Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңа отаудың жасауы

Материал туралы қысқаша түсінік
тест
Материалдың қысқаша нұсқасы

1Shape1

Мәтінді оқып, 16-20-сұрақтарға жауап беріңіз.

6-мәтін. Жаңа отаудың жасауы

Күн ашық еді. Ауылдағы бар әйел біздің үйге ағылып келіп жатты. Тегіс жиналған соң өзара шай үстінде ақылдасып, жасау жияр отауды ауыл шетіндегі көк шалғын алаңға тігуге келісті. Үй тігілді, әйелдер біртіндеп жасауларды апарып көгалға жағалай жая бастады. Алдымен әжемнен келе жатқан үлкен кілем жайылды. Кілемнің өрнектері күн көзіне мың құбылып, айналаға нәр бергендей. Оның қасына кішірек кілем жайылды. Бұл шешемнен қалған кілем еді. Отаудың өзі арнайы тігілгендіктен бе, ішіндегі басқұр, уықбауына дейін көз тартады. Алты қанат ақ отау ашық күнде ерекше әсем көрінеді екен.

Жасау-жабдық түгелденіп болған соң әпкемді ертіп келді. Ауылдың үлкен жеңгесі алдынан қарсы алып, қолтықтады да, отауға қарай беттеді. Осы сәттегі әйелдердің толқуында шек жоқ еді. Бәрі қыбырсыз тына қалды. Демдерін іштеріне тартып, салтанатты сәт күткендей кейбіреуі көздеріне жас алып жатыр.

Сәлден соң әйелдер үйге үлкен екі сандық алып кірді. Іші толған асыл бұйымдар мен қымбат киімдер екен. Іргеге әшекейлі ағаш төсек құрылды. Оған мамық салынып, үстін майда жібекпен көмкерді. Жерге киіз, кілем төселді... (158 сөз)

Б.Момышұлы

Ғаламтор материалы:


16."Жасау" сөзінің мағынасын ашатын нұсқаны табыңыз.

А) Ұзатылатын қызға беретін дүние-мүлік

В) Қазақ салт-дәстүрінің бірі

С) Келіннің жас отауы

D) Жігітке бөлініп беретін енші

Е) Дұрыс жауабы жоқ


17. "Үндемеді" сөзіне синоним болатын нұсқаны табыңыз.

А) Жыламады

В) Толқуында шек жоқ

С) Ақылдасты

D) Қыбырсыз тына қалды

Е) Көздеріне жас алды


18. Адамның ішкі толқынысы мәтіннің қай бөлімінде берілгенін көрсетіңіз.

А) 1-азат жол

В) 2-азат жол

С) 3-азат жол

D) 1,2-азат жол

Е) Дұрыс жауабы жоқ


19. Киіз үйдің жабдығын белгілеңіз.

А) Әшекей

В) Басқұр

С) Майда жібек

D) Көк шалғын

Е) Отау


20. Мәтіннің негізгі идеясы нені насихаттау болып табылатынын белгілеңіз.

А) Ерлікті дәріптеу

В) Қолөнерді насихаттау

С) Бірлікті насихаттау

D) Салт-дәстүрді насихаттау

Е) Бала тәрбиесін дәріптеу



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2023
477
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12