Тақырыбы:

ЖАҢА ЖЫЛ СЦЕНАРИЙ
2023 жыл
1-7 сыныптарға арналған
ЖАҢА ЖЫЛ
бағдарламасы
Бекітемін.
Мектеп
директоры:
Жаңа жыл мерекесінде
өткізілетін іс-шаралар
жоспары
№
|
Шараның
атауы
|
Мерзімі
|
Сыныбы
|
Жауаптылар
|
Тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары:
Тақырыбы: Қош келдің Жаңа
жыл!
Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі
туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі
көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын
арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге,
сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қажетті
құралдар: Жаңа жылдық көрініс, ертегі
кейіпкерлері, ойын құралдары
Әдіс –
тәсілдері: Ән айту, би билеу, көркем
сөздер оқу, ертегі көріністерін сахналау.Зал Жаңа жыл мерекесіне
сай безендірілген.
Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке
қосқан үн
Бақытты боп бастады жыл
дастанын
Қуанышпен келді той деп жаңа
жыл
Құтты болсын жаңа бақыт
достарым
Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар,
ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне
арналған
«Қош келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді
бастауға рұқсат етіңіздер.
(Мерекелік әуен ойналып
балалар кіреді)
Құрметті қонақтар қош
келіпсіздер! Барлығыңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Әрбір
адам Жаңа жылдан жаңалық күтіп, үмітпен қарайды. Осы мерекеге
жиналған әрбіріңіздің үміттеріңіз ақталып, әрбір отбасында арман -
тілектеріңіз орындалсын!
Қош келдіңіз бүгінгі
кешімізге,
Жаңа табыс тілейік
ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт
әкелсін,
Мына отырған барша жан
бәрімізге.
Жүргізуші: Бүгінгі шырша тойымызда да
көптеген қызықты әндер де, билер де, күтпеген таңғажайып оқиғалар
болуы мүмкін. Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа
жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі
сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп директорымыз
Қойайдаров Сағындық Темірұлына сөз
береміз.
біздің Аяз атамыз бен
Ақшақарымыз кешігіп жатыр. Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы
қайда жүргенін біліп бермейсіз бе?
Сахна ашылып, (көрініс) қасқыр
Ешкінің үйін торуылдап жүреді.
Ешкі себетін арқалап орманға
кетіп бара жатады. Аяз
ата орман ішін аралап келе жатып көріп қалады.
АЯЗ
АТА:- Ей қасқыр, әлі торуылдап
жүрсің бе? Жаңа жылда барлық әлемде жақсылық, достық орнауы тиіс.
Сондықтан, сен бұл қылығыңды қой. Жүр менімен, балалар күтіп отыр,
мерекеге барайық.
Қасқыр:
- Жарайды, Аяз ата сіздің
айтқаныңызды тыңдайын. Жолда келе жатып, ағаштың түбінде тығылып
отырған түлкіні көріп қалады.
АЯЗ АТА:
- Ей, қу түлкі енді кімді
алдасам деп отырсың ба? - Жүр бізбенен шырша тойына барайық,
балалармен көңіл көтерейік.
Түлкі:
- Айтқаныңыз болсын. Музыка
ойналып Аяз ата ертегі кейіпкерлерімен шырша жанына
келеді.
АЯЗ
АТА:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Ата! Балалар
сізді асыға күтіп отыр.
АЯЗ АТА:
- Балалар! Мен орман ішінде келе
жатқанда, Ақшақар қызымнан адасып қалдым. Сіздер көрген жоқсыздар
ма? - Кәне бәріміз қарша қызды дауыстап
шақырайық.
(Балалар дауыстайды Ақ-ша-
қар3)
Әсем әуен ойналып Ақшақар
кіреді.
АҚШАҚАР:
- Сәлеметсіздер ме балалар,
қонақтар! Сіздерге келе жатқанда орман ішін қызықтаймын деп, Аяз
атамнан адасып қалдым.
Рахмет балалар!Сендердің
дауыстарыңды естіп келдім.
Жүргізуші – Ақшақар, балалар сізді асыға
күткен еді. АТА, сіз шаршаған боларсыз, дем алыңыз. (Аяз ата
тағына отырады).
АҚШАҚАР:
- Мен бүгін сіздердің
өнерлеріңізді көргім келіп менің билегім келіп
тұр.
Жүргізуші:Дұрыс айтасыз біздің оқушылар
сіздерге арнап өнерлерін дайындап қойды
Жүргізуші:- балалар, жаңа жыл болса кеп
қалды, біздің қоштасатын жыл Барыс жылы. Балалар, Барыс қалай
дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
Барыс
жылы:Ырр.. Мен барыспын, барыспын,
Бәріне мен
таныспын, таныспын.
Айналама сыйлымын,
сыйлымын,
Сезімсізбен
алыстым,алыстым.
Күшіме мен
сенемін, сенемін,
Бәрін де де
женемін, женемін.
Сіздермен қоштасып
шіреніп бір күні мен келермін.
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымыз қош
саубол деп айтайық.
Бәрі. Қош, қош, Ескі
жыл!
Жүргізуші: Шыныменен, балалар,
біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп
тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге
ризамыз!
Жүргізуші:Салеметсің бе , қоянжан,қош
келдің !Жаңа жыл құтты болсын!Біздің балаларымыздың өзіне
дайындаған өнерлерін көріп тамашалап қайт.
АҚШАҚАР: Қош келдің Жаңа
жыл!
АЯЗАТА: Ал айналайын, Жаңа жыл, келген
қадамыңа нұр бітсін! Мынау менің ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым
саған аманат! Он екі ай бойы бағып қағу сенің мойныңда. Жақсы жыл
бол, Жаңа жыл!
Қоян
Жылы:
Құрметті мені көптен күткен
оқушыларым, ата аналарым, ұстаздарым! Бүгін сіздерге алыс жерден
келдім.2023 жыл сіздерге отбасыларыңызға амандық,дендеріңізге
саулық тілеймін.Он екі ай бойы сіздерді бағып қағу мен өз мойыныма
аламын. Тек жақылығы мол жыл боламын деп уәде
етемін.
Олай болса кезекті
оқушыларымзға береміз
(Кезекпен сыныптар өз
өнерлерін көрсетеді)
Өнерлерін көрсеткен
оқушыларға Аяз ата мен Ақша қар сыйлықтарын
береді.
АЯЗАТА: - Ой, мына балалардың барлығы
өнерлі екен! Менің де билегім келіп кетті
ғой.
Жүргізуші:Аяз ата, Ақшақар, балалармен
ойын ойнаңызшы! ( Аяз ата балалармен жаңа жылдық ойындар ойнап,
сыйлықтарын үлестіреді).
Ойын: Жаңа жылдық тілектер
сайысы .
Ойын
шарты: 5 баланы ортаға шақырамыз.
Олардың әрбіреуі кезекпен бір жаңажылдық тілек айтуы тиіс. Үлкен
сыйлыққа кенеледі.
Жүргізуші: Балалар Аяз Атамыз
бен Ақша қарымызды тағ ыбасқада балалар
күтіп
АЯЗ АТА: Ой,
бәрекелді, балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір
қуантып тастадыңдар. Көп - көп рахмет! Өркендерің өссін! Енді
Ақшақар екеуміз аттанайық! Баршаңызбен қоштасамыз, сау
болыңыздар!
АҚШАҚАР: Сау болыңыздар балалар, келесі
жаңа жылда кездескенше!
Барлығы: Сау
болыңыз Аяз ата! Сау болыңыз Ақшақар! (Әсем әуенмен, Аяз ата мен
Ақшақар қоштасып, шығып кетеді)
Әсем әуен: Жаңа
жыл
Жүргізуші: Міне, жаңа
2024да келді. Ал 2023 жылы
елімізге тыныштық болып, ырыс - құтымыз арылмасын!Жаңа жыл -
әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке,
қуаныш пен мереке алып келсін! Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі,
мерекелі жыл болсын! Келесі жаңа жылда кездескенше аман - сау
болайық! Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты
болсын!