ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМНІҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҰСТАНЫМДАРЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМНІҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҰСТАНЫМДАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу–тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасуы дәрежесі анықталады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҢА ТҰРПАТТЫ МҰҒАЛІМНІҢ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҰСТАНЫМДАРЫ


Әшен Б.М., магистр-оқытушы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті



Н. Ә. Назарбаев жолдауында «Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген болатын. Сондықтан да бүгінгі өскелең ұрпақ уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі, толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Балабақшада берілген тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан - жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын.

Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу–тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасуы дәрежесі анықталады.

Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары
Тақырыптың жоспары:

1. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері.
2. Білімді тексеруге қойылатын талаптар.

3. Тексерудің әдістері.

4. Тексеруден диагностикаға көшу.

5. Білім, дағдыларды ізгілендіру.

6. Оқыту нәтижелерін бағалау.

7. Баға қою.

8. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары.

Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері. Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.

Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.

Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне тоериялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.

Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.К.Исақов, Е.И.Перовский, С.Ф.Сухорский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктің ғылыми – педагогикалық еңбектерінде талданған.

Бақылауды ұйымдастырудың жекелеген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л. Коган және т.б. теориялық талдау жасаған.

Оылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады, себебі “есепке алу”, “бақылау”, “бағалауды” ұйымдастырудың мәні, олардың оқу–тәрбие прорцесіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.

Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің “5” балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік, оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамассыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту процесінің сапасын арттыруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды.

Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу–таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.

Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқталамыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.

Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.

Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады.

Дамыту қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды.

Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (ниформирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік (воспитывающие).

Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағдарлаушы (ориентирующая), бақылаушы (контролующая) болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.

Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік (регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.

Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушылық (стимулирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде.

Жеке тұлғаның қалыптасуында ең тиімді жол жаңа тұлғаны қамтитын, қабілет білім, икем, дағды, тәжірибе, көзқарас болып табылады.
Балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, олардың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу – бүгінгі күн талабы. Осыған орай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Ол үшін құзіреттілікке бес білім саласын меңгерілуі қажет.

Денсаулық құзіреттілігі:

Баланың физикалық денсаулығын ойлау, қозғалыс дағдыларын меңгеру.
Денсаулық сақтау негіздері мен жеке бас гигиенасының дағдыларын меңгеру.

Тілдік қатынас құзіреттілігі:

Тілдің дыбыстық мәдениеті.

Сөздерді орынды қолдану, дыбыстарды дұрыс айту, ажырата білу.
Байланыстыра сөйлеу, шығармашылық тілді меңгеру, қатынас мәдениетін сақтау.

Танымдық құзіреттілігі:

Заттардың қасиеттерін бағдарлау, қоршаған ортаны тану, құрастырылымдық дағдылар, қарапайып математикалық ұғымдар, іздеу және эксперименталды іс - әрекет.

Әлеуметтік құзіреттілігі: мінез - құлық дағдылары

Ересектер мен құрдастарының өзара іс – әрекеті

Адамгершілік шаралары туралы қазақ және Қазақстан Республикасында тұратын мәдени құндылықтарын түсінуге мүмкіндік беру.
Шығармашылық құзіреттілігі:

Музыка, өнер туралы білімдер негізіне қызығушылық таныту
Нәтижелі, көркемдік іс - әрекет, (түс, пішін, композиция, бейнелеу құралдар т. б.)

Қоршаған ортаны эстетикалық қабылдау. (эмоционалдық сезіммен)
Жаңа білім мазмұнын жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын пайдаланады.
Технология – білім мазмұнын жүзеге асыратын кең ұғымды әдіс - тәсілдер жиынтығы.
Оқу іс - әрекетті жоспарлағанда тәрбиешінің білімділігі, ізденімпаздығы, меңгертуі, педагогикалық шеберлігі аса маңызды. Балалардың оқу іс - әрекет үстінде көңіл - күйін, зейінін, әрекеттерін бақылау, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу, ойлауға, танымдылығын дамыту үшін пікір алысу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау тәрбиешіге байланысты болмақ. Тәрбиеші баланы жігерлендіруші, қуат беруші.

Орыстың ұлы жазушысы Л. Н. Толстойдың «баланы өз әке - шешесінің сезіміндей жақсы көрген ұстаз ғана нағыз ұстаз» деген даналық сөзінің үлкен мәні бар.

Тәрбиешінің атқаратын ең басты алғы шарты сәбилерді жақсы көре білу.
Сондықтан тәрбиешіге зор талаптар жүктеледі. Балабақша жүргізіліп жатқан жұмыс бағыты ата - бабадан қалған салт - дәстүрлерге, адамгершілікке балаларды баули отырып, жаңа дәуір технологиясын табысты игеру. Осыған орай бала тәрбиесіне жүргізіп отырған іс - тәжірибенің негізгі міндеттеріне тоқтала кетсек. Осы міндеттерді орындау барысында балабақшада көптеген жұмыстар атқарылуда әртүрлі тақырыпты қамтитын әр білім саласындағы оқу іс - әрекеттерді іс - тәжірибеде алмасу мақсатында көрсетіліп, қамтылады. Тиімді оқыту әдістерінің бірі – оқытудың интерактивті әдістерін оқу іс - әрекеттерде пайдалану. Интерактивті әдіс деп отырғанымыз бірлесе жоғары деңгейде әрекет ету, яғни, оған іскерлік ойындар, рольдерді орындау, іскер театр, дамытушылық, логикалық ойындар т. б. жатады. Осы әдістерді әрбір саласының денсаулық, қатынас, таным, әлеуметтік, шығармашылық құзіреттіліктерінде пайдалана отырып, қоғамның талабына сай өркениетті, дамыған елдердің білім деңгейіне жеткізуге, жеке тұлғаны жоғары деңгейде қалыптастыру мақсатына бағыттап, жұмыстар жүргізілуде.


Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Джадрина М.Ж.; Нурахметов Н.Н. Содержание образования в школе: проблемы, поиск, перспективы.- Алматы, 1998.

2. Психолого-педагогические проблемы профессионального обучения / Под ред. П.Я.Гальперина.- М., 1979.

3. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования / под ред Е.С.Полат.-М.,2002


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2021
423
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі