ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала: Аталмыш жұмыста студенттерге информатика пәнін тиімді оқытудың әдіс - тәсілі баяндалған. Оған қоса ақпараттық технологияны еркін меңгерудің артықшылықтары да сөз етіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ


Қызылорда медициналық жоғары колледжінің

«информатика» пәнінің оқытушысы

Дүйсенова Асель Жаркынбаевна


Заман ағымы дамыған сайын білім беру барысына да өзгерістер еніп, әдіс – тәсілдерді түрлендіруді қажет етеді. Бүгінгі таңда инновация тұрмыс – тіршілігімізге тереңінен еніп, қоғамның кез – келген саласында көрініс табуда. Осы орайда информатика пәнін оқытудың маңызы ерекше. Технологияның тілін түсіну, арнайы бағдарлама құру, оның жүзеге асыру тетігін меңгеру аса үлкен қажеттілік. Ел Президенті өзінің Жолдауында да техникалық бағыттағы мамандықтарға басымдық беріп, дамыту қажеттігін баса айтқан болатын. Ел игілігінің өркендеп, өндірісіміздің дамуы үшін жастардың бойына бар игі қасиеттерді сіңіріп, сапалы білім беру барысын назардан тыс қалдырмағанымыз абзал.

Заманауи білім беру барысында ақпараттық технологияны барынша кеңінен қолдануымыз қажет. Бүгінгі таңда барлық білім беру мекемелері арнайы құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілгені осы орайда көңілге қуаныш ұялатады. Дегенмен, қолдағы дүниені пайдаға жаратып, болашақ мамандардың жан – жақты құзіреттілігін дамыту ұстаздардың алдында тұрғын үлкен міндет.

Информатика пәні мұғалімі ретінде мен жаңа бастамаларды қолдап, күнделікті сабақ барысында пайдалануды жөн көремін. Көрнекіліктерді де түрлендіріп, инновациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруды жөн деп есептеймін. Оған қоса, студенттердің өзіндік жұмысын жетілдіру барысын да ұмыт қалдырмай, өз беттерімен бағдарлама құру, жоба жасау, зерттеу жұмыстарымен айналысу, онлайн сабақтар ұйымдастыру, сайт жасау және т.б. көптеген тапсырмалар беріп, біліктіліктерін арттырып отырамын.

Ақпараттық технологияларды еркін меңгерудің арқасында ел іргесіне қауіп төніп, короновирустық инфекция тараған сәтте оқуды сәтті жалғастыра алдық. Әрине, ең алдымен ел тұрғындарының қауіпсіздігі басты назарда болғандықтан, қашықтан оқуға мәжбүр болдық. Дегенмен, бұл ұстаздар үшін де студенттер үшін де ешқандай қиындық тудырмады. Себебі, қос тарап та заманауи талаптарға сай, технологимен еркін жұмыс жасай алатын тұлғалар. Дегенмен, бұл жеткілікті деген мағынаны білдірмейді. Бүгінгі таңда инновациялық әлемде күн сайын жаңа бастамалар жарыққа шығып, бұрыңғы білімді жаңартуда. Сол себепті, үнемі ізденіс, жаңашылдықты жылдам қабылдау үздіксіз жүргізілуі шарт.

Жаңашыл білім берудің артықшылықтары ұшан – теңіз. Ол әлемдік аренада бәсекелестікті нығайтып, ел мамандарының үздіктер қатарынан табылуға ықпал етеді. Қазақстан Республикасында қазіргі білім беру жүйесіне тек педагогикалық және философиялық идеиялар ғана емес, әлеуметтік және саяси идеялар мен жаңарулар елеулі ықпал етуде. Соның бірі өзіндік зерттеу жұмыстарды ұйымдастыруды мәселе ретінде қарастыра келіп, рухани адамгершілікті, көпмәдениетті тұлға тәрбиелеу мәселелерінің өзектілігінің арта түсуі болып отыр. Адам бойындағы асыл құндылықтарды шәкірт бойына сіңіру, қоғамда өз орынын таба білетін дара тұлға тәрбиелеудегі мұғалімнің атқарар қызметі орасан зор.

ҚР Бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет болуымыз үшін біз сапалы білімге, сауаттылығы жоғары елге айналуымыз қажет», деп атап көрсетті.

Бұл талапарға сай болу үшін, студенттердің барлық жағынан үздік болуына аса мән бергеніміз жөн. Елімізде білім беру жүйесі үнемі басты назарға алынып, біліктілік пен сапа зор маңызға ие болуда. Осы орайда, болашақ мамандарды даярлайтын оқу орындарының орыны ерекше екендігін айтқым келеді. Бүгінгі күнгі студенттер, ертеңгі күнгі үлкен маман иесі атанып, ел дамуы жолында ат салыспақ. Өскелең ұрпақты жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеп шығу барысында білім ордасы үнемі маңызды мәселелерді басшылыққа алып, дамытуды дұрыс жолға қоюда.

Оқу үрдісінде педагогикалық технологиялар басымдық танытып, қашан да өзінің жақсы нәтижесін көрсете алады. Білім беру барысын дұрыс ұйымдастыру арқылы ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» деген тамаша мақал бар. Ең алдымен педагог сауатты, көзі ашық, жаңаша технологиялардан хабары бар, білімі толысқан жан болуы керек. Өзінің бойындағы сан жылдық тәжірибені заманауи әдіс – тәсілдермен ұштастырып, ұлы көштен қалмай, үнемі өзін – өзі қамшылап жетілдіріп отыруы тиіс. Мен де талай жыл бойы мұғалімдік салада тер төгіп жүрсем де кез – келген жаңашылдықты жылдам қабылдап, барынша меңгеріп алуға тырысамын. Себебі, уақыт бір орынында тұрмайды, күн сайын жаңа талап пен қажетті алғышарттар еніп, өмірімізге елеулі өзгерістер енгізуде. Олай болса, мен тың технологияларды тамаша үйлестіріп, сабақ беру барысында қолданғанды жөн көремін.

Информатика пәнін оқыту барысында мына ерекшеліктерге аса мән беріп қарағанымыз дұрыс:

Ойын технологиясы. Яғни, ойната отыра оқыту, оқыта отыра тәрбиелеу. Студенттерге қызықты ойын түрлерін таңдап, пәнмен байланыстырып, сабақты қызықты өткізу;

Жаңа технологияны барынша ұтымды қолдану.

Көрнекіліктердің сан алуан түрін ұсынып, үнемі алмастырып отыру;

Өзіндік жұмысты жетілдіру, біліктілікті арттыру;

Ауызша және жазбаша білім беру барысын дамытып, есте сақтау қабілеттерінің артуына мүмкіндік жасау;

Түрлі әдіс – тәсілдерге сүйене отыра, шетелдік тәжірибені де ескеріп, ұтымды тұстарын пайдалану.

Әрине, сабақты қалай ұйымдастырсақ та, ең алдымен басты бір міндет – сапалы білім беру барысын басшылыққа алатынымыз рас. Олай болса, кез – келген маман өз саласына жауапкершілікпен қарап, шәкірт тәрбиелеу ісін жүрекпен атқарғаны дұрыс. Ел болашағы жастар қолында. Бүгінгі таңда колледж қабылғасында өз білімін толықтырып, біліктіліктерін дамытып жатқан жандар алдағы уақытта мемлекеттің мерейін үстем ету жолында еңбек ететін жандар. Олай болса, көзі ашық, көкірегі ояу ұлт ұландарын тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз. Білімді ұрпағымыз көп болсын!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2022
436
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі