Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім сапасын мониторинг жасау (іс-тәжірибесінен)
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім сапасын мониторинг жасау
(іс-тәжірибесінен)
Алматы қаласы №156 жалпы білім беретін мектеп
директорының оқу-тәрбие істері жөніндегі
орынбасары Темірғалиева Манар Бидахметқызы
Критериалды бағалау жүйесін енгізу нәтижелерін қадағалау жолдарымен бөлісу мақсатын жүзеге асыруға байланысты Алматы қаласындағы Алатау аданының №156 ЖББ мектебінің тәжірибесін ұсынып отырмын. Аталған мектеп білім алушыларды 3 тілде (қазақ, орыс және ұйғыр тілдерінде) оқытуда. Мектеп іргетасы 1932 жылы қаланған. Мектепте оқушылардың сапалы білім алып, саналы тәрбиеленуіне барлық жағдайлар жасалған. «Жас ұрпақ – мемлекетіміздің мығым тірегі» деген сөзінен көрініп тұрғандай, Елбасымыздың болашаққа арналған бағдарламаларын жүзеге асыру қолға алынған.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Білім берудің негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында белгіленген «орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс, оларды оқыту нәтижесі сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деген міндетін орындауда мұғалімдердің біліктілігі қашанда бірінші орынға шығады. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болуда.
Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдері жаңа бағдарлама бойынша тынымсыз еңбек етуде. Жаңартылған білім мазмұнын оқу үрдісіне енгізуде мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар болып бірлесе жұмыс атқаруда. Кез келген ата-ананың көкейінде «Бұл бізге не береді?» деген сауалдың болуы заңды. Қолданыстағы білім мазмұнымен салыстырып көретін болсақ, мәселен, қолданыстағы білім «Мектепте нені оқытады?» деген сұрақ аясында болып, баланың теориялық біліміне, яғни, бала біледі және түсінеді дегенге бағытталған. Ал қазіргі жаңартылған білім мазмұны «Мектепте не үшін оқу керек?» деген сұрақ аясында болып, білім мазмұны күтілетін нәтижеге және баланың бойындағы түрлі дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі - пәндер бойынша ортақ тақырыптардың болуы. Жаңадан енгізілген пәндер қатарында ағылшын тілі, жаратылыстану және ақпараттық технология сынды заманауи қажеттіліктерге байланысты жүргізілетін пәндер бар. Жаратылыстану пәнінде (химия, физика және биология пәндері), дүниетану пәнінде (география, тарих, қоғамтану) алғашқы ұғымдары қалыптастырылады. Жекеленген пәндерде үш тілділік мақсатын жүзеге асыруда тақырыпқа қажетті тірек сөздердің қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сабақта қолданылуы жүзеге асады. Оқу мақсаттарының белгіленіп беріліп, сол мақсаттар бойынша оқушылардың оқу жетістігін «жетті», «талпынды» деп бағалау жүргізіледі. Әрбір оқушы үшін оқу мақсатына жетудегі оқушының үлгерімін көрсететін портфолио жинақталып, ол қалыптастырушы бағалау үшін қолданылады. Бұл бағдарлама бойынша жетістіктермен қатар, жекелеген пәндер бойынша қиындықтар да кездесті.
Оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын критериалды бағалау болып табылады. Критерийлер – оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Критериалдық бағалау бұл – білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
Елбасымыз Н.А. Назарбаев «Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін, біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек» дей келе, өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығына аса назар аударуды талап етіп отыр. К.Ушинский: «Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады», - деген екен. Бүгінгі күн- білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезең. Бұл жөнінде Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын жоғары индустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген еді. Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы – қазіргі білім берудегі жаңа және нақты жағдайға икемделу дегенді білдіреді.
Білім мазмұнын жаңғырту – сапалы білім, жарқын болашаққа негізделген.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім сапасын мониторинг жасау білім алушылардың білім сапаларын арттыруға, жетілдіруге және салыстыра отырып, талдауға, білім алушылардың білімдеріндегі нақты олқылықтарды, кемшіліктерді анықтап және оларды жою шараларын ұйымдастыруға жетелейді.
Мониторинг дегеніміз не?
-
Білім беру процестерін жетілдірудің жетекші бағыттарының бірі, қазіргі кезеңде, мектеп қауымдастығының барлық мүдделі қатысушыларын жұмылдыра отырып, білім беру сапасын дамыту және бақылау мониторингі арқылы мектепті басқару жүйесін жасақтау болып табылады.
-
Мониторинг – диагностика жүргізуге және болжамдалған нәтижелерге сәйкес мектептің оңтайлы қызмет етуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, мектепті көп деңгейлі басқарудың маңызды жүйелерінің бірі.
Мониторинг бізге не береді?
-
Мониторингтің көмегімен біз белгілі бағыттарды бақылай аламыз және іс жағдайының қиындықтарын тұжырымдаймыз, қалаған және шыққан нәтижелер арасындағы айырмашылықтар себебін түсінеміз, алға қойған мақсаттарға жету үшін не істеу керектігін ұғынамыз.
Мониторинг жүргізудің мақсаты:
-
Білім сапасын бақылау/көтеру;
-
Критериалды бағалау жүйесін енгізудегі қиындықтарды айқындау;
-
Білім стандартының орындалуын қадағалау;
-
Оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерінің тиімділігін бағалау;
-
Өз педагогикалық іс-әрекетін ұштауына мұғалімдерді ынталандыру.
5-сыныптардың 1-тоқсан қорытындысын бастауыштағы жыл соңындағы білім көрсеткіштерімен салыстыру
Сыныбы |
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
Үлгерімі |
Сапасы |
Айырмасы |
Мұғалімі |
|||||||
4 кл |
5 кл |
4 кл |
5 кл |
4 кл |
5 кл |
4 кл |
5 кл |
4 кл |
5 кл |
4 кл |
5 кл |
|
|
||
5 А |
7 |
3 |
7 |
8 |
12 |
15 |
|
|
100 |
100 |
52 |
43 |
-9 |
|
|
5Б |
5 |
4 |
6 |
6 |
15 |
15 |
|
|
100 |
100 |
42 |
40 |
-2 |
|
|
5 В |
6 |
1 |
10 |
12 |
10 |
14 |
|
|
100 |
100 |
62 |
48 |
-14 |
|
|
5 Г |
8 |
7 |
9 |
9 |
9 |
8 |
|
|
100 |
100 |
68 |
57 |
-11 |
|
|
5 Д |
6 |
4 |
9 |
8 |
10 |
14 |
|
|
100 |
100 |
60 |
46 |
-14 |
|
|
5 Е |
7 |
8 |
8 |
8 |
10 |
12 |
|
|
100 |
100 |
60 |
57 |
-3 |
|
|
5 Ж |
2 |
1 |
10 |
7 |
11 |
19 |
|
|
100 |
100 |
52 |
29 |
-23 |
|
|
5 З |
1 |
770 ₸ - Сатып алу
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз Барлығы 663 959 материал жиналған
Осы аптаның ең үздік материалдары Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін тақырыптармен дайындаймыз Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады Толығырақ |