Материалдар / ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚЫТУ МАЗМҰНЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚЫТУ МАЗМҰНЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек пәнінен ғылыми жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2021
733
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ АЯСЫНДА «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚЫТУ МАЗМҰНЫ

  • Автор бұл еңбегінде жаңартылған білім беру үдерісіндегі «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының құрылымындағы білім беру мазмұны оқыту мақсаттарымен сипатталуын, оқыту мазмұнына қажетті құралдары дәстүрлі оқытудың құралдары арасындағы айрықша белгілерін анықтап қарастырған. Соның ішінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері, оқытуды ұйымдастырудың формалары, бағалау критериялары мен оқыту мазмұнын жоспарлау тәсілдері.

  • В данной статье  расматриваются особенности конструирования содержания образования, а именно: основные ожидаемые цели, различие средства обучения от традиционного обучения в образовательной программе «Художественный труд», современые методы, формы обучения, критериальное оценивание, виды и методические способы планирования учебных занятий.

  • In the article considered peculiarities of designing the content of education, namely: the main expected goal difference of the means of learning from traditional learning in the educational program.

Қоғамның жаһандануы, ақпараттық мәдениет пен ғылымның дамуы әлемдік саясатты шиеленістіріп, экологияның дағдарысына, экономика мен әлеуметтік күйзелістерге ұшыратуда. Дүниежүзілік сауда орталығында әрбір дамыған мемлекет өзінің меншікті мүддесін сақтауға жоғары білікті мамандар даярлап, сол адами капитал арқылы сапалы өнімдерді басқа мемлекеттерге сату аясында бәсекелестіктің артуы да шиеленісіп келеді. Осы қоғамдық қиындықтар мен еңбек нарығындағы бәсекелестікке байланысты дүниежүзілік білім беру кеңістігінде, әсіресе, Батыс Европа және Шығыс елдерінің кейбір мемлекеттері қоғамдық жаһандануы үдерісіндегі қайшылықтарды шешуге және бәсекелестікті қамтамасыз ететін мамандарды даярлауға дәстүрлі білім берудің мазмұны мен оны білім алушы тұлғасы бойына меңгертуге бағытталған жаңа тұлғалық құндылықтарды қалыптастырудың тұжырымдамалары түзілуде. Солардың бірі, бәсекелестікке қабілетті, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, икемді, проблемаларды шеше алатын, сын тұрғысынан ойлауы мен  қарым-қатынас қабілеттері жоғары, еңбек үдерісін ұйымдастыру мен жоспарлауды жауапкершілікпен қарайтын, ақпараттық-коммуникациялық техникаларды жетік қолдана алатын дағдылары сияқты[6].

Осының негізінде «білімге» бағытталған білім беру парадигмасы, «құзыретілікке» бағытталған білім беру парадигмасына алмасуы, дидактикалық дәстүрлі «нені оқыту» мен «қалай оқыту» қағидалардың да «нені үйрену» мен «неліктен үйрену» қағидаларына ауысуына ықпал етті.

Дүниежүзілік (халықаралық) білім беру кеңістігіндегі білім беру мазмұны мен оқыту құралдарының өзгерістері негізінде Қазақстанның білім беру үдерісінде педагогикалық процестің түбегейлі өзгеруіне алып келді. Бұл өзгерістер білім беру мазмұны, оқытудың әдістері және оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың жаңа жүйесін түзуге ықпал етті.

Жаңартылған білім беру үдерісінде білім беру мазмұны, енді, нәтижеге бағытталуымен (мақсаттылығымен) сипатталатын болады. Оқыту мақсатының құрылуы мен жүйеленуі АҚШ танымал психологы Б.Блумның таксономиясына (білім, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) негізделеген[6]. Білім беру бағдарламасының оқыту мақсаттары білім беру бағдарламасында үш бөлім арқылы анықталған: идеяларды зерттеу және дамыту; жасау және дамыту; таныстырылым, талдау және бағалау. Ал, мектептің барлық оқу пәндерінің білім беру бағдарламалары, соның ішінде, «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасы немесе оқу бағдарламасының мазмұны Джером Брунердің спиралды тәсілі бойынша құрылған[6]. Білім беру мазмұны бастауыш және жалпы орта мектептің кез-келген  оқу пәні дәстүрлі оқу бағдарламасындағы оқу материалдарының орнына жаңартылған білім беру үдерісінде оқыту мақсатымен ғана шектеледі. Оқу пәнінің оқыту мақсаты жаңартылған білім беру үдерісінің білім беру бағдарламасында анықталады. Ол білім беру бағдарламасы, соның ішінде, кіріктіре білім берудің қағидасына негізделе пайда болған «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыру үш жоспар түрінен құралған: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді. Осы ұзақ мерзімді жоспарда оқыту сабақтарының мақсаты ғана көзделсе, орта мерзімді жоспар мұғалімнің әрбір сабаққа дайындалуына сәйкес әдістемелік ұсыныстар анықталған. Ал,

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!