Жаңа мектепке -жаңашыл ұстаз.
Аманбаева Анар Намазтаевна
Ақсүйек ауылының №1 орта мектеп КММ
Мұғалім – оқушы бойына білім нәрін сіңіріп, болашаққа бағдар беріп, жол сілтеуші. Күн секілді жарық сәулесімен нұрландырып, ізгілік қасиетті бойына жинаған, біліктілікті тәрбиемен ұштастырып, шәкірттерінің оң қадам жасауына түрткі болатын жан.
Шәкірт тәрбиелеу – ұстаздардың алдында тұрған абыройлы міндет. Оны тиісті деңгейде атқару, біздің басты талабымыз. Ата – анадан кейін баланың болашағына зор әсер ететін педагогтар екені анық. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымды да еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген апаларды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз», деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткендей, мен де ұлы жолды таңдап, ұстаз болуды бала кезден армандаған жандар қатарынанмын. Сол себепті, Тәуелсіз елдің ұландарын тәрбиелеу мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіндегі Цифрлық білім беру технологиялары факультетінің «математика және информатика мұғалімдер даярлау» мамандығы бойынша оуымды тәмамдаған соң, бірден мектепке жұмысқа кірісіп кеттім. Жас маманға есігін айқара ашқан Ақсүйек ауылының №1 орта мектебі білмегенмімді толықтырып, жаңашылдық әдіс – тәсіліме өздерінің үндерін қоса білді. Әсіресе, физика -математика саласының майталманы, талай жылдық тәжірибесі бар, Меруерт Көбеева атты әріптесіме алғысым зор. Себебі, ол бойларында ұшқын атқан жастардың жұмысына үнемі қолдау білдіріп, нұсқаулық беріп отырады.
Еңбек жолын бастаған оқу ордасында мен түрлі әдіс – тәсілдерді қолданғанды жөн көремін. Әсіресе, мен жұмысқа кіріскен сәтте әлем бойынша қатерлі індетпен күресті бастап кеткен болатын. Бұл әрине білім саласына да өз әсерін тигізбей қоймады. Мен жаңа технологиялар мен платформаларды еркін меңгергендіктен, бұл өзгерістерді оңай қабылдап, жемісті жұмыс жүргізе алдым.
Жаңашыл ұстаз ретінде жан -жақты тәжірибелі, заманауи талапқа сай, цифрлы сауатты болу менің басты мақсатым. Сол үшін де сабақ беру барысында үнемі ғаламторды, ақпараттық жетілдіру әдістерін қолданғанды жөн көремін. Оған қоса, есептер шығару үшін, презентациялардағы анимациялар да өзінің көмегін тигізуде. Бірсарынды сабақ оқушыларды жалықтыратын анық. Сол үшін де, «Қызықты математика» айдарын басшылыққа ала отыра, оқушыларға аудио, видео түрінде логикалық және тақырыпқа сай есептер құрастыруға тапсырма беретін болсам, «ертегілер еліне саяхат» айдарымен қоршаған ортаны пайдалана отыра топпен жұмыс жасап, сынып жұмысын жүргіземін. Әдіс – тәсілдер түрленіп, жаңарып отыратын болса ғана, өзінің жемісін бермек.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы » Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен болатын. Сол себепті жаңашылдықты заман талабына сай өрбітіп, тәжірибені толықтырып отырған абзал. Ұстаз оқушыға сапалы білім беруі үшін, ең алдымен өзі білімнің жілігін шағып, майын ішуі тиіс. Сонда ғана, ол өз тәжірибесін шәкірттерімен бөлісе алады.
Жалпы, жаңа дүниеге кез – келген жан қызығады. Әсіресе, өмірге деген ынта -жігері зор, бойларында ұшқынның оты маздап тұрған оқушылар, өзгеріске бірден мән беріп, іліп әкетуге тырысатынын тәжірибеден байқадым.
«Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға, қазақ жанына үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады», деп қазақ ағартушысы Ахмет Байтұрсынов атап өткендей, жаңа мектепте жаңашыл ұстаз ретінде бар ерік – жігерім мен білімімді, тәжірибемді саналы ұлт тәрбиелеу жолында сарп етпекпін. Болашақты гүлдендіретін, ел мерейін үстем ететін көзі ашық, көкірегі ояу шәкірттеріміз көп болсын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз