Материалдар / Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі ұстанымы – функционалдық сауаттылықты арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі ұстанымы – функционалдық сауаттылықты арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика күнделікті өмірде жиі кездеседі және қолданылады. Ендеше, белгілі бір математикалық дағдылар әрбір адамға қажет. Кез келген адам сандар ұғымын түсініп, сандарға әртүрлі амалдар қолдана алуы керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Наурыз 2022
391
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі ұстанымы – функционалдық сауаттылықты арттыру



Айдарова Жазира Достаевна

Шымкент қаласы, №69 ЖБОМ

Математика пән мұғалімі


Мемелекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын бағдарлама. Жаңартылған білім беру моделі баланың функционалдық сауаттылығын арттыруға назар аударады. Бұл дегеніміз алған білімді қалтарыста қалдырмай, оны өмірде қолдану, тәжірибемен ұштастыру.

РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.
РІ
SА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша үш жылда бір рет жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады.

Математикалық сауаттылық 6 деңгейлі тапсырмалардан тұрады.

I,II деңгейлі тапсырманы орындағандар төмен нәтиже көрсеткішті, III,IV деңгейлі тапсырманы орындағандар орташа нәтиже көрсеткішті, V,VI деңгейлі тапсырманы орындағандар жоғары нәтиже көрсеткішті көрсетеді.

Ұлттық жоспардағы функционалдық сауаттылықты дамытудың төрт негізгі тетігі: Бірінші механизм – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Екінші тетік – оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту. Яғни, функционалдық сауаттылықты дамыту біліу – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін біртіндеп мектеп өміріне енгізу.

Математика күнделікті өмірде жиі кездеседі және қолданылады. Ендеше, белгілі бір математикалық дағдылар әрбір адамға қажет. Кез келген адам сандар ұғымын түсініп, сандарға әртүрлі амалдар қолдана алуы керек.

Математикалық білімдер мен дағдылар кез келген кәсіпте, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарымен, техникамен, және экономикамен байланысты салаларда өте қажет. Математикалық білімсіз және ойлаусыз журналист те, дәрігер де, лингвист те күн көре алмайды. Математикалық білім беру тұлғаны қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.




PISA тапсырмасына арналған мысал: «АЛМА АҒАШТАРЫ»

Шаруа бақ учаскесіне суретте көрсетілгендей шаршы пішінінде алма ағаштарын отырғызады. Алма ағаштарын желден қорғау үшін ол учаскенің шет-шетіне қылқан жапырақты ағаштар отырғызады. Төмендегі суретте n-нің бірнеше мəніндегі алма ағаштары мен қылқан жапырақты ағаштар отырғызылуының схемасы көрсетілген,

n – отырғызылған алма ағаштары қатарының саны. Бұл тізбекті n-нің кез-келген саны үшін жалғастыруға болады.

Сұрақ 2: АЛМА АҒАШТАРЫ

Жоғарыдағы тізбекте қарастырылған отырғызылған алма ағаштары мен қылқан

жапырақты ағаштары саны мына үлгіде есептеледі:

Алма ағаштары саны = ,

Қылқан жапырақты ағаштар саны = 8n ,

n – отырғызылған алма ағаштары қатарының саны.

n-нің қандай мəнінде алма ағаштары саны олардың айналасына отырғызылған

қылқан жапырақты ағаштарының санына тең болады?

Шешуін жазыңдар.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Сұрақ 3: АЛМА АҒАШТАРЫ

Фермер өз учаскесіндегі алма ағаштары қатарының санын біртіндеп көбейтуді шешті деп жобалайық. Бұл жағдайда қайсысы тез көбейеді: отырғызылған алма ағаштары саны ма, əлде қылқан жапырақты ағаштар саны ма?

Өз жауаптарыңды түсіндіріп жазыңдар.


------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру барысында төмендегідей нәтижелер көрініс табады:

  • Оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті;

  • Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуі;

  • Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамуы;

  • Оқушылардың білім,білік,дағдылары құзіреттілікке ұласуы;

  • Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дамуының өлшемі;

  • Оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін табу құзіреттіліктері артады.

Математиканы оқыту барысында оқушының өзі таңдаған кәсіптік бағытындағы мазмұнды есептерді шығару математикалық білімді өмірімен ұштастыруға, алған білімдерін еңбекпен байланысты іс-әрекеттермен қолдана білуге көмектеседі. Мектеп ешуақытта қоғамның, мәдениеттің, ғылым мен білімнің жаңалықтарынан тыс қалып қоймай, үнемі оқушылардың бойына іскерлік пен дағдыларды қалыптастырып, дүниетанымдарының кең болуын қамтамасыз етіп отырғаны жөн. Ал қоғамның жаңалықтарынан алшақтау, дамыған мактептен білім алған оқушының теориялық және практикалық білімдері, ақпараттың дамып отырған уақытында жеткіліксіз болып қала бермек. Міне сондықтан мектептің білім мазмұнын қайтадан қарап, заман талабына сай өзгерту, бүгінгі таңдағы басты мәселеге айналып отыр. «Елдің дамуы оның білім беру жүйесі арқылы бағаланатын болады»-деп Елбасы айтқандай, шынында да білім беру бүгінгі таңда үлкен капиталға айналу үстінде.

Функционалды сауатты адам-қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзіреттіліктерді меңгерген адам болып саналады.


Қолданылған әдебиеттер:

1.[ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауы: «Қазақстан жолы -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір келешек»];

2.[Функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған 2012-2016 жж.ұлттық іс қимыл жоспары. 25.06.2012. № 832 Үкімет қаулысы];

3.[Қазақстан Республикасында білім берудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2011ж];

4. [Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. Астана, 2012 г];

5. [«Оқушы дәптері» диск. «Өрлеу» педагог қызметкерлердің біліктіліктілігін арттыру институты];

Интернет-ресурсы http: //www. akorda. kz/ru/page/ page_poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-n-nazarbaeva-narodu-kazakhstana_14-dekabrja_2012-d-1357813742 htt: //www.ruscenter.u/319.html.
















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!