Материалдар / Жаңа әдіс-тәсілдер

Жаңа әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2018
2078
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 — бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» — деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі — оқытудың әдіс — тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. 








Әр сабақтың тиімді әрі нәтижелі өту үшін әр ұстаз өз шығармашылығын дамыту мен ізденіс үстінде болуы керек.


Әр мұғалім өз сабағының –көшбасшысы.


Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты.











Ақылдың алты қалпағы

Ақылдың алты қалпағы – Эдвард де Боно әзірлеген әдістеме, ол әртүрлі шешімдердің ішінен ойды бір мәселе төңірегінде шоғырландыруға мүмкіндік беретін қатарласып ойлау үдерісі болып табылады.

Ақ қалпақ бізге белгілі немесе қажетті ақпаратқа назар аудару үшін пайдаланылады.

Сары қалпақ айқындылық пен өмірге сеніммен қарауды бейнелейді. Бұл қалпақты киіп сіз идеяның жағымды жақтарын зерделейсіз және өз назарыңызды, күш-жігеріңізді оның жетістіктері мен жақсылықтарын іздеуге жұмсайсыз.

Қара қалпақ– бұл «әзәзілдің қорғаушысы» немесе неліктен кейбір тетіктер дұрыс істемейтінін бағалау.

Қызыл қалпақ сезімді, болжамды және ішкі түйсікті білдіреді.

Жасыл қалпақ креативтілікке, мүмкіндіктерге, баламаға және жаңа идеяларға бағытталады.

Көк қалпақ ойлау үдерісін басқару үшін қолданылады. Бұл бақылаушы тетік, ол барлық алты қалпақтың талаптары дұрыс орындалып жатқандығына кепілдік береді.




«Дананың кілттері» (Thinker's Keys)

Тони Райан жасаған «Дананың кілттері» бірқатар ойлауды талап ететін тапсырмаларды орындауға оқушыларды қызықтыру және тарту үшін арнайы әзірленген жиырма шақты іс-әрекет (кілттер) кешені болып табылады.

Бірқатар көмекші сұрақтар немесе тапсырмалар оқушылардың талдау жасау, сын тұрғысынан және креативті ойлау қабілетін ашуға арналған кілт түрінде ұсынылған.

  • «Керісінше» кілті – сөйлемде «істей алмаймын», «ешқашан» және «істемеймін» сөздерін пайдалануды көздейтін тапсырма, мысалы, «Сіз Лондонда ешқашан таба алмайтын заттардың тізімін жасаңыз».

  • «Егер де» кілті – «егер де» деген сұрақ қойып, олардың ойларын графикалық органайзерге жазып отырыңыз.

  • «Әліпби» кілті – берілген тақырыпқа қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін әліпби ретімен тізбектеңіз.

  • «Жаңа дизайн» кілті (ағылшынның BAR аббревиатурасынан: (B - bigger) артық, (A - add) қосу, (R remove, replace) алып тастау) – күнделікті заттарға жаңа дизайн беру үшін қолданылады.

  • «Конструктор» кілті – шектеулі құрылыс материалдарын креативтілікпен пайдалануды талап ететін мәселелерді шешу жөніндегі тапсырма.

  • «Кемшіліктер» кілті – нақты бір пән немесе тәжірибелік сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасаңыз.

  • «Тағы қалай?» кілті – күнделікті қолданылатын заттарды әртүрлі жағдайда пайдалану тізімін жазу үшін қиялыңызды пайдаланыңыз.

  • «Қиыстыру» кілті – үйлеспейтін екі объектінің қасиеттерін санамалаңыз, одан кейін жаңа және жақсарған өнім жасау үшін осы қасиеттерді біріктіріңіз.

  • «Жөнсіздік» кілті – ауани орындауға болмайтын жөнсіз пікірлер айтыңыз, содан соң оны дәлелдеуге ұмтылыңыз.


Сананың әдеттері

Сана әдеттерін (Ойлау ерекшеліктерін) жасаған Арт Коста былай деген екен: «Сана әдеттері» - бұл шешімдері бірден туындамайтын проблемаларға тап болғанда ақылды адам жасайтын іс-әрекеттердің сипаттамалары.

Олар көптеген дағдылардан, қарым-қатынас пен бейімділіктерден тұрады, солардың ішінде:

  • Құндылық: өнімділігі шамалы үлгілерге қарағанда, зияткерлік мінез-құлық моделін қолдануды таңдау.

  • Бейімділік: зияткерлік мінез-құлықтың белгілі бір моделін пайдалану үрдісін сезіну.

  • Сезімталдық: зияткерлік мінез-құлық моделін орынды пайдалану мүмкіндіктерін сезіну.

  • Қабілеттілік: зияткерлік мінез-құлықтың түрлі модельдерін пайдаланудағы негізгі дағдылар мен мүмкіндіктерді меңгеру.

  • Адалдық: зияткерлік мінез-құлық модельдерін терең түсінуге және оны пайдалану дағдыларын жақсартуға ұдайы ұмтылу.


Сананың 16 әдеті бар:

  1. табандылық таныту;

  2. қызбалықпен күресу;

  3. басқаларды тыңдау – түсіністікпен және тілектестікпен;

  4. ойлау икемділігін таныту;

  5. ойлау үдерісіміз туралы ойлау – метатану;

  6. дәлдік пен шынайылыққа қол жеткізу;

  7. сұрақ қою және проблеманы тұжырымдау;

  8. бар білімін жаңа жағдайға қолдану;

  9. анық және дәл ойлау және өз ойын білдіру;

  10. барлық сезім азғаларыныңң көмегімен ақпарат жинау;

  11. инновацияларды жасау, қиялдау және енгізу;

  12. таң қалып, ілтипат білдіру;

  13. тәуекелдер үшін өзіне жауапкершілік алу;

  14. әзіл-оспақ іздестіру;

  15. өзара байланыстырып ойлау;

  16. үздіксіз оқу.

Жауап беруді талап ететін сұрақтарды жазу

Жауап беруді талап ететін сұрақтарды жазу әдісін Аризона университетінің профессоры, доктор Марилис Витт жасады деген пікір бар. Ол өз студенттерінің дерттер туралы беймәлім мәліметтер бізге белгілі мәліметтерден асып түсетіні жайлы білгенін қалады. Сондықтан оның студенттері өздері білмейтін нәрселер туралы сұрақтар жазды.

Бұл техника жетілдіріліп, пайдалы ойлау құралына айналды. Жазбаларды пайдалану тәсілдерінің бірі төмендегі кестеде көрсетілген. Тапсырма қарқынды болуға тиіс, яғни жаңа ақпараттың пайда болуына қарай оған үнемі толықтыру енгізіп, түзетіп отыру немесе жаңа сұрақтармен толықтыру қажет.

ББТЗО кестесі

Б

Ол туралы мен не білемін?

Б

Нені білгім келеді?


Т

Көбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын?

З

Нені зерделеу керек?

О

Одан әрі не істеу керек?










Ойлау карталары

Әмбебап ойлау үдерісін оқытуға арналған сегіз көрнекі құралдан тұратын кешен:

  • МӘНМӘТІНДЕ АЙҚЫНДАУ

  • СИПАТТАУ

  • САЛЫСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРАМА-ҚАРСЫ ҚОЮ

  • ЖІКТЕУ

  • БӨЛІК/ТҰТАС

  • САБАҚТАСТЫҚТЫ АНЫҚТАУ

  • СЕБЕП ПЕН САЛДАР

  • ҰҚСАСТЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Ойлау карталарын доктор Дэвид Айрль әзірлеген. Олар ойлаудың жалпы көрнекі тілін көрсетеді және танымдық дағдыларды егжей-тегжейлі үйрену үшін пайдаланылады, ойлау карталарын барлық оқу салаларына және бүкіл жастағы топтарға қолдануға болады.

Ойлау карталары сынақтан өткізіліп, жастарға әртүрлі ойлау үдерістерін дамыту және оларды пайдалану жолдарын оқытуда тиімді болып шықты. Олар ойлау сапасын кеңейтеді және жетістікке жеткен оқушыларды қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұдан басқа олар оқыту мен оқудың көптеген аспектілеріне елеулі әсер етеді, соның ішінде жазбалардың сапасына да ықпал етеді.




Блум таксономиясы

Блум танымдық салада алты деңгейді бөлді, ол ең төменгі деңгей ретінде фактілерді қарапайым қабылдау мен танудан бастап анағұрлым күрделі және абстрактілі психикалық деңгейлерге қарай жылжи отырып, ең күрделісі бағалау деп жіктеді.



ТНАОҚ (DATT - Direct Attention Thinking Tools)

Тікелей назар аударуға арналған ойлау құралы Эдвард де Боно ойлап шығарған.

  • С&Ж Салдарлары және Жалғастыру
    Бұл құрал кейбір іс-қимылдардың, шешімдер мен ережелердің салдарларын көру үшін болашаққа көз жүгіртуге мүмкіндік береді.

  • ҚАҚ Қосу, Алу, Қызықты
    Шешімдерді немесе міндеттерді қабылдағанға дейін сұрақтардың жан-жақты қаралғанына көз жеткізіңіз.

  • ТТБ - Тану, Талдау, Бөлу.

Тұжырымдаманы басқаруға ыңғайлы, неғұрлым кішірек бөліктерге бөліңіз.

  • БФЕ – Барлық факторларды ескеру
    Іс-қимылдарға, шешімдер мен жоспарларға байланысты барлық факторларды зерделеңіз.

  • ММЗ – Мақсаттар, Міндеттер, Заттар

Іс-қимылдарды қозғайтын ниеттерге толық және саналы түрде көңіл аударыңыз.

  • БМТ – Баламалар, мүмкіндіктер, таңдаулар

Баламаларды саналы түрде табуға тырысыңыз.

  • БАП – Басқа адамдардың пікірі
    Басқа адамдардың пікірлеріне назар аударыңыз.

  • БҚҚ – Басқа да қатысы бар құндылықтар

Біздің ойлауымыз құндылықтарымызға қызмет ететініне көз жеткізіңіз.

  • БМБ – Бірінші маңызды басымдықтар

Ең маңызды идеяларды, факторларды, заттарды, күтілетін нәтижелерді таңдаңыз.

  • ЖШҚӘІ – Жоба, Шешім, Қорытынды, Әдіс-тәсіл, Іс-қимыл

Бұл тәсіл ойлау барысында жасалған қорытындыларға, сол қорытындыдан туындайтын іс-қимылдарға тікелей көңіл бөлу үшін қолданылады.




Ойлау бутерброды

Бұл – ойлау үдерістерін басқару стратегиясы.

Бастамастан бұрын тоқтап, ойланып алыңыз!

1-қадам

Дайындалыңыз.

Мыналарға уақыт бөліңіз:

  • Санаңызды таза ұстаңыз.

  • Соңғы рет не істегеніңізді еске түсіріңіз.

  • Осы жолы не істейтіңізді көз алдыңызға елестетіңіз.

Жаңа тапсырмаға кірісіңіз.

2-қадам

Мыналармен байланыс орнатыңыз:

  • Өзіңіз білетін басқа заттармен;

  • Өзіңіз жасап отырған басқа заттармен;

  • Өзіңіз зерделеп отырған басқа заттармен.

3-қадам

Өзіңізден сұраңыз:

  • Не жақсы шықты?

  • Не қиындық тудырды?

  • Нені жақсартуға болады?


РАФТ 

Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.

 Жуан-жіңішке сұрақтар:

Оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.

 Қосжазба күнделігі:

Мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір жазады, ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады.

Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Бұл кестедегі көрсеткіштер арқылы СТО технологиясының мүмкіндіктері негізінде оқушының субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады.

 Миға шабуыл стратегиясы – бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы:

Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды.

Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады).

Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы.

Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.

 ДЖИК СО стратегиясы — ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады – бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды. Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 – бөлігін бірлер, 2 — бөлігін екілер, 3 — бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін — бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады.

 

İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы — түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, «v»- білемін, «+» — білмеймін, «-» — мен үшін жаңа білім (ақпарат), «?» – мені таң қалдырды — деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады.


 Куббизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады. Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 – сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі – түсті түрде пайдалануға болады.



  • Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады.

Кім?- Ана
Қандай? -Мейірімді, ақылды
Не істеді? -Бағады, тәрбиелейді, өсіреді.
Түйін -Ағайын — алтау, ана –біреу.
Синоним- Адам

 RAFT стратегиясы – Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл – күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с

 Геометриялық фигуралар стратегиясы – бұл стратегияның құралдары геометриялық пішіндер. Мақсаты: оқушының сөздік қорын, әдеби, мәдени сөйлеу тілін, күрделі ойлау қабілетін дамыту. Себебі бала оқылып отырған мәтіннің кейіпкерлерінің мінез-құлқына, сипаттама бере отырып қорытынды жасайды. Кейіпкерлерді түрлі фигуралардың сипатына қарай ұқсастығын табады. Жұмыс жұпта немесе топта орындалады.

Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да, жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орын алып оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау — өте күрделі маңызды құбылыс.

SMART мақсат пен міндеттер

Мақсаттар мен міндеттер ықшамды, қысқа және нақтылы болу керек.

Мұғалім жоспар құрғанда SMART-қа сәйкес мақсаттар мен міндеттерді (ақылды міндеттер) ұстанады. (ағылш. SMART objectives) – оқытудың мақсаттары мен міндеттерін қоюға арналған аббревиатура, 1981 году Джордж Доран (George T. Doran) енгізген.

SMART аббревиатурасы оқытудың мақсаттары мен міндеттерін сипаттайтын жиынтық сын есімдерге негізделген:

- S pecific (спецификалық, нақты)

- M easurable (өлшенетін)

- A ttainable (қол жетімді)

- R ealistic (орыңдалатын)

- T imed (белгілі бір уақыт аралығымен шектелген).



S pecific (спецификалық, нақты) –оқытудың міндеттерін тұжырымдау барысында мұғалім келер шақтың етістіктерін Блум таксономиясына сәйкес қолданады (Bloom’s Taxonomy)

M easurable (өлшенетін) - қойылған міндеттердің орындалуын «бағалаудың» бір түрін пайдалану арқылы бағалайды.

A ttainable (қол жетімді) – оқытудың нәтижелері мұғалім үшін де, оқушы үшін де айқын.

R ealistic (орыңдалатын) – оқушылар жоспарланған уақыт мөлшерінде қойылған міндеттерді сапалы орындап шығады.

T imed (белгілі бір уақыт аралығымен шектелген) - сабақтың ұзақтығы мен басқа оқу уақытымен санасады.



Кері байланыс түрлері:

Көңіл – күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс – тәсілдер: Көңіл – күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, түрлі - түсті карточкалар, бет әлпетті бейнелейтін карточкалар (смайликтер), көңіл - күйді бояу түстерімен анықтау. («Ауа райы», «Бағдаршам»т. с. с


«Алма ағашы» әдісі
Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.


«Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт,
*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.


«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының 1 - ші баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН*, 2 - ші баспалдағы *мен.................. ТҮСІНЕМІН*, 3 - ші баспалдағы *Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН* )
«Таңдау» әдісі.
1. Мен сабақ
қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім
көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды
мұқият ______________ зейінсіз
тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға
жиі ______________ сирек
қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме
ризамын ____________ риза емеспін.
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі: тезистер беру; афоризм таңдау
- “Бұрын мен білмеуші едім,.. Енді мен білемін” деген сияқты ой - пікірлеріңді білдіру.
* Бүгін мен...................... білдім *................. қызықты болды. *.......................... қиын болды.
*..................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін түсіндім.
* Мен енді....................... білемін. * Мен............................... сезіндім
*Мен..................................... білім алдым. * Мен......................................... үйрендім.
*................................. менің қолымнан келді. * Мен...................................... жасай алдым
* Мен.................................... жасап көруге талпынамын. *.................. мені таң қалдырды. * Сабақ менің өміріме..... берді. * Менің............. жасағым келді

«Плюс, минус, қызықты» әдісі
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.















































«Сұрақтары бар қорап» әдісі бойынша бүгінгі сабақта түсінгенін және түсінбегенін жазып қалдыру

«Серпілген сауал » әдісі бойынша тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырылады.

«Кір жаятын жіп» әдісі. Үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақты қорыту кезінде, сөздік жұмыс кезінде қолдануға болады.

Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. 


Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. 
Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді. 


“3 таяқша” әдісі 
(мұғалімдермен жұмыс) 
Берілген тақырыпқа байланысты 
1 сұрақ 
1 жауап 
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады. 
Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы” 


«Бинго» ойыны. (Мұғалімдермен жұмыс) 
Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ. 
Семинарға не үшін келдіңіз? 
Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру. 
«Әдіс алмасу үшін.» 

«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі 
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? 
Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде 
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды. 

«Он сұрақ!» әдісі. 
(мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру) 
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі. 
«Құпия зат» 
– мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз: 
Бұл не? деп СҰРАМАҢЫЗ 


«Лездеме!» әдісі. 
Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар: 
Конверттен бір сөзді бір рет алу 
Сөздің өзін атамай түсіндіру 
Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді! 

«9 - ромб» әдісі 
Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді. 
«Бірге ойлаймыз» әдісі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда. 
• көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз. 
• мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды; 
• осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді; 
• талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл. 

«Детальдарын қосу» әдісі. 
(мұғалімдермен жұмыс. Оқушы сабақтан көп қалады.) 

Командада жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда сыйлық алады! 
Бастапқы сөйлемнің мысалы: 
Бүгін біз мектепке жиналдық. 
Кеңейтілген сөйлемнің мысалы: 
Бүгін біз Шона Сымаханұлы атындағы мектепке, семинар - кустаға келдік. 

«Сен қайдасың?» тренинг өткізу

·        Сәлем достым (қол беріп амандасу)

·        Сен қаласың? (иықтарын қағады)

·        Қайда болдың? (құлақтарын тартады)

·        Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды)

·        Сен келдің (қолдарын жаяды)

·        Жақсы болды (қатты құшақтайды)



«Капитан»  ойынын ойнату. Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрамыз.

Матростар жүреміз.

Матростар еден жуамыз.
Матростар түскі ас ішеміз.
Матростар құтқару дөңгелегін жасаймыз.
Матростар кеме жасаймыз.

«Өрмекші торы» немесе «Шырмауық» әдісі – дәстүрден тыс әдістердің бірі. Оқушылардың тақырыпты қай деңгейде меңгергендігі не болмаса үйге берілген тапсырманы сұрау үшін сыныптағы оқушылар түгелдей шеңбер болып тұрады. Мұғалім қолына бір бума (дөңгелекше) тоқыма жібін алады. Жіптің ұшын қолына ұстап, үй тапсырмасынан бір анықтамалық немесе ереже айтқан оқушының қолына жіпті бір рет орайды. Келесі жауап берген оқушы да жіптен ұстайды. Осылайша әр жауап берген оқушы қолына жіпті бір рет орай береді. Мұғалімнің қолындағы жіп азайған сайын, шеңбер болып тұрған оқушылардың қолындағы жіп те өрмекші торы секілді шиеленісе береді. Белгіленген мерзімнен кейін әр оқушының қолындағы жіп орауын санау арқылы ол оқушының тақырыпты қаншалықты меңгергендігін білеміз.

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі
Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады

Раунд-робин” әдісі (Оқушылар жаңа тақырып бойынша не біледі,сол жайында бір сөйлем, не бір сөз тіркесін айтуы керек. Бірінің айтқанын бірі қайталамауы тиіс) 

«Аквариум» әдісі. Оның мәні: бірнеше оқушы шеңбер ішінде бір жағдаятты жасырады, ал қалғаны олардың қимылын бақылап, талдау жасайды. Мұндай оқытудың белсенді түрлері балалардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, зерттеу жүргізу барысында өз шешімін қабылдауына баулиды. 

Мозаика әдісі (А.Ронзон, Гонсалес). - Қатысушыларды топтарға бӛлу; - Тақырып бӛліктерге бӛлінеді (әдетте 6 бӛлікке) және әрбір топ ӛз бӛлігі бойынша маманға айналады. - «Мозаиканың бӛлігін» талқылау; - Барлық мәселелерді біріктіру

«Бортты журнал» немесе «Жүк журналы» әдісі - болжам жасау арқылы тақырып бойынша бұрыннан не білемін?, бұл туралы не білуім керек? сұрақтарын талдап, оқушылар жүк журналының болжам бөлімінде берілген сұрақтарға жауап беріп, жаңа ақпарат бөлімін толтырды, жұп болып бір-бірінің жұмыстарын тексерді.

«Рөлдік ойын»  Мақсаты: оқушылардың қызықтыру, таң қалдыру, селт еткізу,  проблема қоя білу.  Сахналандыру (қызығушылықты ояту)

«Ашық хат»      Аргументтік хат. Бірнеше минут ішінде тақырып туралы өз ойларын жазады . эссе. Негізгі  ойды  мақал-мәтелмен түйіндеу.    Рефлексия

«Ашық сұрақтар арқылы гипотеза құру»Мәтінді бөлшектерге бөліп оқыту.Кейіпкердің болашақ өмірі жайлы сұрақтар құру.Кейіпкерді     бейнеле.Қалай аяқталады т.б.

Сұрақтар токсономиясы : 1.Қарапайым /нақты/2. Дәлелдейтін /Сенің ойың? Сен қалай жауап бересің.? /3. Түсіндірме / «Неліктен?»/4.Шығармашылық / «Егер мен»./5 Бағалау / критерийлерді құру,фактілерге қорытынды жасау : «Қандай айырмашылықтар бар»  6 .Практикалық / теория мен  практиканы ұштастыратын сұрақ: «Сен орнында болсаң не істейсің?», …?»/Сұрақтарды түймедақ түрінде безендіруге болады. (Мағынаны тану)

«Кластер»- жүзім Ойды қозғау картасы.1.мәтінді бөлімдерге бөлу(микротақырып):      1 этап –миға шабуыл); 2 этап – жүйелеу кластері;     3 этап-  өзара байланыс,ассоциация кластері.(Мағынаны  тану,рефлексия)

Әр түрлі  логикалық  шынжыр:Түрлі кілт сөздерді белгілі ретпен орналастыру ,логикалық байланыс құру   (Мағынаны тану) Рефлексия.

«Зигзаг»1 этап – оқушылар топқа бөлінеді;2 этап –эксперттер тобына отыру /сан бойынша/, берілген тапсырманы оқып,орындап тірек сызба құрады;3этап – өз тобына қайтып жаңа тақырыпты ретпен түсіндіреді ,бірін-бірі оқытады(Мағынаны тану)

«Екі  бөлімді күнделік»Күнделік екі бөлімнен тұрады: цитата,айшықты ой, ассоциациялар.Мәтінмен танысқандағы түйінді ой,ойландыратын цитаталарды күнделікке теріп жазу(Мағынаны тану)

«Дәріс тыңдау» Сабақтың басында білімдерін қайталайды,топта талқыланады ,конспект жазылады.Екінші бөлімінде – бірін-бірі тыңдайды.

1-ші оқушы  таныс ақпаратты белгілейді;2-ші оқушы жаңа ақпаратты белгілейді ,Сұрақтар арқылы өзара талқылайды(Мағынаны тану)

 «Карусель»Топтық жұмыс. маркермен,  А3 беттерге алдын-ала бір сұрақ  жазылады.Мұғалімнің белгісі бойынша сағат тілімен беттерді ауыстырып ,жауап береді.Жауап қайталанбауы тиіс (Мағынаны тану)

«Галерея» стратегиясы «карусельден» кейін барлық жұмыстар тақтаға ілінеді. Әр оқушы нақты қойылған сұрақ пен жауапқа өз дауысын береді.Жақсы сұрақ қойған топ анықталады(Рефлексия)

«Кубизм»  Кубтың жан-жағына тапсырмалар немесе олардың саны жазылады.Кубты  лақтырып,оқушы өзіне тапсырма таңдап алады. (Мағынаны тану,Рефлексия).

«Қарама-қарсы дискуссия»Мәтін бойынша қарама-қарсы ой талқыланады.Оқушылар жұптасып  дәлелдемелер  теріп жазады.Қарама-қарсы қойылған мәселеге жауап  іздейді.(Ой толғаныс).

«Менің соңғы сөзім»  Дискуссияның соңғы кезеңінде оқушылар сұраққа мәтіннен дәлелдеме цитата теріп жазады, соңғы оқушы өзінің түсіндірмесін береді . Солай талқы аяқталады.















Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық (ІІІ базалық деңгей)

  2. Үлестірмелі материалдар ІІ, ІІІ

  3. Интернет материалдары



















Ұсыныс,

пікірлеріңіз,

қосар ойларыңыз!



--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!