Материалдар / ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ:ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ,ОЙЛАУ,КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ:ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ,ОЙЛАУ,КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістер білім беру ортасын жақсартуды, ұлттық, әлеуметтік және жеке қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандыратын тәрбие мен оқыту міндеттерін қоюды талап етеді.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ:ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ,ОЙЛАУ,КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ


Шокеева Гульжанат Жаксылыковна

Астана қаласы әкімдігінің

«№82 «Дарын» мамандандырылған лицейі»КММ


Қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістер білім беру ортасын жақсартуды, ұлттық, әлеуметтік және жеке қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандыратын тәрбие мен оқыту міндеттерін қоюды талап етеді. Оқытуды ынталандыру және қолайлы білім беру ортасын құру үшін ең жақсы оқыту әдістері мен стратегияларын қолдану оқушыларды оқыту кезеңдеріне дайындау үшін маңызды. Мұғалім қандай пәнді оқытса да, бірқатар мақсаттарға сүйене отырып, оқушыларға берік, жан-жақты түсінік береді.

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке арналған «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасында жаратылыстану бағытында білім беру кіші мектеп жасындағыларда табиғи білімқұмарлықтың дамуына, әлем жайлы ой-өрістің кеңеюіне, ғылыми ұғынудың және қоршаған әлемді тұтастай қабылдаудың дамуына, қоршаған әлемді қорғау және бағалай білу біліктіліктерінің дамуына көмектесетіндігі көрсетілген. Сонымен қатар «Жаратылыстану» пәнінен оқу бағдарламасы зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталғаны анықталған [1].

«Жаратылыстану» пәні мұғалімдері оқушылармен бірге белсенді сынып ретінде бірлесіп жұмыс істейтін орта жасайды. Оқушылар табиғат әлемі және оны түсіну үшін қажетті ғылыми принциптер туралы білімді меңгереді. Мұғалімдер жаратылыстану пәндерін оқу бағдарламасына сәйкес оқыту бойынша білімдерін кеңейтіп, жаратылыстану саласында теориялық және практикалық білімдер мен дағдыларды меңгеруі оқушылардың дүниетанымын, табиғат заңдарын тануын, ойлаудың ғылыми тәсілін қалыптастыруына мүмкіндік береді. 

Оқушылардың зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамыту

Жаратылыстану оқу бағдарламасында «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқу үдерісінде «білім алу жолдарын білетін», өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады»  - деп көрсетіледі [1]. Оқу бағдарламасында сипатталғандай жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстану бұл шын мәнінде оқушыларға бағытталған оқытуды ұйымдастырудың заманауи және инновациялық оқыту әдістерін қолдану қажеттілігін анықтайды. Осы мақсатта оқыту әдістері зерделеніп, Ю. К. Бабанский, В. П. Беспалько, П. Я. Халперин, Таубаева Ш.Т., Қараев Ж.Ж., Құсайынов Г.М., Жанпейісова М.М. және т.б. еңбектері қарастырылды. Сонымен қатар қазақстандық ғалымдар Өстеміров Қ., Әбдікәрімов Б.Ә., Әбдіров Ә.М. және т.б. оқушылардың ынтасын арттыруға және оқуға қызығушылық тудыруға көмектесетін оқытудың интербелсенді әдістерін зерттеу жұмыстары зерделенді.

Пәнді оқыту үрдісінде стандартты ең көп таралған әдістеме үлгісі дәріс формасында баяндау әдісімен қатар мұғалім мен мектеп жұмысының табысты болуы үшін интербелсенді оқыту әдісі қолданылды. Интербелсенді оқыту – бұл білім беру процесіне мұғалім мен оқушылардың тұрақты, белсенді әрекеттесуімен жүзеге асырылатын оқыту [2]. Интербелсенді оқытудың негізгі мақсаты – іс-әрекетті мұғалімнен оқушыларға беру, оқушының оқуын басқару, оқушылардың бірлесіп оқуына мүмкіндік беру және оқу үдерістерін бағалау.

Бастауыш мектептің білім беру кеңістігінің өзгеруі, оның ішінде білім беру мақсаттары мен міндеттерін - оқыту әдістерін (монологтан диалогқа), білім беру технологияларын (стимулдан - өзара әрекеттерге көшу), педагогикалық диалог пен өзара әрекеттестіктің өзгеруі, мұғалім мен оқушының қарым-қатынасын көрсетеді [3]. Оқыту барысында оқушылардың зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктілік негіздерінің қалыптасуына мұғалімнің сыныптағы міндеттері көбінесе фактілер мен сандарды және негізгі дағдыларды үйретуден асып түседі. Мұғалім өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға), демек диалог арқылы «сұрақ қою-жауап беруге» негізделген интербелсенді оқыту әдісін қолданады. Сонымен интербелсенді оқыту дегеніміз «үйретуші - үйренуші», «үйренуші - үйренуші», «үйренуші - өзімен өзі» форматтарында «әңгіме», «сұхбат», «пікірлесу», «бірлескен әрекеттер», «сұрақ-жауап» арқылы қарым-қатынас [4].

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке арналған «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасында қарастырылған оқушылардың зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдыларын меңгеру деңгейінің қалыптасуын және дамуын зерттеу мақсатында №82 «Дарын» мамандандырылған лицейінде 4 сыныптың 23 оқушысына бір тоқсан бақылау жүргізілді.

Бақылап – зерттеуге, ең алдымен, бақылаушы – «Жаратылыстану» пәнінің мұғалімі, зерттеу объектісі – 4 «Д» сыныбының оқушылары, сондай- ақ құралы – «өзара қарым-қатынасқа негізделген оқыту,  диалог арқылы «сұрақ - жауап»» әдісі және өлшеу құралына оқушыларды бағалау кірді. Оқушыларға бақылау бастамас бұрын алдын ала тест алынды. Тестті бастауыш білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) тест спецификацияларына сәйкес жасалынды. Тест спецификациясы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім  министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны ресми сайтынан алынды [5]. Тест нұсқасы білім беру ұйымдарының жаңартылған білім беру мазмұнына көшуіне байланысты талаптарды ескере отырып құрастырылды. Бұл тапсырмалар оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеті мен функционалдық сауаттылығын тексеруге бағытталған [6]. Тест тапсырмаларының жалпы саны – 16. Тесті толық орындауға 25 минут берілді. Оқушылардан алынған тест нәтижелері бақылау барысында талдау үшін қолданылады. Бағалау Қазақстандағы жаңартылған бағалау жүйесіне сәйкес оқушылардың жеткен оқу жетістік деңгейі тапсырманы орындау пайызына сәйкес анықталады [7]. Оқушылардың тест нәтижесін бағалау деңгейлер бойынша алған ұпайларды бөлу көрсеткіштері қолданылды (1-кесте).

1-кесте. Балдарды деңгейлермен сәйкестендіру шәкілі


Деңгейлер

Тапсырманы орындау пайызы

Ұпайлар бөлу көрсеткіші

төменгі шек

жоғарғы шек

Өте жоғары

85-100

14

16

Жоғары

65-84

10

13

Орта

40-64

6

9

Төмен

0-39

1

5

Сонымен қатар, бақылау кезеңдерінде қолданылатын тәжірибе мен логикалық ретпен құралған сұрақтар бойынша кейбір тақырыптардың мысалдары беріледі. Бақылау барысында келесі әдіс принциптері пайдаланылды:

барлық білім баланың ішінде, мұғалім сырттан ештеңені үйрете алмайды;

сұрақтарды оның жауаптарымен байланыстыру арқылы білімді ерекшелеуге болады.

Бақылау келесі кезеңдерді қамтыды:

1. Мұғалім сабақты түсіндіре отырып, тәжірибе жүргізу мен сұрақ қою арқылы оқушылардың жаңа материалды меңгеруін белсендіру кезеңі.

2. Оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтар дайындап, оларды логикалық ретпен орналастырып, дәптерге жазу кезеңі.

Бақылау кезеңдерде «Сұрақ қою» әрекеті оқушылардың назарын мазмұнға, негізгі идеяларға және мазмұнды түсінуді тексеруге аударады. Оқушылар үшін өз сұрақтарын қою – жаңа білімді қабылдау, білім олқылықтарын толтырудың алғашқы қадамы. Оқушылардың сұрақтары олар үшін пайдалы функцияларды атқарғанымен қатар, олар оқушылардың белсенділігін ынталандыру арқылы мұғалімдерге де көмектеседі. Сондықтан біз жаратылыстануды оқытуда сұрақ қоюды қолдануды ажырата отырып, сұрақ қоюдың рөлін зерттейміз.

Бақылау барысында мұғалім өзара қарым-қатынасқа, диалог арқылы «сұрақ қою-жауап беруге» негізделген әдіс тек оқу процесінде оқушыларға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар мұғалім үшін педагогикалық құрал ретінде пайдалы қызмет атқаратынына негізделеді.

Бақылаудың бірінші кезеңі: Мұғалім сабақты түсіндіре отырып, тәжірибе жүргізу мен сұрақ қою арқылы оқушылардың жаңа материалды меңгеруін белсендіру кезеңі.

Сұрақ қою кезінде оқушылардың қабілеті, сұранысы, қызығушылығы ескерілді. Бұл оқушылардың пәнді оқуын және қабылдауын көздейді.


Зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар оқушылар өмірде табысқа жету үшін қажетті негізгі дағдылар болып табылады. Бұл дағдылар оқушылардың қоршаған ортаны тиімді түсінуіне көмектеседі. Бақылау барысында мұғалім өзара қарым-қатынасқа, диалог арқылы «сұрақ қою-жауап беруге» негізделген әдіс жаратылыстану пәні бойынша материалды меңгеруде тиімді екенін көрсетті. Сонымен қатар, жүргізілген бақылаудан диалог арқылы «сұрақ қою-жауап беруге» негізделген әдісті қолдануда келесі ұсыныстар нәтиже беретіні анықталды.

(і) Біліміне жауапкершілікпен қарау. Жаратылыстану пәні бойынша сұрақтар бізді қоршаған әлемге деген қызығушылық, сондай-ақ нақты әлемдегі мәселелермен өзара әрекеттесу арқылы туындайды. Оқушылардың сұрақтары ең алдымен өткен тақырып туралы ойланғанын және оны басқа білетін нәрселермен байланыстыруға тырысқанын көрсетеді. Бұл ретте, тақырып бойынша қойылған сұрақтың дұрыс жауабы немесе оқушылардың ойлана жауап беруі, олардың жақсы сезінуіне мүмкіндік береді. Сондықтан оқушылар меңгерген білімі болашақта маңызды екенін түсініп, ойлауы керек.

(іі) Жауаптарына нақты болу. Жауап беру барысында оқушылар өз ойларын нақты тұжырымдап, түйінді сөйлеулері керек. Айқын жауап беру, тақырыпты түсіну үшін өте маңызды. Сонымен бірге, ашық ойларды дамыту үшін олар жазу керек. Оқушылар сұрақтың жауабын жазғанда және қайталағанда, жазғандары туралы ойлануға мүмкіндік алады. Бұл оқушылардың ойларын нақтылауға көмектеседі.

(ііі) Ауызша өзара әрекеттесу. Оқушылардың бірі-біріне сұрақ қоюы, жауабын тыңдауы, талқылауы – ойлау, коммуникативтік дағдыларын дамытудың ең жақсы тәсілдерінің бірі. Оқушылардың өзара әрекеттесуі тақырып бойынша білімдерін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар оларға ұтымды дәлелдер дайындауға көмектеседі.

(іv) Белсенді тыңдауды үйрену. Тақырыпты тиімді меңгеру үшін оқушылар белсенді тыңдаушы болуы керек. Дұрыс жауап беру үшін олар алдымен басқа адамның не айтып жатқанын түсінуі керек. Белсенді тыңдауды жаттықтыру оларға жақсы сөйлеуші ​​болуға көмектеседі.

(v) Тәжірибе сабақтарға қатысу. Кез келген тақырып бойынша жүргізілген тәжірибе жұмыстарына қатысып, алдын ала дайындалған мәтінсіз тәжірибе нәтижесін айтуды жаттықтыру, тақырып бойынша өз ойларын айтуға көмектеседі.


Қорытындылай келе, жаратылыстану пәндерін оқыту үдерісінде интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану оқушылардың өз бетінше ойлауына, логикалық сұрақтар құруына, оқушылардың шығармашылық көзқарастарын дамытуға, зерттеу, коммуникативтік дағдыларын қалыптасуына негіз жасалды деп айта аламыз. Қалыптасқан дағыдылар нәтижесінде мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында бастауыш білім беру ұйымдарында жүргізілген ББЖМ-дан жоғары нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар, берілген әдістерді қолдану арқылы оқушылардың зейінінің жақсарғаны анықталды. Бұл әдістер оқушыларды жаңаша оқытуға ғана емес, сонымен қатар олардың оқу үлгерімін арттырды. Сыныптағы оқу мен түсіну деңгейін бағалау қабілеті артты. Оқушыларда мотивацияны қалыптастыруды қамтамасыз етіп, бұл өз кезегінде заманауи оқушы тұлғасын қалыптастыруға ықпал етті. Зерттеу оқушыларға сұрақ қою дағдыларын нақты тақырыпты оқыту және бірлескен топта жаңа мазмұнды материалды меңгеруді қоса алғанда, жаратылыстану пәніне қатысты тапсырмалардың ауқымын жақсартуға әкелуі мүмкін екенін көрсетті.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!