Материалдар / Жаңа Geogebra технологиясын қолдану арқылы оқушылардың талдау дағдысын дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңа Geogebra технологиясын қолдану арқылы оқушылардың талдау дағдысын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа Geogebra технологиясын қолдану арқылы оқушылардың талдау дағдысын дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2021
633
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңа Geogebra технологиясын қолдану арқылы оқушылардың талдау дағдысын дамыту

Қазіргі уақытта білім беру саласы жаңарып, күн сайын жаңа технологиялар пайда болуда. Бұл оқушылардың жан-жақты дамып, жетілген тұлға ретінде қалыптасуы үшін өте маңызды. Математика сабағында да жаңа технологияларды пайдалануға болады. Жаңа технологияларды математика сабағына енгізу және пайдалану қажеттілігі неде? Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар, олардың өз бетімен білім алуына және интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімдерін өмірде қолдана білу, талдау, зерттеу, жинақтау дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

Мен өз сабағымды шынайы өмірден алынған суреттермен бастадым. Бұл оқушылардың сабақтың тақырыбын визуалды(көру арқылы есте сақтау) түрде түсінуіне көмектеседі және оқушылардың сабаққа деген қызығушылығн оятады. Оқушылар әрбір суреттерді талдап, олардың арасындағы байланыстарды тауып сол арқылы сабақтың тақырыбын анықтады. Содан кейін оқушылар сабақтың мақсаты мен сабақта оқытылатын дағды және сабақтың соңында күтілетін нәтижелермен танысты. Келесі кезеңде оқушыларға Google Classrom - да



зерттеу жұмысы берілді. Зерттеу жұмысының мақсаты www.geogebra.org/classic программасымен шеңберге сырттай төртбұрыш сызып, кестені толтыру. Кестедегі мәліметтерге қарап талдау жасау арқылы қандай төртбұрышқа іштей шеңбер сызуға болады деген сұраққа жауап беру арқылы қорытынды жасау. Оқушылардың жұмыстарын толық бақылап отыру үшін jamboard.google.com тақтасын пайдаландым. Бұл тақтада әрбір оқушы өзіне жеке бет ашып, өздерінің программада салған суреттерін тақтасына салып, содан кейін кестені толтырды. Кестені толтырып болғаннан кейін алынған нәтижелерге қарап талдау жасап, қорытынды шығарды. Бұл кезеңде барлық оқушылар белсенді болды. Және бұл зерттеу жұмысы оқушылардың жаңа тақырыпты оңай түсінуіне және талдау дағдысын дамытуға көмектесті. Талдау жасап, қорытынды шығарғаннан кейін оқушылар бағалау критерийіне қарап өз- өздерін 1 мен 4 аралығында бағалады. Содан кейін оқушылар жаңа тақырыпты толықтай меңгеруі үшін тақырыпты бекітуге арналған шынайы өмірмен байланысты есеп берілді. Сабақтың тақырыбы шеңберге сырттай сызылған төртбұрыш болғандықтан оқушыларға шаршы тәріздес бөлменің ішінде орналасқан шеңбер пішінді бассейннің радиусын табуға арналған тапсырма ұсынылды. Бұл есепті оқушылар сыныппен бірігіп талдап орындады. Бұл тапсырма оқушылардың талдау, жинақтау дағдыларын дамытуға көмектесті. Бұдан кейін оқушыларға деңгейлік тапсырмалар берілді. Тапсырманы орындау үшін оқушыларды үш топқа бөлдім. Топтық жұмыс кезінде оқушылар жаңа тақырыпты меңгеріп сабақтың мақсатына жету үшін бірлесіп жұмыс жасады. Топтарды оқу деңгейі орташа оқушы тапсырманы түсінбесе, оқу деңгейі жоғары оқушы түсіндіре алатындай етіп бөлдім. Деңгейлік тапсырмалар арқылы дифференциация әдісін жүзеге асырдым. Яғни, әрбір топ үш деңгейден тұратын тапсырмаларды орындады. Оқушыларды ынталандыру мақсатына ең бірінші бітірген және барлығын дұрыс орындаған топ мүшелеріне бонус қойылды. Зерттеу жұмысына он минут, тақырыпты бекітуге бес минут, ал топтық жұмысқа он минут уақыт берілді. Топтық жұмысты орындау барысында оқушылар өте белсенді болды. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар алдымен есептің берілген оқып, талдап, тірек сөздерді белгілеп, содан кейін сызбаларын сызды. Бұл оқушыларға тапсырманы оңай орындауға көмектесті. Он минут өткеннен кейін топтар бір-білерімен есептің жауаптарымен алмасып, топтар бір-бірін өзара бағалады.

Оқыту кезеңін бағалай отырып, барлық тапсырмалар орындалып, күтілетін нәтижеге қол жеткізілгенімен, тапсырмаларды дайындау барысында әрбір есепті барлық оқушылар бір уақытта үлгеретіндей етіп жасауды және оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында шынайы өмірмен байланысты есептерді көбірек енгізу қажет екендігін түсіндім.

Сабақтың соңында оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты түсініп, меңгергендерін бағалау үшін Google form толтыру ұсынылды. Бұл форма оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты түсінгендерін білуге толықтай мүмкіндік берді. Жалпы әрбір тапсырмадан кейін бағалау критерийлеріне қарап оқушылар өз-өздерін және топтар арасында өзара бағалап отырды. Барлық орындалған тапсырмалар үшін жалпы сегіз балл берілді. Зерттеу жұмысын толықтай орындай оқушыларға төрт балл, ал шынайы өмірмен байланысты есепті орындаған оқушыларға бес балл, деңгейлік тапсырманың бірінші деңгейін орындағанда алты балл, екінші деңгейіне жеткен оқушыларға жеті балл және барлық тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыларға сегіз балл берілді. Осыдан кейін мен түсіндірмелермен өзімнің бағалауымды ұсындым. Талдай келе, бағалаудың бұл түрі күтілетін талаптарға алдын-ала дайындала алатын студенттерді жақсы дайындайды деп айта аламын. Менің бағалауым бойынша, мен таңдаған құрал тиімді болды деп айтуға болады, өйткені студенттер шынайы нақты жағдайда дұрыс шешім қабылдау үшін таңдалған математикалық стратегияларды қолданды. Сондай-ақ, олар өмірлік нақты жағдайдың тиісті элементтерін анықтады және оқушылардың талдау дағдыларын дамытуға ықпал ететін шешімнің дәлдік дәрежесін негіздеді. Оқушылардың сабаққа қатысуын қарастыра отырып, осы бағалаудың арқасында бүкіл сынып сабаққа қатысты деп қорытынды жасауға болады. Сабақтың аяқталуына бес минут уақыт қалғанда сабақтың басында күтілетін нәтижелерді экранға қайта шығарып, оқушылардан сабақтың мақсатына қаншалықты жете алғандарын сұрадым. Және оқушылардың өз-өздерін бағалау парағына қарап қорытынды жасадым. Бұл сынып оқушылары математиканы аптасына төрт сағат оқитын болғандықтан барлық оқушылар алтыдан жоғары балл жинады. Бұл оқушылардың жаңа тақырыпты жақсы түсінгендігін көрсетеді. Және оқушылардың сабақтың мақсатына қаншалықты жеткендігін және сабақта ұсынылған дағдыны қаншалықты дамыта алғандағы туралы Google form-ды толтыру ұсынылды. Онда келесідей сұрақтар қойылды: Сабақтың мақсатына жете алдыңыз ба?Geogebra технологиясын қолдану сіз үшін тиімді болды ма? Сабақтың мақсатына жету барысында қандай қиындықтармен кезіктіңіз? Бүгінгі сабақта қандай дағдыны дамыта алдыңыз? Сабақта не ұнады? Қосымша сабақ қажет пе? Бұл сұрақтарға оқушылар: сабақтың мақсатына толық жете алғандығын, сабақта сыни ойлау, талдау және өзін-өзі басқару дағдыларын дамытқандығын, геогебрада жұмыс жасау тақырыпты визуалды түрде түсінгендерін, әзірге қосымша сабақ қажет емес, барлығы түсінікті болды деген жауаптар жазды. Қорыта келгенде оқушылар үніне қарап сабақтың мақсатына толық жеткенімді түсіндім. Жаңа технологияны қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оята алды. Сабақтың басында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту маңызды болып табылады. Өйткені оқушыларға сабақ қызықты болса, олар сабақта өте белсенді болады. Сабақта белсенді болу оқушылардың сабақтың мақсатына оңай жетуіне көмектеседі. Сонымен қатар, оқушылар зерттеу жұмысы арқылы өздерінің сыни ойлау, талдау, жинақтау дағдыларын дамыта алды. Зерттеу жұмысын орындап болғаннан кейін кестедегі нәтижелерге қарап өздерінің қорытындыларын жасайды. Бұл арқылы оқушылар өздерінің рефлексия дағдысын дамытты.



PAGE \* MERGEFORMAT 1 


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!