Жаңартылған
бағдарлама – білім берудегі жаңа
мазмұны
Мақала
авторы : М.Ш.Құттыбекова
Түркістан
облысы, Арыс қаласы
М.Әуезов
атындағы мектеп гимназиясының
қазақ
тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
Еліміздегі
білім беру сaлaсы жaңa жүйеге көшіп
жатыр.Ұлтымыздың болашағына тірек
болар азаматтардың білім деңгейі жоғары,
ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе
алатын, шынайы өмірге бейім жаңашыл
ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде
қарастырып отыр. Ендеше
жаңашыл, соңғы технологияны меңгерген,
әдіс-тәсілдерді игеру жағы мықты орныққан
мұғалім заманға сай оқушыны оқытып,
тәрбиелеп шығарады деп сенемін. Қазіргі
таңда мұғалімдерге қойылатын талаптардың
бірі – оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін
меңгеріп, іс-тәжірибесінде үнемі қолдану.
Мұғалімдер оқып, болашақта қолданатын
оқыту әдіс-тәсілдері оқушыларды оқытудың
ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету
үшін маңызды. Қазіргі кезде үштілділікті
қатар алып жүру, ең маңызды білімнің
талабы болып отыр. Қазақ тілі–
мемлекеттік тіл болса, қарым-қатынас
тіліне –орыс тілін жатқызсақ, ағылшын
тілі-әлемдік кеңістікті тану тілін
оқытуда жаңа идеяларды әр сабағымызда
қолдану, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын
ізденіп, тауып, тарату заман талабы
болып отыр. Оқытудың түрі мен
әдіс-тәсілдері өзгерді. Білім берудің
мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда
болды.осыған байланысты мұғалімдер
алдында сабақтың түрін, типін,
әдіс-тәсілдерімен қатар тиімді оқытуды
басты назарға алу керек екендігін үнемі
естен шығармауымыз керек. Себебі, заман
бір орында тұрмайды. Ағын су қай жаққа
ақса, білім де ағынды су сияқты, таза
бұлақ сияқты жаңашылдыққа жақын жүруі
керк деп ойлаймын. Мемлекетіміздің
білім беру үдерісінде енгізілген
жаңартылған білім беру бағдарламасы
–келешек ұрпаққтың сұранысын
қанағаттандыратын тың бағдалама. Білім
мазмұнын жаңарту тікелей шағармашыл
ізденіс үстіндегі ұстаздарымыздың
қолында деп білемін. Өйткені, шығармашыл
ұстаз — ол әрдайым жаңалық ашуға жақын,
әрі өз кәсіби шеберлігінде
оқушының дарындылығын ашуға
назар аударады. Дарынды аша отырып,
оқушының бойынан түрлі тәжірибелер
арқылы ойын, сөйлеу мәнерін, жұмыс істеу
дағдысын түбегейлі өзгертеді.
Білім
беру мазмұнын жаңарту аясындағы
курстарда көңіл қойып, ой түйетін маңызды
сәттер көп болады: жаңа бағдарлама
бойынша сабаққа қысқа мерзімді
жоспар құрастыру, төрт дағды бойынша
(айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқып
үйренген тренингтер біздің педагогикалық
білімімізді тереңдете түсті. Осы
төрт дағдыны үнемі назарда ұстап отыру,
білім саласындағы тың өзгерістерді
танып-білу, өз біліміңді көтеру үнемі
жаңалыққа ұмтылу қазіргі таңда аса
маңызды.
Ұстаз
еңбегі өлшеусіз, әрдайым еңбегіңіз
жемісті болып, білімді ұрпақ, сапалы
мамандарды тәрбиелей беріңіз демекпіз.
Топпен,
жұпппен, жекелей жұмыстар
істей отырып, бір – бірімізден
үйренеріміз де көп болды.
«Білім
беру мазмұнын жаңарту аясындағы
курстар маған не береді…» деген
сұраққа мен қорықпай , алдымен – ұстаздық
шеберлікті арттырады, білім сапасында
өзгерісті енгізеді, оқушыны белгілі
бір білім шынына жеткізеді»-, деп үлкен
сеніммен айта аламын. Осындай, курстардың
аясында ұстаздар түрлі шешілмей
жүрген жағдаяттарды, жауапсыз жүрген
сұрақтардың жауабын ала алады. Курс
бізді тек білім берудің жодарын үйретіп
қана қоймайды, сонымен қатар өз
өміріңді реттеуге, өзгерістерді енгізуге
жетелейді деп білемін.
Еңбек
жолымды заман талабына сай жаңаша
бастауға, нағыз педагог ретінде танылуыма
бірден – бір жол ашты деп ойлаймын.
Болашақта барлық үйренгендерімді үнемі
жетілдіріп, әрбір сабақтарымда қолданамын
деп нық айтамын.
Білім
берудегі жаңғырту мен инновациялық
үрдістердің жалғасуына ықпал етудің
маңызды факторының бірі мұғалімнің
кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби
шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалық,
әдістемелік, психология-педагогикалық
білім мен дағды ғана емес, педогогтің
жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби
құндылықтары да жатады. ҚР-ның педагог
қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға
арналған үш айлық курс бағдарламалары,
білім беру жүйесінде педагогтар алдына
жаңа міндеттер қойып, оларға үн тастады
десек те болады. Білім мазмұнын
жаңарту
тікелей шығармашылық ізденістегі
мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты.
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы
керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе
есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет
Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман
талабына сай білім беру мәселесі сол
қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз
ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге
жетеді. Қазіргі таңда пәнді жақсы, терең
білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты
толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе
алатын, әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды
білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және
ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын,
құралдарын еркін меңгеретін, оқушылардың
пәнге қызығушылығын арттыра отырып
дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу
бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну
өмір талабы. Тиімді
әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,
оқушылардың білім сапасын арттыру ең
басты мәселе.