Материалдар / "Жаңа ғасырдағы ұлттық сана: прагматизмге бет бұру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жаңа ғасырдағы ұлттық сана: прагматизмге бет бұру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты жалпы білім беретін мектептердің оқу тәрбие жүйесінде, оқушының таным түсінігі мен ойлау қабілетіне байланысты нақты жұмыс жасау қажет болып тұр. Егер бұл мәселені дер кезінде қолға алмаса, тіпті асқынып кетуі де әбден мүмкін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2021
277
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы

9 жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Аккулов Ергали Джаксибекович


ЖАҢА ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА: ПРАГМАТИЗМГЕ БЕТ БҰРУ


Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты жалпы білім беретін мектептердің оқу тәрбие жүйесінде, оқушының таным түсінігі мен ойлау қабілетіне байланысты нақты жұмыс жасау қажет болып тұр. Егер бұл мәселені дер кезінде қолға алмаса, тіпті асқынып кетуі де әбден мүмкін.

Оқушы үлгісін қалыптастыру үшін – мәдени құндылықтарды үйрету, білім, білік дағдыларды бойына сіңіру, қоғамдық қарым-қатынас ережелерін, әлеуметтік өмір тәжірибелерін меңгерту, ұлттық өнермен, әдебиетпен, ғылыми жаңалықтармен айналысу, осылайша адами құндылықтар жүйесін ұғына білуге, жеке бастың тәрбиесін үздіксіз байытып, оны күнделікті өмірмен байланыстырып отыруға дағдыландыру керек-ақ.

Тұлғаны дамыту мен қалыптастыру барысында, оларды ұлттық рухта дамытуға қажетті барлық қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Оған себеп бүгінгі жастар арасындағы отансүйгіштік пен патриоттық рухтың әлсіреуі сонымен қатар, қазақ халқының ғасырлар бой мұсылманшылық негіздермен үйлесе қабысқан салт-дәстүр, ұлттық дүниетаным негіздерін үзілді-кесілді жоққа шығару үдерісі де ел ішінде көптеген түсініспеушіліктердің тууына жол ашып отыр.

Мемлекет басшысының: «Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес» деп айтқанындай әрине мұндай сыңар жақты мәселелерді шешу оңайға соқпасы анық. Десек те осыған тосқауыл боларлық рухани-адамгершілік қағидаттар мен құндылықтарды ескеріп, отбасылық тәрбие мен педагогикалық тәрбие функцияларын жетілдірумен қатар оны іс жүзінде қолдану игілікті болатыны сөзсіз. Мұны еселей кетер болсақ, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде көрсетілгендей, тәрбие мақсаты: «Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу» болып табылады.

Жалпы жеке тұлғаның адамдық қасиеті бес жасқа дейін қалыптасады. Бөбек үш жасқа дейін өмірдің, табиғаттың, айналасының не екенін танып, «не жаман», «не жақсы» деген сұраққа жауап табады. Сөйтіп жеке тұлғаның тұлғалық негізі бес жасқа дейін қаланады. Баланың адамдық болмысы қалыптасқан соң, оның бойына адами мінез-құлық пен адамгершілік қасиеттерді сіңіру үшін, игі әрекеттер үйретіледі. Ол әрекеттерге бала әдеттеніп, әдет- өмірлік қолданысына айналып, баланың санасы әдетғұрыпты игере бастайды да, ол әдет-ғұрып әдептілікке айналып қалыптасады.

Сондықтан өнегелі тәрбиенің негізгі үлгісі бола алатын ата-ана мен мұғалімдер қауымының ерте бастан- ақ жеке тұлғаның адамдық болмысын қалыптастыруға ықпал жасай алатындығын ескеру керек. Ол үшін алдымен тәрбиелеу мазмұнын анықтап алғанымыз жөн болар еді. Ия бүгінгі ауқымды да маңызды мәселелердің бірі – жеке тұлғаны қалай және қандай идеологиялық негізде тәрбиелейміз, оның адамгершілік сапалары мен әлеуметтік бағдары қандай болмақ деген сұрақтарға жауап іздеп, оның жолдары мен әдіс-тәсілдерін талдасақ.

Бала тәрбиесі өте маңызды және жауапкершілігі мол іс, оны орындауда нақты тұлғаның болашағы мен жалпы жаңа ұрпақтың қалыптасуына тікелей байланысты. Міне, сондықтан ата-аналар баланың тұлғасын қалыптастыруда басты рөл атқаратындықтан оларды тәрбиелеудің бүгінгі ерекшеліктеріне назар аударса. Себебі, бала қашанда ең алдымен ата-анасынан үлгі алатындығы айқын. Олай болатын болса әрине, ата-ананың балаға деген қарым-қатынасы, оның қандай адам болып өсетіндігіне ықпал етеді. Сондықтан заман ағымына қарай тәрбиелеу формасы да өзгеруі тиіс. Бұрынғыдай балаға ақыл- кеңес беру, үлгі ету, мадақтау тіпті мәжбүрлеу мен жазалау секілді тұрпайы тәсілін қолдана бермей, қасаң үлгіні өзгерту керек болып тұр.

Кейбір ата-ананың өз өмірінде жете алмаған, мұрат еткен жеке мақсаттарын баласынан талап етуі немесе жеке тұлғаның қалыптасуынан іздеуі тіпті озбырлық екені даусыз. Бала деген ол - ата-ана алдында тұрған кәдімгі айна секілді, жасаған іс-әрекетіңді қаз-қалпында қайталайды. Осыған орай әрбір ата-ана балаға «тәрбиелі бол» дегенді қайталай бермей, өз баласы алдында тәрбиелі адамның ісін, үлгі етіп көрсетсе екен. Яғни балаға күнделікті өмірдегі жүрген жолыңызда, үлгі боларлық тәрбиенің айнымас түрін көрсету керек.

Тәрбие мазмұнының тағы бір ортақ белгісі бар – бұл бала тұлғасына бағыттылығы. Әрбір мектептегі ұйымдастырылатын іс-шара өткізілді деу үшін ғана емес, тек бала үшін жасалуы қажет. Өйткені тәрбие жұмысының басты мақсаты – тұлғаның эмоцияналдық-еріктік, интеллектуалдық, адамгершілік аясының дамуына бағытталады.

Сонымен бірге, рухани жаңғыру мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру барысында «Туған жер» бағдарламасындағы кіші бағдарламаларды қолға алу қажет. Ол үшін тәрбие үрдісі аймақтық болуы тиіс. Яғни, өз жерінің әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, мәдени ерекшеліктерін кіріктірген жөн. Мұнда сынып оқушыларының жас ерекшеліктері де ескеріледі. Өйткені тәрбиеде ұсақ түйек, мәні жоқ түсініксіз дүниеге жол берілмеу керек. Қазақстандық тәрбиенің басты ерекшелігі – туған жерге деген махаббат пен құрмет, отбасылық құндылықтарды бәрінен жоғары қою, үлкендерді сыйлау, адалдық, қонақжайлылық, толеранттық. Отбасы тәрбиесінің бала дамуына әсерін күшейту мақсатында отбасылық тәрбиелеудің принциптер жүйесі де жасалуы керек.

Мысалы:

- балалар жақсылық пен махабаттың ортасында өсуі керек;

- ата-аналар баласын қандай болса сол күйінде қабылдауы керек;

- тәрбие жұмыстары жас шамасына, жынысына және жеке ерекшеліктеріне қарай жүргізілуі керек;

- диалектикалық шынайы бірлік, тұлғаға деген терең құрмет, жоғары талап қою отбасылық тәрбиенің негізінде болуы керек;

- ата-ана – балалар үшін үлгі болатын мінсіз тұлға;

- тәрбие тек жақсылыққа, сенімділікке негізделуі керек;

- отбасында ұйымдастырылатын барлық іс-әрекеттер ойын түрінде жасалуы керек;

- отбасында оптимистік көзқарас, балалармен қарым-қатынас стилі мен мәдениеті болуы керек.

