400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа технологиялық әдістерінің оқушы білімінің даму деңгейіне тигізетін әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу үрдісін жандандыру үшін оқушылардың білімінің сапалық деңгейін, ынтасын, белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында жалпы педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдері оқытушы ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады да, тиімділерін жетілдіре түседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жаңа технологиялық әдістерінің оқушы білімінің даму деңгейіне тигізетін әсері.

С.К.Токтамысова- в.ғ.магистрі, арнайы пәндер оқытушы




Еліміздің экономикасының өрлеу деңгейінің жоғарлауы білімді, бәсекеге бейімді мамандарға негізделеді.

Қазіргі заманның әлеуметтік экономикалық жағдайында оқушылардың білім деңгейін көтеру белгілі бір дәрежеде жеке тұлғаның өзін - өзі жан – жақты танып білуі мен қалыптасуына жағдай жасауға бағытталған. Бүгінгі білім беру жүйесінде де түрлі өзгерістер енгізілуде, яғни қазіргі заман талабы «білу аз, сол білгеніңді іске жарату, қолдана білу керек» дейді.

Оқытушы сабақты түсіндіріп қана қоймай, тынымсыз әрекет, іс-қимыл жасауы қажет. Ол үшін оқушылардың қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект - оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын, оятар іс - әрекетті жоспарлап, әрі қарай оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат ету керек.

Оқу үрдісін жандандыру үшін оқушылардың білімінің сапалық деңгейін, ынтасын, белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында жалпы педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдері оқытушы ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады да, тиімділерін жетілдіре түседі. Бұл әдіс-тәсілдер сабақ арқылы жүзеге асырылады. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский. «Сабақ – жас өспірімдердің интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана оқушылар үшін рухани өмірдің тілеген ошағына оқытушы осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады», - деген. Осындай талап қойылған сабақтар оқытушының ашқан жаңалығы, өзіндік колтаңбасы, қолданған әдістемелік ізденісі, әдіс- тәсілдері арқылы ерекшеленіп, оқушы жүрегінен орын алады. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының жан-жақты дамып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бүгінгі таңда білім берудің даму бағытын қамтитын 50-ден астам технологиялар бар. Оларды әр оқытушы өз шеберлігіне қарай пайдаланып, нәтижеге жетіп жүр.

Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоцианалдық, жігерлік іс-әрекетке оқышының белсене қатынасуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін оқытудың амал - тәсілдерін түгелдей қайта қарау керек, себебі жалпылама материалды баяндау, сұрақ – жауап, лекция тәрізді сабақ түрлері өз нәтижелерін айтарлықтай бере алмайды. Сондықтан сабақ үрдісінде оқытудың әр түрлі тәсілдерін қолданған жөн. Солардың кейбіреулеріне тоқталсақ:

Оқушылардың шығармашылық топпен жұмыстануы. Ол үшін алдын ала жаңа тақырып хабарланып жіберіледі. Сол бойынша топ үш-төрт топшаға бөлініп өздерінің жинаған материалдарын келесі сабақта баяндайды. Ал бұл кезде оқытушы жетіспеген жерлеріне ғана толықтырулар жасап отырады. Мұндай тәсілде де оқушының іздену қабілеті мен шығармашылық қабілеті арта түседі.

Адам әрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі - бұл ойын.

Педагогикалық ойындардың басқа ойыннан негізгі айырмашылығы - дәл айқын қойылған оқыту мақсатымен және оған сәйкес педагогикалық нәтижемен, сондай-ақ танымдық бағыттағымен сипатталатын мәнді белгілермен ерекшеленеді.

Ойын технологиясының бірнеше элементтерін көрсетуді жөн көріп отырмыз.

Гейм 1 «Әрі қарай, әрі қарай» 2 минут ішінде әрбір командаға сұрақ қойылады. Жауап берген әр сұраққа 1 ұпай.

Гейм 2 «Қара ат» 3 сұрақтан қойылады, 30 секунд беріледі, дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Гейм 3. «Кім жылдам» терминдік сөздерді жалғастыру.

Гейм 4. «Тіл өнер» дәрі – дәрмектер атауын, терминдердің қазақша, орысша, латынша атауларын келтіреді.

  • Үздіксіз қайталау. Оның жағымды жақтары:

  1. Оқушы оқиғаның басталуы мен аяқталуын, оның салдарын, әсерін терең түсініп, тез арада қорытынды шығара алады. Мазмұнын да маңызын түсінеді.

  2. Үлгерімі нашар оқушыларды, үлгерімі жақсы оқушылардың қатарына жетуіне үлкен көмек береді. Өйткені «малдәрігерлік» тәрминдерді есте сақтау арқылы әрі қысқа, әрі тиянақты жауап беруге үйренеді.

  3. Үздіксіз қайталау арқылы оқушы өткен мен жаңаны байланыстырып, салыстырып нәтижелі түсінеді

  4. Оқушы сұрақтар тауып, жауап іздейді, ойлау қабілеті дамиды.

  5. Өткен мен жаңа арқасында байланыс үзілмейді, өмірмен байланыстырылады, есінде сақталады.

Үздіксіз қайталау сабақта оқушының белсенділігін арттырады. Әрбір сабаққа белсенді қатысқан оқушының білімі ешуақытта төмен болмайды.

Үздіксіз қайталау тақырыптар бойынша білім алуда үзіліс болуға мүмкіндік бермейді. Қайталау тұрақты үйретеді.














DrawObject1




















Қорыта айтқанда оқыту процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты.

Сондықтан оқытушы үшін сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен тиімділігін арттырып, жаңа дұрыс өзгерістер әкелуге, енгізуге барлық күш жігерін жұмсауы тиіс.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.06.2024
189
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі