ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
МАЗМҰНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Айтмурзаева Асемкуль
Абылбекқызы
Шымкент қаласы Ю. Сареми
атындағы № 107 мектеп лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі
Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұндық
ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге
мүмкіндік беретін стратегияларды , әдіс – тәсілдерді жетік білуді
және таңдап қолдануды талап етеді.
Жаңа педагогикалық технологиялар
оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық ойының дамуына ықпалы
өте зор. Мұғалім оқу мен оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді,
шебер қолданса, ұтары мол. Қазіргі таңда осы жаңартылған білім беру
үдерісі көптеген тиімді әдіс – тәсілдерге толы. Осы тиімді оқытудың
әдіс – тәсілдеріне тоқталсам, әдіс – тәсілдердің түрлерін 6 кезеңге
бөліп талдаймыз.
Сабақты бастауға арналған
әдістер.
Тыңдалымға арналған әдістер.
Айтылымға арналған әдістер.
Оқылымға арналған әдістер.
Жазылымға арналған әдістер.
Сабақты қорытындылауға арналған
әдістер.
1. Сабақты бастауға арналған әдістер.
Мысалы: «Ұшақ ұшыру», «Сұрақты ұстап ал» , «Менің есімім»,
«Қар кесегі», «Сәйкестендір», «Ыстық орындық» т.б көптеген
әдістерді қолдану арқылы өткен сабақты қаншалықты меңгергендігін
байқау қиын емес.
2. Тыңдалымға арналған әдістер. Тыңдалым
дегеніміз – өте маңызды тілдік дағдыны қалыптастырады. Тыңдалымға
аудио, видео, сұхбат т.б жұмыс түрлерін қолдануға болады. Бұдан
басқа көптеген әдіс – тәсілдерді келтіруге болады , мысалы:
«Жасырын сөз», «Екі әріп», « Жұппен диктант» т.б.
3. Айтылымға арналған әдістер. Айтылым бірнеше
мақсатта орындалады, қатысу үшін сөйлеу, түсіндіру үшін сөйлеу, өз
білімін байқату үшін сөйлеу т.б. Айтылымда баланың сөйлеу тілі
дамиды, сондықтан әр сабақта айтылымға байланысты әдіс – тәсілдерді
қолданған жөн: «Қар кесегі», «Маршрут ойыны», «Егер мен...»,
«Кемпірқосақ», «Сандық логика», «Дебат» т.б.
4. Оқылымға арналған әдістер. Оқылым бөліміндегі
әдіс – тәсілдер мәтін бойынша сұрақтар қоя білуге, мәтіннің идеясын
, құрылымын анықтауға, мәтінге анализ жасауға негізделеді. Оқылымға
«Бір мәтінмен жұмыс», «Чемодандар», «Еске түсіру», «Белгі қойып
оқу» әдістері өте тиімді.
5. Жазуға арналған әдістер. Жазылымға сөздік,
көру диктанттары, шығармалар т.б жатады. Жазылым үшін әр балаға
сыныптағы оқушылардың фотоларын таратып, сол оқушы туралы қысқаша
әңгіме жазуға тапсырма берген өте қызықты болады. «Аялдама»
әдісімен де жазылымды ұтымды етуге болады.
6. Сабақ қорытындылауға арналған әдістер.
Қорытындылауға арналған әдістердің бір артықшылығы мұғалім бөлім
біткенде оқушылардың білімді қаншалықты меңгергендігін байқай
алады. «Пирамида», «Өз миыңның суретін сал» , «Шаршылар», « Құпия
зат» әдістері соның бір айғағы.
Жаңартылған бағдарлама бойынша өзім
қолданып жүрген бірнеше әдістер оқушыларды проблемаларды шешуге
және шешімдер қабылдай білуге оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы
мен дамуы үшін қолайлы.
Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақтарда
қолданылатын әдіс – тәсілдер сан алуан. Олардың барлығы да
оқушыларға пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірлерін дәлелдей
білуге, шешімдер қабылдап, қиын мәселелерді шеше білуге, терең
ойлана білуге үйретеді.
Міне , осындай әдіс – тәсілдер арқылы сабақта
оқушының жүйелі жұмыс жасауына мүмкіндік туғызу, сабақтың
тақырыбына сай нақты міндет қоя білу – ол әрбір мұғалімнің
шеберлігіне байланысты. Бұл әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша
жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнің алға
қойған міндеті – шәкірттерінің ой – өрісін кеңейту, биік
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақ беруді түрлі әдіс – тәсілдермен
қызықты етіп өткізу, берілген төрт дағдыны үнемі назарда ұстап
отыру, білім саласындағы тың өзгерістерді танып – білу, өз
біліміңді көтеру, үнемі жаңалыққа ұмтылу – қазіргі таңда аса
маңызды.