400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА - БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА - БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ


Сейтимова Алмагул Калбековна

Шымкент қаласы, Ю. Сареми атындағы № 107 мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Сабақ беру жай ғана үйреншікті нәрсе емес,
ол – жаңадан жаңаны табатын өнер.
Ж.Аймауытов
.

    Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны. Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік жаңа ұлттық үлгісі қалыптасуда.

    Бүгінгі күннің өзекті мәселесі – оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектеп білімінің негізгі мақсаты оқушының сөйлеу қабілетін жетілдіру болып табылады. Сондықтан баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс істеуі қажет.Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жаңарулар, ақпараттар ағыны, бәсекелестіктің артуы сияқты жағдайлар білім беру мәселесінің алдына жаңа міндеттер қоюда. Жаңа бағдарлама құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу тәрізді құндылықтарға
негізделген. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап – жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы білім беру. Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен ізденуі оқу үдерісіне қойылатын басты талаптардың бірі болып табылады.  Осы талаптарды орындауда қазақ тілін оқытып-үйрету көптеген ізденістерді, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін пайдалануды қажет етеді. Осыған орай қазақ тілін оқыту белсенді әдістерді қолданумен байланысты болып отыр. Белсенді оқыту дегеніміз – баланы ойландыра отырып ойлауға бағыттау. Белсенді әдістерді қолдану өзара түсіністікті, өзара әрекеттестікті, өзара байыптауды қамтамасыз етіп, сабақ барысында материалды жақсы меңгеруге көмегін тигізеді, ең маңыздысы пікірді, қарым-қатынастарды, мінез-құлық машығын қалыптастырады. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауын, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуына емес, оқушылардың белсенді ойлау және практикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді. 

    Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытуда белсенді әдістерді қолдану өте маңызды. Соның ішінде сөздік қорын қалыптастыру, байыту мақсатында мына белсенді әдістерді қолдануға
болады.

Оқу мақсатына жету үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер


1. Өтілетін тақырыпты болжауда: « Сурет галереясына саяхат», « Стоп КАДР» әдістері
тиімдірек болып келеді.

2. « Суреттер: не болды?» әдісі арқылы оқушының зейінін шоғырландыру.

3. Тыңдалым алды:
«Ашық микрофон» әдісі. Бұл әдіс білім алушылардың алдыңғы білімімен жаңа білімді
ұштастыруда тиімді болады.

4. Жазылым алды: Т.Ж. «Кластер» белсенді әдісі.

5. Тақырып бойынша алдыңғы білімді қайталау үшін: « Ішкі және сыртқы шеңбер»
әдісі өте тиімді болып келеді.

6. «Пікірлер базары» белсенді әдісі арқылы «Кейіпкердің» іс-әрекетіне баға беріп,
болжап, әңгіме құрастырады.

7. «БББ» - таныс әдіс. Жаңа тақырып бастар алдында үш бағаннан тұратын кесте
таратылады. Олар нені біледі? Олар нені білгісі келеді? Олар нені білді?

8. Жаңа тақырыпты меңгертуде келесі әдістерді жүйелі қолдануға болады:
«Бабл – габл», «Зуылдақ» , «Ақпаратты сүзу» - оқушылар өз ойларын бір мезетте
мұғалім тоқтатқанша айта береді.
«Ойлан, жұптас, бөліс», « ДЖИГСО» әдістері оқушыларға ойларын жинақтауға, жұпта
бөлісуге, топқа шығып сөйлеуге көмектеседі.

9. Сабақты қорытындылау мақсатында «Автор орындығы», «Қалпақ кигізу», «РАПТ»
белсенді әдістерін қолданған тиімді.

9. « Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы оқушылардың оқуы бойынша білімдері тексеріледі.

10. Рефлексияда жиі қолданылатын әдістер : «Екі жұлдыз, бір тілек», «Стикерлі
алма», «Алақан», « Плюс – минус – қызығамын» кестесі бойынша кері байланыс
жасайды.

Белсенді оқу әдістері

Оқу түрлері:

 Оқу әдістері:

Оқыту стратегиялары:

жұптық

бейнефильм бойынша

 «Блоб» ағашы

ұжымдық

ой бөліседі

«Ой қозғау»

жеке

«Шапалақ»

«ББҮ»

топтық

«Ашық микрафон»

«Мағынаны тап»

●

●

●

Ынтымақтастық орта құруға үйренеді.

 Ойын ашық  білдіруге дағдыланады.

Тұжырымдайды. Ойлау қабілеті  дамиды.







Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері олардың негізінде прақтикалық және ойлау әрекетіне ояту жатыр. Онсыз білімді игеруде жылжушылық болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы оқытудың алдына оқушыларға білім ғана беріп қоймай, танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың,өз бетінше ақыл – ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етеді.Қорыта айтқанда, оқытудың белсенді әдістері – оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық ойлаудың, ізденіс сипат таситын оқыту әдістері, оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Н.Оралбаева, Қ.Жақсылықова. «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту
әдістемесі».

2. С.Қазбаева, С.Рахметова. «Қазақ тілі оқыту методикасы», Алматы, 1991 жыл.

3. Ж.Қалиева. Орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жетілдірудің
өзекті мәселелері.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
131
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі