Жаңартылған білім бойынша
химия пәнін оқытудың ерекшеліктері
Заман талабына сай лайықты жаңа адамды қалыптастыру- бүгінгі күні мұғалімнің алдындағы үлкен міндет. Қазақстандық білім әлемінде жаңартылған білім жүзеге асырылуда. Бүгінгі мұғалімнің алдындағы зор міндет- жас ұрпақтың санасына озық өнеге үлгісін сіңіру, оқушының қабілетін айқындап ,танымдық белсенділігін дамыту болып табылады. Жаңартылған бағдарлама арқылы химия пәнін оқыту зор міндет жүктейді.
Біздің алдымызда оқытудың әдіс- тәсілдерін
жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана
білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру ісіндегі жаңартылған
білім беру бағдарламасы- заман талабына сай келешек ұрпақтың
сұранысын- қанағаттандыратын бағдарлама. «Білімді ұрпақ- ұлт
болашағы»демекші, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие, сапалы білім
беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған орай , биылғы оқу
жылында 7- 10 сынып оқушыларына жаңартылған білім мазмұны бойынша
білім берілуде. Жаңартылған бағдарлама аясында оқушылармен химия
пәнінде білімді бағалау критериалды бағалау бойынша жүзеге
асырылады. Бөлім соңында оқушымен жүргізілетін жиынтық бағалау
өткен тақырыпты талдай отырып, оқушының білімін бағалауды
көрсетеді. Мұғалімнің шеберлігі оқушының мектепте табысты оқу емес,
келешекте табысты болуының көрсеткіші. Сондықтан да елімізге заман
талабына ілесе алатын мұғалім қажет. Жаңа бағдарлама оқушының
білімін қалыптастыра отырып бағалау арқылы, оқушының білімді алуына
жағдай жасайды. Оқушыны дұрыс қалыптастыратын – білім алатын
ортасы. Химия пәні – эксперименттік пән болғандықтан, көбінесе
тәжірибе жасау, заттардың бір-біріне айналдырылып жаңа заттар алу,
заттардың химиялық қасиеттерін сипаттау және анықтау, химиялық
есептер шығару, анализ жасау, химиялық негізге сүйенетін
талдаулар
жасау, бейорганикалық химия мен органикалық химия арасындағы
генетикалық байланыстар, қазіргі ғылым жаңалықтарындағы жасанды
заттардың алынуы бізге, әсіресе химия мамандарына көп ізденуді
қажет етеді. Химия пәнін экспериментсіз елестету мүмкін емес.
Теориялық білімді практикамен ұштастыру оқушы білімін тереңдеуіне
ұштай түсері анық . Оқушыға сапалы білім беруге көмектке келетін
электронды оқулықтар, интернет желісі, сандық және ақпараттық
технология, компьютер, педагогикалық білімім – оқуды жүргізуге
жағдай жасайды. Мұғалімнің өзінің алған білімін оқушыға беруі –
адам
баласының бақыты.Қазіргі кездегі сабақ оқушыны неге және қалай
оқытамыз? деген міндетті жүктейді. Бұл сұрақтың шешімі оқу жоспары
мен оқушы тұлғасы арқылы шешіледі. Сондықтан мұғалім сабағын сынып
ерекшелігін ескере отырып жоспарлауы керек. Сабақ кезінде жаңа
сабаққа оқу мақсатын дұрыс қойып, оқушыны жаңа білімді өзі алуға
итермелеу қажет. Біздің білімдік ерекшелігіміз – нақты оқу, нақты
түсіну, нақты бағалау әрекеттері.Оқыту мен оқудағы өзгерістер білім
әлеміне айтарлықтай өзгерістер әкелді. Қазіргі замандағы химиялық
ғылыми идеялар және нәтижелер мұғалімнің теориялық және практикалық
білімінің жоғары болуы керектігін жаңа бағдарлама айқындап
бергендей. Педагогикалық білім қалыптасқан ортада сыныппен
сабақ өткізу жоспары жүзеге асады, сабақ жоспарланып, оқушы толық
білім алады, оқушы жұмысы бағаланады. Мұғалім оқушыға педагогикалық
білім беруді дұрыс ұйымдастырған жағдайда ғана, оқушыда мазмұнды
оқыту жүзеге асады.Өзіне және өзгеге деген талаптың деңгейін біле
отырып, айналадағы оқушылардан білімді, дамыған, өзіндік ойы бар
тұлға қалыптастыруға болады,
оның өзіміздің іс-тәжірибемізден байқап отырмыз. Сабақтың
шынайлылығы – мұғалімге де, оқушы алдына да айқын мақсат қойды.
Осы айтқандарымыз іс жүзінде сабағымызда қалай жүзеге асты? Ол –
жаңартылған бағдарлама аясындағы жаңа серпін беретін
әдіс-тәсілдерді сабаққа пайдалану. Мұғалім ретінде қабілетті
оқушыны зерттеп, әр жұмысына нақты баға беріп, дамытып отыруымыз
қажет.
Сондай-ақ, дарынды оқушыға жеке критерий жасау шарт. Дәл осындай
оқушылар арқылы сыныптағы басқа оқушылармен қауымдастық құрып,
идеяларымен бөлісіп, ол идеямызды әрі қарай дамыта алатындығымызды
ой қорыжынына салдық.
Химия сабағында оқушылардың өз беттерінше ізденіп жұмыс жасауы мен
білімді әрекетке бағыттауы, әр оқушы өзін-өзі реттеп отыруы
керектігін, әр оқушы қабілеттерін өз бойында дамытуға
тырысуы. Керектігі үйретуді мұғалім есте сақтағаны
жөн.
Кеменгер Ахмет Байтұрсынұлы өткен ғасырдың басында: «Мектептің жаны
– мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі сондай болмақшы.
Қазақ ішінен әркімнің білімді, ұжданды, қайратты болып шығуы – көп
түзелгенде оқумен түзеледі» – деген ескертпесі бүгінгі қазақ
мектебінің ұлттық білім стратегиясының тұғыры ретінде
қабылдануда.
Халық даналығында мынадай сөз бар: «Қанша білсең де, жасың,
есигесін – түсінер» дейді. Бағдарламаға үлесе ұмтылсақ,
қазір оқушымен бірге оқып, көп алға ілгерілегенімізді
байқаймыз.
Биылғы оқу жылында 7-10 сыныптарда химия пәнін оқыту химия пәнін
оқытуда айтарлықтай өзгерістерге әкелді.
Оқушыны дамыту үшін, сабаққа қызығушылығын оята білу, күнделікті
зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыру керек. Оқушының ынтасын жоғалтып
алмау ұшін зерттеуге алған оқушыларга көңіл бөлу қажет.
«Сен мына тапсырманы орындап көрші», «Мына мәліметті интернеттен
іздеп келші», «Сенің бүгінгі сабақта берген мәліметін достарың үшін
өтте құнды болды», «Сабақты игеруімізге көмектесетін маңызды
ақпарат не?» деген сияқты стратегиялық сұрақтар арқылы оқушының
білімді меңгеруіне ықпал жасаймыз. «Химия» пәніне қызығушылықты
арттыру арқылы оқушылардың танымдық дағдылары дамып, әлемді тұтас
көруіне, өз бетінше зерттеуге мүмкіндік туды.
Осы арқылы оқушылар химиялық заттардың әртүрлілігін, олардың
қасиеттерін танып мүмкіндігіне ие болды, нақты бағалауға
үйренді.
Осының дәлелі ретінде айтар болсақ, оқушылардан алынатын әр бөлім
бойынша алынатын жиынтық бағалау кезінде берілген ақпарат оқушының
өз ой-өрісін дамытуға ықпал жасайды.Бұл оқушының өз пәніне деген
білімінің айқын көрінісі. Мәселен, 7-сынып оқулығындағы I тарау
«Таза заттар мен қоспалар» және
II тарау «Заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруі» тақырыптары
нақты заттар жайлы білімді түсіндіріп, бекітеді, нақтылайды
және дамыту мақсатын көздейді. Химияны оқытудың мақсаты – оқушының
тақырыпты игеру арқылы ғылыммен жақсы жұмыс істеуі, білім алушының
жан-жақты дамуы.
Жұмыс барысында оқушылар ойларын түйіндей отырып, қоспаларды бөлу әдістеріне эксперименттік жұмыстар жасап, зерттеу жасай білді, ойларын жүйелеп, қорытынды жасады. Сабақ барысында оқушы жұмысы талданып, бірден бағаланатыны басты ерекшелік деп білеміз. Тәжірибемен ұштастырылған білімді оқушы оқу мақсатына сәйкес өзі шешеді. Бағдарламадан байқағанымыз – тақырыпты ұсақ-ұсақ етіп тақырыпқа бөлмей, бір тарау-біріктіріп оқыту, одан әрі оқушының біліміне бөлім бойынша жиынтық бағалауға тапсырмалар беру оқушының ойлау қабілетін ұштары анық.
"Атомдар. Молекулалар. Заттар" тарауында оқушыға
"заттар" туралы алған білімін қайта көрініс беріп, өткенді жаңамен
байланыстыруы да жаңартылған бағдарламаның тағы бір ерекшелігі деп
білеміз. Жаңартылған оқу бағдарламасындағы оқушылармен
эксперименттік жұмыстарды жасай жүре байқағанымыз: оқушының білік
пен дағдысын дамытуға бағытталу.Әр тақырып сайын түрлі
әдіс-тәсілдерді ұсыну арқылы оқушыда шығармашылық қабілетінің
ашылуына мүмкіндік туғызып отыр. Оқушының кейінгі сыныптарда да
химия пәніне деген қызығушылықты арттыру үшін әр тақырыпта берілген
лабораториялық жұмыстар, зертханалық тәжірибелер бағдарламаның
құндылығы деп түсінеміз. Оқу мақсатында берілген оқытуда күтілетін
нәтижеге ұмтылу үшін жеңілден күрделіге өту бағдарламада жақсы
құрылған. Мысалы: химиялық реакция теңдеулерін сөзбен жазып, одан
әрі химиялық формулалар мен химиялық және физикалық қасиеттеріне
өтетіндігіміз.Мұның өзі оқушыда өткен тақырыпты бір-бірімен
байланыстырып, тақырып арасында сабақтастық тудыруға мүмкіндік
береді. Тақырыптар арасындағы байланыс арқылы оқу мүмкіндігін
пайдалана отырып, оқушы жеңілден күрделіге қарай ұмтылады.Сондықтан
білім алушының білігі мен білімін кешенді түрде пайдалануына жағдай
жасап, оқушының өздігінен іс-әрекет жасауына бағыттауымыз керек.
Жаңа бағдарламамен алға жылжи отырып, оқушыға
химия әлемінің бейнесін ұғынуына жол ашу — өз
қолымызда.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңартылған білім бойынша химия пәнін оқытудың ерекшеліктері.

шағым қалдыра аласыз