Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа Жыл Жаңа Жыр

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша бүлдіршіндеріге арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Жаңа Жыл, Жаңа Жыр»



Жаңа жыл мерекесіне орай зал безендірілген.

Қатысушылар: Аяз ата, Ақшақар, сайқымазақ, мыстан кемпір.


Жүргізуші:

Жаңа жыл бірлік береке берсін елімізге,

Береке ырыс келсін жерімізге.

Қой жылын кең пейілмен қарсы алайық,

Қуаныш шашу шашсын терімізге.


Армысыздар, құрметті, қонақтар! Келе жатқан жаңа қой жылы мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Кешімізді жақсы көңіл – күймен бастайық, Бізде қандай мереке болғалы жатыр? Ия, дұрыс айтасыңдар. Жаңа жыл мерекесі. Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп. Ендеше біз осы шаршаның құрметіне ән салып, шыршамызды бір айналып шықсақ қайтеді.


Балалармен бірге шыршаны айналып, өлең айтқызу.


Жүргізуші:

Бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астында бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша! Қәне мен бір сыйлықты ашық көрейін. (көңілді муз. ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Сайқымазақ атып шығады)


Сайқымазақ: Салем, сәлем! Мені ораудан алып шыққандарына өте қуаныштымын. Ол жерде, тар, қап –қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен қызықты ойындар ойнайық, би билейік, ән салайық. Келісесіңдер ме? Жақсы онда бастайық.


Ойын: «Қарды кім тез жинайды?»


Жүргізуші: Рахмет, саған Сайқымазақ, ойын балаларға ұнады. Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген бүлдіршіндеріміз бар, ата –аналарымызда, көрермендерімізде бар, енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетіспейді?


Балалар: Аяз ата, Ақшақар.


Жүргізуші: Кәне, онда Аязатаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық. Сайқымазақ сенде қосыл, бізбен бірге Аяз Атаны шақырайық.


Балалар: Дауыстап 3 рет қайталап, шақырады.


Жалмауыз кемпір: жүгіріп кіреді. Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар?


Жүргізуші: Ал сіз кім боласыз? неге амандаспайсыз? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?



Жалмауыз кемпір: білсем бұйырмасын!


Жүргізуші: Мұны біздің мына бүлдіршіндеріміз де біледі. Ал сен, сияқты үлкен әйел адамға ескертудің өзі ұят. Сен не, мектепте оқымадың ба?


Жалмауыз кемпір: Оқыған жоқпын. Маған бір танысым – Орман перісі – мектепте сондай қызықты классно, болады, бір барып көрсең ғой деп қоймай еді, ал бардым... Онда кешке дейін тақпақ – әндер, жазу, ЕНТге дайындалу, көбейту кестесін жаттау, ал мұғалімдер роботтар сияқты қанша? Неше? Ойланыңдар? Шығарыңдар? Деп миды ашытып жіберді. Еще 40 минут отыру керек, шаршадым. Бүйткен мектебі құрысын!


Жүргізуші: Балалар. Жалмауыз кемпір шын айтып тұр ма? Мектепте көңілсіз бе? Айтыңдаршы мектепке не үшін барады? (Балалардың жауаптары) Ендеше біз мына Жалмауыз кемпірге мектепке үйрен биімізді көркетсек қайтеді?


Сайқымазақ: Мен де келісемін. Мектепте күшті. Достарынды табасың, білім аласың, би үйренесің. Мен де билейінші бүлдіршіндермен.

Би «Снежинка» Сайқымазақ бірге билейді.


Жүргізуші: Жақсы балалар. Сайқымазақ сенде жақсы билейді екенсің. Жалмауыз кемпір, сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?


Жалмауыз кемпір: Ал, мені неге солай айқайлап, құрметтеп шақырмасыңдар? Аяз ата, Аяз ата деп тамақтарыңды жыртып шақырасыңдар. Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні сиқырлап басқа жаққа бұрып тастадым. Енді ол жол таба алмайды. (күледі)


Жүргізуші: неге олай істедің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл болмақ? Жалмауыз кемпір тезірек сиқыр жаса, жол көрсеткішті орнына қайтадан бұрып қой! әйтпесе Аяз атамыз басқа балабақшаға кетіп қалады. Жалынамыз, өтінеміз.


Жалмауыз кемпір: ә, бәлем, солай ма екен! Әйтпесе мектеп, оқу, жазу, Миымды ашыттыңдар. Жақсы менің бір шартым бар. Балалармен ойын ойнасам болама. Мүмкін ата –аналарыда қосылар. Ойын өте көңілді.




Ойын: Обручпен би


Жүргізуші: Жақсы балалар, ойынға өте жақсы қатыстыңдар. Ал жалмауыз кемпір Аяз атамыз қайда, жол белгісін сиқырлап орнына апардың ба?


Жалмауыз кемпір: Ия, сиқырлап, қайта орнына қойдым. Қазір келіп қалар. Ал , ендеше мына шыршаларынның шамын жағып кетейін. Әтпесе көңілсіз, көрікті емес. Балалар шырша әдемі болып жану керек қой ия. Онда мен қазір шыршаны жаңайын. (қолына сіріңке алып, жаға бастайды)



Жүргізуші: Жоқ! Жоқ! Мына Жылмауыз кемпірден құтылу керекпіз! (осы кезде боранның гуілдеген дауысы естіледі. Жалмауыз тона бастайды, ата –аналардың қасына барып, тығылады, шыршаның астына тығыла бастайды)

Алыстан Аяз атаның дауысы естіле бастайды.


Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр ғой деймін. Тағы да шақырайық, қол соғайық, мүмкін біздің балабақшаға жол таба алмай жүрген болар.

Балалар: Аяз ата , Ақшақар деп 3 рет айқайлайды.


Осы кезде Аяз ата мен Ақшақар келіп, балалармен амандасады.

Берілген сөздерін айтады.


Шыршаның шамын жағады.


Жалмауыз кемпір: Мен де қалсам болама, енді сиқыр жасамаймын. Ештене бүлдірмеймін. Менің де Жаңа Жыл мерекесін қарсы алғым келеді.


Аяз Ата: Жақсы қалдырайық. Мереке бәрімізге ортақ.


Жүргізуші: Аяз ата біздің бүлдіршіндер сіздерге тақпақ, би дайындап келді. Тамашалаңыздар.


Балалар кезекпен тақпақтарын айтады,


Би: «Снежинка»

Жүргізуші: Сайқымазақ, кел, Аяз Атаға көмектес, сыйлықтарын таратуға.

Аяз Ата, шыршаны сізбен айналып, ән салсақ қайтаді, шыршамыз көркейе түссін.


Аяз ата Ақшақармен балалар шыршаны айналып ән айтады. (хоровод)



Аяз ата мен қоштасу.


Жүргізуші: Осымен Жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа Жыл құтты болсын! Бақыт, береке, молшылық әкелсін. Сау болыңдар!





















































Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

Май орта мектебі













«Ақбота» шағын – орталығы

Ертеңгілік

Тақырыбы: «Жаңа Жыл, Жаңа Жыр»















Өткізген: Муханжанова Бейнегул Казалиқызы













2018ж.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.00.2018
459
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі