Материалдар / Жаңа заман-жаңа сабақ-жаңа талап.

Жаңа заман-жаңа сабақ-жаңа талап.

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа замандағы жаңа технологиялармен заманауи сабақтардың үйлесімділігі
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Түркістан облысы

Түркістан қаласы

М.Жұмабаев атындағы № 15 мектеп гимназиясының

математика пәні мұғалімі Аширметова Гулчехра Бахрамовна


Жаңа заман-жаңа сабақ-жаңа талап

Ғылыми техникалық процесстер тез қарқынмен дамып жатқан мына заманда күнделікті өмірімізге еніп жатқан әртүрлі өзгерістер мен жаңашылдықтар білім беру саласына да түбегейлі өзгерістер енгізді. Ғалымдардың патшасы болған математика пәніне деген сұраныс,бұл саладағы білікті де білімді мамандардың жетіспеушілігі қазіргі таңдағы өзекті мәселе. Жаңа замандағы жаңа сабақтар есептерді қаламның ұшымен ғана емес,жаңа ақпараттық технологиялардың күшімен шешуді талап етіп отыр.Оқушылар мен қоғамның ойында математика пәні тек параққа шешімі қиын есептерді уақыт жұмсап шешу деген ұғым ретінде қалыптасқан. Осы бір түсінікке ерекше көзқарас,жаңаша қабылдау енгізу мектептегі математика пәнінің сапалы да қызықты жүргізілуіне тікелей байланысты. Қазіргі таңда, оқушылар ақпараттық сауаттылығымен жаңа цифрлық технологияларға тез бейімделіп,пайдалана алатын альфа ұрпақ болып есептеледі. Сондықтанда бірсарынды,тақта мен дәптерде ғана есеп шешу,теорема жаттауды жаңа технологияларды,оқытудың инновациялық әдістерін,сандық білім беру ресурстарымен жасанды интеллект,сонымен қатар виртуальды немесе толықтырылған шындықтың мүмкіндіктері енгізілген заманауи стилдегі сабаққа ауыстыру оқушылардың пәндік сауаттылығын арттыруға зор ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да, өз мақаламда мен осы туралы сөз қозғағым келіп отыр.

Математика (алгебра,геометрия) сабақтарындағы сандық білім беру ресурстары

Заманауи сандық білім беру ресурстарын тиімді және орынды пайдалану кез-келген сабақты тартымды да пайдалы етумен қатар білім беру сапасын жақсартуға, оқушылардың білімін тереңдетуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді.


Математика сабақтарында пайдалануға болатын сандық білім беру

ресурстарының түрлері:

  • Интерактивті сандық білім беру құралдары: геометрия үшін GeoGebra, алгебралық есептерді визуализациялау үшін Desmos, жалпы математика,алгебра және геометрия пәндеріне қатысты түрлі аудио,видео және интерактивті тапсырмаларды қамтитын Khan Academy,ойын элементтері арқылы оқытуға негіздлген Prodigy Math және т.б. платформаларын атап айтуға болады.

  • Электрондық оқулықтарда сандық білім беру ресурстарының бір түрі болып есептеледі,олар белгілі бір тақырыпқа қосымша теориялық материалдар мен есептер жинақтарын, сабақ тақырыбына байланысты анимациялар, лекциялар немесе тәжірибелік мысалдар ұсынады.Осындай интербелсенді СБР-дің біреуі 01math.com болып табылады.

  • Ойын элементтерін пайдаланып оқыту,яғни геймификация инновациялық әдіс-тәсілдерлің бірі болып есептеледі. Ал осы ойын элементтерін жүзеге асыруда Kahoot,Wordwall,Quizlet,Quiziss ресурстарды да пайдалануға болады: ойын арқылы оқыту оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып,ақпаратты қызықты әрі пайдалы қабылдауға, математикалық сауаттылықтарының қалыптасуына септігін тигізеді.

  • Сандық білім беру ресурстарының ең басты ерекшелігі мұғалімнің оқушыларды бағалау процесін жеңілдетуі болып табылады.

  • Белгілі бір платформа арқылы құрылған онлайн бағалау парақшасы,түрлі СБР-де жасалған тест сұрақтары-мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай,уақытын да айтарлықтай үнемдейді.белгілі бір себептермен қашықтықтан оқитын немесе үйде оқытылатын ерекше балаларды оқытуда да СБР –дің орасан зор мүмкіндіктері бар. Сабаққа қатысаалмайтын оқушыға белгілі бір СБР арқылы тапсырма беріп,оны сол уақытта бағалап та отыруға болады.

Жасанды интеллект мүмкіндіктері-математика сабағында

Білім беру процесін қысқа уакыт арасында жаңа бір әлемдік деңгейге шығарған жаңа ұғым бұл-жасанды интеллект. Кез келген пәнді оқытуда енгізуде өзіндік ерекшеліктерге толы болған осы жасанды интеллектті математика сабағында да орынды және ұтымды пайдалануға болады. Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы мұғалім әлемдік білім деңгейіне ие шәкіртті тәрбиелеу мүмкіндігіне ие болады. Математика сабақтарында пайдалануға болатын жасанды интеллекттердің басты мақсаты есептерді шешу жолдарын жеңілдету және оқушыларды қызықтыру болып есептеледі. Жасанды интеллектті математика сабағында есептерді шешуде ғана емес,белгілі бір математик ғалымдар мен таныстыруда да қолдануға болады,мысал ретінде сүреттерді сөйлететін D ID ЖИ-сін алуға болады.

Математика сабақтарында сандық білім беру ресурстарымен жасанды интеллектіні қолдану мұғалімнен ақпараттық-технологиялық білімді талап етеді,дегенмен олар оқытудың жаңа білімді түсіндіруден бастап, оны бекітуге және шығармашылық қабілеттерін дамытуға,материалды визуалды қабылдау дағдыларын жетілдіруге дейінгі барлық кезеңдерін жақсартады.

Бүгінгі күннің ұстазы шәкірттеріне тек білімнің негіздерін үйретіп қана қоймай, оларды үлкен әлемге жол табуға, жаһандық білім беру, ақпараттық және экономикалық кеңістікте өз орнын анықтауға үйретуі керек. Қазіргі заманның тез өзгеріп жатқан әрі қатаң бәсекелестікке толы жағдайында балалардың тек теориямен қарулануы жеткіліксіз. Оларға сыни ойлауды, жаңашылдықты қабылдауды, икемді болуды және жаңа технологияларды сенімді қолдануды үйрену маңызды.

Осындай биік мақсаттарға тек жүрегі жылы, шеберлігі жоғары, шығармашылыққа жаны жақын ұстаз қол жеткізе алады. Мұндай ұстаз шәкірттерін шабыттандырып, олардың бойындағы мықты тұстарын тауып, жеке тұлға ретінде дамуына ықпал етеді. Ол әр баланың арманына сеніммен қарауға көмектесіп, өмір жолында өзін-өзі табуға жол ашады. Нағыз ұстаз – балаға білім мен тәрбие ғана бермей, онымен бірге оның болашағының жарқын болуына сенетін қамқор жан.Жаңа заман ағынына ілесе алатын заманауи зияткер тұлғаны өз пәнімен қатар жаңа технологияларды шеберлікпен меңгерген,өз пәнін оқытуда ұлттық құндылықтар мен инновациялық тәсілдерді үйлестіре алатын ұстаз ғана тәрбиелей алады.

Қорыта айтсақ,жасанды интеллект,СБР және оқытудың жаңа технологияларын (төңкерілген сынып,PBL) математика пәнін оқытуда пайдалану мұғалімге де оқушыға да өте тиімді.

PS: «Мың естігеннен бір көрген артық» дегендей,осы мақаламның соңына математика пәнін оқытуда пайдалануға болатын жасанды интеллекттерге сілтеме орналасқан QR кодты қостым. Осы кодты сканерлеу арқылы қосымша мәліметтер ала аласыз.








Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі