Жаңа жылға сценарий

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа жылға сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шаралар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа жылға сценарий

05.12.2014

Жаңа жылға сценарий

Жаңа жыл мерекесі
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер. 
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқ
а тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! 
/Ортаға шығыс биі мен “Айналайын” тобы/
1-жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, академик Русаков атындағы №2 шипажай мектеп-интернатының директоры Замзагүл Нарымбекқызына береміз.
2- жүргізуші:
- Келесі құттықтау сөз бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы қалалық білім бөлімінің бас маманы Раиса Болатқызына беріледі.
1-жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Сиыр жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
/”Жаңа жыл” әні орындайтын Шоланов Р./
2- жүргізуші:
-Құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.
1-жүргізуші:
* Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
* Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
* Аяз ата келеді Ақшақармен,
* Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
/осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді./
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!
2-жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Аяз ата:
Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым? 
1-жүргізуші:
- Балығы талдау тулаған, Бақасы қойдай шулаған, мыстың алыбы қарт Балқашқа келдіңіз.
Аяз ата:
- Бәрекелді, балам! Балқаш әнмен жырдың мекені деп естуші едім. Өнерге жақын өрендерің мұнда да бар шығар?
2-жүргізуші:
- Әрине, ата! Шығыстың шырайын кіргізер мыңбұралған бишілеріміз дайын тұр. Сіз рұқсат берсеңіз болды.
Аяз ата:
-Рұқсат шырақтарым, рұқсат.
/шығыс биі/
1-жүргізуші:
-Құрметті халайық, Құрметті Аяз ата Ақша қар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір –түпкірінен өнердің өрінде жүрген не бір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыздар?
2-жүргізуші:
Олай болса, ортаға еліміздің ордалы оңтүстік өңірінен келген өнерпаздарды шақырамыз. /ортаға 8а сыныбының КВН командасы шақырылады./
1-жүргізуші:
- Сіздердің алдарыңызда еліміздің астықты солтүстік өңірінен келген өнер саңлақтары. Қарсы алыңыздар! /8ә сыныбы КВН/
Би: “Шарара” 10а қыздары
2-жүргізуші:
-Қадірлі көрермендер! Алдарыңызда еліміздің байлыққа толы Батысынан келген қонақтарымызды шақырамыз. /9а сыныбы/
1-жүргізуші:
- Құрметті халайық ортаға Еліміздің шырайлы Шығысынан келген шынайы өнер тарландарын шақырамыз. /9ә сыныбы/
1-жүргізуші:
- Құрметті көрермен қауым! Еліміздің Шығысы мен шекаралас жатқан кәдімгі Корей елінен де елшілер келген көрнеді. Олай болса, ортаға корей халқының тыныс-тіршілігін бейнелейтін бишілерін шақырсақ. /”Айналайын” бишілер тобы. Корей биі./
2-жүргізуші:
- Ал, ардақты ағайын! Ендігі кезекті еліміздің Орталық кіндігі – Арқалы Арқа жерінен келген арландарымызға берсек. /10а сыныбы/
1-жүргізуші:
-Қадірлі халқым! Еліміз еңсесін көтергелі біраз жылдар өтіпті. Жыл өткен сайын жаңарған жерлерді көреміз. Соның бір дәлелі: Өткен тышқан жылы 10-ға толған жас Астанамыздың гүлдей жайнап өсуі. Олай болса, осы кезекте ортаға Еліміздің Ордасы – Ару қала Астанадан келген өнер өкілдерін шақырамыз. /ортаға мектеп түлектері 11 сынып КВН /
соңынан “Замана” тобы бір ән жолдайды. /
2-жүргізуші:
- Ардақты ағайын! Бүгінгі біздің жаңа жыл мерекемізге арнайы ат басын тіреп, құрметті қонақ болып, өнерін шашу еткелі келіп отырған бұрынғы түлегіміз, бүгінгі мақтанышымыз, керемет күйші, мықты музыкант, табиғи талант иесі Қымбат Мұхаметқалиеваны ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата , Ақша қар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған әр жерден келген өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін шеберлер де бар көрінеді. Олай болса, осы азаматтардың арасынан бір-бір өнерпаз шығып, бидің құдіретін танытса дейміз.
/ортаға әр сыныптан бір биші шығып, “Лезгинка” және “Жорға” билерін билеп береді./
1-жүргізуші:
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар, “Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын” демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер “Тышқан” жылы келе жатқан көрнеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көртеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Аяз ата:
- Бәрекелді қарақтарым! Келсін, тышқан келсін...
/тышқан жылы шығады./
Тышқан жылы: Ассалаумагалейкум, ағайын! Армысыздар, Аяз ата Ақша қар!.
Аяз ата:
Иә, Тышқан қайда тарттың? 
Тышқан жылы:
- Тарих қайнауына. Осы жерде бұзау бауырыма жолығып кетейін деп келдім. /осы кезде мөңіреп сиыр жылы келеді./
Жаңа жыл:
- Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Ассалаумагалейкум, тышқан аға! Армысың, Ақша қар.
Аяз ата:
- Бар бол балам.
Тышқан жылы:
Уагалейкумассалам, сен бала бұзаумысың? 
Жаңа жыл:
- Дәл өзімін.
Тышқан жылы:
- Айналайын келші, танауыңнан бір иіскейін. Ал, бұзаужан! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін.
Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, қарағым.
Жаңа жыл:
- Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Тышқан жылы:
- Ал, мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!
1-жүргізуші:
Қош, өткен жыл! 
Қош келдің Жаңа жыл.
2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
1-жүргізуші:
-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:
Болар, болар... 
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!
Барлығы бірге:
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл әні орындалады.
Кеш соңы бимен ұласады.

