Бейсбаева Венера
Базархановна
Қызылорда облысы, Шиелі
ауданы№40 А.Қыраубаева атындағы орта мектеп КММ, Физика пәнінің
мұғалімі
ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚТА ПАЙДАЛАНУ
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет
ретінде қалыптасуы барысында орта білім
берудің жүйелі реформаланцуы
қоғамдық тұрғыдан үлкен
маңызға ие. Білім берудің
реформалауды жүзеге
асырудың және
бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін
технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған
орай, соңғы кезде
оқытудың әр түрлі педагогикалық
технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Олар
мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту,
Хазанкиннің есептер шығару,
Палтышевтің физикадан есептер шығару,
Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын
пайдалану арқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқыту,
оқытудың белсенді әдісі, т.т.
Ал соңғы жылдары оқытудың
модульдік технологиясы мен В.М.Монаховтың, Дьяченконың оқытудың
ұжымдық тәсілі, сондай-ақ, профессор Ж.Қараевтың оқытуды
дербестендіру мен дифференциалау және білім беруді
демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа
педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген
мектептерінде қолданылып жүр.
Мектептерде жүргізіліп жатқан
қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты
міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын
оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В.Занков,
Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған “Дамыта оқыту жүйесі”
бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан
құралады:
1.
Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту.
2.
Теориялық білімнің жетекші рөлі.
3.
Оқу материалын жеделдете оқыту.
4.
Оқу үрдісін оқушының сезінуі.
5.
Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.
Л.В.Занковтың оқыту жүйесінде оқушы өзін
емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен дербестігінің
дамуына жағдай жасалады. Осы жүйеде оқушы мен мұғалімнің арасындағы
жаңаша қарым-катынастың іргетасы қаланады. Мұғалім түсіндіруші,
оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу әрекетін ұйымдастырушы,
бағыттаушы ретінде көрінеді.
Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқу
әрекеті және оның субъектісін қалыптастыруға бағытталған. Оның
құрылымы мынадай: оқу-танымдық мотивтер, оқу тапсырмалары, оқу
амалдары, оқу операциялары.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен
тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру
болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты
бөлігі оқыту мақсаты болып қалады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті
белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің
басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының)
өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін
төмендегідей ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.
1.
Оқушылардың өзіндік іздену іс-әркетінің әдістерін меңгеру талап
етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту
әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни жаңа жағдайдағы "оқыту
әдістемесі" деп отырғанымыз: "оқушы - мұғалім" ұстанымының өзара
тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және
оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар
аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың
дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын
басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру
мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал
оқытудың фронтальды түрі көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету
енгізуде ғана пайдаланылады.
3.
Жаңа технологияның мақсаты бойынша "оқытуды ізгілендіру" қажет. Бұл
үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін
жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай
талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен
білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар
керек-ақ.
Жаңа технологияның тағы бір психологиялық негізі
болып табылатын теория - Л.С.Выготскийдің "оқыту үрдісінде оқушының
ақыл-ойының дамуы "актуалды даму" аймағынан жақын арадағы даму"
аймағына ауысуы туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап
орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет
ететін келесі деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге
асады. В.П.Беспалько бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей
- "міндетті, оқушылық", екінші - алгоритмдік, үшінші -
эвристикалык, төртінші - шығармашылық.
Ендеше оқушылардың білім, білік, дағдыларын
жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық
және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін
әр түрлі сабаққа арналған жаңа ұрпаттағы оқулықтар мен оқу
құралдары қажет. Бұлар - әңгімелесуші-оқулықтар мен оларға қосымша
төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс
дәптерлері.
Әңгімелесуші-оқулық бойынша жаңа тақырыпты өз
бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым
жаттығу-мысалдармен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі
деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.
Оқытудың жаңа технологиясы жағдайында оқушылардың
өздігінен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар
күрделілігі төрт деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық
деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса оқушыларда
ынталану пайда болады. Мұндай жаңа технология бойынша сабақ беріп
жүрген мұғалімдер үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас
алмайтындығын айтады. Өйткені оқушылар өзара бәсекелесе отырып
жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр
деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде
“үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен
қуып жете алмайтын оқушылармен қалай істеуіміз қажет?” деген сұрақ
туады. Бұл мәселенің де оңды шешуі қарастырылған. Олар
мыналар:
• барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған
оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;
• сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп
жатқан кезде мұғалім үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек
көрсетуіне уақыты болады.
Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат –
сынып оқушыларын "қабілетті" және "қабілетсіз" деп жасанды әр түрлі
жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы және дербес оқыту, сонымен
қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады.
Сондай-ақ деңгейлеп оқыту барысында оқушының бірінші деңгейдегі
тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Демек, қандай
оқушы болсын, өзінің жақсы оқитындығына қарамастан "оқушылық
міндетті", яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаумен бастайды.
Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді
және Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы талаптарына сай
міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады. Мұндай
есепке алу (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар
оқушылар кем дегенде "оқушылық" деңгейге сәйкес білімді толық
меңгерді. Өйткені алғашқы деңгей тапсырмаларын толық және дұрыс
орындамайынша олар келесі деңгейге көшпейді. "Міндетті" деңгейді
толық меңгерген оқушы әрі қарай ілгері ұмтылады, өзіне өзінің
сенімі артады.
Жалпы жаңа педагогикалық технологияда бағалау
үрдісі арнайы "қосу" әдісімен жүзеге асырылады. Бағалау жүйесінде
оқушы білімінің ең төменгі деңгейі негізге алынады және ол деңгей
мемлекеттік стандарттың ең төменгі талабына сәйкес келеді.
Дарындылығына, бейімділігіне, жоғары даму деңгейіне қарамастан
оқушылардың барлығы бірінші деңгей тапсырмаларын дұрыс орындауы
шарт. Бірінші деңгейдегі барлық дұрыс және мезгілінде орындалған
тапсырмалар "есеп-зачетқа" алынып отырады. "Зачеттің" "екіліктен"
айырмашылығы: бірінші деңгейдің "есепке алынбаған" тапсырмалары
қашан "есепке алынғанша" міндетті түрде, қайта-қайта тапсырыла
береді.
Өзін-өзі бағалау "қосу" әдісімен
жүргізілетіндіктен оқушы бұрынғыдай "екілік" аламын деп қорықпайды.
Сөйтіп оқушыда жоғары ұпай жинауға деген талпыныс пайда болады. Ол
дұрыс орындалған тапсырмалардың санына ғана тікелей
тәуелді.
Жаңа педагогикалық мұндай технологиялар арқылы
оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен
бағыт-бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей
алатын тұлға ретінде калыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз.
Сондықтан да білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат: жаңа
технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып
отыр. Бұл жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың ерекшелігі
сол, олардың мазмұнын қысқа мерзімде ешқандай бейімдеусіз-ақ
компьютерге кіргізуге болады екен. Себебі, бұл құралдардың құрылымы
электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас.
Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның
өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін
арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және
өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті
объективті әдістемелік мүмкіндіктерін
қамтиды.
Жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту технологиясында оқу
пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау
жүйесі қолданылады.
Пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған
келіп тіреледі, яғни әр оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған
қажетті әрбір жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді
міндетті түрде пайдалануы қажет. Бұл үшін мына төмендегі
түсініктерді ескерген жөн:
• қатар отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас
ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;
• әдістеме мен технологияның
сабақтастығы;
• оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін
меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп
азайту;
• параллель сыныптардағы сынып топтарының
ерекшеліктерін ескеру;
• мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің ,
болуы т.б.
Демек, 1-11 сынып аралығында жүргізілетін
педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы
бойынша) төмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға
болады.
Бастауыш мектеп:
• дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л.В.Занков,
Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, В.В.Репкин,
В.А.Левин);
• дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі
(П.М.Эрдниев);
• түсініктерді қабылдау
(С.Н.Лысенкова);
• нәтижелі әдістемелеу және оны
қабылдау;
• іс-әрекетті
бағалау (Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков);
•
оқулықсыз оқыту (В.В.Агеев);
• ойын әдістемесі және оны
қабылдау;
• М.Монтессори, Р.Штейнердің жүйесін
қабылдау.
Орта буын:
• проблемалық оқыту;
• іздену, зерттеу әдістері;
• топпен оқыту тәсілі
(И.Б.Первин);
• оқытудың ұжымдық тәсілі
(В.К.Дьяченко);
• нәтижелі технологиялар;
• тірек және тірек конспектісінің көмегі арқылы
оқыту (В.Ф.Шаталов);
• өзіндік жұмыс әдістері;
• бағдарлы оқыту (машинасыз және
компьютерсіз);
• оқытудьщ коммуникативті әдісі
(қарым-қатынастық);
• дискуссиялық әдіс;
• дидактикалық ойындар.
Жоғары сыныптар:
• оқытудың вариативті
элементтерін өз еркімен таңдау;
• өзіндік жұмыстың әдістемесі;
• іздену, зерттеу әдістері;
• нәтижелі технология, жобалау
әдісі;
• даралап (жекеше) оқыту, "мектеп-парк" моделін
қабылдау (М.А.Балабан);
• оқушының іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылған
ойындар;
•"өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы"
адістемесі (ТРИЗ) (Г.С.Альтшулер) ;
• бағдарламалы оқыту;
• әлеуметтік-педагогикалық сынау, әлеуметтік мәні
бар ойындар;
• профильді және
кәсіптік бағдар бере отырып
оқыту;
• тірек конспектісін қолдану;
• диалогтік әдістеме, дискуссияның негізінде
оқыту;
• модульдік технология;
• семинар-сынақ түрлері;
• өз
бетімен білім алу (компьютерлік варианттар).
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында
оқыту формасын, түрлерін, технологияларнын таңдауда көп нұсқалық
қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне,
педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық
процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға
мүмкіндік береді. Сондықтан мен Жанпейісованың «Модульдік оқыту
технологиясы» нұсқасын өз жұмысымда қолдандым.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының
өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны
мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.
Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы
елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы
ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған
елдердің тәжірибесі білім жүйесін ақпараттандыру
экрномика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының
негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр.
Ендеше қазіргі заманның
ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.
Модульдік оқыту технологиясы әлі түбегейлі
зерттеуді қажет етеді. Сондықтан мен өз зерттеулерімді келешек
мұғалім болған кезде одан әрі жалғастырамын.
Әдебиеттер
-
Қазақстан Республикасы “Білім мемлекеттік
бағдарламасы” / Қазақстан мұғалімі. – 2013. -
№33-34
-
Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру
тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,2000ж
-
Қазақстан Республикасында орта білімнің дамыту
тұжырымдамасы. – Алматы: Қазақстан,-1997, 34б.
-
Әбдіғалиев Қ. Шоғырландырып қарқынды оқыту
жүйесі. // Қазақстан мектебі. – 1998.-№11-12,
24-35б.
-
Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т. Оқытудың қазіргі
технологиялары // Бастауыш мектеп. - №3, 4,
-1999.
-
Основы дидактики. Под ред. Б.Т.Есипова. –
М.,-1999.
-
Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая
инноватика как теория и практика нововедений в системе образования:
научный фонд и перспективы развития (Книга 1). – Алматы:
Научно-издательский центр “Ғылым”,-2001.