Жаңартылған білім беру бағдарламасының
өзектілігі
Жаңа
бағдарламада оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі де
өзгерді. Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына
сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін
қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен
шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала
белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға
негізделген процесс.
Осы
бағдарлама аясында оқушыларымыз заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып,
ой-өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттігі бүгінгі
күн талабы. Жаңартылған бағдарлама баланы сыни тұрғыдан ойлантып,
алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді. Оқушыға қалай оқу
керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел -
уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай
алатын, пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда
құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру.
Жаңа
бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль
арқылы ұсынады.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі
мазмұнындағы модульдер:
1. Білім
беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни
тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім
беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім
беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды
пайдалану.
5.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және
оқыту.
7. Білім
берудегі басқару және көшбасшылық.
1.
Білім беру мен білім алудағы жаңа
тәсілдер:
Білім беру
мен білім алудағы жаңа тәсілдер «Диалог негізінде оқыту және оқу»
және метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырады.
Білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатыны - диалог. Диалог
оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат
алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі. Әр түрлі
тақырыпта диалог құрғызу мынадай нәтиже береді: сабақта белсенділік жоғарылайды;
сөздерді есте сақтау
қабілеті дамиды; дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады;
оқуға қызығушылықтары
артады;
2. Сын
тұрғысынан ойлауды дамыту
технологиясы.
Сыни
тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
«Оқу мен
жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»
бағдарламасы бойынша ол: шыңдалған ойлау, кез
келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау; -
күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімге қабылдауға
құштарлық; - үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің
қызығушылығынан тұратын, үйренушінінің сеніміне негізделген
құрылым. «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясын қолдану
төмендегідей нәтиже береді: білім алушының белсенділігін арттыру;
пәнге қызығушылығын
ояту; өзіндік
көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру; зерттеуге икемділігін дамыту; сөйлесім әрекеті белсенділігін
арттыру; білім
алушылар бір - бірімен қарым - қатынас жасай біледі;
басқаларды тыңдауды, кез
келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға. Жалпы, сыни тұрғыдан
ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып дәлелдерді
талдайды.
3.
Білім беру үшін бағалау және оқуды
бағалау
Бағалау —
оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген
тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің
нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Бағалау оқыту үшін бағалау
және оқытуды бағалау деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау әр
сабақта жүзеге асатын үрдіс. Формативті бағалау сабақ барысындағы
барлық іс - әрекет бойынша оқушының білім, білік деңгейіне қоса
дербес ойлауы, түсінігі, тіпті тәртібі т. б. бағаланады. Ал,
сумативті бағалау немесе жиынтық бағалау оқушының белгілі бір
кезеңдегі бақылаулар, білімді тексеру тестісі кезінде көрінетін
білім деңгейінің өлшемі.
4.
Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды
пайдалану.
Ақпараттық
- коммуникациялық технологияның тиімділігі - келешек ұрпақтың жан -
жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол
ашатын педагогикалық - психологиялық жағдай жасауында. Сондай - ақ,
интерактивті тақта арқылы әр түрлі грамматикалық тапсырмаларды
орындау, мәтіндермен, жаңа сөздермен түрлі жұмыстар жүргізуде,
сөздерге талдау жасауға, уақытты үнемді пайдалануға, оқушылардың
ынтасын арттыруға қажетті әрі пайдалы құрал. Әр түрлі тест
тапсырмаларын жүргізіп, оқушылардың білім сапасын бақылауда да
компьютерлік технологияның үлесі зор.
5.
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Дарынды
оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты — олардың шығармашылық жұмыста
өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа
жету - оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық
белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады
6.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және
оқыту.
Еш нәрсеге
бейімділігі жоқ, қабілетсіз бала болмайтыны педагогикада
дәлелденген. Жалпы шәкірт бойына білім
нәрін сіңіруде ең бастысы оқушының жас ерекшеліктерін ескеру
қажет. Топтық
жұмыс немесе диалог барысында оқушының жас ерекшелігін ескере
отырып жұмыстану - бұл мұғалімнің жан - жақты ойластырылған
шеберлігін қажет етеді.
7.
Білім берудегі басқару және
көшбасшылық.
Мұғалімнің
көшбасшылық қабілеті ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, яғни,
өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістемесі, оқушылардың
қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация,
техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды
пайдалану.
Қорыта
айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні - баланың функционалдық
сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған
білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Жаңартылған оқу
бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін,
бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер
ғана жұмыс істей алады.
Арал көпсалалы колледжінің ағылшын тілі пәні
оқытушысы,
Алдасбергенова Ултуган
Актлеуовна