Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңартылған бағдарлама– жаңа қадамға жол!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша негізгі нәтижеге бағытталған білім беру моделін құруға бағытталынып, «Мектепте не үшін оқу керек?» күтілетін нәтижеге, кең көлемде дағдыларды дамытумен өлшенеді. Осы орайда айта кету керек, әлемдік білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікке қарай білім алушыны баулу, қоғамнан өз орнын таба білетіндей сапалы маман болуына бағытталынған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Кузембаева Бахыт Ниязбековна

Информатика пәні мұғалімі

«Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі» КММ

ШҚО Көкпекті ауданы Теректі ауылы



Жаңартылған бағдарлама– жаңа қадамға жол!


«.. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде

сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз... »

Н.Ә.Назарбаев


Елімізде бүгінгі таңда білім берудің мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды десе де болады. Қазіргі таңда еліміздің алдында бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына ену мақсаты тұр. Ол мақсатқа жету жолында заман талабына сәйкес, келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізілді.

Жаңартылған бағдарлама бойынша негізгі нәтижеге бағытталған білім беру моделін құруға бағытталынып, «Мектепте не үшін оқу керек?» күтілетін нәтижеге, кең көлемде дағдыларды дамытумен өлшенеді. Осы орайда айта кету керек, әлемдік білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікке қарай білім алушыны баулу, қоғамнан өз орнын таба білетіндей сапалы маман болуына бағытталынған.

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ел ретінде даму стратегиясы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауларында атап өтілгендей қоғамымыздын басым міндеттерінің бірінің жүзеге асырылуы халықтың компьютерлік сауаттылығын қалыптастырумен байланысты.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым–қатынасқа түсу, жеке, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықпен қолдана білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі: спиральді қағидатпен берілуі. Әрине, жаңашылдық болғаннан кейін қиындықсыз болмайды. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. 

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Қорыта айта кетсем, жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айта кеткендей: «Жаңа адамды - тек жаңашыл мұғалім ғана тәрбиелейді». Сондықтан да, жаңартылған оқу бағдарламасы аясында өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Жаңа білім беру бағдарламасы - жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол деп есептеймін.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.01.2019
316
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12