Төрлет, құтты Жаңа жыл!

 

  • 2 наурыз 2012

 

  • 83661

 

  • 0

  • 0
















Тақырыбы: Төрле, төрле, жаңа жыл!

Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Барысы:

Жүргізуші ортаға шығады.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, оқушылар, ұлағатты ұстаздар!

Жүргізуші:

Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар жаңа жылдық кешті бастауға рұқсат етіңіздер!

Жаңа жылдық құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Сағымбеков Кемелбай ағайға, ата-ана Әлдибеков Тілепберген атаға, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мұханова Бақыткүл апайға береміз.


Жүргізуші: Қане балалар, әсем әнмен қуанып шырша әнін айтайық! Қуанып қарсы алайық! Аяз ата! Ақшақар! Аяз ата! Ақшақар!

Жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).

Жүргізуші: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!

Аяз ата:

Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға, бүлдіршін балаларға бір салем.
Ақшақар: Қарашы Ата балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық
Жаңа жыл мерекесін ашайық
1, 2, 3
Жанбайды. Не болған сиқырлы таяғым тоңып қалған болар. Тағы бір көрейік 1, 2, 3,- 1, 2, 3.

Жүргізуші: Аяз ата, ақшақар ескі жылы ит жылы келе жатыр. Қошеметпен қарсы алайық!

Ит жылы: Армысыздар балалар! Армысыздар қонақтар!

Доңыз жылы: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Ит жылы: Мен құрметпен жаңа жылды алып келдім. Жаңа жыл менің сізге 4 өтінішім бар.

Доңыз жылы: Айта ғой.

Ит жылы: Менің бірінші өтінішім, әсем ән естігім келіп тұр. Екінші өтінішім, ертегілер еліне саяхат жасағым келеді. Үшінші өтінішім, танымал әншілерді көргім келеді. Төртінші өтінішім, әдемі билер көргім келеді.

Доңыз жылы: Сіздің барлық тілегіңізді қабыл етеміз. Бүгінгі мерекеміздің қадірлі қонағы болыңыз. Ендеше, әсем әнімізді қабыл алыңыздар!

Ән: Дүйсембай Аяжан «Жаңа жыл»

Би: 4 сынып флешмоб

Ертегілер еліне саяхат. «Шалқан ертегісі»( мұғалімдер қойылым көрсетеді)

Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Ескі жылы ит жылының бір өтініші танымал әншілерді көру еді. Ендеше, танымал әншілерді ортаға шақырамыз

Пародия

    1. Айша мен бүркіт

    2. Заттыбек Көпбосынұлы

    3. Ұлытау тобы

Жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

Аязата, Ақшақар кішкентай шәкірттеріміздің жаңа жылдық жырларын қабыл алыңыздар)!

Даярлық тобының әні, биі биленеді.

Жүргізуші: Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Келесі кезекті тамаша бір биге берейік.

1 сыныптың испан биін қарсы алайық!
1 сыныптың тақпақтары, әндері, билері биленеді.



Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір,
Кел, жаңа жыл біздерге,
Кел, жаңа жыл, жаңа жыл!
2 сыныптың биі биленеді, әні айтылады, тақпақтары айтылады.

Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Доңыз жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Ән: Жеңіс Каусар ”Жаңа жыл”


Жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін.

3 сыныптың тақпақтары, билері, әндері айтылады.

Жүргізуші: Мың бұралған ақ қайыңдай
Қыздар шықсын ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық
Қошеметпен қолқала.

Үнді биі:___4 сынып

Тақпақтарын, әндерін айтады.

