Жаңа жыл -2019

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа жыл -2019

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға жаңа жылдық мереке арқылы сөздік қорын байту, кейіпкерлер туралы ойын қалыптастыру.Балалар мен ата-аналарға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жыл - 2019


Жаңа 2019 жылға сай безендірілген зал ортасында түрлі - түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар жасыл шырша орын алған. Жанға жайлы әсем музыкамен балалар кіреді.


Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Жаңа жыл келді о, міне,

Далама, қалама, жеріме

Шаттыққа бөлеп әр үйді,

Шыға ғой менің төріме.

(Сиқыршы шығады)


Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де сіздердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін, білмеймін?


Жүргізуші: Мүмкін, балалардың біреуі жоғалтып алған шығар.


Сиқыршы: Балалар, сендерге қарасам өнерлі балалар сияқтысыңдар?

Жүргізуші: Иә, сиқыршы дұрыс айтасың, расында біздің балалар шетінен өнерлі.

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Би билейміз баршамыз


Би:«Шырша» биі.


Сиқыршы: Жарайсыңдар ,балалар!


Жүргізуші: Сиқыршы, сен кебісті орманнан таптың ба? Демек, орманға бару керек. Жол табу керек. Барлық індерді, апандарды қарау керек. Орманға біз шаңғымен барамыз. (Балалар жұп болып қатарға тұрып шыршаны айналады) Балалар орындықтарға отырады, әуен шырқалады, Қоян секіреді.


Жүргізуші: Ой мынау не?


Балалар: Мынау, Қоян.


Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.

Жүргізуші: Қоян, сен кебістің екінші сыңарын көрген жоқсың бе?


Қоян: Жоқ, көрген жоқпын.


Жүргізуші: Енді, не істейміз?


Жүргізуші: Қане, жаңа жыл биін билеп кебісті табыңдар.


«Жаңа жыл биі».


Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар, Жақсылап би биледіңдер. Бірақ кебіс табылған жоқ.


Жүргізуші:Онда кәне балалар өзіміздің жаңа жылға арналған тақпақтарымыз бен өлеңдерімізді айтайық.

Айша, , Диана,Айдын,Бердібек. Аймира


Ән: «Шыршаға бардық».


Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бірінде.


Би: «Аққала»


Жүргізуші: Мен білемін біздерге Аққала көмектеседі.


Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балақайлар!

Мен көңілді Аққаламын.

Ойын - күлкі әкелдім,

Бақыт, қуаныш сыйлаймын.

Мықты денсаулықпенен.


Жүргізуші: Қош келдің, Аққала! Біздің басымызға қиындық түсіп, көмек керек. Кебістің бір сыңары жоқ.


Аққала: Мен сендерге көмектесемін, бірақ бір ән орындап алайық.


Ән:«Жаңа жыл»


Жүргізуші: Ой, балалар қараңдар, Сиқырлы үйді қараңдар. Жарығы жанып тұр, Терезесін қағайын. Кім тұратынын сұрайын.


Сиқыршы: Кім екен? Мұнда Ақшақар тұрады. (Үйінен Ақшақар шығады).


Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қандай әдемісіңдер.

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.


Жүргізуші: Құрметті Ақшақар, сізді Жаңа жыл мерекесіне шақырамыз.


Ақшақар: Мен билегенді ұнатамын. Орманда түлкімен серуендеп жүріп кебісімді жоғалтып алдым.


Сиқыршы: Балаларға қонаққа келе жатып, кебіс тауып алдым, кебісіңді ала ғой.


Ақшақар: Көп рахмет сіздерге балақайлар.


Жүргізуші: Ақшақар, балаларымыздың дайындап келген тақпақтарын тыңдаңыз.

Бекасыл,Айжұлдыз, Нұрсұлтан, Үміт, Айбар,Еңілік.


Сиқыршы: Балалар сіздер ән айтқанды ұнатасыздар ма? Ендеше ән айтайық.


Ән: «Жаңа жыл»


Ақшақар: Балалар, Аяз ата әлі келген жоқ па?


Балалар: Жооқ


Жүргізуші:Аппақ қардай адал ниет көңілі

Кеудесінде елге деген сенімі

Аяз ата сый кәдесін арқалап

Келеді міне ұзақ болғай өмірі


Енді балалар Аяз атаны шақырайық.


Балалар хормен: Аяз ата,Аяз ата


Аяз ата:Армысыздар балаларым Жаңа жылдарың құтты болсын!

Балаларым балғыным

Өмір гүлім шалғыным

Тілегенім жыл бойы

Сендердің денсаулығың

Жүргізуші: Балалар , Аяз атаға дайындаған өнерімізді көрсетерміз.

Ғұбайдулла,Ернұр , Гүлбағым,Асқармауыт,Гүлназ,Альфия.


Жүргізуші: Балалар, біздің шыршамыз көңілсіз, жабырқаулы. Қане барлығымыз бірге үрлеп шыршаның шамдарын жағайық. (Барлығы бірнеше үрлеп шыршаның шамдарын жағады).

Тауда туып тауда өскен,

Шырша келді ортаға

Бәріміз бір дауыспен

Дейік ендң шыршаға

Қуант бізді,таңырқат

Шамдарыңды жарқырат


Балалар:1,2,3 дегенде шамдары жанады.


Ән: «Шырша жыры»


Би: «Аққырау»


Жүргізуші: Аяз ата балалар аналарымен бірге би билеп өз өнерлерін көрсетпекші. Олай болса аналарды ортаға шақырамыз.


Би: Буги-вуги


Ақшақар: Аяз ата, балаларға сыйлықтарын беретін кез келді.


Аяз ата: Дұрыс айтасың, мінекей сыйлықтарың (сыйлықтарын таратады). (Аяз ата, Ақшақар, Сиқыршы өз тілектерін білдіріп, шығып кетеді).


Жүргізуші: Келесі жылы біз сізді сағына күтеміз. Қош болыңыздар!










Дайындаған: Жумабаева Акайнаш Кошкарбаевна




«Арай»балабақшасы






«Балапан»тобы











Дайындаған: Жумабаева Акайнаш Кошкарбаевна










2018ж.





2018ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.02.2019
717
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі