Материалдар / Жаңа форматтағы физика пәні мұғалімі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңа форматтағы физика пәні мұғалімі

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа бағдарламаны оқушыға жеткізу , нәтижесі, әдіс-тәсілдерді қолдану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Наурыз 2024
188
0 рет жүктелген
1900 ₸
Бүгін алсаңыз
+95 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +95 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңа форматтағы – мұғалім қандай болу керек?

Оқыса білім бұлағы,

Оқыса елдің ұланы,-

Тірілтіп,елге жан бітіп,

Ел үшін жұмақ қылады.(Б.Майлин)

Жаңаша ойлау ,жаңаша іс-әрекетті зерттеу бүгінгі заман талабы.Білім қызметкерлерінің кәсіби құзіреттілігіне қойылатын жаңаша талап осы.Өзінің әр қадамына сыни көзбен қарай алатын білім қызметкері,өз құзіреттілігін шыңдай алады.Кәсіби дағдысы жоғары болғанда ғана абройы биік,ұстанымы мықты болады. Жаңа форматтағы мұғалім – жаңа технологияны меңгерген , күнделікті біліктілігін арттыруға құмар,шығармашылығын толтырып отыратын, әдеби кітаптарды көп оқи отырып, рухани байлығын байытып отыратын, кезкелген бәсекеге қабілетті, кәсіби мамандығын сүйетін, ізденімпаз, өзінше өзекті мәселені шеше алатын , әдістемелік қырлары шексіз, дарынды оқушыны тереңдетіп дамытатын, үлгерімі төмен оқушыны жетілдіретін құзіретті тұлға болу керек. Мұғалімнің кәсіби стандарты осыған сай келу керек. Зерттеу жұмысын жүргізе алатын, оқушыларын Мерсердің зерттеушілік әңгімесімен қанаттыратын, креативті ойы биік тұлға болу керек. Жаңа формация мұғалімі , барлық жаңа курсты меңгерген, оны мектепте тәжірибеден өткізген, зерттеуде қорытынды жасай алатын,мектепті дамытуда , қандай жерде әдістемелік олқылықтың жетпей тұрғанын анықтай алатын , оны дамыта алатын, әріптестеріне көшбасшы бола алатын, мектептің дамуына үлкен ықпал жасайтын тренер мұғалім болу керек.Жаңа курс бағдарламаларын меңгеріп өз дағдысына айналдыратын мұғалім ғана заман талабына сай тұлға даярлайды.Ғылыми көзқарасын оқушының өзгерте отырып, өмірден өз орнын табуға үйрететін,сынтұрғыдан ойлай алатын тұлға даярлайтын кәсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім болуға ұмтылу керек, сондай тұлға болуды заман талап етіп отыр. Алдына мақсат қоя алатын , мақсатына өз бетімен жете алатын ұрпақ даярлауды міндет қойып отыр, өмірден өз орнын таба алатын ұрпақ дайындауды талап етеді.Жаңа бағадарламамен қаруланған мұғалім ол –зерттеуші, тренер, көшбасшы, әдіскер , білікті маман болғанда, жаңа форматты мұғалім болады. Ұрпағы сапалы –санасы биік болады, мектеп тәжірибесінен көріп жүрмін.Дүниеге ғылыми көзқарасы, мәдениеті мен санасы дамыған ұрпақ осындай мұғалімнен тәрбие алады.Барлық ұлттық брендт құндылығын бойына сіңірген , елім-жерім дейтін ұрпақ тәрбиелеу біздің міндетіміз. Білімін өмірде қолдана алатын , ұлттық кодты қадірлейтін ,патриоттық сезімі жоғары ұрпақты біз тәрбиелей алатынымыма көзім жетеді.осындай тұлғаның рухы биік болатынын, тәжірибиеден көріп отырмын. Болашақта ұрпағымыз табысты отбасы болу үшін осы критерийді басып өту керек, бойында осы құндылық сіңу керек деп отүсінемін.Не? қайда?Неге? деген сұраққа тиімді жауап бергенде , адаспай орын табады . өмірлік зерттеуім бойынша жас ұрпақты тәрбиелеу үшін отбасынан бастап ,өмірге көзқарасын ояту керек.Ата –ананың тәрбиесі құнды.бастаудың көзі десем болады.ол үшін ата-ана мектебі болса артық болмайды. Бір уақыт ата –аналармен коучинг,тренингтерді мәжбүрлі десем артық болама? Осындай сабақтар болса , мұғалімдерге жеңіл болар еді, оқушыны табысты тұлға етіп шығаруда. Іс-әрекетін дамыту үшін болашаққа дұрыс бағыт бере білу керек. Болашақ мамандығын отбасында анықтап, сол бағытта мектеппен байланыста болып, мамандыққа бағыт беруде жаңа форматтың өзгерісі өте тиімді.ол үшін жаңа форматтың барлық деңгейін түсініп, мұғалім өзіне қолдана білсе .Оқушының жан –жақты функциалды сауаттылығын арттыру өмірге бейімділігін қажет етеді.Жаңа білім беру бағдарламасын меңгерген қызметкер үшін қиын емес. «Жаңа формацияда дайын тұлға қалыптастыру үшін, мектепішілік кәсіби даму курсының білім беру бағдарламасын» меңгерген мұғалімдер болашаққа нақты бағыт беруде адаспайды. Мектеп тәжірибесінде әдістеме қадамдарын қолданып, кәсіби шеберлік және кәсіби дамуын дер кезінде бағыттай білгенде ғана , тиімді оқытуға арналған жоспарлау өз нәтижесін береді., барлық оқушыларды жұмысқа тарту, оларға жеке тапсырма беру, сабақ барысында кері байланысты ауызша, жазбаша беру , оны дер кезінде байқап, нақты бағдар беріп отыру,оқушының өмірге деген көзқарасын өзгерту, біраз уақытты талап етті.Қазір мектепте теңіздің тамшысындай өзгеріс бар.Өзгерістің нәтижесін көру үшін уақыт керек.Нәтижені көру үшін қадамдарымыз, нәтижеге ұмтылған нақты болу керек.Жаңа білім жүйесі өте қарапайым, қолдануда бірақ , уақыт керек .. жаңа форматтың ерекшелігі өзіңді –өзің дұрыс бағамдауда. Әсірелеп мақтау, мадақтау нәтижеге алып келмейтінін түсіндірді.Бір оқушыны ерекшелеп оқушылардың алдында мадақтау , келсін –келмесін,оның пайдасыз, бос нәрсе екенін айқындап берді.Мақтау емес тиімді жақтарын анықтап айтуды талап етті.Қазақтың қасиетін тану-Абайды танудан басталмақ.Абай биігі –халқымыздың көркемдік ой-танымында ешкім жетпеген заңғар.(М. Мағауин).-Сенбе жұртқа,тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішінде қулық сақтап. Өзіңе сен,өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап.Осы жаңа технологияны , Абай атамыз зерттеп жазып кеткендей,болашақта өз орныңды табу үшін ,өзің күрес, жұртқа алданба, сынтұрғыдан ойлан деп өсиет қалдырған ау. .Бос мақтаудан жаңадан арылып келеміз.Жаңа форматты мұғалім, болашақ тұлғаны орнымен мадақтауды талап етеді.Соның нәтижесінде еркін,өзіндік дәлел –уәждерін сенімді жеткізе білетін, ынталы, сыни көзқарасары жүйелі дамыған, терең ойлары қалыптасқан тұлға даярлау.Қазіргі ақпараттық қоғамда табысты тұлға даярлауда мұғалімдерге жаңа ақпарат, жаңа технологияларды меңгеруді қажет етеді.Механикалық жаттандылықтан алынған мәліметті , мән мағынасы терең меңгерілмей ,оқушы оны өмірде тиімді қолданыла алмайды. Жаңа форматты мұғалімнің ұстанымы мен білімінің жиынтығы жоғары болу керек.құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білетін, нақты бағыт беретін міндеттер қойып отыр.Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетінше меңгеруін түсінуі мен бағалауы бплып табылады.бұл тәсіл бұл үдеріске оқушы өзі қатысып, оқушы мақсатына жету үшін өзі ұмтылады.жааңа форматты мұғалімде Шульман үш көмекші деп атаған қасиеттер болғанда ғана оқыту табысты болатыны зерттелген. Оқушыны сынтұрғыда ойлануға үйрету, бақылау, тәжірибие, толғану, ой жүгірту нәтижесінде мәліметтерді түсіну, бағалау, талдау, жинақтауда қолданылатын әдіс екенін практикада анықтадық,үйрендік сабақта қоданамын.Сынтұрғысынан ойлау дағдысы алдымен мұғалімде қалыптасу керек.Сонда ғана болашақ тұлғаға нақты бағыт бере алады. Бұл дағды проблемаларды анықтау, оны шешу жолдарын айқындау, проблемаларды шешудің шынайы құрал –жабдықтарын айқындау.осы қадамдарды нақты орындаған кезде ғана жаңа форматты мұғалім өз мақсатына жетеді.Бұл қадам дарынды оқушыны анықтауда , үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жүргізуде жақсы нәтиже берді.Оқушы жаттанды тапсырмалардан аулақ болады, ойлау қабілеті дамиды, өз бетімен жұмыс істеуге қызығушылығы артады.оқыту-мұғалімнің оқушыға жасаған сыйы емес,бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді.оқу үдерісіне белсенді қатысу үшіноқушылар қалай оқу керектігін үйренудің қозғаушы күші метатану болып табылады.қалай оқу керектігін үйрету бар.Қазіргі заманауи оқыту мақсаты осындай әдістерді меңгерген мұғалім ғана білімді ұрпақ тәрбиелейді.жаңа форматқа көшу –жаңару болып табылады.Жаңаша ойлау, жаңаша іс бастау, жаңалыққа толы іздену жарқын болашақтың белгісі.Мұғалімнің құзыреттілігі нәтижеге бағытталған білім бере отырып, өмірден өз орнын адаспай таба алатын тұлға тәрбиелеу.Бойына адамгершілігі мен этикасы дарыған, эстетикалық талғамы жоғары оқушылырымызды жаңа форматтағы мұғалім тәрбиелейді .







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!