Жүргізуші: Құрметтісің қымбат қонақ жыл тойы
Саған деген сый – сияпат басқаша
Сені күтіп ән саламыз түн бойы
Би билейміз шырқалған ән тоқтаса.

Ән: Жанболат Айару «Тұлпарым»

Жүргізуші: Жаңа жыл мен ескі жылды қошеметпен ортаға шақырайық!

Ит жылы:

Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.

Доңыз жылы:

Жақсылыққа бағыттаған
Доңызбын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.

Ит жылының мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.

Арым – ұят, жаным – халық,
Қызметім де соларға,
Сеніңдер маған барлығың
Қияға ұшып қонарда.

Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.

Жүргізуші:Ескі жылды қошеметпен шығарып салайық!
Біздің елде өткен жылы,
Қоян жылы тыныштық.
Ал ұмтылдық, біз есейдік.
Жақсылыққа тырыстық.
Ескі Жылым – Қоян жылы,
Қош, аман бол көргенше..
Қайта айналып келгенше!

Аяз ата, Ақшақар, сіздерді келесі жылға дейін көргенше сағынамыз. Сіздермен би билесек. Және бізге батаңызды берсеңіз!

Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жаманд
ық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!
Барлығы бірге:
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл әні орындалады.
Кеш соңы бимен ұласады.

































































Төрлет, Құтты Жаңа жыл!

Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жа
ңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Барысы:
Екі жүргізуші ортаға шығады.
Шынар: Армысыздар ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
Ильмира: Бармысыздар замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!

Шынар: Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Ильмира: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Шынар: Ильмира байқаймысың, бұл кеште біздің қонақтарымыз көрінбейді ғой.Олар қайда жүр екен?
2 – жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар. Қане ашып көрелік. Әлішер, қане сен ашып көр. Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып тұрмын.
1 - жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1..2..3 дегенде екі қаптың аузын бірге ашайық.
2 – жүргізуші Жарайды ,мен келістім.
Ендеше бастасақ, бастайық.
(қаптың аузын ашқанда клоундар атып шығады)

Клоун1: Сәлем саған, туған ел!
Клоун2: Сәлем, сәлем достар!
Ой, ой,ой біздің сыныптас достарымыз көрінбейді ғой. Көп соза бермейік. Достарымызда ертіп келейік қане?!
Клоун1: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Ертсек, ертіп келейік.
(клоундар шығып кетеді, сыныптағылар келеді)
Музыка ойнайды (оқушылар шыршаны айналып «Жаңа жыл» әнін орындайды).

1 - жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.

2 – жүргізуші Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

Ән:_____________________________

1 - жүргізуші: Армысың, аманбысың, Жаңа жырым,
Жаңа жылым! О менің Жаңға жылым!
Қой жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын – дей келе жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек ,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, мектеп директоры ______________ағайға береміз.

Рахмет ағай, сіздің құрметіңізге әсем ән жолдаймыз.
Ән:______________________________

2 – жүргізуші Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз,

1-жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).

2 – жүргізуші: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!

1 – жүргізуші: Құрметті Аяз ата, Ақшақар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір – түпкірінен өнердің өрінде жүрген небір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыз?

2 – жүргізуші: Олай болса, сыныбымыздың жігіттерінен құралған «Жастар» КВН командасын шақырамыз.
(Рахмет жігіттер өнерлерің өрге жүзсін.)

1 – жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

2 - жүргізуші: Жаңа жыл – бұл жаңа нұр
Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
Ал достар, бізге деген реніші жоқ шығар. Құрметпен Қоян жылын шығарып салайық.
(осы кезде қоян келеді.)

1-оқушы: Біздің елде өткен жылы,
Қоян жылы тыныштық.
Ал ұмтылдық, біз есейдік.
Жақсылыққа тырыстық.
Ескі Жылым – Қоян жылы,
Қош, аман бол көргенше.

Сен сыйладың бақытты күн.
Қайта айналып келгенше,
Талап, талант дарынды,
Өрлеттің туды аспанда,
Бойыңнан бердің барыңды.
Айналар бір күн дастанға.

Қоян жылы: Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.


1 – жүргізуші: Құрметпен ортаға Жаңа жылды шақырамыз.
Ортаға Жаңа Ұлу жылы келеді.

Ұлу жылы: Жақсылыққа бағыттаған
Ұлумын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.

Қоян жылының мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.

Арым – ұят, жаным – халық,
Қызметім де соларға,
Сеніңдер маған барлығың
Қияға ұшып қонарда.

Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.


2 – жүргізуші: Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Келесі кезекті тамаша бір биге берейік.
Шығыс биі (Жадыра мен Гүлбақыт)

1 – жүргізуші: Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін.

Ән: «Аппақ гүлдер» Оспан Элеонора, Шынберген Нұрай

2- жүргізуші: Мың бұралған ақ қайыңдай
Қыздар шықсын ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық
Қошеметпен қлоқала.

Испан биі:______________

1 – жүргізуші: Келесі кезекті тағы да бір тамаша биге берейік.
Спорттық би: Элеонора, Нұрай, Ирина, Гүлбақыт

Рахмет қыздар.
Ойын ойнатылады.
Клоун: Ойынның шарты ортаға адам келсін.1-ші партадағы стакандағы суды келесі партадағы стаканға қасықпен тасу керек. Қане шарты түсінікті болса ойынымызды бастайық.
Кімнің жылдам екенін көрелік, достар ия.
Барлығымыз қошеметтеп отырайық.

2 – жүргізуші: Жаңа жылдық құттықтау сөз кезегін ең алғаш 42 әріпті талмай үйреткен аяулы да, ардақты алғашқы ұстазымыз Зибагүл апайдың жылы лебізін тыңдасақ.Олай болса ортаға қошеметпен апайымызды шақырамыз.
(рахмет апай).
Орындалар әсем ән мен сәнді биіміз сіздің құрметіңізге және ата –аналардың құрметіне арналады.
Ән: Әлішердің орындауында: «______________________»
Би: Айдана (өзбек биі)

1 – жүргізуші:Ал, Аяз ата, Ақшақар! Бағанадан бері алдарыңызда әдемі әзіл мен әдемілік сыйлаған өнерпаздардың арасында табаны жерге тимей, шыр айнала билейтін биші қызымыз бар көрінеді. Сол қызымызды ортаға шақырсақ па деп тұрмыз.Қалай қарайсыз?

Үнді биімен орталарыңызда Оспан Элеонора
(рахмет, не деген би десейші!)
Ал, Аяз ата, Ақшақар! Асығып тұрған секілді сіздер.Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.

2 – жүргізуші: - Ия, Аяз мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
(Аяз ата бата береді)

Хор: «Жаңа жыл»

1 – жүргізуші: Құрметтісің қымбат қонақ жыл тойы
Саған деген сый – сияпат басқаша
Сені күтіп ән саламыз түн бойы
Би билейміз шырқалған ән тоқтас.

Ән: Айдана «Катюша»

Ән: Рамазан мен Әбдімұрат «.....»

2 – жүргізуші: Езуіңнен кетпесін сыңғыр күлкің,
Аспаның ашық болсын ала бұлтың.
Мұржаң қисық болса да, ағайындар
Түтініңнен түзу шықсын, жалпақ жұртым.

1 – жүргізуші: Келеді жылдар, келеді айлар ауысып,
Қоян жылы мен ұлу жылын да тауысып.
Береке, бірлік бейбітшіліктің төрінде
Тұрайық әр кез татулықпенен қауышып.

2 – жүргізуші: Бітуге қалды таяп – ай,
Не қыласың аяп – ай.
Қане, халқым, қол соқшы,
Жаңа жылда аямай!

1 – жүргізуші: Қой жылы – той жылы
Мешін жылы – вечер жылы,
Жаңа жыл - жаңа нұр жаудырып,
Ұлу жылы – сауық жылы болсын, ағайын!

Хор: Қош келдің Жаңа жыл!




















































Аяз ата: Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асаулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Аяулы аналарға, ардақты ұл - қыздарға, бүлдіршін балаларға бір салем.
Ақшақар: Қарашы Ата балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық
Жаңа жыл мерекесін ашайық
1, 2, 3
Жанбайды. Не болған сиқырлы таяғым тоңып қалған болар. Тағы бір көрейік 1, 2, 3,- 1, 2, 3.
Аяз ата

Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!



Ит: Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді, табысты.




Армысыздар ата-аналар!

Бармысыздар балалар!

Мейірімі төгілген

Армысыздар ұстаздар!

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Ақшақар: Қарашы Ата балалардың киімі қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық
Жаңа жыл мерекесін ашайық
Аяз ата:1, 2, 3
Жанбайды. Не болған сиқырлы таяғым тоңып қалған болар. Тағы бір көрейік 1, 2, 3,- 1, 2, 3.




Доңыз: Жақсылыққа бағыттаған
Доңызбын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.

Ит жылының мерекесін,
Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.

Арым – ұят, жаным – халық,
Қызметім де соларға,
Сеніңдер маған барлығың
Қияға ұшып қонарда.

Ал, Ескі жыл, аман бол,
Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2019
1117
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі