Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
"Жаңа технология - өндірісте" баяндама
Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
28 Мамыр 2018
958
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарайшық селосы, Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің өндірістік оқыту шебері Мурзагалиев Тулеу Жумабаевич
Жаңа технология - өндірісте Қазақстанның кәсіптік білім беру жүйесі алдында үлкен міндеттер тұр. Олардың бастысы – қазіргі еңбек нарығында бәсекеге жарамды, талап етілген маманды дайындау. Кәсіби білікті түлекті дайындау тек дұрыс ұйымдастырылған оқыту мен тәрбиелеу үдерісі болған жағдайда мүмкін. Халық даналығы: «Атты суатқа әкелуге болады, бірақ сусынын қандыруға мәжбүрлеуге болмайды» дейді. Оқытуда да солай. Алынып жатқан білімнің пайдасы мен қажеттілігі туралы тәулік бойы айтуға болады, бірақ нақты осы студентке мұның не үшін қажет екенінің, өмірде осындай білімді қалай пайдалану керектілігінің айқын уәждемесісіз пайдасы болмайды. Сондықтан, білім алудың қажеттілігін дәлелдеуге мүмкіндік беретін технологияларды пайдалану керек. Махамбет ауданы Сарайшық селосындағы Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу шебері мамандықтары бойынша мамандарды дайындау жүргізіледі. Сол мамандықтың өндірістік оқыту шебері болып жұмыс жасағаныма 30 жылдай уақыт болып жатыр. Кәсіптік-техникалық оқу орындарында студенттерді кәсіби мамандыққа үйрету және тәрбиелеуде өндірістік оқу шеберлері педагог болып саналады. Оқу үрдісін жетілдіру, студенттердің қазіргі кезеңдегі технологиялық процестерді меңгеруі соларға байланысты. Өндірістік оқыту шебері-студенттерді оқыту және тәрбиелеудегі басты тұлға. Оқу сабақтарында шебер студенттерге жаңа технологияларды меңгертуде, өндірістік білік пен еңбек мәдениетін қалыптастырады. Шебер студенттерді тек белгілі мамандыққа оқытып қана қоймайды, оларды жан-жақты болуға тәрбиелейді. Өндірістік оқыту шебері немесе оқытушы өз пәнін толық білмесе, өз ісіне сүйіспеншілігі болмаса, студенттер арасында беделге және сыйластыққа ие бола алмайды. Бүгінгі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Өндірістік оқыту шебері әртүрлі тиімді оқыту әдістерін меңгеріп пайдалануы, өз пәні жөніндегі шеберлігін көрсете білуі керек. Бір технологияның өзі атқарушының шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты-студенттің жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастырады. Өндірістік оқыту сабағы дегеніміз-теориядан алған білімдерін өндірістік оқуда пайдалану арқылы тәжірибе жинақтау. Елбасы халыққа Жолдауында атап айтқандай, бүгінгі таңда уақыт сұранысын қанағаттандыру, жұмысшы мамандықтарының жетіспеушілігін болдырмауға көңіл бөлуде. Қысқасы әлемді шарлаған қаржы дағдарысы бұған дейінгі ең төмен буын саналып келген жұмысшы топқа аса зор мән беруге мәжбүрлеп отыр. Бесаспап жұмысшы мамандар даярлау – бүгінгі күннің басты мәселесі. Кәсіп пен білім, ұлттық салтпен саналы жасөспірімдер бойына дарытатын жас мамандар ұясы – кәсіптік оқу орындары. Уақыт талабына сай заман ағымында, қоғамның қажеттілігі де, халықтың сұранысы да өзгеруде. Жақсы маман болу үшін – ең алдымен маманның мамандыққа қызығушылығы, икемі болуы керек. Өйткені, ол мамандық келешекте маманды асырайтын, көтеретін, атын шығаратын болуы керек. Білім беру үрдісіндегі оқыту әдістемелерінің бұрын қолданылып жүрген барлық түрлері де өндірістік тәжірибе жағдайында студенттердің таным үрдісін кеңейтуде, кейбір кәсіптерді есіне түсіруде кеңінен қолдау табады. Өндірістік оқыту процесінде көбінесе, қолмен және машинамен басқарылатын кәсіп салаларында шебер студенттерге қайталау, «көшірме жасау» тәсіл арқылы іс – қимыл әрекетін көрсету жолымен үйретеді. Шебердің қимылының дәлдігі, шапшаңдығы және жұмысты сапалы атқаруда студенттерге үлгі болады, олар да соны «дәл солай» етіп істегісі келеді. Әрине, бұл жерде өндірістік оқыту шеберінің кәсіби біліктілік деңгейі жөнінде айтып отырмын, практикада бұл жай кейде басқа да болады. Кейде бұл іс - әрекеттерді көпшілікпен бірге мән бермей, қателіктер мен кемшіліктерге жол беруі мүмкін, қайталана берсе кейін ол дағдыға айналып, жұмысты сапасыз атқару әдеті пайда болады, бұл жас жұмыскерлердің қабілетіне, біліктілігінің қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Сондықтан, ұжымдық үйрету кезінде шебер қимылы дәл әрі нақты, үлгі түрінде жасалынып, дұрыс қабылдануы тиіс. Алғашқы үлгі олардың санасында дағдының іргетасы ретінде қаланып, көпке дейін есінде қалып қояды. Шынында, кәсіп шеберлігінің негізін игеру үшін біртіндеп қарапайымнан күрделіге, оңайдан қиынға кезең – кезеңімен жаңа оқу - өндірістік міндеттерді игеру, оған машықтану, жаңа биіктерге көтерілу жаттығудың басты белгілірі. Әрбір жаттығудан соң белгілі бір дәрежеде өндірістік тәжірибе жинақталып, жетілдіріледі. Өндірістік оқыту процесі кезінде басты тірек болып тұрған, күрделі мақсаттарға жетуде және тұлғаның бойындағы еркешелікті көрсетіп тұратын – ол өндірістік өзіндік еркіндік, қандай жұмысты өз бетінше атқарушылық, одан туындайтын басты нәтиже – кәсіби шеберлік. Ол шексіз оның деңгейі де, мүмкіндігі де жеке тұлғаның танымдық қасиеті мен творчествалық қабілетінің, ізденісінің жемісі болмақ. Қазіргі уақытта біздің колледжімізде шынжыр табанды ДТ-75 бульдозер, МТЗ-82 тракторы, бұрғылау және шайқайрақ станогі, ауызсуды тасуға арналған автоцистерна, аспалы плуг ПН-4-35, жартылай аспалы гидровликалық тырма - ГПГ-6М, қатар аралықты өңдеуге арналған культиватор-КРН-4.2, екітіректі жылжымалы көтергіш – ОМА512С, электролебёдка, қозғалтқышты диагностикалауға арналған жабдықтар, жүріс бөлігін бұзып-құрастыруға арналған сьемниктер сияқты құрал-жабдықтарымыз және жүргізіп үйрену компьютерлік тренажер класы бар. Жұмысшы мамандарын танымал ету мен насихаттау, түлектерімізді өндірістік тәжірбиеден өткізу бағытында әлеуметтік серіктестік туралы келісім шарт бойынша 5-базалық мекемемен аудан көлемінде 17 шаруа қожалықтарымен жұмыс жасап келеміз. Студенттер нақты жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынастар орнатып, өндірістік тәжірибе кезеңдерімен жазғы демалыс уақыттарында жұмыс істейді, заманауи құрылғыларда практикалық жұмыс жүргізуді үйреніп, жаңа технологиялардың барлық жаңалықтарын қолдануды үйренеді. Мысалы, «Райхан» ШҚ, «Атырау аргоөнімдері» ЖШС, «Жұмабекеов» ШҚ осылармен колледж арасында екі жаққа да тиімді қарым-қатынас орнатылған. Практикалық сабақтардың көп бөлігі өндірісте өткізіледі. Біз тек практикалық сабақтардың көлемін арттырып қана қоймай, сабақтардың өндіріс жағдайларында өткізілуін ұйымдастырып, қамтамасыз етеміз. Ауыл шаруашылық жұмыстарына жаңа –технологияларды енгізу мақсатында біршама жұмыстар жасалуда. Атап айтсақ, «Елбасымыздың: «Біз кез-келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында жататынын естен шығармауға тиіспіз», - деген сөзі өте дұрыс айтылған. «Ырыс алды — ынтымақ» дегендей көзі ашық, көңілі ояу әрбір азамат туған жері үшін титімдей болса да үлес қосуға ұмтылып, өз жұмысына жұмыла кірісуі керек. Сонда ғана келешекке үлкен сеніммен көз тастасаң, біздің ауылымыз — сәулеті асқан, дәулеті тасыған, рухани дамыған, берекелі де мерекелі, құтты мекенге айналады. Осындай ізгі ниеттегі іскер азаматтарымыздың бірі, Махамбет ауданына қарасты «Райхан» ШҚ-ның бастығы Бөлеков Сағидолла. Бұл жекеменшік серіктестіктің негізгі саласы егін шаруашылығымен айналысу. Оның ішінде пияз және бақша өнімдері өндіріледі. Қожалықтың ісі алға жылжыған сайын, аудан экономикасына өзіндік үлесін қосып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын , ауылдықтарды жұмыспен қамту сияқты оңды өзгерістерге жетелеп, әлеуметтік әл-ауқат жақсара түседі. Сондай-ақ, азық-түлік бағасының шарықтап кетпей, бағаны тұрақтандыру мақсатында да атқаратын орны ерекше. Тамшылатып суғару — ең алдымен судың ысырабын азайтып, екіншіден, өнім көлемін арттыратын суғарудың үнемді әдісі. Тамшылатып суғару өнеркәсіптік көлемде алқашқы рет Израильде өткен ғасырдың ортасында зерттеліп, өндіріске енгізілген. Қазіргі кезде бұл әдісті бүкіл дүниежүзі мемлекеттері озық технология ретінде қолданады. Тамшылатып суғару, тәжірибе көрсеткендей, бау-бақша, жүзім, гүл, газондық шөптер және