Материалдар / Жаңартылған білім-болашақ кепілі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жаңартылған білім-болашақ кепілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл баяндама барша ұстаздар қауымына керек деп ойлаймын. Себебі, бүгінгі таңда жаңартылған білім мазмұнымен жұмыс жасай отырып, біз сабағымызды сапалы ете аламыз
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Сәуір 2018
1492
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Жаңартылған білім –болашақтың кепілі.


«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында,

ал ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында»

Н.Ә.Назарбаев


Бүгiнгi  таңда  елiмiзде  бiлiм беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасымыздың Жолдауында айтылғандай: «Болашақта өркениеттi дамыған елдердiң қатарына ену үшiн заман талабына сай бiлiм қажет». Жаңа бiлiм берудiң негiзгi мақсаты — оның  мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдiс-тәсiлдерi мен әртүрлi құралдарын қолданудың тиiмдiлiгiн арттыруды талап етедi.  Ғылым мен техниканың күн санап дамуына байланысты  педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдiсi де түбегейлi  өзгеруде.

Қазақстан  2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру      бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.

 Жалпы,  ХХI ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты бiлiм беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал, осы жалпыеуропалық стандартқа сай  жаңа бiлiм беру  –  жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетiн бiрден-бiр жол!

Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген.

Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу. Бұл тұрғыда ел Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуы туралы міндет қойғаны мәлім. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында еліміз дамуының барлық Стратегиялық бағыттарын жүзеге асыратын міндеттер қойылды. Республика болашағына бағдар беретін бұл жолдауда «XXI ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар»- деген.

Ал, дамудың негізі білім мен ғылымға келіп тіреледі. Сондықтан да, әлемдегі дамыған елдер сияқты Тәуелсіз елімізде білім жүйесі сапасын жетілдіру ең негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Осыған орай, білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми- теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:

1.   Пәннің маңыздылығы;
2.   Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3.   Үштілділік саясатты іске асыру;
4.   Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5.   Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6.   Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7.   Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8.   Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9.   Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

Бағдарламаның міндеттері:

1. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
2. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
3. Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
4. Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Оқудан күтілетін нәтижелер:

- Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;                                                                                  
- Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен  дағдылары қалыптасқан.

Қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстазға үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу-ұстаздың қолында. Ал жаңа бағдарлама ұстаздарға қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы ұсынады.

1.Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.


1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер:
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер «Диалог негізінде оқыту және оқу» және метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырады. Білім беру әдістері ішінде ерекше орын алатыны - диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі. Әр түрлі тақырыпта диалог құрғызу мынадай нәтиже береді:
*сабақта белсенділік жоғарылайды;
*сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды;
*дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланады;
*оқуға қызығушылықтары артады;.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»
бағдарламасы бойынша ол:
- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;
- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімге қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінінің сеніміне негізделген құрылым.
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясын қолдану төмендегідей нәтиже береді:
- білім алушының белсенділігін арттыру;
- пәнге қызығушылығын ояту;
- өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру;
- зерттеуге икемділігін дамыту;
- сөйлесім әрекеті белсенділігін арттыру;
- білім алушылар бір - бірімен қарым - қатынас жасай біледі;
- басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарауға.
Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақтар қойып дәлелдерді талдайды.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау — оқыту нәтижесін анықтау үшін қолданылатын тәсіл, оқушының берілген тақырыпты меңгерудегі кемшіліктерін жоюда, оның үлгерімінің нәтижелі болуына ықпал ететін фактор. Мектеп тәжірибесіндегі бағалау баға қоюмен ғана шектелетін тәсіл емес, ол материалды меңгеру, меңгермеу фактісімен қатар оның себептерін анықтауға мүмкіндік беретін оқытудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Бағалау оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау деп екіге бөлінеді. Формативті бағалау әр сабақта жүзеге асатын үрдіс. Формативті бағалау сабақ барысындағы барлық іс - әрекет бойынша оқушының білім, білік деңгейіне қоса дербес ойлауы, түсінігі, тіпті тәртібі т. б. бағаланады. Ал, сумативті бағалау немесе жиынтық бағалау оқушының белгілі бір кезеңдегі бақылаулар, білімді тексеру тестісі кезінде көрінетін білім деңгейінің өлшемі..
4. Білім беруде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияның тиімділігі - келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскерлігі мен шығармашылығын еркін дамытуға жол ашатын педагогикалық - психологиялық жағдай жасауында.
Сондай - ақ, интерактивті тақта арқылы уақытты үнемді пайдалануға, оқушылардың ынтасын арттыруға қажетті әрі пайдалы құрал. Әр түрлі тест тапсырмаларын жүргізіп, оқушылардың білім сапасын бақылауда да компьютерлік технологияның үлесі зор.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Дарындылық — адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету - оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
Еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілетсіз бала болмайтыны педагогикада дәлелденген.
Жалпы шәкірт бойына білім нәрін сіңіруде ең бастысы оқушының жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Топтық жұмыс немесе диалог барысында оқушының жас ерекшелігін ескере отырып жұмыстану - бұл мұғалімнің жан - жақты ойластырылған шеберлігін қажет етеді.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Қазіргі заманғы кез келген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударуда. Оқыту технологиясын оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну керек.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы - оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым–қатынасқа түсу, жеке, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықпен қолдана білуінде. Жаңартылған бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізген жағдайда баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады.. Осы бағдарламаны  меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сенімім мол.

ҚР-ның Президенті Н.Назарбаевтың 2012 жылғы жолдауында елімізде білім сапасын арттыру бағытын жүзеге асыру мақсатында ұстаздардың біліктіліктерін арттыру мәселесін көтерді. Осы бастаманың негізінде Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша ҚР-да «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында «Педагогикалық шеберлікті арттыру» тақырыбында курс жұмыстары жүргізіліп келеді. Курстың міндеті-ұстаздардың шеберлік деңгейі мен белсенділік, табыстылық нәтижелерін шыңдап, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеру.

Елбасы Н.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», деп бекер айтпаған да болар.

Әрине,сапалы білім — ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Бүгін мектеп партасында отырған бүлдіршіндер ертең ел тағдырын шешетін азаматтар. Олардың сапалы білім алуын бүгін қамтамасыз ету – мұғалімнің басты міндеті. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», - деп Абай атамыз айтқандай,  озық ойлы білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіні сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім  күткен нәтиже бермейді.. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы. Жаңа бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготский: «Дәстүрлі оқыту - бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе», жаңаша оқыту - «дамытуды өзімен бірге ала жүреді», - деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай,  мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс.

Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу  қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.  Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің  жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы  көңілді қуантады.


Осы бағдарламаны  меңгергенде ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сенімім мол.Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі жалғастыру біздің басты парызымыз деп білемін.

Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріледі деген сенімдемін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!