«Жаңа жылдан күтер сыйым
жақсылық»
Шыршаны айнала маймыл көңілсіз
болып жүреді.
Тәрбиеші:Маймыл,сен неге
көңілсіз жүрсің?
Мешін: Мешінмін мен
деген
Тура 11 ай бұрын Жаңа жыл боп
кіріп ем,көңілсіз боп жүргенім менің жылым біткені,Тауық жылы
келгені.
Тәрбиеші: Ой, Мешін,сен неге
ренжисің?Сенің жылыңа бәріміз ризамыз,табысты жыл
болды.Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығын тойладық.Мектебімізде
оқушыларымыз жетістіктерге жеттіАуылымызда да бәрі жақсы.Егіндерін
уақтылы жинап,қарындары тоқ,қайғылары жоқ.Ендігі кезекті тауық
жылына берейік.Сен шаршаған боларсың,біздің сәбилермен бірге
көңіліңді көтеріп ал.
Мешін:Жарайды.
Залға тауық балапандарын ертіп
әуенмен билеп шығады.
Тауық:
Қыт-қыт,қыт.Алақай,алақай!Менің жылым жақындап
қалды.
Тәрбиеші:Амансың ба?Тауық
сенің не үшін көңілді екеніңді білеміз,бірақ мешінді ренжітпей
шығарып салайық.Сен достарыңды шақыр,мешіннің көңілін
көтерейік.
Тауық:Қыт-қыт,қыт.Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!Естімегендеріңіз
естіңіздер.Шырша тойы басталады,тойдан қалып
қоймаңыздар!Келіңіздер,көріңіздер!
Балалар көңілді әуенмен ортаға
шығады.
Тәрбиеші:Құттықтау
сөз
Құрметті ата-аналар,балалар
және қонақтар!Жаңа жыл бәрімізге мол бақыт,тек қана жақсылық алып
келсін!Осы кішкентай сәбилеріміздің сыңғырлаған күлкісі сіздерді
қуанта берсін!
Қош келдіңіз,бүгінгі
кешімізге
Жаңа табыс тілеймін
ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт
әкелсін
Мына отырған барша жан
бәрімізге!
Тәрбиеші:Балалар,қараңдаршы,мына ғажайып үйде кім тұрады
екен? Қане,мен мына қоңырауды қазір соғайын.Кім шығады
екен?(Қаршақыз шығады)
Қаршақыз:Сәлеметсіңдер
ме,балалар! Мен мына үйде атаммен тұрамын.Үйде от жақпаймыз,өйткені
мен де атам да оттан қорқамыз.Мені Қаршақыз дейді.Менің ақшақар
сіңілдерім ұшып келіңдер,би билеп өнер көрсетейік
балаларға.
Би:Ақшақар
Қаршақыз: Мерекеге мен
келдім.Әдемі де сиқырлы кітабымды ала келдім. Сендер көре
тұрыңдар!Мен қазір келемін.(Үйіне кіріп
кетеді)
Тәрбиеші:( Кітапты
ашады)
Көрініс
Өтірік Аяз Ата: Өңкей
жүгірмектер жиналып қалыпсыңдар!Біз де жеттік
ортаға.
Өтірік Ақшақар:Қандай
әдемісіңдер!Біздің киімдеріміз сондай әдемі
емес.
Тауық:Балалар,сендер оларға
сенесіңдер ме ?
Балалар:жооқ!
Өтірік Аяз Ата: Әй,
жүгермектер,неге сенбейсіңдер?Мен Аяз атамын ғой.Мынау менің немере
қызым Ақшақар.
Тауық :Сіздер Аяз ата,Ақшақар
болсаңыздар,дәлелдесеңіздер!
Өтірік Аяз ата
әні:
Мен Аяз атамын
,аязбын,
Сыйлықты мен ай
сатамын.
Аязбен сендерді
қатырып,
Мәз болып,өзім ай
қаламын.
Әкеліңдер ақшаларың
болса,
Мен сендерге сыйлық
сатамын.(Сыйлыққа кәмпит береді)
Қаршақыз:Өтірікші,мынау кәмпит
емес қой!Балалар,мына кісілер Аяз атамен Ақшақар
ма?
Балалар:Жооқ,сіздер Аяз ата,
Ақшақар емессіздер!
Қаршақыз:Балалар,егер
кітабымызды қайта жауып тастасақ ,олар шынға айналуы мүмкін.Қане
жауып, көрейік .(Кітапты жабады) Балалар , сонда біздің Аяз атамыз
бен Ақшақарымыз қайда?Қане бәріміз бірге Аяз атаны
шақырайық.
Балалар:Аяз ата
(3-рет
қайталайды)
Аяз ата,Ақшақар
кіреді.
Аяз ата:Армысыңдар ,
балалар!Бармысыңдар, халайық!Жету үшін сендерге көптеген алыс
жерлерден,таныс емес елдерден,мерекеге келдім
мен!
Киімдерің қандай
тамаша!Жарайсыңдар!Шыршаларың қандай көрікті!Тек қана шамын
жағайық!Қане ,барлығымыз сыйқырлы сөзімізді айтайық!Шырша ,шырша,
жарқыра!(3-рет)
Қаршақыз:Шыршаны айнала қоршап
Аяз атамызға ән орындап берейік.
Ән-Шырша
жыры.
Қаршақыз:Балалардың Жаңа жылға
дайындаған тақпақтары бар.Назар салып
тыңдаңыз!
Тақпақтар.
Аяз ата :Менің де кететін
уақытым болды.(Бүлдіршіндер қол ұстасып
жібермейді)
Балалар:Бізбен бірге
билеңіз!
Би-«Буги-буги»
Ойын:Кім көп қар
жинайды?
Ақшақар:Асықпаңыз Аяз ата,
есіңізге түсіріңізші!Сіз ештеңе ұмытқан жоқсыз
ба?
Аяз ата :Пай- пай!Аяз атамыз
қартайды.Мен балаларға ең басты сыйлығым-ды беруді ұмытып кетіппін
ғой.Сыйлықтан бұрын Ақшақармен бірге би билеп
беріңдер!
Ақшақармен бірге балалар би
билейді.
Қане Тауық, Мешін менің
балаларға әкелген базарлығымды ортаға
әкеліңдер!
Тауық пен Мешін сыйлықтарды
ортаға әкеледі.
Тәрбиеші:Бәрекелді!Рахмет,Аяз
ата!Ендеше біздің әнімізді қабыл алыңыз!
Ән – Жаңа
жыл
Аяз ата:Мінекей достарым
,кететін уақытта таяп қалды.Амандық болса, бір жылдан соң қайтып
ораламын.Қош сау болыңдар!
Ақшақар:Келесі жүздескенше сау
болыңдар!-деп ескі жылмен ортадан шығып
кетеді.
Тәрбиеші:Алдағы жыл тек игі
жақсылықтарымен –берекесімен,мол қуаныштарымен төрімізден орын
алсын!Осымен ертеңгілігіміз аяқталды.
Бекітемін
Мектеп директоры:
Б.У.Рыскелдина
«Жаңа жылдан күтер сыйым
жақсылық»
Тәрбиеші:Абзалбекова
А.А
Кемербаева
Т.О.
2017
ж.
2016
жыл