«Жаңа технологияларды сабақтасыру арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру»
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Ағылшын тілі сабағына білім
сапасын арттыру мақсатында инновация-
лық технологияларды енгізудің
ерекшеліктері
2.Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды пайдалану тәжірибемнен
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны ерекше.Тіл –халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеру керек.2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі тиіс»- деп айтқан еді. Үш тілді меңгеру қазіргі уақытта басты назарда болып отырғаны белгілі.
Бағдарламаның басты мақсаты:
-қазақ тілінің мәртебесін көтеру;
-ағылшын тілін меңгерту;
-орыс тілін жетік білу.
Неміс классигі И.В. Гете: «Кем дегенде бір шет тілін білмеген адам өз тілін толық білмейді»-деп айтқан екен.«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»-дегендей,Елбасымыздың міндет етіп қойған бәсекеге қабілетті мемлекет құруда жас ұрпаққа ағылшын тілі мен орыс тілінен жаңа инновациялық технология әдісімен жан-жақты білім беру мұғалімдердің азаматтық борышы екенін түсінеміз.
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз.Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», - деп атап көрсетілген.Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз ететін бірінші орындағы сала - білім саласы. Бүгінгі таңда білім саласының міндеті - білімді, дағдыларды меңгеруге қабілетті, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, ойлау өрісі кең жеке тұлға қалыптастыруды іске асыру.Бұл жағдай оқушылардың шығарма -шылық әрекетін дамытудағы ең маңызды мәселе екені белгілі.
Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Орыс тілінің лингвистикалық белсенділігін сақтау және ағылшын тілін жаhандану экономикасындағы ғылыми-ақпарат алудағы желісін кеңейту негізгі тақырыбына айналды.Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару-біздің қазіргі кездегі міндетіміз. Қазіргі кезде оқушыларға ағылшын тілін оқытудың әр түрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Шетел тілін оқытуда лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, видео кешені – оқушылардың ауызша және жазбаша аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады.Сондай-ақ оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтордан алынған әлемдік жағдайлар, педагогикалық технологиялардың түрлі әдіс - тәсілдері, комуникативтік бағыттағы оқыту элементтері кең қолданылады. Тілге байланысты оқу процесінде жүйелі жетілдіру жұмыстары жүргізіліп отырады, атап айтсақ ашық сабақтар, пікір-сайыстар, семинар, конференциялар, практикалық сабақтар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, өзара сабаққа қатынасып талдау, оқушылардың зерттеу жұмысымен айналысулары, сонымен қатар оқушылардың жеке ізденіс жұмыстарына басшылық ету.
Міндеттері:
-Әр оқушының жеке қабілеттерін көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау;
-Әр түрлі деңгейдегі мәселелерді шешуге бағытталған оқушылардың жобалары.
Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет деп ойлаймыз.
Жеке тұлғалардың білімділігі кеңінен ойлану анализдей білу мектеп қабырғасында алатын біліміне тікелей байланысты. Яғни мектеп сол болашақ деп аталатын үлкен құрылыстың кішкене кірпіштерін дайындап шығарып жатқан фабрика сияқты ғой.Қазіргі мектеп алдында тұрған орасан зор оқу-тәрбие мақсатын жүзеге асыру, көп жағдайда оқушылардың өз беттерінше жұмыс жүргізулерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.Дидактика-әдістемелік зерттеулер әр сынып бойынша, дұрыс жолға тиянақты игеруге және оны практикада қолдана білуге көмектесетіндігін, оқушыларды оқу жұмысы мен ой әрекетінің әдістері қалыптасатындығын өз жәрдемдесе тіндігін көрсетіп отыр. Ағылшын тілі және орыс тілі сабағындағы өз беттерінше жұмыстар жүргізу оқушылардың білімді игерулерінің барлық кезеңдерінде: білімді қабылдау және ұғыну, талдап қорыту және жүйеге келтіру, бекіту және қайталау кезеңдерінде қажет болады. Тапсырмалардың сипатына байланысты өз беттерінше жүргізілетін жұмыстар үшке бөлеміз:
1.Еске түсіруші
2.Машықтандырушы
3.Шығармашылық
І. Еске түсіруші жұмыстар деп оқушылардан іс - әрекетті еске түсіретін немесе оқулық ішіндегі материал қалай жазылса немесе мұғалім қалай айтса сол тәртіппен оқушылардың айтып беруін талап ететін жұмыстарды айтамыз. Оқулықты еске түсіру жұмысына тән тапсырмалар «Оқулықтағы мынадай бөлімді оқып кел, оның мазмұнын айта біл» Оқушылардың еске түсіруші жұмыстарын ұйымдастыра отырып, олардың алдында өз беттерінше логика- лық сипаттама беру тапсырмасын бермейміз, тек қана жұмыс барысын белгілі үлгі бойынша еске түсіруді талап етеміз. Еске түсіруші жұмыстар үйренетін бағытта болады, ағылшын тілі және орыс тілі ұғымдарды игеру үшін өте қажет. Мысалы, оқушылар оқулықтағы тапсырмалар мен ереже- лерді өз беттерінше талдай отырып, жаңа ұғымдарды игеріп, есіне сақтап қалады.
