Алматы
облысы «Ескелді ауданы әкімдігінің
Жалғызағаш орта мектебі мектепке дейінгі
шағын орталығымен» КММ-нің
математика пәнінің мұғалімі Самархан
Арайгүл
Жаңартылған
білім беру мазмұны бойынша оқытудағы
жаңа әдіс-тәсілдер
Жаңартылған
білім берудің маңыздылығы-оқушы тұлғасына
үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын
құра отырып, сын тұрғысынан ойлау,
зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе
жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті
қарым-қатынасқа түсу, жеке, топта жұмыс
істей білу, функционалды сауаттылықты,
шығармашықпен қолдана білу.
Оқытудағы
әдіс-тәсілдердің ішіндегі интербелсенді
әдіске келер болсақ, интербелсенді
әдіс-үйретуші мен үйренушілердің өзара
әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын
және сондай қатынасқа жағдай жасайтын
әдістер. Ең бастысы, мұнда мәселені шашу
жолдары жауапқа қарағанда маңызды
екенін түсіну қажет. Мақсаты-тек ақпаратты
беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды
өз бетінше табу дағдысын меңгерту
екендігімен байланысты.
Интербелсенді
әдісте оқушылар төмендегідей білім,
білік, дағды, машықтарға үйренеді:
Терең
ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді
дамыту;
Өз
идеялары мен әрекеттерін талдау және
оларға баға беру;
Ақпаратты
өздігінен түсініп, жан-жақты талдау;
Өздігінен
жаңа түсінік пен білім құрастырау;
Пікірталастарға
қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;
Шешім
қабылдау және қиын мәселелерді шешу;
Интербелсенді
әдістер қолданған сабақтарда сыныптағы
екі немесе үш-төрт топқа бөліп, барлығына
бірдей бір тапсырма не әр топқа бөлек-бөлек
тапсырма беруге болады.
Оқыту
барысында пікірталасқа негізделген
және оқыту үдерісінде қолданылатын
дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді
әдістерді пайдаланудың тиімділігі
ерекше, дидактикалық ойындар оқушылардың
білім алуға деген ынтасын, белсенділігін
арттырып, алған білімдерін тәжірибеде
дұрыс қолдануға көмектеседі. Ойын
барысында оқушылардың бойында жағдкаятты
бағдарлау, жағдайға талдау жасай білу,
жағдаят кезінде өзінің атқаратын рөлін
сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері
арасында байланыс орнату, қарым-қатынас
жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана
білу сияқты қабілеті жетіледі. Оқушылар
тек тыңдаумен ғана айналыспай, білім
алуда белсенді әрекет ету керектігін
сезінеді. Жаңарту және критериалды
бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан
мұғалім өз шеберлігін көрсетеді. Белсенді
оқу аясында көңілді білім алады.
Оқытуда
өз тиімділігін көрсететін ойын түрлері:
«Позиция
таңдау» әдісі.
Қандай
да бір тұжырым оқылып, оқушылар «Иа»,
«Жоқ» және «Мүмкін» деп жазылған
плакаттарда өздерінің қай көзқарасты
таңдағанын көрсетеді. Олар өз ұстанымдарын
ауызша дәлелдеп беру керек.
«Маршрут»
ойыны.
Бұл
ойын чайнворд ұстанымы бойынша жүреді.
Чайнворд (ағыл. Chain-шынжыр және word-сөз)
бас қатыру есебі-ойланып табылған сөздің
әріптерін, алдыңғы сөздің соңғы әрпі
болып табылатындай етіп, бірінің соңына
бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге
сөздер толтырады.
«Қара
жәшік» ойыны.
Оқушылар
екі топқа бөлінеді. Стол үсітіне екі
жәшік қойып, ішіне көзілдірік, түйме,
гүл, желпуіш, айна т.б. заттар салады.
Оқушының міндеті жәшік ішіндегі затты
өмірде қай кезде, қалай қолданатынын
сипаттап айту керек қарсы топ оларды
жсырып отырған затын айтқан сөздеріне
қарап табу керке.
«Ыстық
орындық» әдісі.
Берілген
тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға
жылдам жауап беру керек, себебі, орындық
ыстық.
«Броундық
қозғалыс» әдісі.
Оқушылар
сыныпты шарлап, талқыланатын мәселелер
бойынша ақпрат жинап, басқалармен
пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда
оқушыларға партаға отыруға болмайтындығы
ескертіледі.