ЖӘНДІКТЕР ӘЛЕМІ
Аханова Жанна Манасқызы
№26 «Нұрай» б/б тәрбиешісі
Тақырыбы:
«Жәндіктер
әлемі»
Мақсаты:
Жәндіктер әлемімен таныстыру, олардың
айырмашылығын байқап айтып беруге
үйрету.
Білімділік: Көбелек қалай пайда болатындығын (жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ) түсіндіру және санауға, түстерді ажырта білуге, аз-көп ұғымдарын, сандарды бекіту.
Дамытушылық: Сөздік қорын, логикалық ойлауын, зейіндерін, байланыстыра сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелік:
Табиғатты аялауға, соның ішінде жәндіктер
әлеміне қиянат жасамауға, зиян келтірмеуге, қамқор болуға
тәрбиелеу. Ұжымда бірлесе жұмыс істеуге, достыққа
тәрбиелеу.
Әдіс –
тәсілдері: Әңгіме, алдын-ала жұмыс, логикалық ойындар,
сұрақ – жауап, жұмбақ шешу.
Сөздік жұмыс:
Жәндіктер
фестивалі - бұл Ұлыбританияда екі жылда бір рет
өтетін фестиваль. Онда жәндіктеді зеерттейтін мамандар жиналады.
Аталған фестивальда көптеген жәндік түрлерімен танысуға
болады.
Көрнекілігі:
Жәндіктер костюмдері, логикалық ойындар,
тақырыпқа сай безендіру атрибуттары, түрлі-түсті қағаз, желім,
дымқыл салфеткалар.
Оқу
барысы:
I Ұйымдастырушы қозғаушы:
Шаттық шеңбер «Табиғатым, тіршілігім, ырысым»
Табиғатым, тіршілігім,
ырысым,
Сенсіз менің тарылады
тынысым.
Биік - биік тауларыңа
қарасам,
Алшаң басып, түзеледі
жүрісім.
Табиғаттың лайламайық
тұнығын
Туған жердің қадірін тұт соны
ұғын
Жайқалады жаны жайсаң
жандардай
Өз қолыңда «өмір» деген бақ
гүлің.
Жарайсындар, балалар! Бүгін біз сондай әдемі киініп, табиғат аясына серуендеуге шықтық.
Сұрақ-жауап
Айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі? (көктем мезгілі)
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? (табиғат оянады, жер көгереді, күн ұзарады, құстар ұшып келеді, т.б.)
Көктем айларын атап беріңдерші (наурыз, сәуір, мамыр).
Жарайсындар! Қараңдаршы, жан-жақтарың өте әдемі, құлпырып тұр. Табиғаттың сұлулығын сақтап қалу үшін не істеу керек және не істеуге болмайды? (табиғатты аялап және қорғау керек, ластауға болмайды, жануарлар мен құстарды және жәндіктерді өлтіруге, оларға зиян келтіруге болмайды).
Өте жақсы! Осы ережелерді үнемі естеріңнен шығармаңдар!
ІІ Ұйымдастырушылық –ізденістік:
Жарнама дауысы шығады. Залға көлікпен жарнама беруші адам кіреді (көлік көптеген жәндіктермен сәнделген).
Назар аударыңыздар! Назар аударыңыздар! Сіздің қалаңызда алғаш рет «Дүниежүзілік жәндіктер фестивалі» өтуде. Фестиваль бір күнге ғана созылады. Фестивальға тек жәндіктер костюмын кигендер ғана кіре алады. Асығыңыздар, асығыңыздар! Жәндіктермен танысыңыздар!
Тәрбиеші:
Балалар, қандай керемет! Бұл фестиваль «Жәндіктер әлемімен» танысуға үлкен мүмкіндік (сөздік жұмыс):
Жәндіктер фестивалі - бұл Шетел елінде екі жылда бір рет өтетін фестиваль. Фестиваль алғаш рет 2006 жылы өткізілген. Онда жәндіктеді зеерттейтін мамандар жиналады. Аталған фестивальда көптеген жәндік түрлерімен танысуға болады.
Балалар, олай болса бізде «Жәндіктер фестиваліна» барайық. Бүгінгі киіміміз де фестивальға сай, өте жақсы!
Алайда онда бармас бұрын жәндіктер туралы не білеміз? Қане тексерейік!
Алдын-ала жұмыс
Біз жәндіктер туралы көп әңгімеледік. Олай болса, қане, маған жәндіктер туралы білетін қызықты мағлұматтарды атап беріңдер!
1 бала: Біздің планетамыздың жануарлар патшалығында ең көп кездесетін тіршілік иесі - жәндіктер, олардың көпшілігі алғашқы адамның пайда болуынан бұрын өмір сүрген.
2 бала: Жәндіктер - бұл кішкентай тіршілік иелерінің ерекше үлкен класы, олар барлық жерде өмір сүреді.
3 бала: Жәндіктер тартымды және таңқаларлық, олар кішкентай және әр түрлі болғандықтан байқалмайды, олардың біздің өмірімізге әсері өте зор.
4 бала: Қоңыздар мен көбелектер, аралар мен инеліктер, шіркейлер мен шыбындар, тарақандар мен өрмекшілер, құмырсқалар мен шегірткелер — осылардың бәрі кішкентай тіршілік иелері.
5 бала: Жәндіктер қоршаған орта жағдайларына оңай бейімделеді. Жәндіктердің өмірі өсімдіктермен тығыз байланысты.
6 бала: Жәндіктер адам өмірінде де маңызы рол атқарады. Адам әр түрлі өнімді алу үшін жәндіктерді ауыл шаруашылыгында, бал шаруашылығында, тамақ өнеркәсібінде, медицинада, парфюмерия өндірісінде, жібек шаруашылығында кеңінен қолданады.
7 бала: Құмырсқа - ең күшті жәндік, ол өз салмағынан бірнеше есе көп салмақ көтеруге қабілетті.Табиғи ортада құмырсқаның өмір сүру ұзақтығы шамамен бір жылға жетеді.
8 бала: Аралар мен көбелектерді тозаңдандырғыштар дейді. Өйткені олар өсімдіктерді тозаңдырады. Көбелектер аралардан кейінгі тозаңдандырғыш.
-Жарайсындар, балалар! Олай болса енді «Жәндіктер фестиваліна» барайық.
1. Ойын «Кіру жолы»
Мақсаты: Балаларды кеңістікті бағдарлауға, ойын шартын бұзбауға, бірін-бірі сыйлай білуге, кезекті сақтауға үйрету.
Шарты: Таңдалған жәндіктің бағытымен төсеніш арқылы жүріп өту.
Тәрбиеші:
Балалар, қараңдаршы қандай ғажап (зал тақырыпқа сай безендірілген: гүлге қонған көбелектер, су бетіндегі инеліктер, шөп үстінде жұлдыз құрттар мен қоңыздар, ұшып жүрген аралар, т.б.).
Мұнда қандай жәндіктерді көріп тұрсыңдар? (балалар жәндіктерді атап береді).
2. Ойын «Не шықты?»
Мақсаты: Жәндіктер атауын бекіту, оларды суреттен тану.
Шарты: Тәрбиеші суға майлықты салады, суда жәндік бейнесі көрінеді. Балалар жәндікті атайды.
3. Ойын «Жұлдызқұрт»
Мақсаты: Балалардың қол моторикасын дамыта отырып, ойынға қызығушылығын ояту, көңілін көтеру.
Шарты: Балалар қағаз салфеткадан жасалған құрттар үстіне қасықпен су құйып, жұлдызқұрттарды «тірілтеді» (су құйғанда қағаз құрттар көлемі үлкейіп қимылдайды).
4. Ойын «Көбелек»
1) «Көбелектің пайда болуы»
Мақсаты: Көбелек қалай пайда болатындығын (жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ) түсіндіру.
Шарты: Макет арқылы көбелектің пайда болу жолын түсіндіру (көбелектердің қысқа ғұмыры жұмыртқадан басталып, шынжыртабан, яғни құрт, қуыршақ және көбелек атты төрт кезеңнен тұрады).
1 бала: Ересек аналық көбелек жұмыртқасын өсімдіктердің жапырақтарына салады. Ол балаларын ешкім таппас үшін сақтап қалуға тырысады және жапырақтың артына жасырады. Бірнеше күннен кейін кішкентай жұмыртқалардан кішкентай құртақтар шығып, жұмыртқа салынған өсімдікпен қатты қоректенеді. Бір-екі апта өтеді, жұлдызқұрт тез өсіп, дамуының келесі кезеңіне өтіп, құыршаққа жетеді. Бұл кезеңде құрт көбелекке айналады. Соңында қуыршақтың қабығы жарылып, одан көбелек жорғалап шығады.
2) «Түсін сәйкестендір»
Мақсаты: Логикалық ойлауын, зейінін арттыру. Түстерді бекіту
Шарты: Көбелектердің түсіне қарай денесіндегі (таяқша) түстерді сәйкестендіру.
Сергіту сәті «Майя»
Видеороликке қарап Майя арасымен би билеу.
5. Ойын «Аралар»
Мақсаты: Түстерді бекіту, аралар туралы мәлімет беру.
Шарты: Араларды түстері бойынша ұяларына салу.
6. Ойын «Қызыл қоңыздар»
Мақсаты: Сандарды бекіту, қол моторикасын дамыту.
Шарты: Қызыл қоңызға санға сәйкес нүктелерін қою.
7. Ойын «Жәндіктерді құтқару»
Мақсаты: Жәндіктердің мекені туралы түсініктерін бекіту. Жәндіктерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Шарты: Құрбақа тіліне жабысқан жәндіктерді мекеніне орналастыру (көбелек-гүлге, құмырсқа-илеуіне, араны-ұясына, инелікті су бетіндегі лалагүлге, құртты-жапыраққа, өрмекшіні-торға, шыбынды-тосапқа).
8. Ойын «Көлеңкесінен тап»
Мақсаты: Логикалық ойлауын, зейіндерін дамыту.
Шарты: Жәндіктерді көлеңкесіне сәйкес орналастыру.
9. Шығармашылық жұмыс «Жұлдызқұрт» (ұжымдық жұмыс)
ІІІ Қорытынды
Балабақшаға қайту:
Қорытындылау.
«Жәндіктер фестивалінен» алған әсерлерімен бөлісу.
Мадақтау (құрттар мармеладтарын ұсыну).
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз