Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы.
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Қайырлы күн балалар,қонақтар
Бүгін біздің балабақшамызда Ең жарқын, ең қуанышты, Балалар асыға күтетін мереке — Жаңа жыл мерекесі!
Жаңа жыл — Ертегі тірілетін, Армандар орындалатын, Балалардың күлкісі Әлемге шаттық сыйлайтын күн.
Бүгінгі кешімізде
Сіздер гномдар кейпіндегі балаларымыздың өнерін тамашалайсыздар. Ал, ендеше, Ертегімізді бастайық!
Залға асығып Қар ханшайымы мен Жылан келеді.
Қар ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме,сүйкімді гномдар!
Жылан ,жан досым!Мен сені қалайда тағы бір жылға қалдыратын боламын.Сен кетемін деп қаймықпа.Мен Жаңа жылды келтірмеу үшін бар қара сиқырымды қолданамын! Мені ешкім тоқтата алмайды. Ха Ха Ха!
Жайлы музыка қосылады.Қарша қыз шығады.
Қарша қыз: Сәлеметсіздер ме?! Мен өзімнің Жаңа жылды тойлауға кеткен кішкентай гномдарымды іздеп келдім.Мен де Жаңа жылды көргім келеді.Өйткені Ханзадам маған Жаңа жылда келемін деп уәде еткен болатын.
Қар ханшайымы:Сәлем , Қарша қыз.Кел сенде бізбен бірге жаңа жылды бірге тойла.Мен саған өзімнің керемет тәтті жемістерімнен дәм татқызамын.
Жүргізуші:Сәлеметсің бе, Қарша қыз!Мерекені көңілді өткізуге менің балаларым ұзақ дайындалды.Бізде ән де ,би де, ойын да бәрі бар.Ең алдымен жаттаған өлең жолдарын тыңдаңыздар!
Тақпақ.Маусым,Кәусар,Алинур,Сұлтанай,Мадияр
Қарша қыз: Жарайсыңдар балалар. Қар патшайымы , қарашы біздің балалар кішкентай болса да жүректері кең екен.
Қар патшайымы: Иә, маған да ұнап тұр.Осы әдемі қыздардың мерекеге арнаған өнері бар ма?
Жүргізуші: Жаңа жыл әсемдік пен нәзіктіктің мерекесі,осы мерекеге орай қыздарымыздың әсем биін қабыл алыңыздар.
Қыздар биі.
Осы сәтте Қар ханшайымы бір алманы алып сиқырлайды.Сиқырланған алманы Қарша қызға ұсынады.
Қарша қыз:Қар ханшайымы сені бәрі қатал ,зұлым дейтін еді.Бірақ маған мүлдем олай көрінбейді.Маған қамқорлық көрсетіп жүрсің.Көп рақмет!
Мына алманың түсі өте ерекше екен.Дәмі де тәтті болатынына сенімдімін.
Қарша қыз алманы тістейді.Бір жағына қисая кетеді.Сол жатқанынан ұйқыға кетеді.
Қар патшайымы:Ха ха менің сиқырым өте мықты ! Қарша қыз алманы тістеген бойда қалың ұйқыға кетті.Енді ешкім оята алмайды,ешбір сиқыр көмектесе алмайды!
Аяз ата мен Ақша қар кіреді.
Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, менің ақ көңіл балаларым.Қандай әсем мереке,қандай шат күлкі еді.Бірақ неге жүректерің алаңдап тұр?
Ойпырмай,бұл не болғаны?
Қарша қызым неге қалың ұйқыға кетіп қалған?
Қар патшайымы:Ой Аяз ата сәлеметсің бе?Қарша қызыңыз бізбен мерекені тойлап шаршадым деп ұйқыға кетті.
Ақша қар : Сәлеметсіңдер ме ? Менің ақ көңіл балаларым.Мен сендерді қатты сағынып келдім.Жаңа жылды бірге қарсы алу қандай керемет.
Бірақ ең алдымен мына көңілсіз тұрған шыршаны жандандыруым керек.
Шырша шамы жанады.
Жүргізуші:Балалар,Қарша қызды оятып алмай,одан әрі ұйқысын тәттірек ету үшін әсем әнімізді шырқайық.
Ән «Жаңа жыл»
Аяз ата: Ой , балалар! Өте өнерлі екенсіңдер!Көңілімді бір сергіттіңдер,жарайсыңдар! Мына Қарша қыз әлі тұрмады ма?
Қар патшайымы : Мүмкін біз шуласақ оянып кетер? Ол үшін бәріміз бірге қызықты ойын ойнайық.
Ойын «Хоккей»
Қар патшайымы: Балалар өте жылдам ширақ балалар екенсіңдер.
Жүргізуші: Менің балаларым тек өнерлі ғана емес, әрі ақылды.Аяз атамен Ақшақарға арнаған өлең шумақтарын арнайды.
Тақпақ.Рустам,Алияр,Ясмина,Марьям,Айым
Аяз ата: Оу , Қар патшайымы.Қарша қызым ақыры тұрмады ғой.
Қар патшайымы: Ой ,Аяз ата! Ол ханзаданы күтетінін,сол келгесін ғана тұратынын айтты.
Жүргізуші:Ой ,балалар! Қарша қызды ұйқыдан оята алмағасын Аяз атамыздың көңілі болмай тұрғой. Қанекей Аяз атамен жақсы би билеп жіберейік.
Ұлдар биі.
Жүргізуші:Балалар, қандай керемет болып жатыр.Ендеше бәріміз көңілді ойын ойнайық.
Ойын.
Аяз ата:Жарайсыңдар балалар.Қандай зейінді,қандай жылдамсыңдар.
Қар патшайымы Жыланға барып:
Жылан мына Аяз атадан қалайда құтылу керекпіз.Мен қазір тағы қара сиқырымды пайдаланып,Аяз атаны да ұйқыға жіберемін.
Осы уақытта Ақшақар жерден алманың қалдығын тауып алады да Аяз атаға
Аяз ата!
Мына Қар патшайымы бізді алдап соқты.Бұл сені де сиқырламақшы.
Аяз ата:Қар патшайымы!Бізді алдағаның үшін сені қазір таяғыммен қатырып ,мұзға айналдырамын!
Бірақ алдымен Қарша қызымның сиқырын таяғыммен қайтарып көрейін.
Аяз ата бірнеше мәрте таяғын сермеп көргенімен ,Қарша қызды оята алмайды.
Қар патшайымы: Ой , Аяз ата! Мен кешірім сұраймын.Өз қателігімді мойындап,Қарша қызды ұйқысынан оятамын.Менің қара сиқырымды қайтаруға ,сиқырлы сусын алып келейін.
Аяз ата:Жарайды ,басқа амалым да жоқ.Тез орал!
Қар патшайымы Жыланға келіп:
Жылан ,сен мені күт.Мен қазір Аяз атаны алдап, келе жатырған жаңа жылға тосқауыл боламын.
Қар патшайымы залдан шығып кетеді.
Аяз ата:Мына Қар ханшайымы сағатты да сиқырлап ,тоқтатып тастаған ба?
Қанекей таяғыммен уақытты жүргізіп көрейін.
Сағат жүреді. Қоңырау соғылады.
Жылқы жылы мен Ханзада келеді.
Жүргізуші:Қош келдің Жаңа жыл.Бізге тек жақсылықпен ,молшылықпен келгейсің.Ескі жыл сен мұңайма.Бізбен бір жыл бойы бірге болғаның үшін рақмет!
Жылан жылы шығады.
Ханзада:Менің ханшайымыма не болған?
Ақшақар:Сенің ханшайымыңды Қар патшайымы сиқырлап тастады.Аяз ата қанша тырысып көргенімен бірақ қолымыздан келмеді.
Осы кезде Ханзада:
Менің ханшайымым , сені құтқара алмағаным үшін кешір!
Ханзада қолынан сүйеді.Осы сәтте Ханшайым оянады.Ханшайым бәрімен құшақтасады.
Аяқ астынан Қар патшайымы келіп,жыланды іздейді.
Аяз ата:Біз жаңа жылды қарсы алдық.Сен жаңа жылдық кешті бұзамын деп ,барлық қызықтан құр қалдың.
Қар патшайымы:Аяз ата,Ақшақар,балалар.Маған ренжімеңдер.Мен жеңілдім.Сендердің мейірімдерің мен бірліктерің кез келген сиқырдан күшті екен.
Ақшақар:Жарайсыңдар.Өте дұрыс шешім болды.Жақсылық қашанда жамандықты жеңетінін көрдіңдер.
Енді балалар ,сендердің балабақшаларыңда ата анамен бірігіп жасаған «Қыс қызығы» атты көрме өтті.Қатысқан балаларды марапаттағым келіп тұр.
Марапаттау.
Жүргізуші:Аяз ата , біздің балаларға сыйлықты ұмытып кетпедіңіз бе?
Аяз ата:Ой,ой,ой ! Мен ұмытшақ болып кетіппін.Қазір сендерге сиқырлы қазаныммен керемет сыйлықтар жасап беремін.
Сыйлықты дайындау үшін сиқырлы сұйықтығымды құямын.Одан әрі сиқырлы ұнтағым мен қар ұлпасын салайын.Енді осының бәрін сиқырлы таяғыммен араластырайын.Міне, дайын болды.
Сыйлықты қазаннан алып апайына табыстайды.
Сыйлық.
Жүргізуші:Осымен біздің жаңа жылдық мерекеміз өз мәресіне жетті.Балалардың өнерін,қуанышын,бір біріне деген достығын көріп , жүрегіміз жылуға толды.Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын.Ендеше мерекемізді әсем әнмен аяқтасақ.
Ән . Новогодняя считалочка
Хоровод. Кейіпкерлермен бірге
Шығу.Хоровод бітіп залдан барлығы шығып кетеді.
1.Балалар кіреді
2.Жүргізуші
3.Қар ханшайыммен жылан кіреді
4.Қаршақыз келеді
5.Тақпақ
6.Қыздар би
7.Аязата мен Ақшақар кіреді
8.Шырша шамы жанады
9.Ән. Жаңа жыл
10.Ойын хоккей
11.Тақпақ
12.Ұлдар би
13.Ойын
14.Қар патшайымы залдан щшығып кетеді
15.Сағат соғылады
16.Жылқы мен Ханзада келеді
17.Жылан залдан шыгып кетеді
18.Қар патшайымы кайтып келеді
19.Марапаттау
20.Сыйлық дайындап,беру
21.Қорытынды
22.Орысша ән хоровод,залдан шығу

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңа жылға ертеңгілік мектепалды тобы

шағым қалдыра аласыз