Материалдар / Жаңартылған білім бойынша – жаңаша көзқарасым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған білім бойынша – жаңаша көзқарасым

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беретін мұғалімдерге кеңес ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
207
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Заречный мектеп-лицейі" ММ


Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

Майконова Райхан Ержанқызы.



Жаңартылған білім бойынша – жаңаша көзқарасым

Елімiздегi білім беру сaлaсы жaңa жүйеге көшіп жатыр.Ұлтымыздың  болашағына тірек болар азаматтардың білім деңгейі жоғары, ой өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуді басты фактор ретінде қарастырып отыр.  Ендеше жаңашыл, соңғы технологияны меңгерген, әдіс-тәсілдерді игеру жағы мықты орныққан мұғалiм заманға сай оқушыны оқытып, тәрбиелеп шығарады. Қазіргі таңда мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп, іс-тәжірибесінде үнемі қолдану. Мұғалімдер оқып, болашақта қолданатын оқыту әдіс-тәсілдері оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз ету үшін маңызды. Қазіргі кезде үштілділікті қатар алып жүру, ең маңызды білімнің талабы болып отыр.  Қазақ тілі– мемлекеттік тіл болса, қарым-қатынас тіліне –орыс тілін жатқызсақ, ағылшын тілі-әлемдік  кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабағымызда қолдану, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын ізденіп, тауып, тарату заман талабы болып отыр. Оқытудың  түрі мен әдіс-тәсілдері өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.осыған байланысты мұғалімдер алдында  сабақтың түрін, типін, әдіс-тәсілдерімен қатар тиімді оқытуды басты назарға алу керек екендігін үнемі естен шығармауымыз керек. Себебі, заман бір орында тұрмайды. Ағын су қай жаққа ақса, білім  де ағынды су сияқты, таза бұлақ сияқты жаңашылдыққа жақын жүруі керк деп ойлаймын. Мемлекетіміздің білім беру үдерісінде енгізілген  жаңартылған білім беру бағдарламасы –келешек ұрпаққтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдалама. Білім  мазмұнын жаңарту тікелей шағармашыл ізденіс үстіндегі  ұстаздарымыздың қолында деп білемін. Өйткені, шығармашыл ұстаз — ол әрдайым жаңалық ашуға жақын, әрі  өз кәсіби шеберлігінде  оқушының дарындылығын ашуға   назар аударады. Дарынды аша отырып, оқушының бойынан түрлі  тәжірибелер арқылы ойын, сөйлеу мәнерін, жұмыс істеу дағдысын түбегейлі  өзгертеді.

«Мұғалім көп әдістерді білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»-, деп Ахмет Байтұрсынов айтып кеткендей, қазіргі   заман талабына  сай білім  беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы шарт.

Білім беру мазмұнын  жаңарту аясындағы курстарда көңіл қойып, ой түйетін маңызды сәттер  көп болады:  жаңа бағдарлама бойынша  сабаққа қысқа мерзімді жоспар құрастыру,  төрт дағды бойынша (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқып үйренген тренингтер біздің педагогикалық  білімімізді  тереңдете түсті. Осы төрт дағдыны үнемі назарда ұстап отыру, білім саласындағы тың өзгерістерді танып-білу, өз біліміңді  көтеру үнемі жаңалыққа ұмтылу қазіргі таңда аса маңызды.  Осыған орай мұғалімдерді бағдарламаның барлық қыр-сырымен терең таныстырып, сапалы білім берген әдіскеріміз Зухра  Ерланқызына  алғыс айтқымыз келеді. Ұстаз еңбегі өлшеусіз, әрдайым еңбегіңіз жемісті болып,  білімді ұрпақ, сапалы мамандарды тәрбиелей беріңіз демекпіз. Топпен,  жұпппен,  жекелей  жұмыстар  істей  отырып,  бір – бірімізден  үйренеріміз  де  көп  болды.

Курсқа келгенде мен, өзімді бiр  таң ғажайып еліне келгендей сезінемін. Себебі, курста бұрын білмей жүрген, тебірентіп жүрген сұрақтарға жауап ала аламын. Сол себептен курста мен,  ең алдымен өзімді өзгертуден бастаймын. Басқаша ойлаумен қатар, тіптi сөйлеу мәнерім де өзгерді десем артық айтқандығым болмас.  Курс маған сенімділік пен қатар болашаққа дұрыс қадам басуды үйретті. Оқушының  психологиясын тереңірек түсіну, оқушының орнына өзімді қою, оқушының  айтар ойы мен іс-әрекетін дұрыс жоспарлауды үйрене бастадым. Себебі, жаңартылған тек бiлiм беру бағдарламасын өзгертіп қана қоймайды. Сонымен қатар ұстаз келбетін де, ұстаз этикетін де өзгертеді. Курстан кейін сен басқаша ойлайтын, өмірге басқа көзқараспен қарайтын тұлға ретінде қалыптаса бастайсын. Өзгерістер күн сайын   емес, сағат сайын  өзгередi. Яғни, білім бір орында тұрмайды деген сөз. Жақсы жаққа бет бұрғанымыз еліміздің дамып келе жатқандығын білдіреді. Курсты оқу барысында ой түйгенім, өткізетін сабағымды  40 минуттың ішінде есте қалатындай, өмірде сол алған білімдерін қолдана алатындай, жоспарлаған жоспарымның  нәтижесін көре алатындай құруым керек екендігін түсіндім. Тиімдi және сапалы оқытуды  басты назарда ұстау.  Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша  білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты , тиімді ұйымдастыра алатын, оларға  үлгі болатын  ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімінен күнделікті  оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетудi және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын , жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек. Сонда ғана біз жаңартылған  білім аясында жетiстіктерге жетеріміз  хақ.



«Білім беру мазмұнын  жаңарту аясындағы курстар  маған не береді…» деген сұраққа мен қорықпай , алдымен – ұстаздық шеберліiктi арттырады, білім сапасында өзгерісті  енгізеді, оқушыны белгілі бір білім шынына жеткізеді»-, деп үлкен сеніммен айта аламын. Осындай, курстардың аясында  ұстаздар түрлі шешілмей жүрген жағдаяттарды, жауапсыз жүрген сұрақтардың  жауабын ала алады. Курс бізді тек білім берудің жодарын үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар  өз өміріңді реттеуге, өзгерістерді енгізуге жетелейді деп білемін.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты-білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру болып табылады. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері;

1.   Пәннің маңыздылығы;
2.   Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3.   штілділік саясатты іске асыру;
4.   Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5.   Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6.   Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7.   Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8.   Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9.   Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

Бағдарламаның міндеттері:

  1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігініғң өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
    2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
    3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
    4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.




Оқудан күтілетін нәтижелер:

- Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;                                                                                  
- Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен  дағдылары қалыптасқан.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан алған әсерлем өте көп. Ондағы жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер - педагогтардың оқытудың әмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, оқушыларға тәуелсіз болуға, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен жәнешығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы - озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.

Сөзімнің соңын қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ұстаздықтың ұлы жолында өзімнің бар күш жігерімді салып, еліме пайдамды тигізіп жатсам, бұл ғаламда одан артық бақыт жоқ деп ойлаймын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!