдан кейін, жиырма жеті жасында «Сын мұраты» атты алғашқы кітабын жарыққа шығарады. 1976 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанып, Қазақстан Жазушылар Одағының органы «Жұлдыз» әдеби-көркем журналының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады. 1979 жылы Бүкілодақтық авторлар құқығын қорғау ұйымы Қазақ республикалық бөлімінің бастығы, 1986 жылы Қазақ ССР Телевидение мен радио хабарлары жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, 1990-1991 ж.ж. төрағасы болады.
Азамат: 44 жыл өмір сүрген Сағат Әшімбаев артынан «Сын мұраты», «Талантқа тағзым», «Парасатқа құштарлық», «Шындыққа сүйіспеншілік», «Ақиқатқа іңкәрлік» сынды кітаптар қалдырып кетті. Сондай-ақ абайтанушы ретінде де танымал болған Сағат Әшімбайұлы кейінгі журналист ұрпақтың есінде тоғышарлық атты «індетпен» күресуші күрескер ретінде сақталып қалды.
Бейне жазба (Сағат Әшімбаевтың өз даусымен елін,жерін сүйетін көрсеткен жазба)
Жүргізуші: Сағат Әшімбаевтың азаматтық өсу, сыншылық өркендеу, журналистік ,қайраткерлік кемелдену жолдарын көзге елестетерліктей
нақты затты көріп, танып білу біздің басты міндеттеріміз. Еліміз үшін шырылдап, ертеңі үшін ерінбей, қасиетті тілдің қадірін бағалаған, қоғамдық сананың қалыптасып, ұйқыдағы ойдың оянуына, ұлттық сана-сезімнің сілкініске келуінде ағартушылық-философиялық мәндегі бар жүгі тым салмақты дүниелерді қалдырған әдебиеттің асқар тұлғасы Сағат Әшімбаевты 1 минут еске алайық.
(Еске алу)
Сағат Әшімбаев туралы жылы лебіздер.
«Туған жер » ән:
Жалын: Әдебиет стихиялық құбылыс па?
Алтынбек: Кешіріңіз, бұлай ойлаудың өзі надандық қой.
Жалын: Ендеше неге екінің бірі жазғыш болып кетті?
Алтынбек: Білмеген кісі у ішеді деген ғой...
Жалын: Сонда осы төпеп жазып жатқанның бәрі жазушы емес пе?
Алтынбек : Азаматтық позитциясы жоқ адам жазушы емес!
Жалын: Ал оның өзін нақтылы қалай түсінуге болар екен?
Алтынбек: Әрине, ол қайсы біріміз қасаң ойлап жүргендей оп-оңай нәрсе емес... Азаматтың позитцияның тамыры Ұлы Абай жүрегінде.
Ұлы Абайдың кезінде қазақ даласында бір баспаның болмағандығы, оның көзі тірісінде бір кітабы шығып, не бір өлеңіне қаламақы алмағандығы ақын ойының өлшеусіз өсуі мен дамуына ешбір кедергі жасамағандығы да ойланатын жәйт. Жалпы есте ұстайтын нәрсе, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-экономикалық прогресс атаулы әдебиеттегі, сондай-ақ, рухани-адамгершілік дамудағы прогрестің кепілдігі бола алмайды. Қысқасы, әдебиет дамуы көркемдік құбылыстар ретіндегі үлкен-үлкен творчестволық жаңалықтармен әрі жаңашылдықпен өлшенеді. Абай поэзиясы кейінгі әдебиет дамуына және азаматтық ой-сана өсуіне ерекше ықпал еткен. Жасыратын несі бар, соншама ақын-жазушы сап түзеп самсап тұрған күннің өзінде жанымызға сәл жарықшақ түссе әлі күнге тек Абайға тұра жүгіріп, тек соған жүгініп жанымыз жәй тауып жүрген жоқ па?! Бұдан кейін де дәл осылай бола беретіндігі күмәнсіз жағдай екені анық.
Абайдың әні
«Желсіз түні жарық -ай» Ханзатова Камила
Жүргізуші: Шәрбану апай, сіздің қай еңбегіңізде болсын әйел жанының нәзік иірімдері ,қат-қабат сырлы сезімдері шынайы да табиғи көрініс тапқан. Бұл тағдыр сіздің мықты қаламгер болуыңыз үшін, жаныңызды жас шағыңызда сынаққа алып, әйел парасатын, рухани бай сезім қазыналарын қаламмен сыр шертуге ықпал еткен секілді. Әр кейіпкердің ішкі рухында сіздің жан дүниеңізде жатқан, Сағат Әшімбаевқа деген сағынышыңызды жарыққа шығарудың бір дәнегі осы еңбектеріңіз болар бәлкім.
Әдеби монтаж. Ш.Бейсенованың «Сара саңлақ» еңбегінен үзінді.
«Мәңгілік бала бейнесі» Бектұрған Гүлзат
Жұлып кеткен тыныштықты арнадан,
Дауысы бар әлі күнге зарлаған.
Қырықыншы жылдар десе бір адам,
Тас болсада елең етпей қалмаған.
Кімдерді айырмадың баласынан,
Қыршын қиып өмірін талай жастың,
Қанша бала айырды анасынан
Мәншүк монолог (көрініс)
Көрініс біткен соң, Мәншүк ортаға шығып :
Жетсек деген арманымыз көп еді,
Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі.
Бізді туған күнімізбен құттықтап,
Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді.
Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,
Мөлдір жас боп , жанарлардан тамдық біз.
Жанымызды құрбан еттік осылай,
Біздей ерте солмау ушін барлық қыз.
Сұхбат (Ш.Бейсенованың сұхбатынан үзінді.)
Катюша биі
Смағұл Елубаевтың пікірі (бейне баян)
Көрініс:
2 жендет Қайратты сұраққа алып келеді, тергеуші жауап алады
Тергеуші:-сен 18-і күні сағат 10-да қайда болдың?
Қайрат:-жолдастарыммен бірге болдым, Фурманов көшесінде.
Тергеуші:-Жоқ??? Сен Сәтпаев пен Мир көшесінің қиылысында Савицкийді соққыға жықтың, соның нәтижесінде ол қайтыс болды! Сен кінәлісің оған!...(орнынан тұрып қолыңдағы сойылмен соғып жібереді.
Қайрат құлап түседі де, жендеттер шығып кетеді, жанындағы жігіт басын сүйейді).
Жігіт: Ия темір есік сықырлап ашылатын, Қайратты жауап алуға әкететін. Келгенде үсті-басында сау-тамтық жер болмайтын. (біраз жатып есін жиған соң).
Қайрат-жоқ! Шындықтың жеңілуі мүмкін емес(орнынан тұрып тордан ұстап тұрады).Сөйлесем даусым жетпейтін,
Кез болдық мынау заманға.
Шовенизм еді ғой,
Басты себеп жалғанға.
Елбең-елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген.
Арғымақ мінген жаратып,
Ақ сауыт киген темірден,
Алатаудай бабалар
Аруағыңмен жебей гөр.
(деп ары-бері жүреді.Өзімен өзі сөйлесе)
Қорлай да беріп қайтадан,
Титыққа орыс жетпесін.
Туған жердің намысы
Бөтен қолға кетпесін.
Абай туған жерінде
Бомбасын атом жармасын.
Құлпытасты қиратып,
Өлігіңді қазбасын.
Жүргізуші: Ия ол тірі болғанда ақын болар ма еді.
Қайрат:
Күнәден таза басым бар,
Жиырма бесте жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең, алыңдар!
Қайрат деген атым бар.
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең, атыңдар!
Ақерке:
Ақтық сөзің армандарың хатта қалды
Көріп жүрміз қиып ақ сақтағанды
Қайрат,Қайрат
Сен мені естимісің
Есін жиған халқымыз «Зек»ұрпағын
Лагерінде шірітпей, ақтап алды,
Нұрсұлтан :
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын,Айналайын жас өркені халқымның
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егемендік ел болсақ деп талпындың!
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, Лаула желтоқсанның алауы!
Өздеріңдей ар намысты жас өркені бар елдің
Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы.
«Жас ұланым!» Аббулаев Берік
Жүргізуші: Үміт еткен жастарын жассынбай, баласынбай, бүгін болмағанымен күні ертең елдің сөзін айтар азамат болар ма деген үмітпен «Жүректен қозғайық», «Парыз бен қарыз» секілді беделді, ойлы хабарларына қатыстырып отырды, мақалаларында есімдерін атап насихаттай жүрді Ойлап қарасақ осының бәрі мейлінше ойлы өсіп келе жатқан кемел азаматтың келешекке үлгі болып тарарлық игілікті іс-әрекеті. Жақсы атты болайын деп емес, елдің ертеңін ойлап жүрегінің жетегімен жүріп атқарған, жүрек қалауымен жасаған жақсылықтары болар.
45 дәптер күнделігінен үзінді
Жүргізуші: Шәрбану апай сұрақ-жауап алаңына келуіңізді сұраймыз!
(оқушылар сұрақ қояды.)
Ән: «Ана жыры» (вальс билейді бәрі)
Оқушылар шығармашылығынан арнау.
Жүргізуші: Сағат Әшімбаев қара басына емес, халқына қайырымдылықты ол қайткенде молырақ жасай алатын еді? Миллиондаған көрермені бар көгілдір экраннан ашына сөйлегенде, ашыла сырласқанда Елім деп соғып тұрды.! Сағаттың мүмкіндігі көгілдір экран мүмкіндігімен осылай сәйкесті, осылай қабысты. Сонау сексенінші жылдардағы «Жүректен қозғайық» деген бағдарламасы жүректегі патриоттық сезімді ұштастыруға себеп болса, кемелдене келе «Парыз бен қарыз» теле хабары Отанды қорғауды парыз етіп, өздері жүріп өткен тарих пен әдебиет жолындағы еңбек жолдарына, жасаған ерліктері өтелмес қарыз болып қалмасын. «Парыз бен қарыз» хабарының он екі санында халықтың қаншама қасіретін айтып, қаншама қадір-қасиетін насихата ды?! Сақталған он сағаттық хабардың өзінде қаншама ой айтылған десеңізші «Ұлттық сана және рухани бірлік», «Ұлт тілінің тағдыры» секілді дүниелер аманат боп қалды.
Бейне жазба
Терме:
Қазақ биі:
Қорытынды.
Бейне жазба. (Ұлт достық)
Жүргізуші: Құрметті Шәрбану Бейсенова тағылымды тағдырларыңыздың көкжиегінен көңілдің нәрі, өмірдің құны болар дүниелер алып, сіздің асқар тау жарыңыз, қазақтың биік тұлғасы Сағат Әшімбаевтың шығармаларынан жақсы дүниелермен бөлісуге ұмтылдық. Сіздегі көңілмен , кеудедегі соққан жүректің деңгейін бере алмасақ та, әдебиетті сүйетін, тарих тұлғасы Сағат Әшімбаевтың бейнесін өз деңгейімізде ашуға ұмтылдық.
Жас жанарым, ойға тұнып егілдім!
Тіл қадірі ақиқат, қасиетін біл жеріңнің!
Жас өрендер , азаматтық парызың!
Құлата көрме көк туын,
Егемендік Елімнің!
«Туған жер» квартет
Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы болған Шәрбану Бейсеноваға алғысымызды айтамыз. Кешімізден алар тамшыдай болса әсерлі көңілдің себепшісі болдыңыздар. Келген аяқтарыңызға гүл бітсін.