Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарындағы білім мен оқыту әдістерінің дамуы және осы негізде жаңа оқу сапасына қол жеткізу білім беру мазмұнынын жаңартудағы стратегиялық міндет болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Білім және ғылым министрлігіне білім беру мазмұнын жаңартуды тапсырған болатын. Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі жаңаша білім мазмұнына кезең-кезеңімен көшу жұмыстарын бастады. Білім беру жүйесіне енгізілетін реформа, ең алдымен, оқушыларға сапалы білім беруді, болашақта олардың әлемдік бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуді көздейді.
Межелі мерзім: төрт жыл
— Жаңартылған білім мазмұны арнайы кестеге сәйкес, 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін кезең-кезеңімен енгізіледі. Нақтырақ тоқталсақ, биыл, яғни 2016 жылдың 1 қыркүйегінде 1-сынып оқушылары; 2017 жылы — 2, 5, 7-сыныптар; 2018 жылы — 3, 6, 8, 10-сыныптар; 2019 жылы – 4,9, 11, 12-сыныптар жаңа стандартқа көшеді.
2020 жылға қарай 12 жылдық құрылыммен жаңартылған білім мазмұнына және бескүндікке көшу барлық сыныптарда аяқталады.
Жаңа бағдарламаның тағы бір ерекшелігі - Үш тілде оқыту.
Үш тілде оқыту — болашақтың ісі
Қазақ тіліндегі сыныпқа қабылданған оқушы қазақ тілінде, ал орыс тіліндегі сыныпқа қабылданған оқушы орыс тілінде білім алады. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері сәйкесінше осы тілдерде оқытылатын болады. Яғни, қазақ тілі — қазақша, орыс тілі — орысша, ағылшын тілі — ағылшынша өткізіледі. Басқа пәндердің барлығы жоғарыда айтқандай оқушының оқу тіліне қарай оқытылады.
Негізі мектептерде 2019 жылдан бастап мектептің оқыту тіліне қарамастан Қазақстан тарихы пәнін қазақ тілінде, дүниежүзі тарихы пәнін орыс тілінде оқыту туралы ұсыныстар бар. Бағдарламаға сәйкес, 2019 жылдан бастап тек қана 10-11-сыныптарда төрт пән: физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын жаңарту бойынша «Ағылшын тілі» пәні ерекше қарастырылды.
Негізгі орта білім беруге арналған «Ағылшын тілі» пәнінің деңгейлік курсы жалпы европалық тілді меңгеру деңгейлеріне сәйкес келу керек .
-
5- сынып – А2 (oртадан төмен)
-
7 – сынып – В2 (төмен)
Және жаңа бағдарлама бойынша ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты оқушыны сөйлуге үйрету.
Негізгі орта білім беруге арналған шет тілін деңгейлеп оқытудың мақсаты білім алушылардың негізгі мектепті аяқтағанда В1 деңгейінде тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған, яғни оқушы ағылшын тілінде еркін сөйлеуге тиісті.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында барлық мектептерде ағылшын тілі сабақтарының сағат саны көбейіп жаңа европалық стандарттарға сай оқулықтар баспаға шығарылуда. Ағылшын тілі оқулықтары Oxford Publishing бапасымен оқытылады.
Оқу бағдарламасы мақсаты оқу барысында белгілі бір уақыт өткен соң қайталап отыру қарастырылады, алған білімдері мен дағдыларының тереңдігі, көлемі мен күрделілігі бойынша біртіндеп кеңейіп отырады. Қарапайымнан бастап жоғары ойлау дағдыларына дейын ойлану арқылы білім, білік және ойлау дағдылары дамиды және қалыптасады .
Қорыта келе, Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман» деген сөздерімен аяқтағым келіп отыр. ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стандартқа сай жаңа білім беру - жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол!
№ 3 Талапкер орта мектебі
Баяндама
Тақырыбы: Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша ағылшын тілінің оқытылу ерекшелігі.
Ахметова Г.Д.
2017-2018 оқу жылы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жаңартылған білім мазмұны

шағым қалдыра аласыз