Материалдар / Жаңартылған білім-жетістік көзі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жаңартылған білім-жетістік көзі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал оқырмандарға, ұстаздарға, ата-аналарға керек, жаңартылған білім туралы ақпарат алады және оқушымен тығыз қарым қатынас жасап отыру керектігін түсінеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қырқүйек 2018
300
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңартылған білім-жетістік көзі ХХІ ғасыр –жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Еліміздің болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Елбасымыз жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет» -деп айтқан. Жаңа білім берудің мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осыған орай, оқытудың парагдимасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Бүгінгі таңда мұғалімнің алдында тұрған жауапкершілігі мол міндеттерінің бірі- оқушыға тиянақты білім беру. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін, мұғалімдер әрдайым ізденімпаздықта, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибелерінде үздіксіз қолдануда. Сонымен қатар оқушыны оқу жұмысына белсене қатыстыра отырып, оған белгілі бағыт- бағдар беріп, қадағалап, жұмысын бағалап отырады. Егер ұстаз бұрын «үйретуші», «білім беруші», білім көзі» рөлін атқарса, қазіргі таңда үйрету процесін «өзара әрекеттесу» деп қабылдап, өз қызметін «ұйымдастырушы», «бағыт бағдар беруші», «жөн сілтеуші» деп түсінеді. Бұл өзгеріс ұстаз еңбегінің маңызын тіпті де бәсеңдетпейді. Керісінше, ерекше мазмұнмен толықтырады, мәртебесін асырады. Қазіргі ұстаздың басты міндеті- өз ойын жеткізе алатын , сыни тұрғыдан ойлай алатын алғыр, сауатты жас ұрпақты тәрбиелеу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгерді, қазіргі таңда критериялық бағалау енді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын жетілдіруге бағытталған: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір-бірімен тығыз байланысты. Жыл бойы қайталанып отырады және әрі қарай тілдік мақсат та күрделенеді. Критериалды бағалау мұғалімдер мен оқушыларға және ата-аналарға өте тиімді: мұғалім үшін- сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға, өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға; оқушылар үшін- табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге, өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсіп,итүсінбегенін түзетуге мүмкіндік алады, сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге; ата-аналар үшін- оның оқуындағы табыстылықты бақылауға, оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады. Осыған орай жаңартылған білім беру мазмұны мынандай ерекшелігімен ерекшеленеді: 1. Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау;3. Шығармашылық ойлау дағдысы;4. Логикалық ойлау дағдысы;5. Сыни ойлау дағдысы;6.Алгоритмдік ойлау дағдысы;7.Критикалық ойлау дағдысы;8. Проблемалық ойлау дағдысы;9. Технологиялық ойлау дағдысы;10. Тілдік құзыреттілік дағдысы;11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту. Қорыта айтқанда, жаңа бағдарламаның мәні, баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде пайдалана білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдірентті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгелендіру жаңа бағдарламалар – бүгінгі заман талабы.

Запорожье орта мектебініңқазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Жумабаева Данагуль Казезовна
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!