Материалдар / "Жаңа жылым қызықты"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Жаңа жылым қызықты"

Материал туралы қысқаша түсінік
жана жыл туралы ертенгилик
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2020
273
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:“Жаңа жылым қызықты....

Залда әсемделген шырша тұрады әуен қосылады, шырша сыртынан екі жүргізуші бала шығады:

1 бала

Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата-әже, ана-әке

Құтты болсын жаңа жыл!

2 бала

Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам мол болсын.

Төрле, төрле, жаңа жыл,

Бізге құтты жол болсын!

Жаңа жыл басталды ортаға жаңа жылды тойлауға «Жұлдыз ай» тобының балаларын шақырамыз!

Құрметті біздің тәрбиеші апайларымыз бүгінгі жаңа жыл мерекесін жүргізуді өздеріңізге тапсырамыз! Деп жүргізуші папакасын апайларына беріп балалардың қасына барып тұрады.

1 жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата аналар бүгінгі жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

2 жүргізуші:

Армысыңдар, халайық! 
Бармысыңдар, халайық! 
Жаңа жылды жұп жазбай, 
Бірге қарсы алайық! 

Ән: «Жаңа жыл»
Тақпақтар.

Келді тағы жаңа жыл 
Қуантумен біздерді 
Құтты болсын жаңа жыл, 
Құттықтаймыз сіздерді! 

Өлең де әзір, ән әзір, 
Ойын да әзір, бәрі әзір 
Кел Жаңа жыл біздерге, 
Кел Жаңа жыл, жаңа жыл! 

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, 
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. 
Жаңа жылмен құттықтаймын, деген үн, 
Қанаттана кең алқапқа тарайды. 

Аспан жерге төгеді, 
Ақ күмісін уыстап. 
Жаңа Жылда келеді, 
Бізге қарай жылыстап. 


Дауыс:Асығамын деп жүріп
Сыйлықтарды шашып алдым.
Бұтаққа мен қабымды
Іліп алып, тесіп алдым.
Сыйлықтарды жинағанша
Сендерге мен немеремді
Жіберемін асыға
Қорғап сендер Ақшақарды
Жүріңдерші өтінемін.
(Осы кезде Ақшақар болып киінген Мыстан кемпір кіреді).
Мыстан кемпір: Міне менде келіп қалдым.
Тәрбиеші: Кімсің сен?
Мыстан кемпір: Қалай кім? –Мен Ақшақармын.
Тәрбиеші: А-а Аяз атанын немересі боласын ба?
Мыстан кемпір: Әрине мен. Мені қарсы алыңдар.
Тәрбиеші: Сен Ақшақар болсаң, Аяз ата қайда?
Мыстан кемпір: Сендерге асығамын деп, санамақтарды шашып алды.
Тәрбиеші: Қандай санамақтар?
Мыстан кемпір: Қаптың тұбі тесіліп, санамақтар шашылып.
Тәрбиеші:Ешқандай да сен Ақшақар емессің, кет кәне осы жерден.
Мыстан кемпір: Аяз ата сендерге мені қорғасын деді ғой.
Тәрбиеші: Балалар мүмкін ол шынымен Ақшақар шығар.
Балалар: Жоқ.
Тәрбиеші: Сонда кім болғаны
Балалар: Мыстан кемпір.
Мыстан кемпір: А-а ойланып мені кім екенімді таптыңдар ма. Ақшақар менде, жібермеймін мен оны.
Тәрбиеші: Қане босат сен ақшақарды.
Мыстан кемпір: Мен Ақшақарға пештегі отымды жаққызамын.
Тәрбиеші: Енді не істейміз? Ол еріп кетеді ғой. Не керегін сен айтшы, бірақ Ақшақарды босат.
Мыстан кемпір: Мен мерекеге қатысқым келеді.
Тәрбиеші: Жарайды біз келісеміз, қала ғой.
Би: «Ұлпақарлар биі»
Мыстан кемпір аппақ киімге орап тастаған Қарақшыны алып келеді.
- Міне сендердің Ақшақарларын.
Тәрбиеші: Ақшақар, сен неге сонша оранып алғансың. Дауысында өзгерген.
Қарақшы: А - а мен қатты жел тұрғанда ауырып қалғанмын.
- Оданда жұмбақ жауабын табындар.
Жұмбақ:

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады (Қар)

Тікен тікен тік пісте

Қысы жазы бір түсте (Шырша)
Балалар: жауабын табады.
Қарақшы:дұрыс таптыңдар.
Тәрбиеші: Балалар мен таң қалып тұрмын Ақшақардың досы мыстан кемпір ме?
Қарақшы: Әрине жоқ...( Аузын жабады). Оданда билейік.

«Қарақшы» бәрі
Қарақшы би билеймін деп, ұмытып. Үстіндегі ақ киімін шешіп тастайды.
Тәрбиеші: Балалар қараңдар бұл Ақшақар емес қой! Қане екеуін байлап тастайық.
Мыстан кемпір: Жоқ-жоқ кешіріңдер бізді.
Тәрбиеші: А-а қорқып қалдыңдар ма. Айтыңдар Ақшақар қайда?
Мыстан кемпір: Қазір біз алып келеміз.
( Босатып жібереді)
Тәрбиеші: Балалар қане Ақшақарды дауыстап шақырайық, адасып кетіп жүрмесін.
Балалар шақырады: Ақшақар - Ақшақар
Ақшақар көңілсіз болып кіреді
- Жаңа жылдарыңмен
Тәрбиеші: Не болды? Неге сен көңілсізсің?
- Неге сен мұңайып тұрсың?
- Енді не істейміз?
- Балалар мүмкін тақпақ айтып, ән айтып берерміз.

«Ақшақар мен балалар»
Тақпақтар:

Аспан жерге төгеді, 
Ақ күмісін уыстап. 
Жаңа Жылда келеді, 
Бізге қарай жылыстап. 

Тауда туып, тауда өскен 
Шырша келді ортаға, 
Қандай жақсы шыршамыз, 
Ән шырқайық баршамыз! 

Жаңа Жыл, Жаңа Жыл! 
Жаңалық ізде сен, 
Жаңа ән, жаңа жыр, 
Жазып Бер бізге сен. 

Жаңа Жылды қарсы алып, 
Жасаймыз біз жылда бір. 
Жарқын – жарқын ән салып, 
Жалғасады жырға жыр. 

Бұл шырша, шырша, 
Қуаныш жалпыға. 
Сүйікті шырша, 
Барлығы: Жарқыра! Жарқыра! 
Ақшақар: Рахмет ( көңілімді көтеріп тастадыңдар!

Шыршаның шамы жанбайды.

Ақшақар: Балалар шырша шамын тек қана Аяз ата ғана сиқырлы таяғымен жаға алады.

(алыстан аяз атанын дауысы естіледі)
Аяз ата: ( құттықтайды)

Армысыңдар,қарақтарым, 
Армысыңдар, құлындарым!? 
Жаңа жылды алып келдім, 
Ақ шырақты жағып келдім! 
Сендерге мына балаларым, 
Тәтті сыйлық алып келдім! 

- Міне менің шыршам, қашып кетті сендерге
Тәрбиеші: Аяз ата біздің шыршаның шамдары жанбайды. Қане қолыңыздағы таяқшамен жағып жіберіңізші.

Бұл шырша, шырша, 
Қуаныш жалпыға. 
Сүйікті шырша, 
Барлығы: Жарқыра! Жарқыра! 


Ән:«Шырша жыры»
Би: «Шыршалар»

Аяз ата: Рахмет сендерге.

Аяз ата: Балалар мынау ненің дауысы? (сағат дауысы)

Балалар: сағат

Аяз ата: Балалар бізге жаңа жыл келе жатыр қарсы алайық.

Жаңа жыл кіреді

Мешін:
Келдім міне еліме
Келдім міне жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді
Шығам енді төріме.

Жүргізуші: Қош келдің Жаңа жыл елімізге бақ даулет , береке ырысыңмен келгейсің. Балаларымыздың дені сау елімізді тыш еткейсің.Төрлет төріміздің қонағы бол!

Ән: «Аяз ата»
Тәрбиеші: Аяз ата бізбен бірге ойын ойнайықшы

Ойын « »
Тәрбиеші: Аяз ата сіз қателестіңіз, сондықтан би билеп беріңіз.
Аяз ата: Ой ыстықтап кеттім қазір мен еримін.
(Балалар қарды алып Аяз атаның үстіне жабыстырады.)
Аяз ата: Қане немерем маған су әкеліп берші.
(кесенің ішінде жылтырауық) Кесені алып ішеді де, оның ішіндегі жылтырауықты ата аналарға шашады.

Тақпақтар:
Бар баланың қонағы, 
Төрлет Ата жоғары. 
Жұрттың бәрі атадай, 
Қашан мырза болады. 


Көрдің бе Аяз атаны, 
Аппақ екен сақалы. 
Аппақ екен мұрты да, 
Аппақ екен шапаны. 


Тақпақтарды жаттадық, 
Биде үйрендік, көрсін деп. 
Аяз Ата шаттанып, 
Бізге риза болсын, деп. 


Қалып едік сағынып, 
Күтіп алдық жабылып. 
Жолын қойдық жарық қып, 
Шыршаларға шам іліп. 


Сақалы аппақ күмістей, 
Тістері аппақ күріштей. 
Қызыл ала шапаны, 
Сағындым Аяз Атаны. 


Сағындым Аяз Атаны, 
Орала ма ол енді. 
Айтар едім өлеңді, 
Жылдамырақ келсе екен, 
Бізге сыйлық берсе екен. 

Мыстан кемпір кіріп Аяз атанын таяқшасын алып кетеді.
Ақшақар: Аяз ата сіз сыйлықтарды беруді ұмыттыңыз.
Аяз ата: Қазір таяғымды алып. Әй Мыстан кемпір сен тағы өз өнеріне кірістің бе?
(Мыстан кемпір Аяз атанын артына тығылып қалады.)
- Балалар: Мыстан кемпір қайда?
- А-а-а міне сен, қазір мен сені қатырып тастаймын
Мыстан кемпір: Ой жоқ керегі жоқ деп, күлкілі қимылда қатып қалады. Жүгіріп Қарақшы келеді, Мыстан кемпірді аяйды.
Қарақшы: Аяз ата мен саған бір сиқыр көрсетемін, ал сен Мыстан кемпірді қалпына келтір. Сиқыр көрсетеді.
Аяз ата Мыстан кемпірді қалпына келтіреді.
Мыстан кемпір: Ой не болды маған, мен бір жақсылық жасағым келіп түр.
Аяз ата: Қандай жақсылық жасағын келеді?
Мыстан кемпір: Сыйлықтар сыйлағым келеді.
Осы кезде үйшік кіріп билейді.
Мыстан кемпір: Маған алдымен, шыршаға артымен қарашы, менің үйшігім.
Үйшік: Аяз ата қайда? Балаларға сыйлықтарды әкеле жатып, қабын орманда тастап кетіпті, тауып алдым.Тереземді қағып сыйлықтарды алыңдар.
Аяз ата мен Мыстан кемпір терезені қағады, оның ішінен бір сыйлық шығады.
Аяз ата: Қалғаны қайда?
Үйшік: Шыршаның астындағы қарды қағып , сыйлықтарды алыңдар.
Ал мен енді орманға кеттім, сау болыңдар.
Сыйлықтар таратылады.

Жаңа жылдық флешмоб.



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!