ІІ. Жұмыстардың бірнеше рет қайталанған түрлері машықтандырушы деп аталады. Олар мәтінмен,грамматикалық тапсырмалармен жұмыс жүргізу дағдыларының тиянақты болуын қамтамасыз етеміз.
Шығармашылық жұмыстар оқушылар білімді тек түсінген, еске ұстаған және еске түсіргенде емес, сонымен қатар өтпекші тақырыптардың жаңа жақтары мен байланыстарын өздігінен ашқан жағдайда ғана орын алады. Бұл жұмыстарда шығармашылық бастама, өтіп жатқан мәселеден жаңалық ашуға іздену, байқаулар жүргізу,грамматикалық талдау т.б. байқалады. Шығарма- шылық жұмыстар білімнің жаңа көздерін, қосымша материалдар пайдалану- ды талап етеді.Өздігінше жүргізілетін жұмыстар сабақ барысында алатын орнына қарай түсіндіруге алдын ала,қоса жүргізу немесе қорытындылау бағытында болу керек.
Алдын ала өздігінен жүргізілетін жұмыстар жаңа материалдар оқытудың алдында оған тірек болатын білімдерді қайталау және жүйеге келтіру үшін қажет. Оқылмақшы материалдың қаншалықты дәрежеде белгілі екендігіне және оның күрделілігіне, сол сияқты оқушылардың практикалық даярлық- тарына байланысты өз беттерінше жүргізілетін жұмыстардың түсіндіруге қосымша болуы мүмкін немесе оқылған материалды бекіту кезінде жүргіземіз.Жаңа материалды оқытудың немесе оны бекітудің барысында жүргізілетін жұмыстар бағытын ойластыру кезінде мыналарды ескеру керек:
1.Оқушылардың іскерлігі мен білімді практикада қолдана білуін.
2.Қорытынды жасай білуін.
3.Танымдық белсенділігін арттыруға.
Іс - әрекеттің жүйелі болуын қамтамасыз етіп, оқушылар арасындағы еңбекті дұрыс бөлу негізгі мәселе.
Материалды игеруде оқушылардың зерттеу бағытындағы тапсырмалар олардың ойлау әрекеттерін күшейту керек.
Өз беттерінше жұмыс жүргізу үшін тапсырмалар құруда мына мәселелерге көңіл бөлу керек:
а) тапсырмалардың мазмұны және олардың кіріспесі білімді жүйелі игеруге көмектесуі тиіс.
б) оқушыларға өз беттерінше жоспарлар жасап, талдау, сипаттама жасай білуге көмектесу керек.
в) тапсырмаларды құрған кезде ұғымдарды, кейбір мағыналы біліктерді игеруге көмектесу керек.
г) оқушылардың ойлау әрекеттерінің бағытын анықтай отырып, оқушылар- ға дифференциалды көмек ұйымдастыруды анықтау қажет.
Шығармашылық сабақтарда өз беттерімен жұмыс орындайды, өз бет- терінше тауып алған әдебиеттерді оқып, негізгі жағдайларды конспекті- лейді.Оқушылардың түсінуіне ауыр тапсырмаларды игеруге көмектесетідей, баяндалатын мәтінді түсіндіруге қызмет ететіндей және оқушылардың түсіну қабілетін дамытатындай жағдайда болуы керек.Оқушылардың білімді игеру процесі,әрбір жаңа ұғымды қабылдауы мұғалімнің оқыту амалдары мен әдіс -тәсілдерді сұрыптауына, сондай - ақ оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстарын ойластырып істеуіне байланысты.Оқушылардың белсенді таным әрекетінсіз білімді орнықты игеру мүмкін емес,сондықтан шығарма- шылық қабілет әр оқу шының бойында болуы мүмкін.Ұстаздың міндеті-оқушыға өзінің бойындағы мүмкіндіктерді пайдалануға көмектесу.Шығарма- шылық жазба жұмыстары - тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Жазба жұмысын жұмысын жазарда оқушыға міндетті түрде бағыт-бағдар беріледі. Шығармашылық жазба, ауызша жұмыстарының мақсаты - логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде бере білу талап етіледі. Қай сыныпта болмасын оқушылардың шығармашылық әрекеті мен ойлау қабілеттерін дамытуда жеке берілетін тапсырмалар пәндік білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. Берілетін тапсырмалар арқылы оқушылар жаңа ұғымдармен танысып қана қоймайды, жаңалыққа деген қызығушылықтары артады. Шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігімен, қиял ұшқырлығымен, өзгеше шабытымен ерекшеленеді. Жаңа технологиядан оқушылар өздігінен білім алуға, шығармашылық жұмыс істеу қабілетін дамытуға бағыт ала алады. Сөздік қорларын молайтуға, ойын, сөзін тиянақты жеткізуге, жинақы, дұрыс сөйлеуге, берілген сұрақтарға нақты, толық жауап беруге дағдыландырамыз.

1.1.Ағылшын тілі сабағына білім сапасын арттыру
мақсатында
инновациялық технологияларды енгізудің
ерекшеліктері Ағылшын тілі сабағында
инновациялық технологияларды енгізудің тиімділігін әріптестермен
бөлісіп, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге үлес
қосып , өз тәжірибеммен алмасу.
Адамның үнемі ізденіске, жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық
құбылыс, ал заманауи технологиялардың қоғамымыздың түрлі
салаларында орын алып, дамуы бүгінгі күннің талабы ғой. Жаңа
технологиялар қалай және қайдан пайда болады? Ол өркениетті
елдердің бірін-бірі тануы, байланысы, білім саласы бойынша тәжірибе
алмасуынан болады. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа
көзқарастар пайда болып, оқытудың технологиясы, яғни инновациялық
оқыту технологиялары өмірге келіп отыр.«Инновация
термині
ағылшын
тілінің «innovation» деген сөзінен шыққан аудармасы «жаңалықты
енгізу». XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болған,
яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді
білдіреді.Қазіргі таңда жаңа педагогикалық технологиялар түрлері
өте көп.Оларды тиімді етіп шет тілі сабағында қолдану мұғалім
шеберлігіне байланысты.Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда
қойылып отырған ортақ міндет-тілді коммуникативті бағытта
оқыту.Ондағы мақсат оқушылардың өз ойларын жеткізумен шектеліп қана
қоймай, өзара тіл табысып,пікір алмасуға үйрету,өз жұмысына,
топтағы немесе жұптасқан оқушының жұмысына, жауабына сыни тұрғыдан
ойлап талдау жасап, өз ойын қортындылай біліп, интерактивті жұмыс
жүргізу керек.«Interactive» ағылшын тілінен аударғанда «ортақ
белсенділік» деген мағынаны білдіреді. Инновациялық оқыту
технологиялардың білім беру жүйесін дамыту ісіне берері мол. Оларды
қолдану оқушының өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады,оқу
үрдісін жүргізуді қызықты етеді,шығармашылық жағынан бұрын болмаған
дағдыларды қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктер туғызады. Мысалы,Тілді
мәдениетпен қатар үйрету қазіргі ғаламдану ғасырында өзекті мәселе.
Интернет желілерінде шетелдік достар тауып, солармен қарым-
қатынасқа түскен кезде де, болмаса шетелдік компаниямен серіктес
болып қатар жұмыс істесе де, түрлі кеңістіктегі шекаралар бұзы-
лып, еркіндікке қол жеткізілген кезеңде мәдениетаралық
қарым-қатынас жасауға әлемде сұраныс пен қажеттілік артып келеді.
Қазіргі уақытта оқушылардың шетелде білім алуларына үлкен
мүмкіндіктер бар. Оларға шетелге барғанда сол елдің адамдарымен тіл
табыса алу, тыныс-тіршілігін түсіну, мәдениаралық қарым-қатынас
орнату. Шетелде туындайтын келеңсіз жағдайлардың барлығы
мектептерде мәдени түрліліктің тілді үйрету барысында
ескерілмейдігінен туындайды. Сондықтан да, шетел тілінен сабақ
беретін мектеп мұғалімдеріне бұл жағдайға баса көңіл бөліп,мектеп
қабырғасында тапсырмалар түрін ойластырып берген жөн.Бұл өз
кезегінде тіл үйренушілерді мәдениетаралық түрлілікті көруге, басқа
халықтың қалыптасқан құндылықтарын есепке алуға, өзге мәдениет пен
өз мәдениетін салыстыруға, өз мәдениетіне сыни көзқараспен қарауға
үйретері хақ. Сонымен, шетел тілінде қатынас жасауға оқыту
барысындағы әлеуметтік-мәдени қатысым мәдениеттер диалогына
айтарлықтай көмегін тигізеді. Әрине, оқушылар басқа тілдің, ұлттың
мәдениеті тіл үйрену барысында кеңірек біле түседі, дегенмен мектеп
бағдарламаларында ағылшын тілі сабағында мұндай мәдениетаралық
қарым-қатынас жасауға үйрететін тапсырмалар азырақ.Сол себепті
жалпы білім беретін мектептің 6- сыныбына арналған «Ағылшын тілі»
оқулығына қосымша әлеуметтік-мәдени құзырлылықты
қалыптастыруға,оқушыларды мәдениетаралық қарым-қатынасқа дайындауға
арналған тапсырмалар жиынтығын ұсынуды жөн көрдім.Мысал келтіретін
болсам,8 тараудың тақырыбы «Describing places and directions» деп
аталады. Оқулықта бірінші сабақ бойынша қалалар мен баратын
орындарды сипаттауға материалдар берілсе, екінші сабақ баратын
жерлерді сипаттауға арналған,ал үшінші сабақ үй мен пәтер
жайлы.Оқулықта сол мемлекетте, қалада тұратын тұрғындар жайлы,
олардың қандай жерлерге баруды ұнататыны жайлы мәліметтер
ескерілме- ген.Сол себепті де оқулықта берілген тақырыптар бойынша
қосымша материал әлеуметтік-мәдени құзырлылықты қалыптастыруға
бағытталған материалдарды дайындап әкеліп, оқушыларды басқа ұлттың
құндылықтары мен ерекшеліктері, наным, сенімдері жайлы мәтіндермен
рухани байытып отыру керек деген ойға келдім. Сонда ғана оқушылар
болашақта шет елге шыққан кезде немесе шет елдіктермен араласқан
кезде мәдениетаралық түсінбеушілікке тап болмайды.Мәдениетаралық
коммуникацияға шәкірттерді неғұрлым жақсы дайындау үшін жалпы білім
беретін мектептің 6- сыныбына арналған «Ағылшын тілі» оқулығындағы
тақырыптарды қосымша Herbert Puchta und Jeff Stranks, «English in
mind» оқулығындағы жаттығулармен толықтыру жолдарын
қарастырдым.Оқулықтың бірінші тарауы «Мектептегі алғашқы
апта», ал бірінші
сабағы «Мектептегі алғашқы
күн» деп аталады. Мысалы,
оқушыларға бірінші тараудың атына сәйкес, британдық оқушының
мектептегі бір күні жайлы ақпараты бар мәтінді таратып беріп, жаңа
сөздерді қарастырып, мәтінді оқығаннан кейін тапсырмалар легін
орындатуға болады. Сондай-ақ, егер оқушылардың деңгейі төмен болса,
онда тапсырмаларды жеңілдетуге болады. Ал егер оқушылардың білім
деңгейі жоғары болатын болса, онда тапсырмаларды да қиындатуға
болады, бұл жағдайда рөлдік ойынды да енгізуге болады. Жалпы
тапсырмалар сөйлеу әрекеті мен ойлау әрекетін дамытуға арналса,
сабақ өз нәтижесін береді. Тек білім деңгейін ескеру керек екенін
ұмытпауымыз керек. Ұсынылатын тапсырмалар жиынтығы
төмендегідей:
A school in Britain.
I get up at 7.30 and get dressed for school. My school has a uniform – black trousers and shoes, a white shirt and a black and gold tie. The girls wear the same, or they can wear a black skirt. We also have a black sweatshirt or we can wear a black jacket. Not all British schools have a uniform, but it’s common here.
I don’t live far from the school, so I walk there with my friends, Brian and Gemma. Lots of students catch the school bus or their parents drive them to school. On Mondays we all start the day with Assembly in the school hall at 8.50. the headteacher talks to us and gives us information about school events.
This year I’ve nine subjects. We all study English, Maths and Science, and then we choose other subjects. My favourites are IT and Art & Design. Brian likes Spanish and Japanese. Gemma is brilliant at Maths, so she goes to an Advanced Maths class.
We have 20 minutes for breakfast in the morning and hour for lunch. Some students bring sandwiches to school for lunch, but my friends and I always eat in the dining room where you can get a hot meal every day.
Lessons end at 4 o’clock, but Mondays and Wednesdays I stay at school until 5 o’clock. I go to the Photography Club and the Athletics Club7 There are lots of clubs and activities at our school. Brian belongs to the Film Society and Gemma plays in the school orchestra.
At the end of the day I always spend two hours on homework – sometimes three hours. We get lots of homework now. We’ve got our GCSE (national school exams) exams in June, so there’s always lots of work to do.
Tasks:
v Read the text quickly to answer the questions:
1. When does school start and finish?
2. What does Alan do after school?
v Read it again. Match the topics with the paragraphs in the text. Write 1-6 in the boxes.
a.
Activities after
school
b.
Free time between
lessons
c.
School
clothes
d.
School
subjects
e.
Homework
f.
The start of the school
day
v Circle the correct words
1. There is a school Assembly on Monday mornings/afternoons.
2. Brian likes/doesn’t like learning languages.
3. Alan’s friends sometimes/never bring sandwiches to school.
4. Alan goes to clubs once/twice a week.
5. He does/doesn’t do a lot of homework.
v Answer the questions.
Ø Is Alan’s school day similar to yours, or very different? Discuss this question with a partner or in a small group.
v Write
a. Answer the questions.
1. What time do you usually get up?
2. What time do you usually leave your home?
3. What time do the lessons begin?
4. What time do you have a break?
5. Do you have lunch at school? What do you eat?
6. What time do the lessons finish?
7. What do you do after school?
8. How much time do you spend on homework in the evening?
b. Write a description of your usual school day.
Бұл мәтінді оқып, тапсырмаларды орындай отырып, оқушы салыстыруға мүмкіндік алады. Мәтінге сәйкес біздің елдегі оқу жүйесі мен тілін оқып отырған ағылшындықтардың оқу жүйесінің өзгеше екенін түсініп, сабаққа деген қызығушылығы артады. Бұл олардың басқа елдің әлеуметтік өмірі жайлы мәлімет алып, өздерінің әлеуметтік-мәдени құзырлылығын қалыптастыруларына қол ұшын берері сөзсіз. Мысалы, «Тілдер әлеміне саяхат» (Қазақстан халықтарының тілдер мерекесіне арналған іс-шара)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз