400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Жаңартылған Білім бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға,ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

1


ҚShape1 азақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы « » ___________

№ ____ бұйрығына 1-қосымша  



Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына192-қосымша





Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған
«Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

(оқыту қазақ тілінде)



1-тарау. Жалпы ережелер



  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы

23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  1. Қазақ тілі пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

  2. «Қазақ тілі»оқу пәнін оқытудыңнегізгі міндеттері:

  1. қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану;

  2. тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;

  3. тілдесім мен аудиовизуалды материалды тыңдау барысында өз көзқарастарын білдіру;

  4. көркем мәтін және жай мәтіндерге мақсатқа сай қорытынды жасау, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.



2-тарау. «Қазақ тілі» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


  1. Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

  1. 5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

  2. 6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

  3. 7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;

  4. 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;

  5. 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

5.Оқу мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:

  1. тыңдалым және айтылым;

  2. оқылым;

  3. жазылым;

  4. әдеби тіл нормаларын сақтау.

6.«Тыңдалым және айтылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

1) болжау;

2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;

3) мәтіннен ақпаратты анықтау;

4) негізгі ойды анықтау;

5)тыңдалым материалы бойынша жауап беру және бағалау;

6) сөйлеу мәдениетін дамыту.

  1. «Оқылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. ақпаратты түсіну;

  2. мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;

  3. мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;

  4. мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу;

  5. мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау;

  6. оқылым стратегияларын қолдану;

  7. әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.

  1. «Жазылым» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. жоспар құру;

2) әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;

  1. жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;

  1. эссе жазу;

  2. оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;

  3. мәтіндерді түзету және редакциялау.

  1. «Әдеби тіл нормаларын сақтау бөлімі» келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. орфографиялық норма

  2. орфоэпиялық норма

  3. лексикалық норма;

  4. грамматикалық норма;

  5. пунктуациялық норма.


3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі


10. Бағдарламада «оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 5.2.1.4. кодында «5» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.

11.Оқу мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа берілген:

  1. тыңдалым және айтылым:

Білім алушылар...


5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

1.

Болжау

5.1.

Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

6.1.

Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау.

7.1.

Мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау.

8.1.

Мәтіннен алынған дәйексөздер-ге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау.

9.1.

Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру.

2.

Әртүрлі жанрда

ғы мәтіндерді талдау


5.2.

Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарланды-ру) көтерілген мәселені түсіндіру.

6.2.

Әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтер

дегі (нұсқаулық, құттықтау, хабарланды

ру, өмірбаян, жаңалық, интервью) көтерілген мәселені талдау.

7.2.

Әлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау

8.2.

Әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жолдау, монография және лекциядан үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау.

9.2.

Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас,монография, мақала, Жолдау) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау.

3.

Мәтін

нен ақпарат

ты анықтау


5.3.

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.


6.3.

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау.

7.3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.

8.3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау.

9.3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін, шынайылығын зерттеп, қорытынды жасау.

4.

Негізгі ойды анықтау


5.4.

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

6.4.

Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды

анықтау.

7.4.

Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау.

8.4.

Мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.

9.4.

Мәтіннің мақсатты аудиториясы, автор көзқарасы, көңіл- күйін табу арқылы негізгі ойды анықтау.

5.

Тыңда

лым материалы бойын

ша жауап беру және бағалау


5.5.

Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.

6.5.

Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланысты-ру.

7.5.

Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау.


8.5.

Перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау.

9.5.

Мәтінде көтерілген мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстыру, өз пікірін білдіре отырып, сыни баға беру.

6.

Сөйлеу мәдениетін дамыту


5. 6.

Коммуника

тивтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру.

6.6.

Коммуника

тивтік жағдаятқа сай

ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді

орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу.

7. 6.

Коммуника

тивтік жағдаятқа сай

көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.


8. 6.

Коммуника

тивтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу.


9. 6.

Қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, кең көлемді монолог дайындау.







  1. оқылым:

Білім алушылар..


5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

1.

Ақпарат-ты түсіну

5.1.

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау.

6.1.

Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру.

7.1.

Мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау.

8.1.

Аралас және тұтас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру, өңдеу.

9.1.

Перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы қажетті ақпаратты табу, астарлы ойды анықтау.

2.

Мәтіннің стильдік

Ерекшелі

гін тану




5.2.

Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану.

6.2.

Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

7.2.

Публицистикалық және ресми стиль ерекшелікте

рін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

8.2.

Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшелікте

рін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

9.2.

Қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

3.

Мәтіннің жанрлық ерекшелі-гін ажырату


5.3.

Хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

6. 3.

Қазақша ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылым

дық және

жанрлық ерекшеліктерін ажырату.


7.3.

Хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының, қызметтік жазбалардың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшелікте

рін ажырату.

8.3.

Мақала, аннотация, презентация, тұжырымдамалар, тезистердің құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.


9. 3.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
556
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі