Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Жаңа жыл, жаңа жыр»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Жаңа жыл, жаңа жыр»
(музыка әуенімен балалар безендірілген залға кіреді)
Аян: Жасыл шырша тігілген алдымызда,
Қош келдіңіз көрермен шыршамызға
Аман болсын, отбасыңыз деп алайын
Ізгі тілек тілейміз баршаңызға
Гауһар: Ортада тандырып талайды,
Шыршамыз жасарып жайнайды.
Құбылып, құлпырып айнала,
Сиқырлы сәулелер тарайды.
Жүргізуші: Талай қызық болар деп тамсанамыз
Осы күнді сағынып, аңсағанбыз
Жасыл шырша жанында қол ұстасып
Жаңа-жылды қосылып қарсы аламыз.
Бүгінгі жаңа жылдық мерекеге жиналған балалар, ата аналар, баршаңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі сіздер үшін ұйымдастырылған ойындарға қатысып,әсем әнге, көңілді би билеп көңіл көтерейік. Кешіміз көңілді әнмен басталып та кеткен сияқты.
Енді шырша жырын бірге,шыршамызды айналып жүріп шырқайық.
Ән: «Кішкентай шыршамыз»
Тақпақ:
Архимед: Құтты болсын жаңа жыл,
Құтты болсын жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
Элиза:Ақшақарға малынып,
Аппақ тонын жамылып.
Сақалы мен мұртына,
Күміс моншақ тағылып.
Аяз Ата келдіңбе?
Балаларды сағынып.
Әділжан: Өлең де әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел Жаңа - жыл біздерге,
Кел Жаңа - Жыл, Жаңа - жыл!
Х.Айзере: Жасыл шырша
орманнан,
Бізге арнайы
келіпті.
Ойыншығын
балалар,
Шыршаға әсем
іліпті
Ануар: Біздің балабақшада,
Шырша тойы болады.
АязАта, Ақшақар,
Біздермен мәз болады.
Аида: Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Папамызды, мамамызды,
Қонақтарды бәрін де
(Жарық сөніп,боран соғып орманнан мұз ханшайымы келеді.)
Мұз ханшайымы:
Соқ, соқ боран қаттырақ
Бүкіл әлем мұзға айналсын.
Алай- дүлей соқ боран
Барлық дүние шайқалсын.
Тыныштықты бұзатын
Кімдер бұлай ойнайтын.
Балаларды қаламаймын
Сарайымды былғайтын.
Жүргізуші:-Сәлеметсізбе, Мұз ханшайымы. Бұл сіздің сарайыңыз екенін білмеппіз. Шыршаны безендіріп, жаңа жылды тойламақшы едік. Енді қайттік?
Мұз ханшайымы: Менің сан жылдар бойы ешкім еріте алмаған, менің сарайымда ойнамақшы болдыңдарма, солайма.
Жүргізуші:Жоқ, жоқ біз мында балалармен бірігіп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алмақшы едік.
Мұз ханшайымы:Мен ешқандай кідіре алмаймын .Тезірек сарайымды босатыңдар! Әйтпесе, осында келген қонақтардың барлығын бір мезетте мұз қып қатырамын.
(Кетіп қалады)
Жүргізүші:Қап, әттеген ай бұл жер Мұз ханшайымдыкі екенін білген жоқпыз гой.Қазір келетін Аязата мен Ақшақарды да қатырып тастаса не болады? Енді қайттік балалар?
(сақ- сақ күлген дауыстар естіліп, сахнадан сайқымазақ пен тауық жүгіріп кіреді)
Сайқымазақ:
Уа,халайық,жарандар
Айналаға қараңдар.
Қызық көріп шат болсын,
Шалқып күліп тараңдар.
Уа,алайық,құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр.
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті.
Тауық: Саламатсыңдар ма балалар, қонақтар! Мені таныдыңдар ма? Қалған шамалы уақытымды сендермен көңілді билер билеп ән айтқым келеді. Рұқсат етесіңдер ме?
Жүргізуші:Армысыз,Тауық жылы және балаларға шаттық сыйлаушы күлкі патшасы. Әрине болыңыз. Жаңа мұз ханшайымы келіп,көңілімізді түсіріп кетіп еді. Сіздердің келгендеріңіз қандай жақсы болды. Балалардың көңілін көтеріп тастайтын болдыңыздар ғой.
Сайқымазақ: Олай болса не тұрыс, Кәне , маған би билеп беріңдерші.
Би: «Микки Маус»
Жүргізуші:Балалар қалай көңілдерің көтерілді ме? Біз одан әрі мерекемізді жалғастырайық. Енді балалардың жаңа жылға арнаған тақпақтарын тыңдайық
Тақпақ:
Демид: Жаңадан тақпақ,
Аламыз жаттап.
Жаңа жыл келді
Жаңа жыл аппақ
Айжан: Алақай, алақай,
Қар жауып тұр балақай.
Жүр шанаңды алып шық,
Киіп алып малақай.
Абдуррахим: Жаңа жылмен шаттанып,
Жаңарады бар дала.
Шырша тойын тойлайды,
Дөңгеленіп бар бала.
Зере: Дед мороз, несет игрушки,
И гирлянды, и хлопушки,
Хороши подарки,
Будет праздник ярким!
Кәусар: Жаңа жылда бақшамыз,
Гүлдей болып жайнасын.
Аман болсын барлық бала
Шат – шадыман ойнасын.
Сұлтанали: Қуантып енді,
Жаңа жыл келді.
Өсетін болдым,
Бір жасқа енді.
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр.
Ақ таяғы қасында
Ойын күлкі жанында
Күтеді оны шартарап
Сый дорбасын арқалап
Жаңа жыл сайын келетін Ол кім?
Балалар: Аяз ата
Жүргізуші : жарайсыңдар балалар олай болса Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келеді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
(Осы жерде «Маша мен аю» мульфильмінің музыкасы ойналып Маша мен аю шығады. Аю Аяз атаның дорбасын арқалап шығады.)
Аю: Ау,жарандар мен келемін ала дорба арқалап
Аяз ата келе жатыр ,келе жатыр ән тарат
Ақшақары қасында екен, тым әдемі күлкісі
Аппақ қардай қызыл алма түр түсі.
Жүргізуші: ой, балалар, бұлар мульфильмдегі Маша мен аю екен ғой. Қош келдіңіздер,құрметті қонақтар!. Бізге жақсы хабар әкелдіңдер. Олардың өздері қайда?
(Маша мен аю күрсінеді.)
Аю: Жаңа жылды тойламақшы болып, шыршаны безендірген едім. Маша бәрін бүлдірді. Алдымен үйде салют атып, шыршамды өртеп жіберді. Шырша іздеп, жолға шыққанбыз. Жолда келе жатқан Аяз ата мен Ақшақардың жолын кесіп, құлатты. Екеуіде аман. Қорықпаңдар аздап демалсын сосын келеді. Біз Аязата сауыққанша барлық аңдарға сыйлық таратып шықтық. Содан сендердің де мерекелеріңе келе жатқанын біліп, ескертейін деп келдік.
Маша:Аю, аю (секіріп, аюдың қолынан қағып) мында шырша бар екен, қарашы әдемі. Осыны алайық. (шыршаны тартады)
Жүргізуші: Маша болмайды бұл біздің шыршамыз. Мында шыршаны безендіріп Аяз ата мен Ақшақарды күтіп балалар жүр. Одан да сендер бізбен болыңдар.
Аю: Маша ол тым үлкен бізге жарамайды. (Басын шайқайды.)
Маша: Аю, аю менде балалармен бірге болайыншы. Мында көңілді екен.Ойын ойнап,би билегім кеп тұр. (секіреді)
Аю:Маша , сен балалардың да мерекесін бұзасың, жүр сыйлықтарын тапсырып, үйге қайтайық. Әлі шырша табуымыз керек. Жүр, жүр. (аю қолынан сүйрейді)
(Маша, балалардан көмек сұрағандай қарайды. Қимайды. Сосын жылайды.)
Жүргізуші:балалар,Маша бізбен қалсын ба? Маша сен балалардың мерекесін бұзбауға сөз бер. Сосын бірге ойнайсың.
Маша: Жарайды, мен мерекені бұзбаймын, балалар сендермен болайыншы.Ойын ойнап би билейік.
Аю: жарайды , қалсақ қалайық, балалар мен сендермен және сендердің ата-аналарыңмен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын : «Шыршаны безендір» (екі ата-ананы орындыққа отырғызып ойыншықтарды үстіріне ілу)
Жүргізуші: жарайсыңдар балалар. Балалар Аяз ата мен Ақшақардан хабар болмады-ау.
Аю: Онда мен орманнан хабар алайыншы.Келіп қалғанда болар.
Жүргізуші:Балалар көңіл күйлерің қалай, жақсы ма. Шаршамадыңдар ма? Балалар Аяз атаны, Ақшақарды қарсы алайық. Кәне бәріміз бірге Аяз ата, Ақшақар деп айқайлаймыз.
Балалар: Аяз ата, Ақшақар
(Осы кезде музыка ойналып, таяқтың тарсылдаған даусы естіледі. Аю алдымен шығып Аязата мен Ақшақарды қарсы алады.)
Жүргізуші:
Армысың Аязата ақсақалым,
Бармысың сұлу көркем Ақшақарым
Асыға тағатсыздық сезімменен
Күтуде өзіңізді барша қауым.
Аяз ата:
Ау, амансыңба ұлдарым
Амансыңба қыздарым
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Ақшақар:
Ал,кәнекей балалар
Ән мен жырға басайық.
Той думанды жалғайық
Жаңа жылда
Шыршамызды айналып
Би билейік қалықтап
Қарап тұрма қалыс қап.
Ән: «Ақшақар»
Тақпақ:
Қасымжан: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады, қатады.
Жып-жылтыр боп жатады.
А.
Айзере: Кел билейік
сенімен,
Деймін тартып
жеңінен
Еріп кетпе
Ақшақар.
Адамдардың
демімен.
Расул:
Аспан жерге
төгеді,
Ақ күмісін
уыстап,
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай
жылыстап
Сабина: Дед мороз сидит у елки,
Прячет голову в мешок
Не томи нас слишком долго
Развяжи скорей мешок.
Алихан: Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр
жараса.
Басында әсем
жұлдызы,
Көз тоймайды
қараса.
Сафина: Дед мороз, дед мороз
Елку из лесу принес
А пока я в сад ходила
Мама елку нарядила
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар сіздермен бір ойнағысы келіп тұр.
Ойын: «»
Жүргізуші: Аяз ата біздің мына шыршамыздың әдемі шамдарын жарқыратуға көмектесе аласыз ба?
Аяз ата: Әрине балалар. Кәне бәріміз бірге 1,2,3, шырша шамы жан деп айтайықшы.
Балалар: 1,2,3 шырша шамы жан
(шамдары жанады )
Ән: «В лесу родилась елочка»
Жүргізуші: Рахмет Аязата, енді сіздер демалыңыздар. Біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз.
(Музыка ойналып мұзханшайымы келеді.)
Мұзханшайымы: Мына балалар әлі жүрме.Тезірек сарайымды босатыңдар! Сендерге келер жаңа жылдарыңды мен қатырып кеттім.
Аяз ата:
О ханшайым сабыр сақтаңыз,
Ханшайым дәл бұлайша қатал болмас.
Жамандықпен ешкім сізді ескере алмас,
Мұз қылып қатырғанмен мына жұртты,
Жаныңыздың мұз жарасы жазылмас.
Сайқымазақ:
Сәлем беріп біз сізге
Бар әнерді саламыз.
Өнерлі ханым келді деп
Әлемге жар саламыз!
Мұз ханшайымы: Солайма, жарайды сендердің жылы сөздерің жаныма жағып кетті. Олай болса сендермен бірге көңілді би билеп сергіп қалайын. Менің мұз жүрегімді жібіте алармекен.
Тақпақ:
Феруза: Әсем шырша
сәнденген,
өз аңдарын
күтеді.
жаңа жылмен бірге
біз
орманға кеп
жетеді
Жандос: мұздан моншақ тағынып
Күміс қырау жамылып
Ортада тұр Ақшақар
Көптен күтіп сағынып
Милана: Бір топ бала сырғанап,
Би билейік зырлайық
Қалды артта қар алып
Іздерінен қар ұшып
Алібек: Міне тағы келіп тұр
Жаңа бір жыл балалар
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан
Жанел: 770 ₸ - Сатып алу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз