Күні:
Cыныбы: 5 «Д»
Сабақтың тақырыбы: “Жаңа достар”
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік мақсаты: Оқушылардың қазақ әдебиетінің
классигі, көркемсөз зергері
Ғ.Мүсірепов туралы мәліметтерін кеңейту, “Жаңа достар”
әңгімесінің әңгімесінің мазмұнын бекіту, мағынасы қиын
сөздерге көңіл бөлу, кейіпкерлерге талдау жасау, әдебиет
теориясына тоқталу.
2) Дамытушылық мақсаты:Оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру, көркем оқу шеберлігін, тілін, ой-өрісін
дамыту, прозалық шығарманы талдау дағдыларын дамыту,
қосымша деректер арқылы дүниетанымдарын кеңейту.
3) Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке
баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тіл дамыту, іздендіру.
Пәнаралық байланыс: География, тарих, ән, дінтану.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек-сызба,«Қазақ солдаты» романы кітабы, шығармалар жинағының топтамасы, сурет көріністері, үнтаспа, карта.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың
сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
4. Оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау.
II Үй тапсырмасы
Ұяшықтағы сұрақтар арқылы бекіту.
1.Сәбит Мұқанов кім?
2.Ол кімнің кітаптарын оқып өседі?
3.«Лашын» романнан үзінді?
4.Лашын қай құсты оңай алады?
5.Ахмет лашынды қай кезде салады?
6.Лашын қазды қалай аулайды?
7.С.Мұқановтың шығармалары
8.Лашынға алдырмайтын құс?
9.Сәбит қай поэмадан атақты болды?
10.Шығарма Абайдың қандай сөзімен аяқталады?
III Жаңа сабақ
“Қазақ кеңес әдебиетінің аспаны кең. Бірақ жарқырап көрінетін жұлдыздар ғана сол аспанда толып тұр деп айтуға батылың бармайды.
Жамбыл, Сәкен, Ғабит жұлдызы бізге алыстан көрінеді, алыстан көрінсе де жанып, жарқырап көрінеді осы жұлдыздардың ең жарығы, ең биігі - Жәкеңдікі десек, ең сұлуы, ең нәзігі, меруерттей жалтырап көрінетіні Ғабит жұлдызы дер едім.”
(Т. Молдағалиев)
- “Ғабит жұлдызы” – қандай тамаша теңеу! Бұл шоқ жұлдызымыз – біздің қазақ әдебиетімізде, көркемсөз құдіретінде өзіндік орны бар шоқтығы биік жұлдыз. Олай болса, тақтаға назар аударайық.
Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.
Ғ. Мүсірепов 1902 жылы қазіргі солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы “Жаңа жол” ауылында кедей шаруа отбасында туған. Бала кезінде ауыл молдасынан оқып, ескіше хат таниды. Оның азанмен қойған аты – Ғабде-әл Ғабит. Бұл арабша “құлдың құлы” деген сөз.
“Қазақ солдаты” романы туралы түсінік беру.
Әңгімені қысқаша түсіндіре отырып, оқушыға жүргізіп оқыта отырып, қарындашпен түсініксіз сөздерді тапқызу.
Сөздікпен жұмыс:
Өрлеу – жоғары көтерілу.
Төтелеу – тура жүріп кету.
Қорғасындай басқан тұман – қалың тұман.
Сұңғақ денелі – ұзынбойлы.
Жаужүрек батыр – батыр, ер.
Жасқанбауға бел байлау – қорықпауғаәзір болу.
Иегі кемсеңдеу – жылайбастау.
Қағілез – жылдам, тез.
Ойлан, тап!
1.Ғ.Мүсірепов кім?
2.Шын есімі?
3.Ұстазы кім?
4.Ғ.Мүсіреповтің қандай шығармалары бар?
5.Қайрош қалаға неге қашып келеді?
6.Қайроштың жаңа достарының есімі?
7.Шеген Қайрошқа қандай қамқорлық жасады?
8.Шеген Қайрошқа неліктен сеніммен қарады?
9.Шеген Қайрошқа неше шарт қойды?
11.Портрет дегеніміз не?
11.Шығармадан Шеген мен Бораштың портретін тап.
12.Шығармадан кейіптеуді тап.
Портрет – Көркем әдебиетте адамның сыр бітімін, кескін-кейіпін, жүріс-тұрысын суреттеу.
Шеген – сұлу, сұңғақ денелі, бұлшық еттері болаттай иірілетін, күнге күйген, тобылғы торы.
Бораш – аққұба,қағілез мінезді,көздері бұзаудың көзіндей,бар дүниеге таңдана қарайтын,қуануы да,ренжіп қалуыда оп-оңай.
Кейіптеу – жансыз табиғат құбылысын жан иесіне ұқсатып, жандыра , құлпырта суреттеу.
Шығармадағы «кейіптеу» жолдар.
...Жайықты өрлей,әр бұтаны тасалап,алыстан ыңыранғаны естіліп жатқан Каспийге қарай құлап келемін. Теңіз құшағына тез кіруге асыққан Ақжайық төтелеу жерден жол салам деп жарын талай сабалапты да,шалқайып кейін бұрылыпты.
Қаракөк Каспийдің бір сарынмен ғана дем алған
Кім? Қашан? Қайда?
Шығармадан үзінді келтіремін, оқушылар қай кейіпкердің қашан, қайда айтқанын айтады.
-Мен әлі өліп көрген жоқпын!-дедім тайынғым келмей. Жалғыздық жасқаншақ та
етеді,жаужүрек те етеді.
Мынаның аты Бораш... Мұны Боря дейтін боласың. Менің атым онша бұрмалауға
келмейді.Мен екеуіңнен де үлкенмін. Әкем байғұс баласын еркелете алмайтынын білген ғой сорлы....
-Соқаның үстіне құлап түстім... Шеген ағам жазды ғой әйтеуір... Енді бір айда жүруге жарайсың дейді... Балық майынан жазылды. Тіпті жазылып қалып еді,
әнеугүні «дегдом» ұстап ала жаздап,содан қашқанда тағы бүлдіріп алдым.
О,!..Сабаздың өзі екен!
Айдаш есіме түсіп кетіп,жалғызсырай бастадым.
-Шеген аға,шайға келіңдер.
IV Жаңа сабақты бекіту
Ой түйме жаздыру.
1.“Менің достарым”.
2.“Менің сүйікті кейіпкерім”.
V Жаңа сабақты қорыту
«Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ.Онымен мақтануымыз керек
VI Үйге тапсырма
1.Сахналық көрініс.
2.Қайроштың өсу жолы.
3.Сенің ойыңдағы достық?..
VII Бағалау
Оқушылардың қолындағы құнды қағаздар арқылы бағалау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Жаңа достар"

шағым қалдыра аласыз