көкөніс дақылдарын егуде өте тиімді. Бұл әдіспен егіліп алынған өнім бұрынғы әдіспен егілген өнімнен 7-8 есе, ал кей жағдайларға 10 есеге дейін артық өнім береді. Су көздері тапшы немесе жоқ жерлерде оның маңызы орасан зор және таптырмайтын әдіс. Бұл әдісті қолданып суғарғанда қатар аралықтарының арасы ылғалданбағандықтан арамшөп көп шықпайды. Бұл әдісті пайдалану аяқ судың келуін күтпей-ақ ерте көшетпен егілетіндіктен өнімнің өте ерте пісуіне әкеледі. Қазіргі кезде дүниежүзінде тамшылатып суғару екі түрлі жағдайда жүргізіледі. Біріншісі, шлангалы түтіктер арқылы болса, екіншісі, ленталы түтіктер арқылы. Осы тамшылатып суғару әдісі бойынша 30 гектар жерге пияз, 3,5 гектарға жүгері, 4 гектарға бақша, 2 гектарға бұрыш егіліп, көздің жауын алып тұр. Біркез орны енді дайындала бастаған бассейнде су толып, арнайы құрал арқылы егістікке тамшылатып суғару әдісімен су баруда. Осы «Райхан» ШҚ-мен «Израйльдік» (Егінді тамшылатып суару) технологиясы бойынша келісім-шартқа отырып студенттер өндірістік тәжірбиеден өтті. Сонымен бірге, «Райхан» шаруа қожалығында жерді жыртуға дайындау мақсатында ДТ-75, МТЗ -122 тракторымен және жаңа технология түрі көп корпусты әр түрлі маркалы плугтар аспалы ПН-4-35А, ПНР – 5 (РП) қолданылады. Ауыл шаруашылығында жер жыртудың үш тәсілі қолданылады: загонды фигуралап және тегістеп жырту осылардың ішінде ең көп тараған загонды тәсіл. Осындай жаңа технологияларды қолданып жұмыс жасаған студенттеріміз өздеріне мол тәжірибе жинады. Мал азығын, жем-шөп дайындау үшін жазғы өндірістік тәжірибеде шағын бригада құрылып «Гюнеш» ШҚ, «Атырау агро өнімдері» жеке шарауашылық серіктестерінде бөлініп жұмыс жасадық. Онда МТЗ – 82 тракторымен, КДП – 4,0 шөп шапқыш агрегатымен және ГПП-6,0 тырмасымен, КУН – 10 рулон тиеуішімен жұмыс жасады. Түлектеріміздің ең озық, замануи технологияларын игеріп, өндірісте жұмыс жасау машығын меңгеруі, теория мен практиканың алшақтығының жойылуы тікелей әлеуметтік серіктестіктермен ынтымақта жұмыс істеу механизмдерін оңтайландыруға байланысты. Колледжіміздің жылдық жоспарына сай «Райхан» шаруа қожалығы базасында «Үздік жер жыртушы» сайыстары өтіліп тұрады. Оған аудан колледждерінің студенттері қатысты. Соған сай колледжде «Мамандарды оңтайландыру жұмыстарын ұйымдастыру» жөнінде жұмысшы тобы құрылды. Сондықтан тұрақты түрде еңбек рыногын зерттеп, түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингісін жасап, бұл жұмысты жандандыра бермекпіз. Мемелекет басшысының ұсынысымен 2017 жылы қазақстандықтарға тегін кәсіптік – техникалық білім беріле бастайды. Осы жобаның арқасында жастарды толыққанды жұмыспен қамту міндеті қойылып отыр. «Қазақстанның жас азаматтары білімді, еңбекқор, бастамашыл болуы тиіс. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен иновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады», - деген болатын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ендігі жерде мәселенің негізгісі – жастардың жауапкершілігінде. Болашақ жастардікі. Осы жас мамандарды дайындайтын, шетелдік техникаларды жақсы меңгерген кадрлар керек. Колледжіміздің материалдық – техникалық базасын жаңарту керек. Сондай жағдайға жеткен кезде ғана нағыз кәсіп иесін дайындауға болар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
МАХАМБЕТ КӨП БЕЙІНДІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Баяндама
Тақырыбы: Әдіскер көр қырлы тұлға.
«Педагог мамандардың бәсекеге қабілеттілігі, кәсіби ізденісі мен жаңашылдығы» тақырыбындағы облыстық ғылыми тәжірибелік конференция10 ақпан 2017 жыл
Дайындаған: әдіскер С. Сатбергенова
Сарайшық ауылы.

- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
- Скаун В.А. Введение в профессию мастера производственного
МАХАМБЕТ КӨП БЕЙІНДІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Баяндама
Тақырыбы: Әдіскер көр қырлы тұлға.
«Педагог мамандардың бәсекеге қабілеттілігі, кәсіби ізденісі мен жаңашылдығы» тақырыбындағы облыстық ғылыми тәжірибелік конференция10 ақпан 2017 жыл
Дайындаған: әдіскер С. Сатбергенова
Сарайшық ауылы.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)