Отбасылық тәрбие барысында ұлттық сананы қалыптастыру ең маңызды шарттардың бірі десек қателеспейміз. Қазіргі жаһандану кезіндегі Батыс өркениетінен біздің алатынымыз да бар, ысырып тастайтын тұстарымыз да бар. Алатын тұстарымыз білімі, ғылымы, техникасы, технологиясы, біздер үшін өте қажет десек те, Батыс өркениетіне шамадан тыс жақын болу, еліктеушілік – жақсылықтың нышаны емес. Мысалы, дәстүрлі қазақ қоғамы мәдени құндылықтарды ешуақытта тауар деп қабылдамаған, негізгі ұстаным бойынша қоғамның шаңырағын шайқалтпай ұстап тұруға тиіс тетік, өмірлік ұстаным ретінде қарастырады. Ал Батыста бұл тұрғыдағы ұстаным мүлдем басқа, олар мәдени құндылықтарды тауар ретінде қабылдайды, мақсат – сату (сатылу) және пайда табу.

Қазақ халқы қарқынды түрде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалынан өзі қаламаса да, оқшау бола алмайды. Ия жаһандану үрдісіне тек бейімделу керек, ал бейімделе алмағандар өзінен-өзі құриды. Яғни пайдасын алып, зиянын бойға дарытпай, ұлттық рухтағы тәрбиемен қарсы тұру керек. Дегенмен мемлекеттің осындай бір сәтін пайдаланып қалатын, сыртқы ықпал етуші күштерге қарсы тұратын «Ұлттық иммунитетті» күшейту керек. Тарихтан белгілі әр дәуірдің сыртқы күшке қарсы тұрарлық мемлекттік идеологиясы болған. Сондықтан бүгінгі күні мемлекетіміз қолдап отырған Ұлттық сананы жаңғыртар, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын жүзеге асыруға қолдау білдіргеніміз жөн. Біздің міндетіміз – рухы биік ұрпақ тәрбиелеу. Бұл орайда да біз тарихи тәжірибемізден сабақ ала алмай отырған сияқтымыз. Кешегі қазақ қоғамында да рухани-идеологиялық бағдарды айқындауда ұлт зиялылары мен рухани ұстаздары шешуші роль атқарды. Дін, ғылым, руханият сласындағы қажырлы ізденістерінің нәтижесін сана сүзгісінен өткізіп, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде ел жүрегіне жеткізіп беріп отырған еді. Ал халық бұл ілімді «жаман болады», «ұят болады», «обал болады», «сауап болады» деген қысқа да нұсқа тыйымдарының аясына сыйғызып, ұрпақтан-ұрпаққа шашау шығармай жеткізе білді. Дәстүрлі қоғамның дәстүрлі құндылықтары осылай қалыптасқан болатын. Ал бүгін экстремизм мен терроризмге қарсы ісқимылға келгенде біз көп жағдайда құбылыстың себебімен де, өзімен де емес, салдарымен күресудеміз. Ал бұл күресіміздің нәтижесі шамалы болып тұр. Сондықтан біз үшін уақыт сынынан өтіп, ұлтты қалыптастырған құндылықтарды қорғау – елдің ішкі тұрақтылығы мен мемлекет іргесінің бүтіндігін қорғау болып табылады. «Уды у қайтарады» ұстанымы бойынша, радикалды ағымдардың ауыз салатыны дәстүрлі құндылықтар болғандықтан, алдын алу жұмыстарының ең белсенді әрі ықпалдысы – дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту болмақ.

Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М.Шахановтың: «Халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек», – дегенін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуымыз қажет. Ол үшін біз, ұстаздар қауымы, оқушыларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек. Ұлттық тәлім-тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің атааналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы – отбасында, екінші – мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалімдер мен жұртшылық тығыз байланыста болуы шартты нәрсе екені баршамызға аян.

Қазіргі кезеңде әлемнің әр түкпірінде өткір қойыла бастаған ең өзекті жайдың бірі – осы ұлттық тәрбие мәселесі болып отыр. Ұлттық тәрбиенің ең маңызды тұсы – адамды ойлануға үйрету. Бұлай дегенде әрбір жеке адам ең алдымен өзінің белгілі бір ұлттың мүшесі екенін іштей терең сезініп, санада сілкініс жасауы керек екенін, содан кейін барып жалпыадамзаттық қоғамға лайық орнын белгілеуі қажеттігін сіңіруі болса керек. Бұл жерде негізгі әңгіме арқауы ұлттық тәрбие, ұлттық сана, ұлттық ұстаным, ұлттық мүдде туралы болып отыр. Өйткені біздің төлтума бітімімізді, қайталанбас ұлттық болмысымызды, ұлттық ойлау машығымызды, қала берді ұлттық кейпімізді сақтап қалу бәрінен маңызды. Ол бізге мынау төніп келе жатқан дүлей дауылда біржола жоғалып кетпеуімізге кепіл болуы тиіс. Қалай десек те ендігі жерде өзіндік “менін” сақтауға ұмтылған жұрт, ең алдымен ұлттық тарихи жадын, бірегей ұлттық ойлау машығын, өзіндік дүниетанымын, ана тілі мен ділін, дінін, дәстүрлі мәдениетін аман алып қалу және оны одан әрі дамыту жолында күреске түсетіні анық. Осы айтқанымыздың бәрі ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты және мектеп, отбасы, оқушының бірлескен әрекетінің арқасында жүзеге асатынын мойындаймыз. Сондықтан әрбір тәрбиеші-педагог өзін-өзі тану, рефлексия тәсілдерін меңгеруі тиіс әрі тәрбиеленушілерді өзін-өзі тануға, өзін-өзі талдауға, өзін-өзі тәрбиелеу, өзінөзі дамытуды үйрету және өз тұлғасын жетілдіру, өзін-өзі анықтау үрдісіне қатыстыру керек. Ол үшін психологиялық-педагогикалық диагностика әдістерін меңгеруі тиіс. Тәрбиенің негізгі бағыттары бойынша оқушының тәрбиелік деңгейі диагностикалау нәтижесінде анықталады. Ол үшін деректер алудың бақылау, әңгіме және экспериментті түрін айтуға болады. Сонымен қатар жиі қолданылатын сауалнамалар, сүхбаттар, сұрақсауалнамалар, тест т.б. Тесттің мақсаты – тұлғаның белгілі бір сапасын, қоғамдық пікірді және бір нәрсеге оқушының қатысын айқындау, тәрбие жұмысының түрлі формасы үшін мазмұнды материал жинау, сондай-ақ әр тәрбиеленушінің өзіндік ерекшелігін зерттеу болып табылады. Осылайша педагогтар үшін тәрбиелеу жүйесі алдын- ала айқындалмай құр насихат жүргізе беру бекер. Егер алдымен жүйелі түрде психологиялықпедагогикалық диагностика шынай жүргізілсе сөзсіз нәтиже береді. Осыдан кейін екінші қадамда ғана педагог тарапынан тәрбиелік қолдау керек. Біз санаға серпіліс жасап, тура осылай прагматизммге бет бұрсақ қана болашақты нақты жоспарлай аламыз.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Б.И. Иманбекова, «Тәрбиеге жетекші» - Алматы, 2011жыл;

2. С. Қалиев Б. Иманбекова, «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі және оны орта мектептің оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану» - Алматы, 2010 жыл;

3. Қ. Бағашаров, «Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы» - Алматы, «Көкжиек» баспасы, 2015 жыл;

4. С. Пірәлиев, «Ұлттық тәрбие және жаһандану», «Егемен Қазақстан»;

5. А. Мырзахан, «Ел болудың жолы – ұлттық тәрбие», «Ана тілі», 20- қазан, 2011 жыл;

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!