400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жанға медет, жағдайға медеу болған жақұт тіліміз!

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала өзіміздің ана тіліміз - қазақ тіліне арналады. Тілімізге деген құрмет, махаббаттың тоқтаусыз болуы - бізге үлкен парыз екенін естен шығармауымыз қажет. Тіліміз барда дініміздің діңгегі нық, еліміздің тұғыры тік болмақ. Бүгінгі таңдағы тіліміздің, яғни ана тіліміздің жай-күйі еліміздің қай азаматын болмасын бей-жәй қалдырмауы керек. Еліміздің ертеңіне алаңдар болсақ, тіліміздің бағасын жоғалтпауымыз керек. Мақалам тіліміздің болашағына алаңдаушылықтан туды. Бөліскен ойымды әрі қарай жалғастырушылар болса, бұл да бір қуантарлық дүние деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жанға медет, жағдайға медеу болған жақұт тіліміз!

«Сұлулығымен бой балқытып, тамырды шымырлатып, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырар, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың аузына құм құятын ғажайып кемел тіл – қазақ тілі!», - деп жауынгер ақынымыз Бауыржан Момышұлы сөз еткен мына бір кереметке тоқталмау мүмкін емес шығар. Бұл тіл жанашырларының басты міндеті деп білемін. Тіл – қай ұлттың болмасын қоғамдық айнасы, ғасырлар бойғы сақталған бабалардың еңбегі. Тіл – рухани құндылық болғанымен, дүниедегі барша материалдық құндылықты жүзеге асырушы құбылыс. Тіл деген ұғымнан, халықтың бүкіл тыныс-тіршілігін, өмірін, өмір сүру және сүріп келе жатқан өмірдің жолын көруімізге болады. Яғни, әрбір тіл өзінше бір сипатқа ие. Қазіргі сөздерімізге тиек болмақ, кереметке кемел – қазақ тіліміз.

Қазақ тілі – бойына сөз байлығымен қатар, қазақы тәрбиемен қалыптасып, ең тәрбиелі, ең мағыналы тілге айналған шешен тіл. Шешен тіл ұғымын жалпақ тілге салып, мысал ете кетер болсақ, бұл кез келген дау мен араздықта, қиынды қырғын қыстауларда, достастықтар мен жаңа қатынастарды жалғауда, өзінің ұтқырлығын жоймай, күштілігін сақтаған демеуші тіл. Бұл тіл жалпы қоғамға ғана емес, жеке адам өмірінен де ерекше орын алатын керемет. Адамға сөз көмектің өзі, осы тілімізбен жүзеге асып, кез келген тұлғаның моральдық дамуын жүзеге асырып отырады. Сондықтан да қазақ тіліміз қашанда зор құдіреттілікке ие. Ана тіліміздің, яғни қазақ тілінің әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы мен шешендігі жағынан алғашқы ондықтар қатарында болуы да тегін емес. Дегенмен де, осы кемел тіліміздің қолданылу аясының таяздығы бізді жетпісінші орынға әке(лі)п тіреп, көңілімзді біраз көнжітіп тұрғаны да бар. Ана тіліміз – мемлекеттік тіл мәртебиесін алғанымен, қолданысымызда әлсіздік танытып тұрғаны тағы бар. Бірақ, бұл мәселе – тілімізді тұғырынан еш түсіре алмайды деген үлкен ниеттеміз. Тіл қастерлі де, қасиетті ұғым. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуге себепкер – ана тіліміздің өзі деп білемін. Ал сол ана тілімізге құрметпен қарау – бәрімізге парыз болғай. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тілсіз халықтың өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан да, жанға медеу, жағдайымызға медет болар тіліміздің тұғырын әрқашан биікте ұстап, мәдениетімізбен қос ұғым етіп, болашақта әлем таныр тіл болуына үлес қосып, тіліміздің бірлігін тек көкке көтеріп жүрейік.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
03.04.2019
505
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі