Эссе
«Жаңа формациядағы балабақша – менің көзқарасым»
Балабақша - бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағының бастауы болып табылады. Бала өз үйінен кейінгі екінші танысатын жері ол балабақша. Жаңа формациядағы балабақша бала үшін керемет, таңғаларлық, тартып тұратын магниті бар жер сияқты болуы керек. Жаңа формациядағы балабақшада тәрбиеленуші баланың жас ерекшелігін ескере отырып, тәрбиеші баланың қызығушылығы мен ерекшелігін біледі. Білім беру салаларын негізге ала отырып балабақшада дамытушы ортаны қолдана отырып, балалармен жұмыс жасау оң нәтижені көрсетуде. Әр топтың ішінде балаға ыңғайлы етіліп ойын орталығы, кітап, табиғат бұрышы, баланың жас ерекшелігіне сай дидактикалық ойын топтамалары орын орындарына орналастырылған. Тіпті бала зерттеу жұмыстарымен айналысқысы келсе зерттеуші кабинетіне барып тәрбиешінің көмегімен түрлі зерттеу жұмыстарын жасауға болады. Қазіргі кезде көп балабақшаларда балаларды жан – жақты дамытуда робототехника, изо, легоград, сенсорлық кабинеттер жасалып қолданысқа енгізілуде. Баланың жеке тұлға ретінде дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой – өрісінің кеңейуі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. Қай кезде болмасын балабақшада Мария Монтесорри әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатынан білуге құмар, тумысынан – ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Өзімнің тәрбиешілік тәжірибемде Мария Монтесорридің «Эксперимент» әдісін қолданамын. Бұл әдіс арқылы бала өзін еркін ұстап, тәуелсіз, өмірге бейімделген, өзін – өзі дамытуға, жетілдіруге дағдыланады. Осыған орай топтың ішін баланың бойына есептеп, заттық дамытушы ортаны ретпен орналастырдым. Бала өзі қалаған іс – әрекетін еркін орындай алатындай, бала үшін қолайлыда креативті етіп өзгерттім. Бүгінгі күнге бұл әдістен кішкене болсада тәрбиеленуші бүлдіршіндерімде нәтиже бар. Бастапқыда балалар өте қысыңқы, түсініксіз сөйлейтін. Уақыт өте келе бұл әдіспен жұмыс жасау барысында оң нәтижеге қол жеткіздім. Балаларым өз ойын еркін айта бастады. Қате айтудан қорықпайды себебі, олар кез – келген қателікті жөндеуге болатынын жақсы біледі, түсінеді. Міне, бір ждарым жылдың ішінде осындай нәтижеге жетудің өзі мен үшін бір үлкен бақыт.
«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» - деп Айбай Құнанбайұлы айтқандай мен тәрбиеленуші балаларымның бойына еркіндікті, тәуелсіз болуды, кез – келген қиындыққа төтеп бере алатындай тәрбиелеудемін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңа формациядағы балабақша - менің көзқарасым
Жаңа формациядағы балабақша - менің көзқарасым
Эссе
«Жаңа формациядағы балабақша – менің көзқарасым»
Балабақша - бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағының бастауы болып табылады. Бала өз үйінен кейінгі екінші танысатын жері ол балабақша. Жаңа формациядағы балабақша бала үшін керемет, таңғаларлық, тартып тұратын магниті бар жер сияқты болуы керек. Жаңа формациядағы балабақшада тәрбиеленуші баланың жас ерекшелігін ескере отырып, тәрбиеші баланың қызығушылығы мен ерекшелігін біледі. Білім беру салаларын негізге ала отырып балабақшада дамытушы ортаны қолдана отырып, балалармен жұмыс жасау оң нәтижені көрсетуде. Әр топтың ішінде балаға ыңғайлы етіліп ойын орталығы, кітап, табиғат бұрышы, баланың жас ерекшелігіне сай дидактикалық ойын топтамалары орын орындарына орналастырылған. Тіпті бала зерттеу жұмыстарымен айналысқысы келсе зерттеуші кабинетіне барып тәрбиешінің көмегімен түрлі зерттеу жұмыстарын жасауға болады. Қазіргі кезде көп балабақшаларда балаларды жан – жақты дамытуда робототехника, изо, легоград, сенсорлық кабинеттер жасалып қолданысқа енгізілуде. Баланың жеке тұлға ретінде дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой – өрісінің кеңейуі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз. Қай кезде болмасын балабақшада Мария Монтесорри әдісі еш уақытта орнын жоғалтқан емес. Бала табиғатынан білуге құмар, тумысынан – ақ өсуге, жетілуге ұмтылысы басым. Өзімнің тәрбиешілік тәжірибемде Мария Монтесорридің «Эксперимент» әдісін қолданамын. Бұл әдіс арқылы бала өзін еркін ұстап, тәуелсіз, өмірге бейімделген, өзін – өзі дамытуға, жетілдіруге дағдыланады. Осыған орай топтың ішін баланың бойына есептеп, заттық дамытушы ортаны ретпен орналастырдым. Бала өзі қалаған іс – әрекетін еркін орындай алатындай, бала үшін қолайлыда креативті етіп өзгерттім. Бүгінгі күнге бұл әдістен кішкене болсада тәрбиеленуші бүлдіршіндерімде нәтиже бар. Бастапқыда балалар өте қысыңқы, түсініксіз сөйлейтін. Уақыт өте келе бұл әдіспен жұмыс жасау барысында оң нәтижеге қол жеткіздім. Балаларым өз ойын еркін айта бастады. Қате айтудан қорықпайды себебі, олар кез – келген қателікті жөндеуге болатынын жақсы біледі, түсінеді. Міне, бір ждарым жылдың ішінде осындай нәтижеге жетудің өзі мен үшін бір үлкен бақыт.
«Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» - деп Айбай Құнанбайұлы айтқандай мен тәрбиеленуші балаларымның бойына еркіндікті, тәуелсіз болуды, кез – келген қиындыққа төтеп бере алатындай тәрбиелеудемін.
шағым қалдыра аласыз













