Жаңа жылдық бағдарлама сценарийі
Аяз Ата
Ақшақар
Мыстан
Күшік
Қоян
Шибөрі
Қарға
Жасыл шырша қойылып, музыка аппаратуралары орнатылған. Музыка фонында балалар өз орындарына тұрады. Фанфар беріліп, ортаға Ақшақар, Қоян, күшік шығады.
Ақшақар. Сәлем, балақайлар! Қандай сұлусыңдар!
Қоян. Сәлем, сәлем достарым! Қандай ғажап жүздерің! Жаңа жылдарыңмен! (ит шыршаға таң қалып айналып жүреді) Оу, досым, сен балалармен амандаспадың ғой?!
Күшік. Мәссаған! Қандай әсем шырша! Ой, балалар шыршаның әдемілігіне сүйсініп, тіпті сендерді көрмей қалыппын ғой. Жаң жылдарыңмен, кішкентай достарым!
Ақшақар. Балалар, біз үшеуміз серуенге шығып кеткен болатынбыз. Ақ қарды жамылған табиғатты тамашалаймыз деп ұзаққа кетіп қалыппыз.
Қоян. Ақшақар, шыныменде біз ұзап кетіппіз. Аяз ата бізге алысқа кетпеңдер адасып қаласыңдар деген.
Күшік Иә, енді не болар екен?
Ақшақар. Достар, біз енді қайтар жолды білмейміз, орман ішімен жүрсек адасып кетеміз. Одан да Аяз ата бізді іздеп келгенше, біз балалармен ойнай тұрайық!
Қоян. Алақай!
Күшік Тіпті керемет!
Ақшақар. Балалар ойнаймыз ба?
Қоян. Ақшақар, мен айтайыншы! Менің ойыма бір қызық ой келіп тұр.
Ақшақар. Айта ғой, қоян досым!
Қоян. .............................
Ойындар ойнайды.
Мыстан: (сығалап) Тұра тұр сілекейіңді шұбыртпай. Қоян мен күшікті білеміз. Ақшақар дегенің қандай аң, балалар? ............(аянышты үнмен) Көмектесіңдер, көмектесіңдер мендей кәрі бейбаққа қол үшын берер қайсысың бар?
Ақшақар: (Ақшақар жақындап келеді) Сіз, кімсіз?
Мыстан: Мен бе? Мен бір жүрген кәрі бейбақ. Осы орманның қожасы аяздың арқасында күн көріп жүрген жайым бар. Қуаты тасқан Аяз қардан қалап қыз жасап, сиқырдың күшімен әлгі қызға жан бітіріпті дегенді естіп, қуаныштан алып-ұшып келе жатқан бетім еді. Ойламаған жерден дауыл түрып жан сауғалап жатырмын. Қол үшын бер қарағым.
Ақшақар: Аяздың қызы Ақшақарға барамын дейсіз бе? Ендеше сол Ақшақар мен боламын. Кәдімгі Аяздың қызы Ақшақар.
Мыстан: Рас айтасың ба, шырағым. Келші, жақындашы бері, құшағыма қысып, мауқымды басайын. (Ақшақар жақын келіп қол үшын береді. Кемпір бас салып) Ха-ха-ха-а-а. Қолыма түстің бе, бәлем. Енді менің тырнағымнан тірі шықпассың. Екеуің қайда жүрсіңдер. Жақындаңдар бері. Бол, тез, тез. (жүгіріп шибөрі мен қарға шығады.) Апарыңдар мынаны. Менің жылы жұмсаққа ауыз салмай тұрып бой жазып қайтатын әдетім бар еді. Мен қазір келемін. Дұрыстап күзетіңдер. Осыдан айырылып қалсаңдар, екеуіңнің
сорпаңды ішемін. ¥қтыңдар ма? Мен біраз бой жазып серуендер келейін. Ха-ха-ха-а-а. (кемпір кетеді. Екеуі кемпірді шығарып салуға кетеді. Жүгіріп қоян мен күшік шығады)
Ақшақар: (екеуіне) Бізге үй маңынан ұзамаңдар деп еді. Қызықтап
жүріп алыстап кеттік-ау шамасы.
Қоян. Күшік досым, сен Аяз Атаға хабар бер, тездетіп жетсін. Біз Ақшақар екеуміз бір амалын қарастырармыз. (Ақшақарға) Сен мына екеуін алдасаң да, тордан шығуға тырыс. Ары қарай амалын тауып қашып құтылармыз. Әйтпесе бұлар ешкімді де аямайды. Ал, өздері келе жатыр, мен кеттім. Абайла.
Ақшақар: (Шибөрі мен қарғаға) Жаңағы дауылда қасымдағы кішкентай достарымнан ажырап қалып едім. Соларды іздеп келейін, аз уақытқа босатыңдаршы мені, достар.
Шибөрі: Ау-у-у-у. Немене, немене? Достар дейсің бе? Қателесесің Ақшақар. Біздің түсінігімізде «дос» деген үғым мүлде болған емес, болмайды да. Сондықтан бізді дос санап сенім артпай-ақ қой Ақшақар.
Ақшақар: Тым болмаса кішкентай достарымды соңғы рет көруге
мүмкіндік беріңдерші.
Қарға: Қар-қ, қар-қ. Сен соңғы рет достарыңды емес, біздің қызығымызды көрсең де жетіп жатыр.
Шибөрі. Әрине, солай, әрине. (Екеуі Ақшақарды айналып билейді)
Ақшақар: Тордың ішінде тұрып жалығып кеттім. Тым болмаса соңғы
қызығымды сендермен бірге бостаңдықта көргім келеді. Менің де сендермен бірге билеп, сендермен ойнағым келеді. Босатыңдаршы бір сәтке.
Шибөрі: Бізді алдап соғып, қашып кетпексің ғой. Жоқ, Ақшақар, біз сен ойлағандай ақымақ емеспіз. Сені ана жаққа бірден жібермей, жарық сәулеңді ұзартқанымызға разы бол.
Ақшақар: Маған бұл орманның ой шұқыры мүлдем таныс емес.
Қайдан келіп, қайда тұрғанымды өзім де білмеймін. Ешқайда қашып кете алмаймын. Сол үшін де соңғы қызығымды сіздермен бөліссем деймін. Қарға: Жарайды Ақшақар. Соңғы тілегіңді орындайық. Егер қашуға
ыңғайлансаң аяушылық жоқ. Сол жерде мерт боласың. (Ақшақарды тордан шығарады)
Шибөрі: Ал, қанекей бізбен қандай ойын ойнағың келеді. Ау-у-у-у-у. Ақшақар: Мынадай орманның ішінде жасырынбақ ойнасақ тамаша
болатын еді.
Қарға: Ендеше, сенің көзіңді байлап біз жасырынамыз. Келістік пе?
Ақшақар: Менің көзімді байлаған қызық емес. Көзімнің ашық кезінде
де дұрыс жүре алмаймын. Өйткені мен орманда жүріп үйренбегенмін.
Қарға: Қар-қ, қар-қ. Олай болса сенің көзіңді байлаймыз Шибөрі. Бұл
жер саған бес саусақтай белгілі. (Шибөрінің көзі байлап қаша бергенде) Шибөрі. А-у-у-у-у. Мен бұл ойынға келіспеймін. Егер мен Ақшақарды тауып алып сені іздеп жүргенде Ақшақар бір шетінен тайып тұрса қайтесің. Бұл қауіпті ойын. Ойнамаймыз.
Ақшақар: Қашып кетер деп күдіктенсеңдер, ендеше үшеуміз би билеп
көңіл көтерейік. Сонда үшеуміз де бір жерде, ешқандай қауіп болмайды.
Шибөрі: Бұған келісуге болады. Қанекей қарга Ақшақарды ортага алайық. (үшеуі билейді)
Ақшақар: Екеуің қандай әдемі билейсіңдер. Мен сендермен күнде
бірге жүрген сияқты үйренісіп қалдым. Шынымды айтсам Қарга маган сенің биің ұнайды. Сен қанатыңды жайып көкке қалықтап ұшқанда күллі құстар саған ілесе алмастай көрінеді маган.
Қарға: (мақтанып) Қар-р-қ, қар-р-қ. Әрине. Ақшақар рас айтасың. Мен қанатымды жайғанда күннің көзін көлегейлеп тұрамын.
Шибөрі: А-у-у. Сонда не жерде жүрген мен осал дейсіңдер ме?
Ақшакар: Жоқ, Шибөрі олай емес. Сенің аяқтарың қандай. Орманда саган жетер аң жоқ дегі ойлаймын. Сергек қимылдайсың. Жанарыңнан от шашып қараганың қандай әдемі.
Шибөрі: Дегенмен сырт көз сыншы, Қарға. Ақшақар біздің қандай екенімізді жазбай таньщы, әттең, сенің тагдырың ана кісі қолында, әйтпесе біздер саған талай қызық көрсетер едік.
Ақшақар: Маган осы қызықта жетеді. Дегенмен, екеуіңнің ішінде кім мықты деп ойлайсыңдар.
Шибөрі: Ау-у-у, әрине мен мықтымын.
Қарға: Қар-р-р-қ. Сен емес мықты менмін. Өйткені сен мен сияқты биікке ұша алмайсың.
Шибөрі: Ал, сен болсаң жер бетінде мен сияқты жүгіре алмайсың. Сондықтан мен мықтымын.
Қарға: ӘИ, Шибөрі, мен сені қуатты қанатыммен бір қақсам қаңбақтай
домалатып жіберемін білдің бе?
Шибөрі: Мен саған азулы тырнағымды бір батырсам, қаның соргалап қансырап өлерсің, бишара. Ау-у-у.
Ақшақар: Тоқтаңдар, таласпаңдар. Меніңше екеуіңде мықтысыңдар.
Шибөрі. Мен мықтымын.
Қарға: Жоқ, мен мықтымын.
Ақшақар: Екеуің мықты екендеріңді дәлелдеу үшін былай істейік.
Ано-оу жартасты көрдіңдер ме? Сол жартасқа кім бірінші барып келеді сөзсіз жеңімпаз атанады. Келістік пе? (еліріп тұрган екеуі келісе кетеді)
Ақшақар: Басың істемесе аяқ қолыңа тыным жоқ. Осылай бір-
біріңмен таласып, бір-біріңмен жүре беріңдер. Сендер келгенше біз де біраз жерге барып қалармыз. (жүгіріп қоян шығады)
Қоян. Жарайсың Ақшақар. Енді екеуі жартасқа барып келгенше біраз уақыт. Оған дейін біз де ұзап кетеміз. Жүр тездет. (Жүтіріп қаша бергенде мыстан кемпір шыгады)
Мыстан: Ха-ха-ха. Қашып құгылмақсыңдар гой. Жо-жоқ, менің тырнағыма ідінген жан еш уақытта тірі шыққан емес. Аз уақыттан кейін тап осы жерде сендердІң сықырлаган сүйектерің ғана жататын болады. Ха-ха-ха. (екеуін байлап қояды. Осы кезде тілдері салақтап шибөрі мен қарға шыгады) Шибөрі. Көрдің бе мен бірінші келдім. Келіспей көр енді мықты екеніме. Қарға: Көзіңді ашып қара, сен емес бірінші келген мына мен. (Шибөрі
айбат шегіп қаргага жақындайды. Қарға қанатын қомдап ол да жақындап келеді)
Мыстан: Сендер немене бір-бірлерінді жегелі тұрсыңдар. О, сумандаған сұмырайлар. Ашық аузы аңқаулар. Өздернді куырьш жейін бе? Сендерді алдап қашайын деп тұрғанда тиінімен қосьш ұстап қалдым Ақшакарды. Неменеге аңырайып тұрсыңдар. Әкеліндер қазанды, от жағындар астына. Шибөрі: Ақшақар піскенше қоянды тіске баса тұрсақ қайтеді.
Қарға: Шынымен-ақ, бұл жұдырықтай сорпа болып жарытпас.
Мыстан: Жалаңдамай жоғалыңдары ары. Мен келмегенде бұл екеуі жок еді бізге. Тапсырманы дұрыс орындамағандарың үшін, бүгінгі астан жұғын да қалдырмаймын еендерге.
Шибөрі: Біздің де ішегіміз шұрылдап тұр.
Қарға: Бір үзім ауыз тимесек үзіліп кетуіміз де мүмкін. (Осы кезде
сахнаға Аяз Ата мең Ит шығады)
Аяз Ата: А-а, сен бе едің Мыстан кемпір. Зұлымдықпен күн кешіп, жауыздықпен жан баққан сұм. Босат қане Ақшақар мен Қоянды. Жаныңдағы жалаңдаған жағымпаздарыңмен қосып жазаңды берейін сенің.
Мыстан: Ха-ха-ха. Кәрі сайтан Аяз. Жеттің бе сенде. Ажалыңа асыққан шығарсың. Сен менімен күш теңестіргің келген екен. Мен сені мүлдем құртып жіберейін жер бетінен. Кел бері мықты болсаң.
Аяз Ата: Кімнің көзін - кім құртар екен. Қане сал күшіңді, көрсет өнеріңді. Мыстан: Ха-ха-ха-ха. (айқайлап қатты дауыл тұрғызады, оған қарсы Аяз Ата жел соқтырып аязын үрлейді. Мыстан кемпір бірте-бірте бүк түсіп мұзға айналып, қатып қалады)
Аяз Ата: Зұлым қат енді мұз болып. Көктемгі күннің нұрымен су болып еріп жерге сің, бу болып ұш аспанға. Жер бетіне мэңгілік оралма. (Қалтырап отырған шибөрі мен қарғаға) Зұлымға қамқоршы болған екеуіңді де жазалаймын. Қарға сенің жүрген жерің күл-қоқыстың ортасы болсын. «Бір көзің боқта, бір көзің оқта болып, жан-жағыңа жалтақтаумен қорқынышта өткіз бар өміріңді. (қар-қ, қар-қ деп Қарға ұшып кетеді) Ал, Шибөрі сенің жемтігің өлексе болсын. Сенің де өмірің үрейлі өтсін. (қыңсылап шибөрі кетеді)
Аяз Ата: Оу, менің кішкентай достарым енді сендерге қорқатын ештеңе жоқ бұл маңда. Бұдан былай сендерді ешкім мазаламайтын болады. Уа, менің бақытты балаларым! Жаңа жылды бүкіл әлем өзінше қарсы алады. Біз де қуанышпен тойлап отырмыз. Осындай елде бақытты өмір сүріп отырған, өрендерім менің!
Аспанды бұлт шалмасын!
Көңілде мұң қалмасын!...
Кәне, ойнап- күліңдер!
Қоян. Массаған, Біз шыршаны жағуды ұмытып кетіппіз ғой. Аяз ата?...
Аяз ата. Асықпаңдар, қазір, қазір. Мен сиқырлы таяғымды үш рет сілтеймін, ал сендер, балақайлар менімен бірге қайталаңдар.
Шырша алқа тағынсын,
Алтыннан шапан жамылсын,
Жаңа жылмен жарқырап
Шам- шырақтар жағылсын!
Аяз ата. Бәрекелді, рақмет, балалар! Барлық жерде өздеріңдей өрендер шын бақытты қуанышқа бөленген. Кешіктім бе десем, дер кезінде жетіппін. Жаңа жыл тағы да құтты болсын, балалар!
Қоян. Аяз ата мен өзіммен бірге өткен жыл иесі Итті ертіп келген болатынмын. Ол да балаларға деген тілегін айтып құттықтасын!
Аяз ата. Әрине, Алдар! .... Келе ғой, жеті қазынаның бірі болған қарағым!
Күшік. (күрсініп) Шынымды айтсам, балалар сендерді қимай тұрмын. Сағынатын боламын. Менің жылым да табысты болды деп ойлаймын. Жақсы жаңалықтар да болды. Қаншама кішкентай бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттады. Сабақты жақсы оқыңдар! Жарай ма?
Балалар. Иә!
Қоян. (қимастықпен қарап) Туу, жылағым кеп кетті ғой... Бізде сені сағынатын боламыз!
Аяз ата. Балалар, енді алда келе жатқан жаңа жыл иесін шақырайық ортаға! Ақшақар. Достар, қане барлығымыз бірге Доңыз жылы қош келдің!
Балалар айтады. Доңыз жүгіріп шығады. Барлығымен сәлемдеседі.
Аяз ата. Қош келдің, жаңа жылдың иесі Доңыз қарағым! Ит досың алдағы жылды саған аманат етіп қалдырып барады...
Доңыз. Ата, мен уәде беремін. Жаңа 2019 жылды жақсы жаңалықтарға толтыруға! Солай емес пе балалар!
Балалар. Иә.
Аяз ата. Керемет! ... Ал, балалар, жаңа жылдық ән-тақпақтарыңды дайындап, сыйлықтар алуға асығып тұрған боларсыңдар. Ақшақар қызым, бастаймыз ба?
Ақшақар. Жарайды ата? Балалар дайынбыз ба?
Балалар. Иә.
Балалар тақпақтарын айтады. сыйлықтар беріледі.
Доңыз. Аяз ата балалардың сізге арнаған әндері де бар екен. Барлығымыз шыршаны айналып, ән айтсақ қайтеді.
Шыршаны айналып ән айтады.
Аяз ата. Ал, балалар мені де өздеріңдей өрендер күтіп тұр. Сондықтан рұхсат етсеңдер мен қайтайын!
Ақшақар. Балақайлар! Көңілдерің түспесін! Біз келесі жылы дәл осындай уақытта тағы да келетін боламыз! Ол кезде бұдан да көп сыйлық әкелеміз! Келістік қой, иә!
Балалар. Иә!
Аяз ата. Олай болса, қош болыңдар менің кішкентай достарым!
Ақшақар. Қош болыңдар тәп-тәтті балақайлар!
соңы.
7
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз