Материалдар / Жаңа жылдық ертеңгілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңа жылдық ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Сатыбалдиева Бибінұр Күбірбайқызы Кіші топ жаңа жылдық сценарий Балабақша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2024
127
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бекітемін:

«Күншуақ» жекеменшік

бөбекжай – бақшасының

әдіскері: Жақсылықова А.Ә.


 



Кіші топ «Алпамыс» тобының ұйымдастырылған мерекелік іс-шарасы.  



Тәрбиеші: Сатыбалдиева Б











  Таушық ауылы, 2023ж

Мақсаты: Балаларға  Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Балаларды жасыл шыршамен таныстырып,жаңа ән айтқызу. Балаларды жасыл шыршадан шеңберде айналтып жүргізу, еркін би билету. Қыс ерекшелігімен таныстырып, мерекені есте қалатындай етіп көңілді өткізу.

Зал әсем жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілген. Әуен ойналып, ортада Маша жүреді.

Жүргізуші:

Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қарандар!

Жаңа жылдық бұл тойын,

Салтанатқа санандар.

Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылын тағы да

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын

«Ақжелкен» кіші тобында!


Маша: Мына жер қандай әдемі, барлығы сәнді, жаңа жылдың иісі сезіліп тұр. Бұндай тамаша күнде неге барлығы тым-тырыс. Мен қатты қуанып тұрмын. Қәне менің достарым қайда, неге барлығы тығылып жатыр. Менің досым Аюда ұйықтап жатқан болар. Ендеше мен достарымды тауып, Аюдың үйіне жаңа жылды бірге қарсы алуға барайын.

Келді міне жаңа жыл.

Қуантумен біздерді

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймын сіздерді.

Армысыңдар достарым,

Бармысыздар балалар.

Жаңа жылда жұп жазбай

Бірге қарсы алайық.


(Балалар Машаның достары болып, (қасқыр, қоян, торай, кірпі т.б) персонаждарын киіп шығып, орындыққа отырады.)

Маша: Сәлем достарым,қалдарың қалай? Келіп жеткен жаңа жылдарың құтты болсын. Мен әдеттегідей жаңа жыл мейрамын қарсы алуға Аю досымның үйіне бара жатырмын. Аюдың үйіне бірге барайық. Жүріңдер!

Балалар: Иә!

Маша: Қәне кеттік ендеше, ой балалар мына шырша қандай әдемі, керемет болып тұр, бірақ жанбаған қәне бірге жағайықшы оның жануына бірге ән шырқайық.

Хор ән: «Шырша»

Маша: Достарым жарайсыңдар! Өте керемет орындайды екенсіңдер. Міне әсем шыршамыз жарқырып шамдарын жақты. Жүріңдер, достарым.

Ой, балалар мынау қандай жануардың ізі, қасқырма, әлде түлкі ме, жоқ әлде қоянның ізіме?

Балалар: Жоқ қоянның ізігой.

Маша: Солайма? Біздің ескі жылымыз әрі досымыз қоянның ізі екенгой!

(Қоян секіріп шығады)

Маша: Сәлем қоян, сен екенгой, қардың үстіне әдемі іздеріңді қалдырып кеткен. Ой, қоян біз Аюдың үйіне баруға жолда қар көп екен. Достарымызбен бірге қарды күреп, тастайықшы.

Қоян: Сәлем Маша, сәлем достарым. Мен сендерді іздеп жүрсем, әрең таптымгой. Ендеше, қане, сендермен бірге қар жинау ойынын ойнайықшы.

Ойын: «Қар жинау»

Қоян: Жарайсындар, балалар! Керемет ойнадыңдар. Ендеше 2023жыл болып, келіп, енді кеткелі жатырмын. Мен енді ескі жылмын. Менің кетуім керек, сендерге жаңа жыл Ұлу келеді. Сендермен өткізген осы жылым өте керемет өтті. Сау болыңдар!

Маша: Қоян саған көп-көп рахмет. Осы жыл мен үшінде, достарым үшінде жақсы жыл болды.

Оранды Ақ көрпеге,

Ақ таяқты таң ата.

Ақ қырауға малынған,

Сақалыда мұртыда. (Секіріп ортада айналып жүреді)

Достарым біз аюдың үйіне бару үшін Аязата мен Ақшақарды ертіп баруды ұмытып бара жатырмыз. Аяз ата да сендерге сыйлығын алып келе жатқан болар. Өздері қай маңда жүр екен. Қане бірге шақырайық.

Балалар: Аязата-а-а, Ақшақа-а-а-р.

Маша: Сәлеметсіздерме, Аязата, Ақшақар. Біз сіздерді көп күттік. Достарым да сіздерді сағынып қалды.



Аязата:

Сәлеметсізбе, балаларым,

Балаларым балғыным.

Өмір гүлім шалғыным.

Тілейтінім жыл бойы,

Сендердің денсаулығын.

Ой, айналайындар! Амансындарма, ұлдарым есенсіңдерме қыздарым. Жаңа жыл құтты болсын! Сендер қандай әдемісіңдер, қандай көңілдісіңдер! Шыршаларың қандай жарқырап тұр!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жыл құтты болсын. Жаңа жыл қуаныш, бақыт алып келсін. Балалар көңіл-күйлерің қалай?

Маша: Рахмет Аязата, Ақшақар. Менің де, достарымның да көңіл-күйі керемет! Себебі, бүгін мерекегой. Жаңа жыл мерекесін аюдың үйінде тойлайындеп жатырмыз. Аязата менің достарым сізге өнерлерін көрсетуге дайын. Ендеше, сіздерге арналған тақпақтарымыз бар.

Мадина Сафия

Жаңа жыл, Жаңа жыл, Жаңа жылым мол болсын,

Жаңа жылда жаңа жыр. Басқан қадам оң болсын.

Жасыл шырша жанында,

Биле барлық бала жүр.

Нұржан Фатима

Тамаша Тамаша Аяз ата келіп тұр

Шыршамыз тұр жараса. Бізге сәлем беріп тұр.


Аязата: Жарайсыңдар қандай өнерлісіңдер!

Маша: Қане кеттік ендеше, (ойланып) ой достарым, өзімізбен бірге аюдың үйіне біз біреуді ұмытып бара жатырмыз. Кім деп ойлайсыңдар табайықшы!

Балалар: Келіп жатқан жаңа жылымызды!

Маша: Иә, достарым 2024 келер жылымыздың қандай жыл екенін білейік. Қане, бірге жаңа жылымызды шақырып, оныда ерте кетейік.

Балалар: Жаңа жы-ы-ы-л! (дауыстап)

(Ұлу келеді)

Маша: Біздің келген жылымыз ұлу жылы екен. Ұлу қош келдің, біз сеннен үлкен үміт күтеміз. Келген жылымызды қуаныш, бақыт әкелгейсің!

(Желдің гуілдеген дауысы шығады. Маша жерге тоңып, отырып қалады.)

Балалар: Саған не болды.

Маша: Ой, достарым мен тоңып қалдым. Бой жылытып бір билеп алайықшы.

Би: Флешмоб.

Маша: Жарайсыңдар, достарым. Өте керемет биледіңдер. Рахмет сендерге.

Міне, аюдың үйіне келдік. Аю қайдасың. Қәне, есік аш біз саған жаңа жыл тойлауға келдік. Аю әлі ұйықтап жатырсыңба?

(Есікті ашып, кіріп келе жатқанда шыршасын құлатып алады.)

Маша: Ой , кешірші.

Аю: Маша сен нестедің, менің құрып қойған шыршамды құлаттыңғой! (Ашуланып)

Маша: Кешірші, Аю біз сенімен жаңа жыл тойлауға келіп едік. Достарым, аюдың шыршасын қайтадан құрып, ойыншықтарын іліп, ән айтып берейікші.

Хор ән: Жаңа жыл

Аяз ата: Оййй, ұмытшақ басым-айй! Менің сендерге әкелген сыйлығымды берейін! Қалай ғана ұмытып барамын? (Сыйлықтарын таратады)

Аяз ата: Маша сенің достарың әсем ән шырқап, би билеп бізді бір қуантып тастадыңдар, көп - көп рахмет. Енді біз Ақшақар қызымыз екеуміз қайтайық. Бізді басқа да балалар күтіп отыр, сау болыңдар!



Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар 2024 жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды, көріп тамашалағандарңызға рахмет! Жаңа жыл құтты болсын.

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!